Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 08:15, курсовая работа
Тамақтандыру туристік қызмет көрсету технологиясындағы негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде қоғамдық тамақтану индустриясы нарықта беделді орын алады. Бизнес аналитиктердің айтуы бойынша, Қазақстандағы мейрамханалық бизнес табыстылығы бойынша көшбасшылардың «бестігіне» кіреді. Бірақ капитал айналымы мен қызмет көрсету сапасы жағынан Ресей мейрамханаларынан біраз кемшілігі бар. Әрине, географиялық және халық санының масштабтарындағы салыстырмалы түрде айырмашылықтарды ескеру жөн. Соңғы кездері Қазақстанда мейрамханалық бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді «ресторатор» деп атайтын болды. Бірақ, көптеген қоғамдық тамақтану кәсіпорындар иелері бұл атауға сай емес. Еуропада бұл атау «үш жұлдызды» мейрамханалар жүйесінің иелеріне беріледі және бұл «жұлдыздарды» берудің басты критерийі баға емес, қызмет көрсету сапасы болып табылады.
1.2 Сервис аясындағы кәсіпорын қызметіндегі жоспарлау үрдісі, принциптері, түлері және оның маңызы
Кәсіпорын қызметін жоспарлау
– кәсіпкерлік тәжірибенің
Кәсіпорын қызметін жоспарлау дегеніміз – оның жұмыс істеу және даму жоспарын кұру және оның ары қарай орындалуын бақылау. Жоспарлаудың қызметін ұлы философ Огюст Канттың сөзімен білдіруге болады: «болжау үшін білу керек; басқару үшін болжау керек» [10].
Сонымен, жоспарлау – жоспарды әзірлеп, оның жүзеге асуын және өзгеруге бейім жағдайға қарасты оның түзетуін бақылау үрдісі. Жалпы айтқанда – алдыға қойған іс-әрекеттерді дәйектеу бойынша ақпаратты өңдеу үрдісі. Жоспар, жалпы мағынада, бір нәрсенің бейнесі, болашақтың моделі, алдыға қойған мақсатқа жетуге бағытталған шаралар жүйесі. Атап айтқанда, кәсіпорын (фирма, компания) жоспары – бұл қандай да бір өнімді өндіру немесе қызмет көрсетулерді жүзеге асыру және өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мерзімі мен жүйелілігін, әдістерін, көлемін, ресурстардың сәйкестігін, мазмұнын, мақсатын қарастыратын алдын-ала әзірленген іс-шаралар жүйесі [11].
Жоспар, сонымен қатар, жоспарлы
кезеңнің соңында қол жеткзілетін
қызметтің негізгі
Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың
негізгі мақсаты – кәсіпорынның
негізгі функцияларын (өндірістік,
инновациялық, технологиялық, ұйымдастырушылық,
әлеуметтік және т.б.) жүзеге асыру нәтижесі
ретіндегі максималды пайда түсіру
үшін атқаратын шаралар
Жоспарлау принциптерін ұстанудан
басқа, жоспарлау жүйесін
1) Кадрлық, басшылықтың
нақты анықталған мақсаттар
2) Ұйымдастырушылық. Сервис
аясындағы кәсіпорында
Егер сыртқы фактор тұрғысынан жоспарлау нарық жағдайын алдын-ала біліп отыруды (болжауды) білдірсе, ішкі факторлар тұрғысынан ол кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің үйлесімді жұмыс атқаруын білдіреді. Сонымен, жоспарлау кәсіпорынның ұйымдастырушылық тұтастығын білдіреді.
3) Әдістемелік, кәсіпорында
қолданылатын жоспар жүйесі, оларды
әзірлеудің қалыптасқан
4) Ақпараттық, яғни жоспарлы-бақылау ақпаратты жинау, өңдеу және ұсынудың тиімді құралдары. Бұл құралдарға басқарушылық және қаржылық есеп жүйесі, болжау-талдау жүйесі, жарнамалық-әлеуметтанушылық қызмет, электронды өңдеу жүйесі және т.б. жатады. Біз анықтағандай, жалпы түрде жоспарлауды жүзеге асырылатын іс-қимылдардың алдындағы шешім қабылдау үрдісі ретінде анықтауға болады.
