Методика развития специальной выносливости в боксе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 08:07, дипломная работа

Краткое описание

Спортшының техникалық, тактикалық және психологиялық дайындығы жоғары деңгейде болуы үшін спортшының дене шынықтыруына тікелей тығыз байланысты. Спортшының денесі неғұрлым шымыр болса, соғұрлым оның шеберлігі өте жоғары болады.
Дене шынықтыру ағзаның функционалды мүмкіндіктерімен байланысты. Оның жанжақты дамуымен денсаулығын күшейтуіне әсер етеді.
Спортшының дене шынықтыру деңгейі оның үлкен ауыртпалыққа қарсы төзімділік қасиетін арттырады және дайындық кезінде кейбір жаттығулардан кейін немесе жалпы дайындау жаттығуларынан кейін тез арада өз спорттық қалпына келеді. Спортшының шымырлығына дене шынықтырудың басқа спорт түрлерімен жаттығу өте үлкен әсері бар екенін біз атақты спортшылардан білеміз.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Акерке 2.docx

— 48.87 Кб (Скачать файл)

БОКСШЫНЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

 

Спортшының техникалық, тактикалық және психологиялық дайындығы жоғары деңгейде болуы үшін спортшының дене шынықтыруына тікелей тығыз байланысты. Спортшының денесі неғұрлым шымыр болса, соғұрлым оның шеберлігі өте жоғары болады.

Дене шынықтыру ағзаның функционалды мүмкіндіктерімен байланысты. Оның жанжақты дамуымен денсаулығын күшейтуіне әсер етеді.

Спортшының дене шынықтыру деңгейі оның үлкен ауыртпалыққа қарсы төзімділік қасиетін арттырады және дайындық кезінде кейбір жаттығулардан кейін немесе жалпы дайындау жаттығуларынан кейін тез арада өз спорттық қалпына келеді. Спортшының шымырлығына дене шынықтырудың басқа спорт түрлерімен жаттығу өте үлкен әсері бар екенін біз атақты спортшылардан білеміз.

Сондықтан боксшының әр кездегі дене шынықтыруға, дайындығына, көп көңіл бөлген дұрыс. Боксшының денешынықтыру дайындығы қажетті деңгейде болмауы оның техника-тактикалық әдістерінің біржақты болуы, спортшының үлкен жетістіктерге жету мүмкіндігі азаяды жаттығу дайындығына қызушылығы кемиді.

Боксшының дайындық деңгейі қаншалықты артқан сайын оның соншалықты спорттық шеберлігі артып, арнайы дайындығы боксшыға лайық болып бейімделе бастайды. Спорттық арнайы дайындығы жоғары деңгейде болған сайын боксшы өзінің шеберлігін шыңдай алады.

Жалпы дене дайындық

 

   Боксшының жалпы дене дайындығы оның дене қабілетінің жан-жақты дамуына бағытталады. Ол ағзаның функционалды мүмкіндігі көрсеткішін жоғарылатуға, төзімділікке, күштілікке және шапшандықты-күшті қасиеттерге, бағдарлану қабілеттілігіне баулиды.

     Жалпы дене дайындығы кезеңді қозғалыс тәжірибесі және іс-әрекеттері кіріктірілген кешенді дене қабілетін қарастырады. Бұл шапшандылық-күшті сипатты жаттығулар қатарына кең көлемді дене жүктемесіндегі төзімділікке негізделген айтарлықтай күштілік қысымдағы жаттығулар және қозғалыс реакцияларындағы шапшандық пен ептілікті жан-жақты жетілдіру жаттығуларынан тұрады.

   Жалпы дене дайындығының әсерінен спортшы жаттығу жүктемелерін өте жақсы қабылдайды, оған тез бейімделеді, қимыл-қозғалыс қасиеттері дамуының ең биік көрсеткішіне жетеді, техникалық тәжірибелермен неғұрлым үздік айналысады.

   Жалпы дене дайындығы спортшы бойында моральдық және еркіндік қасиеттерін дамытуға көп әсерін тигізеді, себебі көптеген жаттығулар әр түрлі қиындықтарға төтеп беруді қажет етеді, әрі психологиялық тұрақтылық пен спорттық бейнені ұзақ сақтап қалу мүмкіндігін  қалыптастырады.

