Рефераты по туризму

Қонақ үйде қызмет көрсету сапасын көтеру

17 Сентября 2013, дипломная работа

Халықаралық туризм халықтың жұмысбастылығына қатты әсер етеді. Қазіргі кезде әрбір 15-ші қызметкер әлемде қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен 7%-ы, салық түсімдерінің 5%-ы, тұтынушы шығындарының 11%-ы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, әсіресе қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады.
Қонақ үйдің басты көзі – турист болғандықтан, қонақ үйде көрсетілетін қызметтердің сапасы әлемдік деңгейде әр түрлі болуы қажет. Тек сонда ғана қонақ үй саласы өркендеп, өз дамуын одан әрі жалғастырады.
Туризм – экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.

Қонақ үйде өткен өндірістік практика туралы есеп

07 Сентября 2013, отчет по практике

Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Америка Құрама Штаттарында қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері, қонақжайлық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс деп айтады.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қызметінің теориялық негіздері

14 Мая 2014, курсовая работа

Қойылған мақсат негізінде бұл курстық жұмыста келесі тапсырмалар орындалды:
- қоғамдық тамақтану орындары мен олардың қызметіне жалпы сипаттама
берілді;
- қоғамдық тамақтану орындарының жіктемесі қарастырылды;
- тамақтану индустриясының туризмге қатынасы мен әсері анықталды;
- туризмдегі қоғамдық тамақтандыру орындарының жіктемесі мен ерекшелігі қарастырылды;
- туризмдегі қоғамдық тамақтану орындарының қазіргі даму деңгейі мен болашағына болжау жасалынды;

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері

11 Октября 2015, курсовая работа

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктерін қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:
- спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәнін ашу;
- спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;
- туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасымен таныстыру;
- туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістерін қарастыру;
- белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымын талдау;
- Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және туристің жорықтағы гигиенасын анықтау;
- Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау;
- Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау;
- Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективаларын қарастыру.

Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

21 Мая 2013, курсовая работа

Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.

Әлемдегі оқиғалы туризм

31 Марта 2014, реферат

Туризмдегі орны мен ролі жағынан спорттық іс-шараларға қарағанда театрлық мерекелердің: карнавалдар, фестивальдар, ұлттық мерекелер, ән мен сән конкурстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Ертеректе Грецияда б.з.б 6 ғасырда Аполлон құдайының құрметіне бүкіл грек Ойкуменасындағы қатысушылар мен көрермендер қатысуымен өтетін музыкалық жарыс-Пифиялық ойындар өткізіліп отырған. Жеңімпаз лавр сыпырғышымен марапатталған.
Заманауи кең тараған мәдени оқиғаның қатарында Эдинбург фестивалі атап өтіледі. Эдинбургке (Ұлыбритания) әлемдегі үздік опералық, балет және театрлық ұжымдар, сондай-ақ әр түрлі фольклорлық ансамбльдер жиналады.