Ресурстарды жоспарлау мақсаты
– оларды қолдануды оңтайландыру.
Ресурстарды жоспарлау
Жоспардың жасалу мерзіміне қарай: ұзақ мерзімді (перспективті), орта мерзімді және қысқа мерзімді (ағымды) жоспарлау.
Ұзақ мерзімді жоспарлау кезеңі 5 жылдан жоғары, 10-15 және 20 жылды қамтуы мүмкін. Бұл жоспар өндірістің ұзақ мерзімді стратегиясын анықтайды: әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-технологиялық дамуы.
Орта мерзімді жоспарлау – 1 жылдан 5 жылға дейінгі кезеңде жүргізіледі. Кейбір кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау ағымды жоспарлаумен бірге қатар жүреді. Бұл ретте бір тізбекті бес жылдық жоспар құрылып, оның бірінші жылы қысқа мерзімді жоспарлауға ұқсайды.
Ағымды жоспарлау 1 жылға дейінгі кезеңді қамтиды, оған жарты жылдық, тоқсандық, айлық, апталық (онкүндік) және тәуліктік жоспарлау жатады.
Жоспарлау теориясы мен практикасында осы үрдістің негізгі және қосымша аспекттерін қамтитын жоспарлаудың басқа түрлері болуы мүмкін. Кәсіпорынның қызметінде жоспарлаудың әр түрі қолданылады, жиірек олардың комбинациялары қолданылады. Жоспарлаудың қандай түрін қолдану керектігі көптеген факторларға байланысты (мысалы, фирманың ерекшелігіне байланысты факторлар, қоршаған орта факторлары).
Жоспарлау үрдісі – жоспар құру операцияларының жай ғана жүйелілігі емес, сонымен қатар бір оқиғаның артынан міндетті түрде басқасы болады деген ұғымдағы процедура емес. Бұл үрдіс үлкен икемділік пен басқару өнерін талап етеді. Жоспарлауға қатысатын адамдар міндеттерін жай ғана орындамай, шығармашылық тұрғыда жұмыс істейді.
Жоспарлы қызметтің
Сонымен, жоспардың сапасы
мен тиімділігін бағалау
Нысанды маркетингті жоспарлау – табысқа жеткен көптеген компаниялар пайдаланатын әйгілі амал-тәсіл. Маркетингті жоспарлау стратегия жасауға, ресурстарды ұқсатып пайдалануға, компанияға төніп тұрған қауіп-қатерді анықтауға және келешек үшін қажет болжау мағлұматтарын алуға мүмкіндік береді.
Маркетинг жоспары – бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы нысандандырылған құжат [20].
Тәжірибеде жоспарлаудың үшінші әдісі жиі қолданылады. Маркетинг жоспарын құрастыру, талдау, жоспарлау, жоспарды жүзеге асыру, бақылау кезеңдерінен тұрады. Маркетингтің дайындалған жоспары осы кезеңдерден өтіп, жоғары басшылыққа жазбаша есеп беру түрінде беріледі. Есепке тезистік тәртіппен баяндалған аннотация тіркеледі.
1.3 Қазақстан Республикасындағы
қоғамдық тамақтандыру
Қазақстан Республикасы бойынша қоғамдық тамақтандыру саласы қызметіннің көлемі жыл сайын өсуде. Егер 2009 жылмен 2011 жылды салыстырғанда 121%-ға өссе, 2012 жылы тағы 46,8%-ға артты. Қазақстан бойынша Алматы қаласы, Атырау облысы және Астана қаласы ең көп мөлшерде қоғамдық тамақтандыру қызметтерін ұсынады. Алматы қаласының жалпы көлеміндегі алатын үлесі 31,5%-ды құрайды. Бұл саланың Республикамызда жылдан жылға даму тенденциялары байқалады, егер 2010 жылы Қазақстан Республикасы бойынша көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 37397 млн.теңге құраса, 2011 жылы бұл сан 56 312,6 млн.теңгеге дейін, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 26352,3 млн. теңгеге артты. Жалпы ұлттық өнімде алатын үлесі 2011 жылы 72 653,2 млн.теңге құраса, яғни 7,1%, ал 2012 жылы 87620,0 млн.теңге 8,9% құрады [21].
