Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 13:19, реферат
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
8.1 Қазақстан «Халық Банкі» АҚ даму тарихы
Халық Банкінің тарихы — бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 89 жыл табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.
Жетістіктері
MT 103 STP 98.96% ставкасымен үздік жетістіке жеткені үшін 2012 жылғы сапалық марапат
JP Morgan , 2012 ж. маусым
Оқиғалар
Банк басшылығының Мәскеуде аналитиктермен (талдаушылармен) кездесуі
5-6 қыркүйек
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.
2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.
Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің эалпы шығарылған карточкаларының саны 2,7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады.
Банк операцияларын жүргізуге берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы Бас лицензия.
8.1 Қазақстан «Халық Банкі»
АҚ даму тарихы
Халық Банкінің тарихы — бұл Қазақстан
аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және
даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі»
акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған
Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің
базасында қаланған. Еліміздегі алғашқы
жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс
жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық
қарым-қатынастар қалыптаса бастаған
кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын,
кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру)
және индустрияландыру науқандары жүргізілген
тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО
Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі
жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі
4 жылдың ішінде республикадағы мұндай
кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық
жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы
барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты
іске асырды. Касса салымшыларының қатарына
жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды
неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ
кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың
өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс
мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға
алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық
және қаржылық қатынастардың өзі әрбір
кеңестік азаматтың Жинақ банкі салымшыларының
қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа
қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы
жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің
қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан
аумағында да бекітуге қолайлы жағдай
туғызды. Жинақ кассалары сонымен қатар
мемлекеттік қарыз облигацияларының,
басқа да бағалы қағаздардың кепілдігімен
мерзімдік несиелер берумен айналысты.
Сондай-ақ оларға қор операцияларын, басқа
да бірқатар қаржылық және банктік операциялар
жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі
жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру
қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол
жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шығарылды,
оның үшеуі — натуралдық түрде (астықпен,
қантпен) болса, екеуі алтынмен есептелген
болатын (ақша реформасына дейін). 1960 жылдың
аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар
саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның
көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның
бір адамға шаққандағы орташа мөлшері
182 сом болды. Жинақ кассаларының саны
1950 — 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп,
1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.
Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар
шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының
44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген
солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай,
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар
облыстарының үлесіне тиді.
60-жылдардың басында жинақ кассаларында
тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметттерге
төлейтін төлемақыларын қабылдау операцияларын
жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ
кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың,
жергілікті кәсіподақ комитеттерінің,
өзара көмек кассаларының және шаруашылықпен
айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы
шоттарын жүргізу берілді. Жинақ жүйесінің
одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің
маңызы зор болды.
1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы
министрлігінің құрамынан шығарылып,
Мемлекеттік банк қарамағына берілді,
халық салымдарының қаржысы бұдан былай
банктің кредит ресурсын толықтыруға
жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында
жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп,
көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары
халық шаруашылығына кредит беруге күрделі
капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі
көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ
салымдары құрады. 1988 жылғы банктік реформа
бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру
көзделді: орталық банк және арнаулы банктер.
Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО
Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және
заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік
арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздік пен егемендіккке қол жеткізуімен
жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру
кезеңі басталды — дәл осы кезден бастап
Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық
банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға
негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан
өзінің нарықтық экономика талаптарына
жауап бере алатын банк жүйесін құруға
кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ
ССР-індегі банктер және банк қызметі
туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі
тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі
реформа жұмысының алғашқы қадамы болған
еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде
жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992
жылы Қазақстан Республикасының Жинақ
банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми
құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық
Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының
үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым
— «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.
Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік
қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру
рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс
стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды.
Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет
көрсету қағидатын негіз етіп алды және
бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін
барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік
технологиялардың соңғы жетістіктерін
пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен
іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық
Банкі республикадағы ірі операциялық
банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк
қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан
ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін
сақтап қалуға ұмтылып келеді. 1998 жылдың
шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының
шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік
қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды
құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі»
ашық акционерлік қоғамына айналдырылды.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан
Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001
жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің
негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына
сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту
бағытында жұмыс жүргізілді. 2001 жылдың
қараша айында өткен сауда-саттық аукционында
Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз
+ бір акцияның бақылау пакетін сатты.
Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі
еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық
банктердің бірі болып келеді. 80 жылдан
астам өз клиенттеріне қалтқысыз қызмет
етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып
отыр.
8.2 Қазақстан «Халық Банкі» АҚ ақша аударымдары
мен карточкалық қызметі
Қазақстан Халық банкі сіздерге MoneyGram
және "Жедел аударымдар" жүйелерін
пайдалану арқылы, шот ашпай-ақ, барынша
оңай рәсіммен ақша аудару қызметін ұсынады.
Қазақстан аумағынан тыс жерге қысқа мерзімде
ақша аудару немесе шет елден ақша аудару
қажеттілігі туған жағдайда сіз халықаралық
ақша аудару жүйесін пайдалануыңызға
болады.
MoneyGram:
- ақша аудару операциясын жедел және сенімді
түрде жүзеге асыратын бұл жетекші халықаралық
компанияның дүние жүзінің 138 елінде орналасқан
35 000 бөлімшесі бар;
- ақша аударылғаннан кейін 15 минуттан
кейін қолыңызға тиетініне кепілдік беріледі.
Халық банкінің көмегімен MoneyGram қызметінің
мүмкіндігін пайдаланыңыз:
- ақша аудару қызметінің құны өте төмен
және жіберілетін ақша сомасына байланысты;
- комиссиялық сыйақы тек бір рет және
ақша аударғанда төленеді;
- ақша алушыдан комиссиялық ұсталмайды;
- ақша жөнелтілгеннен кейін оны 15 минутта
алуға болады;
- жіберуге болатын ақшаның ең көп сомасы
- 10 000 АҚШ долларына дейін;
- егер аударылған ақша қандай да бір себептермен
алушыға жетпесе немесе ақша жөнелтуші
кенеттен өз жоспарын өзгертсе, Money Gram
ақшаның сақталуына және қайтарылуына
кепілдік береді;
- аударылған ақшаны алу үшін жеке басыңызды
куәландыратын құжатты көрсету керек
және ақша жіберуші сізге хабарлауға тиіс
сегіз таңбалы аударым кодын білуіңіз
қажет;
- ақша аударғанда алушыға арнап 10 сөзден
аспайтын тегін хабарлама қоса жіберуіңізге
болады.
Экспресс аударымдар.
Бұл қызмет Қазақстан аумағында жеке тұлғалар
арасында ақша жөнелтуді және қабылдауды
оңайлатылған рәсіммен, шот ашпай-ақ жүргізуді
қарастырады.
Экспресс аударымдар жүйесі бойынша теңгемен
ақша жөнелту немесе ақша алу Қазақстанның
барлық қалаларында дерлік орналасқан
102 филиал мен есеп айырысу-касса орталығында
мүмкін болады.
Экспресс аударымдар жүйесінің негізгі
басымдықтары:
- ақшаны жөнелту немесе алу рәсімі өте
қарапайым (ақша жөнелтушінің жеке куәлігі
мен СТН-і болу қажет, ал ақша алушының
қолында жеке куәлігі болса жеткілікті);
- ақша қаражатының толық сақталуына кепілдік
беріледі ;
- жөнелтілген ақшаны кейін қайтарып алуға
мүмкіндік беріледі;
- операция өте жоғары жылдамдықпен жүргізіледі
(5-10 минутта);
- Қазақстан Республикасы аумағы бойынша
барынша төмен тарифтер қарастырылған:
а) 500 000 тг дейін – аударылатын соманың
3 %-ы ; min — 100 тг., max — 5000 тг.