   Жалпы дене дайындығы үшін боксшының жеке мінезіне сай және оның дене қасиеттерін дамытатын жаттығуларды таңдау қажет. Кейбір дене жаттығулары боксшыға оңды әсер бергенімен, оның қажетті тәжірибе жинақтауы мен керекті қасиеттерге тәрбиелеуге кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, шапшаң қозғалыстағы семсерлесу күрделі қозғалыс реакциясына жатады, ал арқаны тік ұстау, тізені барынша бүгу, қозғалыстың шектеулігі боксшыны бағдарлы дамытуға, ептілікті жетілдіруге дағдыландырмайды. Ауыр салмақты  штангіні көтеру жаттығуы дененің жоғары бөлімнің күшін дамытады және сонымен қатар соққы беру жылдамдығын шектеуге әкелуі мүмкін. Сондықтан боксшыға жаттығуды таңдау үшін оның тәжірибесі мен біліктігін қалыптастыруға қажеттілерін ғана алу шарт.

   Ереже бойынша әрбір жаттығу негізгі бағыттардан тұрады және бір мезгілде әр түрлі қасиеттерді баулуды қамтамасыз етеді. Жалпы даму жаттығуларын тура және жанама әсер ету жаттығулары деп бөлуге болады. Жанама әсер етуші жаттығулар мынадый жалпы қасиеттерді дамытуға көмектеседі, ептілік, күштілік, жылдамдық т.б. сияқты спортшыны арнайы баптау жаттығуларын дайындайды. Тура әсер ететін дене жаттығулары бағдарлану және сипаты бойынша таңдалған спорт түрінің қозғалыстары мен іс-әрекетіне сай болу қажет. Жанама әсер ететін жаттығулар түріне суда жүзу, суға секіру, жүгіру жағдайындағы ұзындыққа және биіктікке секіру, ұзақ қашықтыққа жүгіру, эспандералық жаттығулар және т.б. жатады. Бұл жаттығулар боксшының тек қана жалпы дайындығын қалыптастырмайды, сонымен қатар арнайы сипатты ауыр жаттығудан кейін қалпына келуді де қалыптастырады. Тура әсер ететін жаттығуларға белгілі аралықтағы және жылдамдықтағы аралас қозғалыс, қысқа және орта ара қашықтықтағы ауысу ырғақпен жүгіру және аралық демалыс, ядро лақтыру мен теннис доптарымен жаттығу, гандбол және де басқа боксқа жақын арнайы жаттығулар жатады.

. Боксшының арнайы дене дайындығы

 

   Арнайы дене дайындығы айқындалған спорт түріне қажетті, оның ішінде бокста дене қасиеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жаттығуға соқы беру мен қорғаныстағы бағдарлану қозғалыс, ойын жаттығулары, көлеңкемен жаттығу, арнайы боксшы құралымен жаттығулар (қап,  қапшық,  резеңкедегі доп т.б.) жатады.

   Арнайы дене жаттығуын боксқа қажетті қолданылатын қозғалыс қасиеттерін кең дамытатын және негізгі жаттығулар деп бөледі.

   Арнайы дене жаттығуын тұрақты көрсеткіште ұстану қажет, яғни боксшының жаңа кезеңдегі шеберліктің шыңына жаңа көрсеткіштер қажеттілік болмағанға дейін орындаған дұрыс. Сондықтан боксшының жаттығу үдерісінде арнайы жаттығуда ғана емес, жалпы дене дайындығында да үнемі әдістерді қолдануы қажет. Дене қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты болады және өзара әсер етеді. Бокстағы координацияны дамыту қозғалыстың тиімділігі мен дұрыстығын ғана қарастырмайды, сонымен қатар орындау жылдамдығын қажетті импульс күшінің не үшін керектігін , бұлшық еттердің жеткілікті күшінің қысқартуларын, яғни қозғалысқа керекті арнайы бұлшық ет тобының күштілігін қарастырады.

    Жүйелі жаттығулар іс-әрекетті тез орындауға көмектеседі, олардың арасындағы максималды үзілісті, яғни жұдырықтасу қарқыны мен шапшандығын айқындайды.

    Егер де спорттың циклді түрінде ең бастысы қандай да бір дене қасиеті болса, ал боксшы үшін барлық дене қасиеті жеткілікті дамыған болуы қажет.

