Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Азаматтық апеллациялық іс жүргізу.docx

— 62.19 Кб (Скачать файл)

істі соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған дәлелдемелер зерттелмеген;

-сотталғанның жеке басы  туралы апелляциялық саты анықтай  алмайтын 
деректер жеткілікті дәрежеде толық аныкталмаған барлық жағдайда сот 
тергеуі толық емес деп танылады.

Егер:

- сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;

- сот өз тұжырымдарына  едәуір ықпал ете алатын мән-жайларды  ескермесе;

- сот тұжырымдары үшін  елеулі мәні бар қарама-қайшы  дәлелдемелер болған жағдайда, үкімде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердің  біреулерін қабылдап, екіншілерін  қабылдамай тастауына қандай  негіздер болғаны көрсетілмесе;

  • соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында елеулі қайшылықтар болып, олар істің шешілуіне, соның ішінде сотталғанның, ақталғанның кінәлілігі

немесе кінәсіздігі туралы мәселені соттың шешуіне, қылмыстық заңды  қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін болса үкім (қаулы) істің нақты мән  жайына сәйкес келмейді деп танылады.[5]

Істі сот қарауы кезінде АІЖК-нің принциптері мен өзге де жалпы ережелері бұзылып, олар іске қатысушы адамдарды занда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот ісін жүргізу рәсімін сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен істің мән-жайын жан-жақты,  толық және объективті зерттеуге кедергі жасаса, соттың қаулысына әділ үкіміне немесе өзге де шешіміне ықпал етсе немесе ыкпал етуі мүмкін болса  қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзушылы болып танылады. Сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі істі талқылаудан жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе бір тараптың іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерін зерттеуден негізсіз бас тартудың не міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелерді зерттемеудің салдарынан  болған кезде үкімнің күші жойылуға тиіс.

Егер:

• сот АІЖК-нің 37-бабында көзделген негіздер болғанда қылмыстық істі қысқартпаса;

-үкімді соттың заңсыз  кұрамы шығарған болса;

-АІЖК-нің 315-бабының екінші бөлігінде көзделген реттерді  қоспағанда іс сотталушы жоқта қаралса;

- заң   бойынша  қорғаушының   қатысуы   міндетті   болғанда, қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының  қорғаушыға ие болу құқығы  өзгедей жолмен бұзылса;

-сотта сотталушының ана  тілін немесе өзі білетін тілді  не аудармашының қызметін пайдалану  құқығы бұзылса;

- сотталушыға сот жарыссөзіне  қатысу құқығы берілмесе;

- сотталушыға соңғы сөз  берілмесе;

- үкім шығарылған кезде  судьялар кеңесінің құпиясы бұзылса;

-үкімге судьялардың бірі  қол қоймаса;

- істе сот отырысының  хаттамасы болмаса, кез келген  жәғдайда үкімнің күші жойылуға.

Қазакстан Республикасы Азаматтық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жұмсақ немесе шектен тыс қаталдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.

 Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот АІЖК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 1) -12) тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде кезделген негіздер болған үкімнің күшін жойып, істі қысқартады (АІЖК-нің 418 б.).

Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негіздемелерімен келіспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоя алады.

Егер ақталған адамның кінәсіздігіне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің мәніне дау айтылмаса, азаматтық іс жүргізу заңды елеулі бұзылды деген себеппен ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоюға болмайды

Егер апелляциялық саты;

1)  бірінші сатыдағы  сот жол беріп, үкімнің заңдылығына  ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін азаматтық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзуды;

2) соттергеуінің біржақтылығын  немесе толық еместігін;

  1. азаматтық талап қою шешілмегенін немесе дұрыс шешілмегенін анықтаса, іс үкім шығарған соттың жаңадан талқылауына, бірақ судьялардың өзге құрамының қарауына жіберіле отырып, үкімнің күші толық немесе бір бөлігінде жойылуға тиіс.

Заң дұрыс қолданылмаған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот:

  1. сот белгілеген жазаны немесе түзеу мекемесінің түрін жеңілдетуге;
  2. онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және азатматық дәрежесінің өзгеруіне сәйкес жаза белгілеуге, сондай-ақ түзеу мекемесінің неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға;

3) тағылған айыптау шегінен  немесе соттың басты талкылауы  кезінде мемлекеттік немесе жеке  айыптаушы қолдаған айыптау шегінен  шықпай, неғұрлым ауыр қылмыс  туралы заңды қолдануға және  осыған байланысты неғұрлым қатаң  жаза белгілеуге;

4) егер жаза мөлшерін  ұлғайту арифметикалық қателерді  немесе алдын ала қамауда ұстауды  есептеу кезіндегі қателерді  жоюға байланысты болса,  қылмыстар  жиынтығы бойынша немесе үкімдер  жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың  кәнігілігі кезінде жаза белгілеуді  реттейтін қылмыстық заңның дұрыс  колданылмауын жоя отырып, жаза  мөлшерін ұлғайтуға;