б) 500 000 тг. - 1 000 000 тг. дейін – 10 000 тг.
в) 1 000 000 тг. және одан жоғары – 20 000 тг.
- қосымша қызмет - ақша алушыға арналған
10 сөзден аспайтын тегін хабарлама;
- ақша қаражатын шектелмейтін сомада
әрі оның пайда болу негізін растайтын
құжатсыз аудару мүмкіндігі;
- ақшаны өз атыңызға да аударуыңызға болады,
яғни ақша жөнелтуші және ақша алушы бір
адам болуы мүмкін (мәселен, Қазақстан
аумағы бойынша теңгемен қолма-қол түрде
мол ақша тасымалдау қажеттігі туындаса);
- аударымдар күн сайын (сенбі мен жексенбіден
басқа күндері), Алматы уақытымен сағат
9-00-ден 18-00- ге дейін аталған қызмет түрімен
айналысатын филиалдарда қабылданады
және беріледі;
- аударым сомасы шектелмейді.
Жедел аударымдар.
- бұл қызмет түрі Банк филиалдары арқылы
«Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша
ақша аударуды қарастырады.Жедел төлемдер
мен жеке тұлғалардың жедел ақша аударымы
жүйесінде Қазақстан аумағы бойынша жұмыс
істейтін Халық Банкінің 590 филиалы мен
есеп айырысу-касса орталығы айналысады.
Жөнелтілген ақшаны сіз жедел аударым
ресімделгеннен кейін 1-2 банктік күннің
ішінде алуыңызға болады.
Жедел есеп айырысудың артықшылықтары:
- Қазақстан аумағы бойынша кеңінен таралған;
- ақшаны жеке тұлғаның атына да, заңды
тұлғаның атына да аудару мүмкіндігі;
- аударым операциясы үшін ең төмен комиссиялық
ұсталады;
- аударылатын ақша сомасына шектеу қойылмайды.
«Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша
іске асырылатын төлемдер мен аударымдар
түрі:
- жинақ шотын пайдалана отырып немесе
шот ашпай-ақ, қолма-қол ақшамен жеке тұлғалар
арасында ақша аудару;
- жинақ шотын пайдалана отырып немесе
шот ашпай-ақ, қолма-қол ақшамен жеке тұлғалардың
заңды тұлғалар пайдасына ақша аударуы;
- ақша алушының карточкалық шотын немесе
интернет-шотын толықтыру үшін жеке тұлғалардың
жинақ шотты пайдалану арқылы немесе шот
ашпастан, қолма-қол ақшамен аударым жасауы.
«Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша
ақша аудару ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі.
Жеке тұлғалар өз шоттарын толықтыру үшін
ақша аударуды шетел валютасымен де жүргізе
алады.
Комиссиялық сыйақы ставкасы Банктегі
тарифтерге сәйкес белгіленеді.
MoneyGram жүйесі бойынша қосымша ақпаратты
және ақша аударатын пункттер туралы мәліметті
Халық банкінің облыстық филиалдарынан
алуға болады.
Операциялары
Банк клиенттеріне көрсетілетін негізгі
қызмет түрлерінің сипаттамасы
1. Заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын
ашу және жүргізу;
2. заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау;
3. заңды тұлғаларға транзиттік шоттар
жүйесін ашу;
4. заңды тұлғаларға жинақтау шоттары жүйесін
ашу;
5. филиалдар клиенттеріне ағымдағы лимиттелген
шоттар жүйесін ашу арқылы агенттік қызмет
ұсыну;
6. аударым операциялары: заңды және жеке
тұлғалардың ақша аудару, оның ішінде
зейнетақылық төлемдер жөніндегі тапсырмаларын
орындау;
7. кассалық операциялар: банкноттар мен
монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу,
ұсату, айырбастау;
8. Банктің кез келген филиалынан заңды
тұлға өкілінің басқа филиалда ашылған
клиент шоттарынан қолма-қол ақша алуы;
9. инкассация және бағалы жүкті сүйемелдеу
қызметі;
10. шетел валютасымен қолма-қол ақшасыз
айырбастау операцияларын жүргізу;
11. әр түрлі шетел валютасымен халықаралық
аударымдар;
12. «Клиент — Банк» қашықтықтан қол жеткізу
жүйесі бойынша операциялар жүргізу;
13. тазартылған алтын құймаларын сатып
алу және сату;
14. «Жалақылық жоба» бойынша қызмет көрсету
— клиент қызметкерлерінің жалақысын
олардың жеке шоттары мен төлем карточкалары
арқылы аудару және беру;
15. жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдарын
«Жеке тұлғалардың мерзімдікесеп айырысулары»;
«Экспресс аударымдар», маниграмма жүйелері
бойынша жүргізу;
16. «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары»
жүйесі бойынша түсетін жеке тұлғалар
төлемдерін жинақтау және өңдеу;
17. жол чектері мен коммерциялық чектерді
сату және сатып алу;
18. вексельдік операциялар: домицилиация
және вексельді инкассоға қабылдау;
19. сейфтік операциялар: клиент құжаттары
мне құнды заттарын сақтау, оның ішінде
сейф жәшіктері мен шкафтарын, үй жайларды
жалға беру операциялары;
20. қолма-қол шетел валютасын айырбастау
операцияларын жүргізу;
21. құжаттамалық операциялар жүргізу (аккредитивтер,
құжаттамалық инкассо) және банктік кепілдемелер
беру;
22. корпоративтік клиенттер үшін арнаулы
сервис;
23. шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу.
Карточкалық қызметі
Банк шығарған алғашқы жергілікті карточка.Шетелге
саяхатқа шығуды жоспарламайтын жалпы
көпшілікке арналған. Altyn карточкасы бойынша
тек Қазақстан Республикасы аумағында
қызмет көрсетіледі.
• Бюджеттік карточка
• Visa Gold
• Visa Electron Instant HalykCard
• MasterCard Gold
• MasterCard Standard
• Visa Classic
• Visa Electron/Plus
• Maestro/Cirrus
• Altyn
• Visa Virtuon
• Maestro-ISIC студенттер карточкасы
• Зейнеткер карточкасы
• Visa Platinum
Кесте№1
Бюждеттік карточка
Шотты ашу, карточканы мерзімі өткеннен
кейін шығару/ауыстыру Тегін
Жоғалған/ұрланған карточканың орнына
жаңа карточка шығару 500 теңге
Шотты жабу, карточканы жою Тегін
Кесте№2
Карт-шоттан үзінді беру:
Ай сайын тегін
2-айдан жоғары (есеп айырысу-касса бөлімдерінде,
тариф әр сайын ұсталады) 700 теңге
6-айдан жоғары (Дербес қызмет орталығы
мен VIP-те, тариф әр сайын сайын ұсталады)
1000 теңге
Кесте№3
Халық банкінің банкоматтарында жүргізілген
операция кезінде, дау туған жағдайда