   Арнайы дайындық жаттығуларының әрқайсысы бокста басты бағыт болып табылады, ал бәрі бірге басқа қасиеттердің дамуына ұйытқы болады. Мысалы қапшықты соғу жаттығуы соққы беру жылдамдығын дамытады, ұзақ және жиі соққы беру арнайы төзімділіктің дамуына көмектеседі; ұрмалы допты лақтыру белгілі қарқында тек қана бағдарлану мен дәлдікті дайындап қоймай, сонымен қатар, лақтыруда бұлшық ет сезімдері белгілі қашықтықтағы төзімділікті туғызады және т. б.

Боксшының дене дайындық қасиеттері және оны тәрбиелеу

 

Адамның күштілік қасиеті сыртқы кедергілерді жеңу қабілетімен немесе бұлшық ет ширығуымен қарсы әрекет етумен айқындалады. Бұлшық ет күші- боксшының ең маңызды дене қасиеттерінің бірі. Бұлшық ет күші белгілі бір дәрежеде қозғалыс жылдамдығын,әрі төзімділік пен ептілікті айқындайды. Қимыл-қозғалыстың алуан түрлілігі боксшынының өз күшін сапалы және сандық тұрғыдан қажеттілігін байқауға үйретеді. Боксшының бұлшық ет күшінің сипаттылық көрінуі иимпульстік іс-әрекетінен байқалады. «Жарылыс» күші деп ең жоғарғы жылдамдықтағы күштің пайда болуын айтады. Мұндай күш, мысалға, боксшының басымды соққысында көрінеді.

    Жақын күштегі жұдырықтасуда, қарсыластың іс-әрекетіне тосқауыл кезеңінде, оған бірнеше соққы беру мүмкіндігінде, бокс ережесі бойынша  ринг бұрышындағы кейбір «қысымдар» және жұдырықтасу жағдайларында боксшының күштілік қасиеті «жарылысты күшке қарағанда, ұзақ уақыттағы күштірек ағымда көрінеді. Осыған қарағанда боксшының күштілік қасиеті шапшаңдық және төзімділікпен тығыз байланысты. Күштілік қасиеті, бұлшық еттегі биохимиялық үдерістерге, олардың жиырылуы мен бұлшық ет қиылысқан талшықтарына және орталық жүйке жүйесінің қызметіне тәуелді болады.

   Бұлшық ет  күшінің болуына қажырлық күші  үлкен рөл атқарады. Дайындық  жаттығулары мен жұдырықтасуда  боксшы көптеген жылдамдық әрекетін  жасайды, ол оның күштілік дайындығының  арнайлығын көрсетеді. Бокста күштi бағалау ұрыс кезiнде әр түрлi көрсеткiштермен анықталады. Солардың iшiнде боксшының қозғалыс күшi өзiнiң қозғалып жүріп ұрыс жүргізуінен көрiнедi. Соққы кезiнде қорғаныстағы және қозғалыстағы күш болады. Қозғалғыш күшi өте жылдам және сылбыр топтарға бөлiнедi.

Өте шапшаң күш деп, үдемелi орындалатын кездi айтады. Мысалы, нысанаға көздеген соққыларды дәл тигiзу.

Сылбыр күш – бұл жай қозғалып, қарсыласына әр түрлі қарсылықты көрсетуден көрiнедi. Ол ұстау, құшақтау, т.б.

Ұрысты жылдам  соққылармен жүргiзетiн боксшы  қажеттi күш соққыларын  бiр тiзбектен  кейiн екiншi тiзбектердi жылдам орындай  бередi. Ол нысанаға қатты соққыны және соққыны бiрге орындау қажет.

«Нокаутшы» боксшы керiсiнше негiзгi соққыны күтпеген жерден нысанаға ала отырып жылдам орындау керек. Ол ұрысты тығыз жүргiзбей, күштi бiр немесе екi соққы жасайды. Тығыз ұрыс жүргiзгенде оның бұлшық еттерi босаңсып үлгермейдi де, өзiнiң соққысын жасай алмайды. Оған қарағанда ұрысты күшпен жүргiзетiн боксшылар қарсыласын күшпен жеңуге әрекеттенiп, екi қолмен де бiрдей соққылар жасап, қарсыласын жiбермеуге тырысады.

«Ойнаушы» боксшы қарсыласын алыс қашықтықта ұстап, соққылар орындағанда қорғаныс жағдайларын қолданады. Себебi, қарсыласқа жақындағанда қарсы соққы алып қалудан сескенедi.