  1. егер бірінші сатыдағы сот қолданбаған болса, қылмыстық заң бабының санкциясына сәйкес қосымша жаза қолдануға;
  2. сотталған адамға түзеу мекемесінің заңда көзделгенінен неғұрлым жұмсақ түрін тағайындаудың күшін жоюға және түзеу мекемесінің түрін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тағайындауға;

7) егер бірінші сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тиісті қылмыстардың кәнігілігі бар екендігін тануға;

үстінде,   екеуінің   арасындағы   бас   араздықтың   салдарынан   өлтірген. Қазақстан   Республикасы   Жоғарғы   Сотының   азаматтық   істер жөніндегі алқасы іс материалдарымен толық танысқан соң үкім төмендегі мән-жайларға байланысты өзгертілуге жатады деп шешті. Атап айтқанда, сот мәжілісінде С.Сисенғалиев өзіне тағылған айыптардың адам өлтіруге қатысты бөлігінен басқасын мойындамайтынын, үйінен табылған есірткі мен шолақ мылтық оныкі емес екендігін, колонияда болған кездерінде де, жалпы еш уакытга ондаймен айналыспағанын, үйінде ешқандай артық заттар болмағанын, үйін қарап, осы мылтық пен есірткі затты алған кезде полиция қыззметкерлері оны қатыстырмағанын өзінің жауабында көрсеткен.[2]

 Істегі деректерге, хаттамаларға сәйкес окиға болған жерді қарау 2002 жылы 9 қараша күні 18 сағат 45 минутта басталып, 20 сағат 30 минутқа дейін жүргізілген. Оқиға болған жерден, яғни сотталушы С.Сисенғалиевтың үйінен  (Индер қаласы, Қонаев көшесі, 19 үй, 18 пәтер) іске қатысы бар айғақты заттар ретінде шөлмек, үш пышақ, шалбар, көйлек сияқты киімдер алынған. Басқа заттар, атап айтқанда, шолақ мылтық пен есірткі алынбаған. Ондай заттар үйді қарау кезінде табылғаны жөнінде хаттамада жазылмаған.

Осымен оқиға болған жерді қарау, бейнетаспаға (фото) түсіру толықтай аяқтап, оған қатысқан адамдардан ешқандай шағым-арыз, ескертпелер болмағаны жөнінде хатгамада көрсетілген. Осылай бола тұрса да, істегі хаттамаға қарағанда, ертсінше қарашаның 10 күні 13 сағат 15 минутган бастап 13 сағат 55 минутқа дейін оқиға болған жерді қосымша қарау жүргізіліп, мылтық пен есірткі алынған.

 Қылмыстық іс Сисенгалиевтің  өз әйелін қасақана өлтіру  фактісіне сәйкес қозғалынып, осыған  байланысты жоғарыда аталған  оқиға болған жерді қарау, бейнетаспаға  түсіру, окиғаға қатысты деген  заттарды айғақ ретінде - алу амалдары  толық жүргізілген.

 Іске 11 қараша күні  тіркелген аға тергеушінің рапортында  оқиға болған жерді қосымша  қарау, қосымша айғақ заттар табу  мақсатында жүргізілді делінген.

Бірақ, адам өліміне байланысты қосымша қандай айғақ болу мүмкіндігі, жобамен қандай айғақ ізделінгені айтылмаған. Сондықтан да сотталушы С.Сисенғалиевтың атыс қаруы болып танылған шолақ мылтық пен есірткіге қатысы жоқ деген дәлелі нақты анықталған істің мән-жайларымен жоққа шығарылмағандықтан, сондай-ақ наркологиялық сот сараптамасының қорытындысы бойынша С.Сисенғалиев есірткіге байланысты дертпен ауырмайтындықтан және окиға болған жерді қосымша қарау барысында есірткіні қолданғанына дәлел бола алатын ине, шприц, тампон сияқты заттар табылмағандықтан, сот алқасы ол осы айыптардан ақталуға жатады деп санайды.5]

I Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде, ҚР АІЖК-нің 411-бабының 3-бөлігін басшылыққа алған Жоғарғы Соттың қылмыстық істер женіндегі алқасы Атырау облыстық сотының 2003 жылғы 10 акпандағы С.Сисенғалиев жөніндегі үкімін өзгертті. Оны ҚР АК-нің 251-бабының 1-бөлігі және 259-бабының 1-бөлігімен соттаған бөлігін айыбы дәлелденбегендіктен бұзып, істің осы бөлігін өндірістен қысқартты. Осы үкімдегі С.Сисенгалиевты ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "н" тармағымен соттаған бөлігін өзгеріссіз қалдырып, бұрынғы 1996 жылғы 20 қарашадағы сот үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен ішінара 1 жыл қосып, оған түпкілікті өтеу үшін 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі, үкімнің басқа жағы өзгеріссіз қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, апелляциялық инстанция — тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот. Әрі бұл жөнінде сот өз шешімін шығаруға міндетті. Қабылданған шешімнің жариялануы тараптардың іске байланысты дауларын, өзіндік пікірлерін тоқтатып, олардың шығарылған шешімге бағынуын міндеттейді. Сөйтіп, сот та өзінің өкілеттігін тоқтатады. Ал, тараптардың шешімге қатысты бұдан кейінгі дауласуы басқа «жазықтыққа» ауысады; тараптардың шағымдарын келесі сатыдағы соттың судьялары мен лауазымды тұлғалары қарайды, әрі мәселенің қаншалықты шешілетіндігі солардың еркіне байланысты. Тек, прокурордың наразылығы ғана ешбір бұлтарыссыз келесі сатыдағы соттың есігін аша алады.

Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқату жөніндегі қаулы — бұл соттың қаралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау құқық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, қылмыстық іс жүргізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялық сот өндірісіне жүктеліп отыр.

Жоғарыда атап өткеніміздей, ҚР АІЖК-ге сәйкес апелляциялық саты істі мәні бойынша қарай алмайды, есесіне мұндай міндетті бірінші сатыдағы сот атқарады. Яғни, апелляциялық сотқа бақылау инстанциясының міндеті жүктеледі. Ол апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын аныктаудың және азаматтық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жузеге асыру кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе каулысының заңдылығы меи негізділігін толық көлемінде тексереді. Басқаша сөзбен айтқанда, аппеляциялық сатыдағы өндірісте сот төменгі тұрған соттың үкімін толық қарауға, қылмыстық істі қайтадан зерттеуге міндетті емес. Заң бойынша ол шағымдалған бөлігінде ғана материалдарды зерттеумен (фактілік жағын) және наразылық білдірілген бөлігіндегі тұлғаларға ғана қатысты зерттеумен шектелуі мүмкін. Толық тексеруге іс бойынша өндіріс барысында заңдылықтың сакталуы ғана жатады. Алайда, аппеляциялық сатыдағы қарау шектерін жеткілікті түрде анықтау, азаматтық жауапкершілікке тартылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға соттың өкілеттіктерін шектеуді білдірмейді. Егер сотпен сотталушының құқықтары мен бостандықтарының заңсыз шектелгені және заңсыз үкім шығарылғаны анықталса, аппеляциялық сот шағымның немесе наразылықтың шегінен шығып және өзінің өкілеттіктерін үкімді өзгертуге немесе жоюға қатысты жүзеге асыруға құқылы.

Істі тексеру барысында апелляциялық сатыдағы сот тиісінше мынадай шешімдерді (соның ішінде түбегейлі шешімдерді) қабылдауға құқылы: бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою; іс бойынша сот өндірісін тоқтату; бұрынғы шешімді сотгалушының жағдайын жаксарту немесе нашарлату жағына қарай өзгерту. Апелляциялық сот істі адамның негізсіз сотталғанын анықтаған жағдайда, бірінші сатыдағы соттың беделі қаншалық түсетіндігіне қарамастан, істі міндетті түрде тоқтатуы тиіс. Бұл жерде апелляциялық сатыдағы сот, айыптау үкімі сотта жан-жакты зерттеліп, сарапталған дәлелдемелердің негізінде ғана шығарылады деген қағиданы басшылыққа алады. Ал, осы талаптарды орындамау, шын мәнінде, заңға қайшы келетін, негізсіз үкімнің қабылдануына әкеліп соғады.

Зерттелгендерді қорытындылай келе мынаны анықтауға болады. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, апелляциялық өндіріс сот және тараптар шағымдануға (наразылық білдіруге) заңда белгіленген әркеттер жасау, істің материалдарын зерттеу, шешімді қайта қарау, негізді және әділ шешім шығару сияқты қылмыстық іс жүргізу кызметінің бірнеше сатысынан тұрады.

Бірінші саты, бірінші сатылы соттың шешіміне шағымдану, наразылық білдіруден тұрады. Екінші саты, апелляциялық өндірістің құрылымынан тұрады. Яғни, соттың шағымды, наразылықты қабылдауынан, заңда көрсетілген әрекеттер жасауынан тұрады. Үшінші саты шағымның, наразылықтың мәні бойынша істі қарау және ол бойынша шешім шығару. Апелляциялық өндірістің бұл сатыдағы басты бағыты берілген шағымды, наразылықты толық, жан-жақты қарау, келтірілген дәлелдемелерді зерттеу, тараптардың пікірлерін тыңдау және солардың негізінде негізді, әділ, объективті шешім шығару болып табылады.

Информация о работе Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары