Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 20:13, реферат
1. Сана адам миының қызметі
2. Сана проблемасы туралы тұжырымдар.
3. Сана объективті дүниені бейнесі
4. Бейнелеу формаларының эволюциясы
5. Өзіндік сана
6. Сана және тіл, қоғамдық сана және оның формаларыны.
7. Дін, Өнер, Философия
Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотипті алуға болады. Динамикалы стереотип (лат. динамика – қозғалыстың, әрекеттің көптігі; грек. стерео-қатты + типос – таңда, із) деп адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты тітіркедіргіштің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін, яғни белгілі бір жүйеге келтіруді айтады.
Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері өмірден алған тәжірбиесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлақтарын жоғары жүйке әрекетің топтары деп жинақтайды.
И.П. Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтары ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі және алмасуы.
Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 түрлі топтарын атаған:
Күшті ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.
1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерлерін сигналдар деп атады. Сол сигналдарды және оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін “сигналдың сигналы” деп атады. Еңбектің және әлеуметтік дамудың нәтижесінде адамда сөз сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған. И.П. Павлов “сигналдың сигналы” қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеу, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. Жануарда тек 1-ші сигнал жүйесі бар. Кейбір құстардың (тоты құс, қараторғай) жеке сөздерді айту қабілеті және олардың мағынасын түсіну (иттерде) қабілеті сол 1-ші сигнал жүйесінің қызметіне жатады, өйткені олар сөзді қарапайым дыбыс сигналы ретінде қабылдайды. Ал адамда екі сигнал жүйесі де бар.
ТАҚЫРЫБЫ 4: Сенсорлық жүйелер сезім мүшелер гигиенасы
Сыртқы және ішкі орталардың
әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын,
олардың жағдайлары туралы сезім
тудыратын мүшелер жүйесін
Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. вицералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық талдағыштар 3 бөліменен тұрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни қыртысындағы езім орталықтары, сезім аймақтары деп те атайды.
Көру талдағышы. Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан.
Көз алмасы – күрделі құрлысты мүше. Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз аласының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын тамырлы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат – пигмент болады. Ішкі торлы қабығының құрлысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецепторлар деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады.
Көздің қасаң қабығы, бұршағы шыны тәрізді денесі – негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Көздің қарашығы арқылы жарық сәулелері көздің қасаң қабағы, бұршағы, шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустың нүктеде жинақталып заттың нақтылы, бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа түсіреді.
Қосымша құрлымдарға қас, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады.
Әр түрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.
Көз және көру заттың пішінін, түсін, мөлшерін, орналасу қашықтығын және бағытын анықтайды. Затты айқын көру үшін оның бөлшектерін жақсы көру керек. Заттың ұсақ бөлшектерін көру қабілетін көздің өткірлігі дейді. Заттың бейнесі сары даққа түскенде ол өте анық көрінеді, ал сары дақтан торлы қабықтың шетіне қарай жылжыған сайын бұл қабілет азаяды. Ол адамның жасына, жағдайына байланысты, мысалы, нәрестенің көзінің өткірлігі – 0,004-0,02,3 айда – 0,05-01,1 жаста -0,3-0,6, 4-5 жаста – 0,7-1,0, 10-15 жаста – 1,0 шартты бірлік өлшеміне тең.
Адам қос көзбен көру, яғни бинокулярлық қабілеті бар организмге жатады. Қос көзбен көру арқылы қоршаған ортаның заттарын, оның тереңдігін, қашықтығын, пішінін дұрыс анықтай алады.
Балалардың көз алмасының көлденең диаметрі ұзарғанда немесе жарық сәулелерін сындыру қабілеті күшейгенде жақыннан көру қабілеті пайда болады. Ондай адам тек жақын жердегі заттың бейнесін анық көріп, көзден алыстау орналасқан затты бұлдыр көреді.
Көру гигиенасының талаптары:
кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см;
баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық көздерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс.
үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек.
жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3 м қашықтықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болғанда).
Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн.
Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау,
6-7 жаста - 10 минөт,
7-10 жаста – 15 минөт,
10-12 жаста – 20 минөт,
12-15 жаста - 25 минөт,
5-18 жаста 30 минөт, яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демалдырып, отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыспен айналысқан жөн.
Көздің тазалығын сақтау керек: көзді таза қол орамалмен сүру, әр адамның өз бет орамалының болуы, шаң-тозаңнан сақтау т.б.
Көз еттерін жаттықтыру, жалпы организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардан сақтау, оларды асқындырмай мезгілінде емдеу, дұрыс тамақтану т.б. гигиеналық талаптарды сақтау, организмді шаршатпауға тырысу керек.