Боксшының күш  дайындығын тәрбиелеу екi түрлі жолмен жүргiзiледi:

  1. жан-жақты күш дайындығын өсiру үшiн барлық жаттығу түрлерiн пайдалану қажет (гимнастика, ауыр атлетика, жаттығу құралдары, т.б.)
  2. күштi арнайы бағытталған жаттығулармен тәрбиелеу. Олар боксшының негiзгi қимылдарына сай келуi қажет. Итерiсу, құшақтасу, күресу,  жаттығулары. Қаптарда, табандарда және қарсыласпен жұмыс iстеу.

Іс-әрекет жылдамдығы. Жылдамдық деп, жүйке-бұлшық ет үрдісінің жоғары қозғалғыштығына байланысты белгілі жылдамдық іс-әрекеті мен қозғалысты тудыру қабілетін айтады.

   Спортшының жылдамдығы жаттығу кезінде жетістікке жеткен өзінің негізгі табиғи қасиеті. Кейбір спортшылар жалпы іс-әрекет жылдамдығын меңгереді, яғни барлық қозғалысы өте жылдам, бірақ үздіксіз емес, ал басқалар үздіксіз тек қана жеке іс-әрекетті орындауы мүмкін. Бұл жағдай боксшының тәсілін қалыптастыруға және оның жұдырықтасу мәнеріне әсер етеді.

   Спортағы жылдамдық қозғалыс тездігімен айқындалып, оның қозғалу реакциясының жилігі мен жылдамдығына байланысты. Қозғалыс жылдамдығында ең маңызды рөлді спортшының ерік күші, оның психологиялық дайындығы атқарады.

    Боксшының жылдамдығы қарапайым және күрделі реакцияларды тиімді іске асыру қабілетіне байланысты айқындалады.

   Бокстағы қарапайым реакция – ол алдын ала белгілі қозғалысқа жауап, бірақ қарсыластың күтпеген іс-әрекетіне байланысты туындайды.

   «Таза» қарапайым реакция іс-әрекет үстінде, жаттығуларда байқалады.

   Жұдырықтасуда 2 түрдегі күрделі  реакциялар көрінеді: қозғалу объектісіне  реакция, яғни қарсыласқа және  таңдау реакциясы.

Боксшы бірінші жағдайда сол мезетте қозғалыстағы қарсыласына соққылар береді, әрі қарай керекті ара қашықтықты табады, белгілі техникалық әдістерді таңдайды, сонымен қатар үздіксіз қозғалыста болады. Ал екінші жағдайда боксшы өз іс-әрекетімен қарсыласының іс-әрекетін бақылайды, жетістік ереже бойынша жылдамдыққа байланысты болады,ал күрделі реакцияны таңдау – боксшылар іс-әрекеті жағдайына байланысты. Жұдырықтасу кезеңіндегі күрделі реакцияның қажеттілігі өте жоғары, өйткені іс-әрекет боксшылардың айтарлықтай нәтижеге жетуі үшін жылдам және жиі болады. Егер боксшы қарсыласының ішкі ойын түсініп, іс-әрекетіне шапшаң әрекет жасаса, оның жетістікке жету мүмкіндігі мол  болады. Іс-әрекетті және қозғалысты жылдам орындау қабілеті – боксшының ең маңызды қасиеттерінің бірі.

    Адам ақпаратты кеңістіктегі дененің қозғалуы мен ұстанымындағы өзгерістерді қабылдауды көру, есту, дәм сезу, сезу мүшелерінің және бұлшық еттегі, сіңірдегі, буындағы «бұлшық етттің сезімталдығы» рецепторы арқылы, тепе-теңдік аппараты арқылы алады. Сезімтал жүйке талшықтары арқылы қозу орталық жүйке жүйесі рецепторларына беріледі. Орталық жүйесінен түскен импульстің әсеріне байланысты жұмыс мүшесі рефлекторлық іс-әрекеттің арнайлы көңіл бөледі, атап айтсақ, сол және басқа бұлшық еттердің жиырылуына байланысты болады.

