Физика сабағында тірек-сызбаларды пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 22:19, реферат

Краткое описание

Бүгінгі таңдағы білім беруді ізгілендіру арқылы оқыту-мұғалім мен оқушының педагогикалық мақсатын жақсартуға мәдени кеңістік жасап, оқушының еркін ойының дамуына қажетті жағдайларды қалыптастырады.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауат- тылығы жоғары елге айналуымыз керек. ...Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режимінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» деп атап көрсетуі білім мазмұнына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. [1,1]

Вложенные файлы: 1 файл

пед.декабрь 14 ақпан.doc

— 997.50 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі:

Бүгінгі  таңдағы  білім беруді ізгілендіру арқылы оқыту-мұғалім мен оқушының  педагогикалық  мақсатын  жақсартуға  мәдени  кеңістік  жасап, оқушының  еркін  ойының  дамуына қажетті жағдайларды  қалыптастырады.

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауат- тылығы жоғары елге айналуымыз керек. ...Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режимінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» деп атап көрсетуі білім мазмұнына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. [1,1]

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен  үндесуде. Қазіргі педагогикалық қоғамдастық- тың алдында білім берудің жаңа модулін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. [2,2]Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары  «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.

    Осы бағытта  оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдап, жұмыстың нәтижелі болуына үздіксіз ізденіп, оқушылардың білімі мен шығармашылық қабілет- терін дамытуда В.Ф.Шаталовтың «Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқыту» әдістемесін  пайдаланып келемін.

В.Ф.Шаталовтың «Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқыту» технологиясы тәжірибеде білімді қолдануда біліктілікті жетілдіру үшін көптеген оқу уақытын үнемдейді.

В.Ф.Шаталов  технологиясының басты ұстанымы тірек белгілерді пайда- лану арқылы  үздіксіз қайталау, жүйелі білімді қалыптастыру.[7,12]

Бұл жүйенің  жетістігі – материалды бірнеше  мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім  мен білік үшін нақты бақылау, білім алушылардың өзара бақылауын  кең қолдану, олардың жеке басына құрметпен қарау.

Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі пайда болғанда әр түрлі қызықты суреттері мен сызбалары бар тірек-конспектілерді  жасауға мүмкіндік туды.

Тірек-сызбалар - білім алушыларға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді.  [13,12]

Тірек-сызбаларды пайдаланғанда сызбаның оқушы ұғымына сай болуына көңіл бөліну керек.

Тірек-сызба – сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін  тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. [10,5]

Оқушыларға  сапалы  білім беру,оқу бағдарламасындағы  білімді қамту мен кеңейту  жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану болып табылады.

Бұл  тұжырым «Физика сабағында тірек-сызбаларды  пайдаланудың білім сапасын  арттырудағы  тиімділігі» атты  тақырыпты анықтады.

Тірек-сызбаларды  қолданудың тиімділігі:

    1. Жоғары сапаға қол жеткізеді
    2. Жүргізілген жұмыс белгілі бір нәтижеге бағытталады
    3. Оқушы сабақ барысында түгел қамтылып, толық бағаланады
    4. Оқушының ынтасы, қызығушылығы артады
    5. Мұғалім мен оқушы шығармашылықпен  жұмыс жасайды
    6. Мұғалім оқушыны жан-жақты зерттейді

Зерттеудің  мақсаты – оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытудың  педагогикалық  жүйесін  теориялық негіздеу, технология мен интерактивті әдістерді  байланыстыру.

Зерттеудің  міндеттері:

  • Жеке тұлғаның  білім сапасын арттырудың тиімді тәсілдерін зерделеу және оны жетілдірудің жолдарын  айқындау;
  • Оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін дамытудың негізгі мазмұнын жасақтау;
  • Оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін дамытуда ұсынылған  жүйенің тиімділігін тәжірибе  арқылы  зерттеу;

Зерттеудің  әдіснамалық  негіздері:

Инновация модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлінеді.

Модификациялық  инновация – бұл бұрын қолданылған  технологияны  жетілдіру, өзгерту арқылы  пайдалану. Бұған В.Ф. Шаталовтың тірек сызбаларды  пайдалану арқылы оқытуы мысал бола алады.

Зерттеудің  мәні – білім алушылардың бойында өз бетімен жұмыс істеу құлшынысын арттырып, білімді берік, терең игеруді, қажетті білікті, дағдыны жүйелі қалыптастыратындай және олардың байқампаздық, ойлау, сөйлеу, шығармашылық және есте сақтау қабілеттерін дамытатындай етіп құру

Зерттеудің  негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде-таңдаған тақырыпқа қатысты негізгі мәліметтер жинақ- талып, жүйеге келтірілді,психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды.

Екінші  кезеңде – «Физика сабағында тірек-сызбаларды пайдаланудың білім сапасын арттырудағы тиімділігі»  тақырыбының өзектілігіне негіздеме жасалды.

Үшінші  кезеңде – жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін бір жүйеге келтіру,бекітілген жоспарға сай баяндама жасау,жинақтау мен қорытындылау, әдістемелік ұсыныстар және тақырыптағы мәселенің тиімділігі көрсетілді.

 

 

 

 

Негізгі бөлім

Оқытудың тиімділігін  арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына  сүйене отырып, біз оқыту технологияларын  тиімді жақтарын таңдап алуымыз және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды  белсенділікпен  енгізе білуіміз  керек.

Оқыту әдістемесі мен педагогикалық  тәжірибелер  негізінде оқушы ойын, шығармашылық қабілетін дамытуда «ойлаудың заттық – бейнелік түрі»  негізгі міндетті  атқаратыны айқындалған. Олар:

  1. оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін  жетілдіру;
  2. тақырып мазмұнын аша білу,оқу әрекетін  дамыту;

     әрбір оқушының  психологиялық  ерекшелігін ескеру;

  1. міндетті  деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік

деңгейін  кеңейту; [16,12]

Оқыту әдістері мен  жаңа технологияларды  тиімді пайдалану – жетістік көзі.

Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен  оқушылар- дың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.

Оқыту әдісі  мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту үрдісін тиімді ұйымдас- тыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамыту- ға бағытталған тірек-сызбаларының негізгі мақсаты – «егер есіңе сақтау үшін үйренсең ұмытасың, ал егер түсіну үшін оқысаң – есіңе сақтайсың»  деген қағидасын енгізу.[17,10]

Ендеше қоғам  талабына сай білім беру үшін жаңа  технологияны оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи  тиімді  білім беру  жүйесін  жасақтай білуіміз керек. 

Тірек- сызбаларды пайдалану  оқушылардың қызығушылықтарын  арттырып, болжам жасатып, мақсат қойып, толық мазмұндық  ақпарат  алуға  жағдай  жасайды. [14,33]

Тірек  сызбаларды  пайдаланудың  тиімді жақтары:

1. Оқушылардың  өздігінен жан-жақты білім алуға  жағдай жасалады.

2. Сабақ кезінде  уақытты  ұтымды  пайдалануға   қол  жеткізеді.

3. Оқушылардың  өзара пікір  алмасуына мүмкіндік туғызылады.

4. Мұғалім мен  оқушылар арасында  ізгілік қарым-қатынастар орнайды

Тірек-сызбалар – сабақ үрдісін ұтымды ұйымдастыруға  көмектеседі, тақырып бойынша танымы кеңейеді, топпен және жеке жұмыс жасауға  мүмкіндік береді.

Тірек-сызбалар – кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блок- тар, суреттер арқылы іске асырылады.

Тірек-сызбалары – оқушы  қиялын дамыту, өзін-өзі  талдау, қызығушылығын ояту мен шығармашылығын дамытудың негізі.

 

Тірек-сызбасын құрудың негізгі қағидалары:

Тірек сызбасы – оқу материалының негізгі бөліктерінің мазмұнын жинақ- тайтын бөліктерден тұрады.

Әрбір бөліктердегі теориялық материал арнайы белгілер,сызбалар,сөздер арқылы  біріктіріледі.

Тірек сызбалары  – есте  оңай сақталатындай қарапайым болуы керек.

Бұл үшін графикалық  безендіруде шығармашылық ізденіс және ұшқыр ой тапқырлығы талап етіледі.

Тірек сызбалары - білім стандартында белгіленген, білім  беру бағдар- ламаларында айқындалған  талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тірек сызбалардың тиімділігі  білім беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. [18,25]

Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда  мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.

Жаңа технологияны пайдаланған уақытта оқушылар мен  мұғалімдерге қойылатын  талаптар және күтілетін нәтиже

 

Мұғалімге қойылатын талаптар

Оқушыға қойылатын  талаптар

Оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау

Оқу мотивациясы мен

белсенділігін дамыту

Әдістемелік жүйені үнемі жетілдіру

Оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыру

Әрбір оқушының қабілетіне және жас ерекшелігіне қарай білім беру, дербестікке,ізденімпаздыққа баулу

Оқушының өзін-өзі  басқаруын жетілдіру және өз әрекетіне  өзіндік баға беруін дамыту

Мұғалім түсіндіруші,

баланың оқу  әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде  көрінеді.

 

Оқушы өзін еркін  сезінеді, ізденеді,жетістікке жетеді.


 

Оқушының жан-жақты  білімді болуы – мұғалім білімінің  күнделікті жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануына байланысты.

 Кез-келген оқушының бойында пәнге деген қызығушылықты арттыруда тірек-сызбаларды пайдаланудың тиімділігі зор деп есептеймін.

Барлық сабақтардағы негізгі мақсатым: оқушыға теориялық білімді  жүйелі меңгертуге қол жеткізу.

Тірек конспектісіне  ғылыми анықтама берсек – білім  алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал. [14,34]

Тірек конспектісін теориялық білім күрделі болып  келген жағдайда пайдаланған тиімді. Күрделі формулаларды қорыту барысында, құралдардың неден тұратыны, қалай  жұмыс істейтінін  меңгеру үшін көп көмегін тигізеді.

Аталмыш технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, оқушы ларды жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.

Тірек-сызбаларды қолданудың  негізгі ерекшелігі:

  • Берілген технологияны барлық типті сабақтарға және оның                  

          әр түрлі  кезеңдеріне қолдану мүмкіншілігінің жоғарылығы;       

--        Дәріс материалдары қысқарған түрде берілуі;

  • Оқу бағдарламасындағы  бірнеше тақырыпты  қамтып,

  блоктау әдісі арқылы берілу мүмкіндігі; [14,36]

Тірек-сызбаларды пайдалана отырып, бірнеше көрнекі сабақ өткіздім. Қай сабақта болмасын көздеген мақсатым – оқушы шығармашылығын дамыту, алға жетелеу, нәтижеге  бағыттау.

 Тірек  сызбаларының  үлгілері:

 

ГАЗДАР

Қаныққан  бу

Қанықпаған  бу

 

Қысымы Р0 = nkT

 

Молекулаларының  концентрациясы 

 

Қысымы

Тығыздығы

ОРЫНДАЛУ  ШАРТЫ

Газдарға  тән  қасиеттердің  бәріне  ие

ҚАСИЕТТЕРІ

t =const

Тығыздығы мен  қысымы

берілген температурада өте жоғары

а) көлемге  байланысты емес

ә) температураға  байланысты  емес

t =const

 

Тығыздығы мен  қысымы  көлемге тәуелді


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Денелердің  электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы

Информация о работе Физика сабағында тірек-сызбаларды пайдалану