ТАҚЫРЫБЫ 5: Ішкі секрециялық бездер жүйесінің физиологиясы
Ішкі секрециялық бездер жүйесі - синтездеп бөлетін өнімі (секреті) тікелей қанға шығарылатын, қанмен бүкіл денеге тарап, зат алмасу үрдісіне, ішкі ағзалардың қызметіне, адам организмінің күллі тіршілігіне ықпалын тигізетін мүшелер жүйесі.
Орталық ІСБ: Гипофиз, Эпифиз, Гипоталамус-тың нейросекреторлық ядролары.
Шеткі ІСБ: Қалқанша безі, Қалқансерік бездері, Тимус (айырлы без), Бүйрек үсті бездері, Ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары, Жыныс бездері.
Гормондар – ІСБ-дің өнімдері, өте белсенді химиялық заттар, жүйке жүйесімен бірлесе отырып организмнің өсуін, дамуын, физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, ағзалардың қызметтін реттеуге қатысады.
Ортақ қасиеттері:
- өте белсенді, тым аз мөлшерде де әсер ете алады;
- әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде
екінші бездің гормоны оның қызметін атқара
алмайды;
- ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.
Гипофиз - бас сүйегінің “түрік ері” деп аталатын ойығында орналасқан, салмағы туылғанда 10-15 мг, 10 жаста – 30 мг, ересектерде – 60 мг. Гипофиздің гипоталамуспен тығыз байланысы бар, араларын 100 мыңдай жүйке талшықтары байланыстырады. 3 бөліктен тұрады: алдыңғы және ортаңғы (аденогипофиз) және артқы (нейрогипофиз). Аденогипофизде 22 гормон түзіледі, ішіндегі аса маңыздылары: соматотропин (СТГ), адренокортикотропин (АКТГ) - бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондарының синтезделуіне әсер етеді; тиреотропин (ТТГ) - қалқанша безінің қызметіне әсер етеді және гонадотропиндер (лютеиндеуші, лютеотроптық, фолликустимулдеуші) - бала емізетін әйелдің сүтінің пайда болуын реттейді, жыныс бездерінде гормондардың синтезделуіне әсер етеді; ортаңғы бөлігінде – меланотропин (МТГ) - терінің түсін, терідегі пигментті клеткаларға әсер ету арқылы реттейді. Нейрогипофиздің гормондары: 1. Вазопрессин (антидиурездік гормон - АДГ) – су мен минералдық заттардың алмасуына әсер етеді, қанның артериялық қысымын жоғарылатады. Қанда АДГ мөлшері азайғанда қант диабеті ауруы пайда болып, тәулігіне 10-20 литрге шейін зәр бөлінеді. 2. Окситоцин әйелдің жатырының жиырылуын қамтамасыз етіп, босанғанда баланың сыртқа итерілуіне әсер етеді.
Қалқанша безі – көмейдің алдында орналасқан, туылғанда салмағы 1 г, жиырма жаста 20 есе артады. Гормондары: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин. Организмдегі зат және энергия алмасуын үдетеді, ұрықтың дамуында, баланың өсуінде, денелік дамуы мен психикасының қалыптасуында маңызы зор. Жетіспеушілігі – кретинизм (баланың бойының өсуі мен жыныстық жетілуі баяулайды, кем ақыл болады). Йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы байқалады, пайда болған ауру эндемиялық зоб деп атайды. Бездің гиперсекрециясы байқалса Базед ауруы немесе тиреотоксикоз дамиды.
Бүйрек үсті бездері – қос мүше, оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, жалпы салмағы 15-20 г. Сыртқы қабаты - қыртысты зат, ішкі қабаты милы заттан тұрады. Қыртысты қабатта түзілетін гормондар: глюкокортикоидтар, минералкортикоидтар, андростерон, эстрол және прогестерон. Милы қабатының гормондары: адреналин және норадреналин.
Ұйқы безі – қарынның артында, он екі елі ішектің жанында орналасқан, аралас без. Қызметі нашарлап, бұзылса – қант диабеті ауруы дамиды (қанда глюкоза мөлшері жоғарылап, бала шөлдей береді, полиурия, арықтап, азады, диабетикалық кома).
Жыныс бездері – қос секрециялы бездер:
1. сыртқы секрециялық без ретінде әйелдерде - аналық клетка, ерлерде аталық клеткалар – сперматозоидтар өніп дамиды.
2. ішкі секрециялық без
ретінде жыныс гормондары
Ерлердің жыныс гормондары: тестостерон, андростерон.
Аналық бездер гормондары - эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) мен прогрестерон.
Эпифиз - ортаңғы мидың
жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан.
Гормондары – меланин, гломерулокортикотропин
және контригипоталамус–
Қалқаншасерік бездері - қалқанша бездің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді, саны - 4 (2 жоғары және 2 төменгі). Бұл без паратгормон синтезделеді. Паратгормон кальцийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Паратгормонның жеткіліксіз болуы сіңірдің тартылуын, сіреспе (тетания) тудырады.
http://psylib.ukrweb.net/