Методика развития специальной выносливости в боксе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 08:07, дипломная работа

Краткое описание

Спортшының техникалық, тактикалық және психологиялық дайындығы жоғары деңгейде болуы үшін спортшының дене шынықтыруына тікелей тығыз байланысты. Спортшының денесі неғұрлым шымыр болса, соғұрлым оның шеберлігі өте жоғары болады.
Дене шынықтыру ағзаның функционалды мүмкіндіктерімен байланысты. Оның жанжақты дамуымен денсаулығын күшейтуіне әсер етеді.
Спортшының дене шынықтыру деңгейі оның үлкен ауыртпалыққа қарсы төзімділік қасиетін арттырады және дайындық кезінде кейбір жаттығулардан кейін немесе жалпы дайындау жаттығуларынан кейін тез арада өз спорттық қалпына келеді. Спортшының шымырлығына дене шынықтырудың басқа спорт түрлерімен жаттығу өте үлкен әсері бар екенін біз атақты спортшылардан білеміз.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Акерке 2.docx

— 48.87 Кб (Скачать файл)

Боксшының төзiмдiлiгi деп арнайы жұмысты қарқыны тоқтатпай ұзақ уақыт орындауын айтады. Арнайы және жалпы төзiмдiлiк бар. Боксшының төзiмдiлiгiн саналықпен арнайы жаттығулар арқылы дайындағанда, оның дене құрылысында белгiлi өзгерiстер жүредi. Олардың ең белгiлiсi – жүйке жүйесiнде өтетiн өзгерiстерге байланысты жүредi. Ағзада жүретiн шартты рефлекстердiң арқасында жүйке жүйесi шыңдалады, соның әсерiнен тыныс алу, қан айналым жақсарады.

Бұлшық еттердiң  негiзгi қуат көзi бұлшық еттегi АҮФ (аденазин үш фосфорлы қышқылдың) ыдырауына байланысты. Ол денеде өте көп болмайды. Жоғалтылған АҮФ жылдам орнына келуi керек, бұл жағдайда бұлшық еттердің жұмысы нашарлайды.

Қалпына келтiру екi түрде өтедi:

а) тыныс алу оттегiнiң қатысуымен.

ә) оттегiнiң қатысуынсыз өтуi.

Оттегi қатысуымен жүретiн үдерістер ағзаның ерекшелiктерiне байланысты. Олар қабылдау және шығару, тыныс алу қызметтерi, жүрек жұмысы, қан айналымы т.б. Оттегi қатысумен орындалатын жаттығулар ағзада толық ыдырамаған қалдықтарды тудырады. Олар жұмыс, тынығу және оттегiн пайдалану кезiнде орнына келедi.

Оттегiсiз мүмкiндiктер ағзаның қуатты оттегiсiз өзiнiң iшiндегi қорды пайдаланып орындау ерекшелiктерiне байланысты жүргiзуiнде.

Қуаттың ең басты көзi – оттегiнiң қатысуымен жұмыс жасау. Сондықтан, егер боксшы оттегiн аз пайдаланып жұмыс iстеуге бейiм болса, оттегiн тыныс алу арқылы аз пайдаланатын болса, бәрiбiр оттегiнiң жеткiлiксiздiгiне әкелiп соғады. Денедегi ыдыраған заттар нашар шығарылады, спортшы жылдам шаршайды. Сондықтан спортшыны оттегiсiз жұмысқа үйреткенде оның жалпы төзiмдiлiгiн тәрбиелеу қажет. Боксшы жаттығу кезiнде (әсiресе жүгiру) оттегiн пайдалануды жетілдірсе, ол арнайы жаттығуға да әсерiн тигiзедi. Бокстағы физиологиялық қозғалыстар екi тұрғыдан қаралуы керек. Бiрiншiсi – жаттығу мен жекпе-жек кезiнде, екiншiсi – ұзақ тұрақты жаттығуларды орындау кезiнде орындалады.

Қан айналымы. Жаттығу үстiнде, жарыс кезiндегi жүктемелер боксшының жүрек-қан айналымы жұмыстарына едәуiр өзгерiстер кiргiзедi. Мысалы, ұрыс кезiнде 1-раундтың 2 минутында жүрек соғу жиілігі 190-ға жетедi, соңғы раундта 202 жетедi. Көлеңкемен жұмыс жасағанда ең жоғарғы көрсеткiш– 150мин/сек дейiн жетедi. Ауа толтырылған және iшi толтырылған «қапшықтарда» 170-ке дейiн, қаптағы жұмыста 186 мин/сек, жаттықтырушымен «табанда» жұмыс iстегенде 192 мин/сек, еркiн ұрыстарда 220 мин/сек соққыға дейiн жетедi.

Арнайы жүктемелерде жүрек жұмысының жақсаруымен, мидың қан айналымы да жақсарады.

Тыныс алу. Бокспен ұдайы шұғылдану кезiнде денеге оттегiн жеткiзудi, ағзадан шығатын заттарды шығаруды қамтамасыз етедi.

Жоғары дәрежелi боксшылар соққы кезiнде терең дем шығарады. Тiзбектелген соққыларды орындалғанда олар демiн ұстайды.

Боксшының тыныс алу мөлшерiнiң жоғарылығы орташа 4500 мм жетедi. Жоғары дәрежелi боксшылардың көрсеткiштерiн зерттеу кезiнде (МПК-оттегiн қабылдауды) шекке дейiн көрсетiледi. Жоғары көрсеткiш – 76,9 мл/кг, орташасы – 67 л/кг болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             


Информация о работе Методика развития специальной выносливости в боксе