Болмыс – дүниеге көзқарастық және методологиялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2014 в 12:18, реферат

Краткое описание

Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген қарапайым түiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1)

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Болмыс ұғымы, түрлері
2. “Материя” категориясы, оның атрибуттары мен модустары. Әлемнiң философиялық моделдерi
3. Қозғалыс және қозғалыс формалары
4. Кеңiстiк пен уақыт
III Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Bolmys.docx

— 26.91 Кб (Скачать файл)

Марат Оспанов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік                 медицина  университеті

 

 

Студенттің өзіндік жұмысы

 

    

 

 

     Мамандығы: жалпы медицина

  Дисциплина:  философия

  Кафедра: әлеуметтік-саяси пәндер

  Курс: 2

  Тақырыбы:  Болмыс – дүниеге көзқарастық және методологиялық

проблема ретінде

 

 

 

 

 

 

 

                                                                        Орындаған: Уалиев Дастан

                                                                        Группа: 208 «б»

                                                                        Тексерген: Құмаров Н.А.

                                                                       

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

Ақтөбе  2014ж.

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Болмыс ұғымы, түрлері

2. “Материя” категориясы, оның атрибуттары мен модустары. Әлемнiң философиялық моделдерi

3. Қозғалыс және қозғалыс формалары

4. Кеңiстiк пен уақыт

III Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

“Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.

Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген қарапайым түiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, “Табиғат туралы”) болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы, бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәре қажеттiлiктен туады “дүниежүзiлiк логос” деп атады, “күрестi” барлық қарама-қарсылықтардың атасы,”Табиғат туралы”-фрагменттер)- керiсiнше, болмыстын басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. “Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды”, “Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi. iрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады, оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық” онтология деп айтуға болады.  

   

 

 

 

 

 

 

 

 

Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.

Болмыстың негізгі түрлері:

  1. Заттар (денелер), процестер болмысы:

А) бірінші табиғат;

Б) екінші табиғат.

  1. Адам болмысы:

А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;

Б) адамның өзіндік болмысы.

  1. Рухани болмыс:

А) жеке адамның рухани болмысы;

Б) қоғамның рухани болмысы.

  1. Әлеуметтік болмыс:

А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы;

Б) қоғам болмысы.

Заттар (денелер), процестер болмысы


Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады.бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.

Адам болмысы

Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.

Рухани болмыс

Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.

Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.

Әлеуметтік болмыс

Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.  

Платонның айтуы бойынша, болмыс дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар- заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа тәуелсiз. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi, пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң күңгүрт бейнесi.

     Жаңа заман философиясында  болмыс категориясың “субстанция”  категориясымен тенiстiрген, болмыстың  бiртектiлiгiн бiлдiретiн, жойылмайтың, өзгермейтiн субстрат, болмыстың  негiзi. Бiр философиядаа ол-материалды, екiншiлерiнде-идеалды, ал үшiншiлерiнде- материалды да, идеалды да.  Мысалы, Д.Беркли (1685-1753, ағл. ф-фы, субъективтi идеализм өкiлi, Ирландияның бiр қаласында епмскоп болған, дiн дi дәйектеп, материализм дi терiстеуге тырысты, тек рухани болмысты мойындап, универсалилердiн реалды өмiр сүредi деген және абстракциялық ұғымдар идеясына қарсы шықты) бәрiнiнiң негiзi- рухани субстанция дедi, рух- бәрi оған тәуелдi, онда бәрi де өмiр сүредi, қозғала алса қозғалады. Барлық табиғи құбылыстардың түп негiзi. Ал, материя мүлдем жоқ, өйткенi оны адам сезе алмайды.

    Спиноза (1632-1677, нидерланд философы, Амстердамда туып өскен, мат-ка мен жаратылыстану ғылымдарына қызығушылық танытты, геометриялық тәсiлге сүйенiп әлемнiң жалпы бiртұтас, ядросы табиғат пен құдайдың үлесiмдiлiгi болыа табылатың, картинасың қалыптастыруға тырысты; бiлiмнiң үш түрiн- пiкiр,түсiнiк және интелектуалды интуиция деп, субстанцияның атрибуттары мен модустар туралы теорияны жасады; әлеуметтiк ф-да еркiндiктi саналы қажеттiлiк ретiнде және қоғамдық келiсiмдi жақтады. “Этика”, “Дiншiл-саяси трактат”)  нақты бар дүниенiң негiзi жалғыз ғана, тәуелсiз, өз алдына және өзi өзiнде өмiр сүретiн материалды субстанцияны мойындады. Сонымен, қатар Спиноза субстанцияны құдаймен үйлестiредi, бұл- өзiн өзi тудыратың тотальды Табиғат.

Жалпы айтқанда болмыстың түрлерi материалды да, рухани да бола алады. 

Материя терминының қалыптасуы бiрнеше этаптаң өттi. Бiрiншiсiнде- ол табиғат құбылыстарымен тенестiрiлдi (Гераклит-от, Фалес-су, Анаксимен-ауа). Бұл кезендi ф-да қиялы материализм деп атайды.

Екiншi кезеңде- материя атомдар мен пара-пар қарастырылып, заттар мен олардын қасиеттер жиынтығы мен тенестiрiлдi. Материалды және түйсiктер арқылы танылады (Демокрит). Материяның атомистiк моделi натурфилософия мен жаратылыстану ғылымдарында кенiнең қолданылып 20ғ. дейiн беделдi болды.