видео таспасының көмегімен тексеру жүргізу:
Халық банкінің карточкалары бойынша
2000 теңге
басқа банктердің карточкалары бойынша
7000 теңге
Жоғалған/ұрланған карточканы оқшаулау
: 300 теңге
Кесте№4
Банкоматтан немесе мобильдік телефоннан
қысқа үзінді алу:
Соңғы 120 календарлық күн ішіндегі соңғы
теңге мен валютада жүргізілген 10 операция
40 теңге
Халық банкінің Жеке Зейнетақы теңге шоттарынан
40 теңге
Банкомат немесе мобильдік телефон арқылы
карт-шотыңыздан төлемдер жүргізу әр жүргізген
төлем үшін 30 теңге
Карт-шоттан аудару: Кесте№5
Банктегі теңге мен валютада жеке тұлға
шоттарына әр аударым үшін 300 теңге
Банктегі теңгеде заңды тұлға шоттарына
сомадан 0,5% min 300 теңге max 3000 теңге
Банктегі валютада заңды тұлға шоттарына
сомадан 0,3% min 1500 теңге max 20000 теңге
теңгеде басқа Банктерге сомадан 0,5% min
450 теңге max 3000 теңге
валютада басқа Банктерге сомадан 0,3% min
1500 теңге max 20000 теңге
Банкомат арқылы банк ішіндегі карт-шоттарға
90 теңге
Теңге және валютада Банктің басқа филиалдарының
шоттарынан аудару 1000 теңге
Кесте№6
Банкке түскен қолма-қол ақшаны карт-шотқа
есепке алу:
бір сағат ішінде*
POS-терминалдары бар филиалдарда ғана
мүмкін 500 теңге
2 банк күні ішінде тегін
«Жалақы» тарифі
Карточка бойынша қызмет көрсету 1-ші жыл
тегін
Өкілетті тұлға 1-інші қызмет көрсету жылында
комиссия төлеуден босатылады. Негізгі
және қосымша карточкалардың құны бірдей.
1-інші қызмет көрсету жылының құнына карточкамен
қызмет көрсету мен ЖАҚ «»ЭйАйДжи Қазақстан»
сақтандыру компаниясы» сақтандыру куәлігі
кіреді (егер Сізге VIP және ЦПС-те қызмет
көрсетілген жағдайда).
Кесте№7
"Қолма-қол ақшаны Key Entry режимінде POS-терминалдан
алу:
карточканы ұстаушы кінәлі болғанда Соманың
1%-ы min 300 теңге
Банк кінәлі болғанда тегін
"Мобильдік банкинг" қызметіне қосылу,
өшірілу, қайтадан регистрация жасау 20
теңге
Кесте№8
Банкке аударым арқылы түскен ақшаны карт-шотқа
есепке алу:
Жалақы төлейтін ұйымның есеп шотынан
Банкке түскен ақшаны карт-шот есебіне
алу үшін Келісім бойынша
Басқа көздерден Банкке аударым арқылы
түскен ақшаны карт-шот есебіне алу үшін
карт-шотқа есепке алынатын ақша сомасының
1 %-ы
ақшаны Халық банкі банкоматтарынан алу,
теңгемен тегін
ақшаны Халық банкі банкоматтарынан алу,
АҚШ долларымен Ақша сомасының 0,6 %-ы, алайда
кемінде 50 теңге
ақшаны «Қазкоммерцбанк» АҚ және Халық
банкінің процессинг қызметін пайдаланатын
банктер желісінің банкоматтарынан алу
Ақша сомасының 0,6 %-ы, алайда кемінде 50
теңге
ҚР аумағындағы және шет елдерде басқа
банктер банкоматтарынан ақша алу Соманың
1,5%-ы, алайда кемінде 1000 теңге
Сауда/сервис кәсіпорындарында қызмет
көрсету тегін
Кредит лимиті шегінде берілетін қарыз
жылдығы қарыз сомасының 24 %-ы
овердрафтқа жол берілген жағдайда жылдығы
овердрафт сомасының 36%-ы
Қарызды өтеу мерзімі кешіктірілгенде
жылдығы мерзімі өткен қарыз сомасының
36%-ы
Банкоматтан, терминалдан немесе мобильдік
телефоннан қысқа үзінді алу (бір календарлық
айдың ішінде 4 чек банкомат пен терминалдан
- тегін) 20 теңге
"Cтандарт" тарифі
Карточка бойынша қызмет көрсету 1-ші жыл
700 теңге
*Өкілетті тұлға 1-інші қызмет көрсету
жылында комиссия төлеуден босатылады.