Қазақстан Республикасы қоғамдық тамақтандыру саласы кәсіпорындарының даму қарқыны 1- кестеде берілген.
1-кесте – ҚР-ы қоғамдық
тамақтандыру саласы
2008ж. |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012ж. |
2012 ж. 2008ж. салыстырғанда % | |
Мейрамханалар |
417 |
749 |
690 |
870 |
954 |
2,3 есе |
Отыратын орын саны |
35633 |
68928 |
79911 |
89178 |
103475 |
2,9 есе |
Кафе, барлар |
4502 |
5226 |
7935 |
10419 |
10641 |
2,4 есе |
Отыратын орын саны |
92757 |
164333 |
261708 |
361424 |
359494 |
3,9 есе |
Асханалар |
2250 |
2949 |
5532 |
6126 |
9198 |
4,1 есс |
Отыратын орын саны |
70670 |
136980 |
219742 |
2640237 |
377295 |
5,3 есе |
Барлық кәсіпорындар |
7169 |
8924 |
14157 |
17415 |
20793 |
2,9 есе |
Барлық отыратын орын саны |
199060 |
370241 |
561361 |
714629 |
840264 |
4,2 есе |
Ескертпе – ҚР- ның статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша жасалған |
Кесте мәліметтерінен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары құрылымында 2008-2012 жылдар аралығында санының қарқынды өсуі асханалар мен басқа кәсіпорындарға келетінін көруге болады (4,1 есе), ал кафе, барлар, сонымен қатар мейрамханалар саны асханалармен салыстырғанда баяу өсті (сәйкесінше 2,4 есе, 2,3 есе) [22].
Қазақстан Республикасы қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет ететін кәсіпорындар құрылымында 2011 жылы кафе мен барлар саны жоғары - 10 641 бірлік, бұл осы саладағы кәсіпорындардың жалпы санының жартысынан астамы (немесе 51 %), асханалар мен басқа да қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары саны 9198 бірлік болып, 44%-ды құрады. Ал мейрамханалаға келетін болсақ, олардың саны басқалармен салыстырғанда едәуір аз – тек 954 бірлік (немесе 5%).
ҚР және Алматы қаласының қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көлемі. Бірақ елімізде әлі ашылмаған немесе дамымаған қоғамдық тамақтандыру түрлері бар. Мысалы, балалар кафесі-бұл тақырып көптеген кәсіпорында қолданады, бірақ жеке мекеме ретінде ашылған жоқ. Сонымен қатар, перспективті ағым ретінде «локальды» мекемелердің ашылуын жатқызуға болады, яғни қаланың шетіндегі бөліктеріне қызмет көрсету. Кейтеринг және тапсырысты үйге немесе жұмысқа жеткізу қызметің кең түрде дамытуға болады. Талғамдарға сай белгілі бір тағамды немесе сусынды ұсынатын мекемелер жеткіліксіз. Қазақстанда қоғамдық тамақтанудың әрбір нүктесіне-4,5мың адам келсе, Мәскеуде-2мың адам, Еуропада-250 мың адам, ал Кореяда-40мың адам келеді екен. 2011 жылдың мәліметтері бойынша Алматыда өткізудің жалпы көлемі 2 млн.доллар құраса, Ресейліктер 4,5 млрд.доллар ақша жұмсайды екен. Яғни қазақстандық мейрамхана бизнесінің даму сатылары әлі алда.
Алматы қаласының
2-кесте - Алматы қаласы бойынша қоғамдық тамақтандыру саласының жалпы көрсеткіштері
Атауы |
Жылдар |
2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда,% | |
2011 |
2012 | ||
Мейрамханалар саны, бірлік |
216 |
230 |
106,5 |
Отыратын орын саны, бірлік |
20680 |
24337 |
117,7 |
Кафе, барлар саны, бірлік |
253 |
333 |
131,6 |
Отыратын орын саны, бірлік |
14582 |
17176 |
117,8 |
Асхана және басқалары, бірлік |
518 |
1795 |
346,5 |
Отыратын орын саны, бірлік |
26854 |
62524 |
232,8 |
Ескертпе – ҚР- ның статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша жасалған |