    Боксшының барлық іс-әрекеті оның кешенді кезектескен рефлектролық реакциясы болып табылады. Мысалы, боксшы қарсыласының сол жаққа тура соққы беруде оң қолын сол бір сәтте төмен түсіреді және сол арқылы төменгі жақ тұсын – нағыз сезімтал жерін ашық қалдырғанын көреді. Мұндай жағдайда боксшы ақпаратты көру анализаторы арқылы алады, сол кезде үлкен ми тамыры қорғалмаған жерге сол жаққа тура соққы беру туралы «шешім» шығарады, «бұйрықты» қозғалыс жүйкесі қабылдайды, және сүйек-

бұлшық ет аппараты керекті қимыл – қозғалысты жасайды. Бұл рефлекторлық доғада неғұрлым тез  тұйықталу жасалса, соғұрлым жылдамырақ соққының алдын алатын іс-әрекет орындалады. Сонымен қатар,  басқалай да болуы мүмкін, мысалы ақпарат тез түседі, шешім тез қабылданады, ал іс-әрекет баяу орындалады. Бұлшық еттің жиырылуы мен қалпына келуінің жылдамдығы биохимиялық реакциялардың өтуіне, АҮФ мазмұны және оның сіңу жылдамдығы, жүйке импульсінің орындау-мүшелері жеткізу жылдамдығы т.б. байланысты болады. Әрбір адамның іс-әрекет жылдамдығына қабілеті-оның жеке ерекшелігінде. Боксшы тез еңкейіп, шапшаң еңкею арқылы кешігуі мүмкін және жылдам  тура соққы беріп, төменгі соққыны айтарлықтай ақырын орындауы мүмкін және т.б.

     Қозғалмалы обьектіге нақты реакция жасау оның жылдамдығын қатар жетілдіріледі. Жұдырықтасу барысында күрделі реакцияларға бару спортшы үшін қажеттігі өте жоғары, өйткені қарсыласы күтпеген жағдайда әр түрлі оңды-солды соққылар беруі мүмкін. Жаттығулар мен баптау барысында күрделі реакциялардың жоғары жылдамдық көрсеткішіне қол жеткізу үшін педагогикалық ережелерге сүйену қажет: жаттығу санын көбейте отырып, қарапайымнан күрделіге қарай қағидасын ұстанған жөн. Мысалы, қорғанысқа үйрету үшін басында алдын-ала шартты соққыға жауап беру, сонан кейін екі соққының біріне соққы беруді ұсыну қажет, әрі қарай т. т. Іс-әрекетті тез орындауға артық қобалжу кедергі жасайды, яғни басында әдіс-тәсілдерді қалыптастыруды қажет етеді, кейіннен  жетілдіру арқасында жылдамдық үдейеді. Сонымен қатар шаршаған кезде артық қысым туындайды, ол үйренген іс-әрекетті орындауды бәсеңдетеді. Жылдамдықты дамыту үшін жалпы қысқартылған жаттығуларды бәсеңдетілгендерімен ауыстыру қажет.

   Боксшыны дайындау тәжірибесінде жылдамдық қасиетін дамыту және жоғарылату алғашқы маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Спортшыны жылдамдыққа тәрбиелеу жалпы және арнайы болып бөлiнедi. Жалпы жылдамдық - әр түрлi жаттығулар кезiнде бағаланады. Мысалы, қысқа қашықтықтарға жүгiру, спорт ойындары. Жалпы жылдамдық пен арнайы жылдамдық төменгi дәрежедегi спортшылардың арасында жиi көрiнедi. Спортшы шеберлiгiнiң өсу дәрежесiне байланысты жан-жақты дайындық жаттығуларынан арнайы жаттығуларға көшу бiлiнедi. Жан-жақты жаттығулардың түрлерi дербестелiп, бокс қозғалыстарына сай жаттығулар ғана пайдаланылады. Кездесу кезiнде боксшы жылдамдықтың бiрнеше түрiмен ұшырасады (дара, тiзбектелген соққылардың, қозғалыстардың, қорғаныс жылдамдықтары). Жарыс кезiнде боксшыдан талап, аталған жылдамдықтардың бәрiн қолдану. Боксшы дара, тiзбектi соққыларды ұрыс кезiнде жылдам орындағанмен жылдам қозғалысты игере алмаса, ол босқа қалады. Мұндай боксшылар ұрыста өз шабуылын жасағанда, жәй қозғалып қарсыласына өз ойларын бiлдiрiп қояды.

Информация о работе Методика развития специальной выносливости в боксе