Негізгі және қосымша карточкалардың
құны бірдей. 1-інші қызмет көрсету жылының
құнына карточкамен қызмет көрсету мен
ЖАҚ ""ЭйАйДжи Қазақстан" сақтандыру
компаниясы" сақтандыру куәлігі кіреді
(егер Сізге VIP және ЦПС-те қызмет көрсетілген
жағдайда).
8.3 2005-2007 жылдардағы даму стратегиясы
Негізгі міндет - Қазақстанда және онымен
шектесіп жатқан көрші елдердегі қаржы
рыногының барлық сегменттерінде: банк,
зейнетақы, сақтандыру, бағалы қағаздар
және лизинг саласында қызмет көрсететін
әрі клиенттер мүддесін көздеуге бағытталған
қаржылық топ құру.
1.Өнімдер мен қызметтер ауқымы
Халық банкі мен оның еншілес компанияларының
тобы еуропалық стандарттарға сәйкес
жұмыс істеуге талпыныс жасайтын болады
әрі Банктің филиалдар желісі арқылы өз
клиенттеріне қаржылық өнімнің неғұрлым
кең ауқымын ұсынуға ұмтылады. Қаржылық
топ өнімдер мен қызметтердің жаңа түрін
енгізетін болады және өңірдегі қаржылық
инновациялар саласында көш бастаушы
болуды көздейді.
2.Қызмет ету географиясы
«Халық» қаржы тобы Қазақстанның, Ресейдің,
Орталық Азия мен ТМД елдерінің және Қытайдың
қаржы рыноктарында жұмыс істейтін болады.
Клиенттер мүддесі талап ететін жағдайда
топ дербес түрде немесе стратегиялық
серіктестері арқылы басқа елдердің қаржы
рыноктарына да шыға алады.
3.Клиенттері
Қаржы тобы өз қызметтерін заңды тұлғаларға
да, жеке тұлғаларға да ұсынатын болады.
Қолда бар клиенттерге ұсынылатын қызметтер
сапасын барынша арттыру арқылы әрі қызмет
түрін барынша кеңейте отырып, топ жаңа
клиенттерді тарта алады және бұлар негізінен
орта бизнес, жобалық қаржыландыру өкілдері
мен жастар және орташа класқа басым көңіл
бөлетін болады.
4. Сату арналары
Топтың Қазақстандағы негізгі сату арнасы
Халық Банкі филиалдары болып табылады.
Басқа елдердің рыноктарында еншілес
компаниялармен қатар топтың стратегиялық
серіктестерінің арналары да пайдаланылатын
болады.
5. Стандарттар
Стратегиялық серіктестерімен бірлесе
отырып, топ 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін
тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологиялар
және корпоративтік басқару салаларында
Еуроодақ (ЕО) стандарттарына толық сәйкес
келуді көздейді.
2005-2007 жылдар ішінде бизнесті дамытудың
негізгі міндеттері
1) Халыққа бөлшек бизнес қызметін көрсету
рыногында жетекші банк атану. Ең бастысы
- сатулар жүйесін құру, оның арқасында
Банктің кеңінен таралған филиалдар желісінде
тұрғындарға қаржылық қызметтің толық
жиынтығы ұсынылады;
2) активтерді басқару рыногындағы өз айқындамасын
күшейту (кең мағынада алғанда, оның ішінде
зейнетақы қорын, өмірді сақтандыру компаниясын,
брокерлік компанияны, активтерді тікелей
басқару жөніндегі бөлімшелерді қоса
алғанда);
3) жалпы сақтандыру рыногында табанды
да берік айқындама ұстануға қол жеткізу;
4) рыноктың барлық негізгі сегменттері
бойынша кемінде 25 пайыздық үлесті иемдену;
5) шағын және орта кәсіпкерлерге несие
беру рыногында жетекші банктің бірі болу;
6) ірі экспорттық кәсіпорындарға қызмет
көрсетуде мығым айқындама жасау;
7) бәсеке қабілеті жоғары, ең алдымен клиенттердің
құрал-жабдық сатып алу мұқтаждығын қамтамасыз
ете алатын лизинг компаниясын құру;
8) Қазақстан мен оған шектес өңірде қаржы
тобының шеңберіндегі құрылымдық
өнімдер бойынша бизнес ашу;
9) стратегиялық серіктеспен бірлесіп
Қазақстан аумағынан тыс жерлерде бизнесті
қолға алу және 5 жылдың ішінде шетелдік
бизнестің жалпы өнім көлеміндегі үлесін
30 пайызға жеткізу. Ресеймен саудалық
қарым-қатынасқа оның ішінде шекаралық
саудаға (саудалық қаржыландыру) қызмет
көрсету бизнесін құру.