Үшiншiсiнде механистiк және метафизикалық түсiнiк қалыптасты (Жаңа заманда- механиканы ең мүлтiксiз ғылымдардың бiрi деп есептедi). Декарт материяна дене-субстанциясы деп түсiндi, оның жалғыз ғана қасиетi қашықтықта созылуы. Материя бөлiнбейдi, табиғатқа пара-пар, “универсум”- алыпты механизм, әр-түрлi көлемдегi бөлшектер құдiреттi түрткi арқылы, механика заңдары бойынша айналмалы қозғалыста болады.

Төртiншi кезеңде- 19-20 ғ.ғ.физика дағдарысқа ұшырады. Бұл салада ашылған жаналықтар (радиактивтiлiк құбылысы,рентген сәулесi, электронның бар екенiнiң дәлелденуi, электромагнит өрiсi, салыстырмалық теорияның ашылуы) материя түсiнiгiн өзгерттi. Бөлiнбейтiн ең кiшкене бөлшек, әлемдi ұстап тұрған кiрпiш деп келген атомның күрделi құрамы бар болып шықты, оның өзi зарядталған ядро мен оның төңiрегiнде белгiлi энергетикалық деңгейлердi траекторияларда қозғалыста, тербелiсте болатын терiс зарядтағы электрондардан құралады екен. Ядроның құрылымы да күрделi, протон, позитрон және нейтринолардың күрделi қатынасымен сипатталады. Үнемiқозғалыста болатын электронның массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгередi. Микробөлшектердiң табиғаты екi жақты, олардың әрi заттық, әрi өрiстiк (толқындық) қасиеттерi бар. Жарықтың бөлшегi- фотонды тiптi де затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең т.б.    Француз математигi  А.Пуанкаре 1902 жылы “Материя ендi жоқ, ол ғайып болды” деген түйiнге келдi. Бесiншi кезеңде- б.з. ортасында жоғарыда айтылған барлық түсiнiктердi қамтитың материя туралы жаңа субстанционалды-аксиологиялық түсiнiк қалыптасты.

 

 

Материя- кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.

В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз- адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесiжасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория” (“Материализм және эмпириокритицизм”, ш.т.ж.18т.138б.).

Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.

Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.

Материяның бұл түсiнiгi адамзат ақыл-ойының, ғылымның бүгiнге дейiн танып-бiлген объектiлердi ғана емес, сондай-ақ болашақта ашылатын, танып-бiлiнетiн объектiлердi де қамтиды. Оның методологиялық мәнi, мiне осында. Материя категориясы абстракция, өйткенi“таза” өмiр суретiн материя жоқ. Ол әрқашанда белгiлi ұйымдасқан материалдық жүйе

Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза- материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте- атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар бар- материяның жеке түрлерiнiң әр түрлiкүйлерi мен құрылымдық даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi, тектiлiк т.б.).

Астрономияда, космологияда және физикада Ғаламның “үлкен жарылыс” арқылы пайда болғаны туралы гипотеза бар (18 млрд. жыл бұрын ваакумде жарылыс болды, ол элементарлы бөлшектердiң, олар атомдар мен молекулалардың, макробөлшектер мен макроденелер, жұлдыздар, планеталар, органикалық денелерт.б. тiрi организмдердiн  пайда болуына әкелдi).

 

 

 

 

Кеңiстiк пен уақыт материяның ажырамас қасиеттерi, атрибуттары; өмiр сүру формалары. әлемде қозғалыстағы материя ғана бар дедiк, ендеше ол қозғалыс кеңiстiкте және уақытта ғана iске асады, өзiн айқындайды, мәнге ие болады. Философия мен ғылымда бұл мәселеге әр түрлi қөзқарастар болды. 1) субстанционалдық тұғырнама- көне грек атомистерiнең басталған (Евклид геометриясы, Демокрит пен Эпикур кеңiстiктi атомдарды орналастыратың бос құыс деп ұқты) кейiнгi ф-тар мен ғалымдар идеяларында жалғасын тапты, олар әлем жайында механистiк  көзқарысты ұстады – кеңiстiк бұл барлық заттар жойылғаннаң кейiн қалатының бәрi. Ол- бос құыс, оның қасиеттерi қашықтықта созылу және өзiнде бүкiл бар материяны сыйдыру. Ал, уақыт- ештенеге қатысы жоқ, ағым, бәрi де пайда болып және жойылып жататың бiркелкi ұзақтық.

Бұл концепцияда к/у материядан тыс, дербес субстанция ретiнде қарастырылады. Әсересе, мұндай көзқарас Ньютонның классикалық механиканың заңдылықтарын ашқаннаң кейiн, одан ары нығайта түстi.  Ол кеңiстiк пен уақыттың абсолюттiгiн мойындап, кеңiстiктi iшiнде заттар қозғалыста болатын, бiрақ ол заттармен ешқандай байланысы жоқ қойма ретiнде қарастырады. Сөйтiп, материя мен қозғалыстың, қозғалыс пен кеңiстiктiң  және уақыттың бiр-бiрiмен байланыстары бiр-бiрiне тәуелсiз құбылыстардың сыртқы қатынастары сияқты сипатталады.

2) реляциондық тұғырнама- кеңiстiк пен ауқытты өзара әрекетте болатын, бiр-бiрiмен сондай-ақ табиғатпен немесе қандай да болсын объектiмен байланысты екенiн мойындайды. Бұл концепция өзiнiн дәлелiн Энштейннiң (саллыстырмалы теориясы), Лобачевскийдiн, Больяидiң, және Риманның (евклидттi емес геометрияда) алды.

Информация о работе Болмыс – дүниеге көзқарастық және методологиялық