10) қорландыру мерзімін ұзарта отырып,
қор базасын сараландыруды жалғастыру.
«HALYK GROUP» Халық банкі қаржылық тобын дамыту
стратегиясы
1. Кең таралған филиалдар желісін, «Қазақстан
Халық жинақ банкі» деген танымал атауы
мен имиджін пайдалана отырып, Халық банкі
өзінің еншілес компанияларымен бірге
қаржылық топқа айналуға және жеке тұлғалармен
жұмыс істейтін жетекші ірі банк ретінде
айқындалуға тиіс. Бұл үшін:
• қаржы тобы артықшылығы нақты айқындалған
сегменттерде (төлем карточкалары, төлемдер
мен аударымдар) өз күшін басым түрде шоғырландырып,
сол салада жаңа өнімдер - телефондық банкинг,
супер банкоматтар, т.б. енгізуге көңіл
бөлуі қажет;
• бір-біріне сәйкес келетін, түйіспелі
кешенді қаржылық қызметтің тиімді жүйесін
жасау, сөйтіп Банктің филиал желісі арқылы
«one stop shopping» тұжырымдамасымен бір клиентке
орташа алғанда кемінде 4 түрлі өнім: төлем
карточкаларын, депозиттер, тұтыну немесе
тұрғын үй кредитін, сақтандыру (жалпы)
қызметін, зейнетақы қорының өнімдерін
сату, ал болашақта - бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар, сондай-ақ орташа
кластың жоғары тобына кіретіндердің
активтері мен өмірін қорғау қызметін
ұсыну керек;
• қазіргі уақытта нақты бәсекелестерде
жоқ жаңа өнімдер түрін енгізу және Қазақстанда
ыңғайлы да икемді қаржылық супермаркет
сервисінің жоқтығынан қаржылық қызметтерді
жеткілікті пайдалана алмайтын клиенттерді
түйіспелік сатулар қызметі есебінен
тартып отыру қажет.
2. Корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету
тұрғысынан алғанда корпоративтік және
инвестициялық банкингтегі айқындамаларды
нығайту қажет. Мақсатты клиенттік база
мыналар болуға тиіс:
• аса ірі клиенттер, экспортер-кәсіпорындар,
оларға жергілікті және шетелдік жетекші
банктердің ұсынатын қызметтерімен салыстыруға
келетін қызметтер түрін көрсететін жағдай
жасау. Мұндай клиенттерге жоғары деңгейдегі
сапалы қызмет пен кешенді банктік және
қаржылық қызмет ұсынылуға тиіс;
• сонымен қатар қазіргі уақытта кредитті
қажет етпейтін клиенттерге де көңіл бөлінгені
жөн және оларға қаржы тобының банктік
емес, пайызы жоқ өнімдерін ұсыну қажет;
• шағын және орта бизнес саласындағы
клиенттер базасын бөлшек банкинг секторындағы
секілді «one stop shopping» арқылы және түйіспелі
сатулар есебінен жетілдіру керек.
3. Қаржы секторындағы өтімділіктің артуы
және жоғары класс пен орта класс өкілдері
әл-ауқатының өсуі бізде активтерді басқару
қызметіне сұраныс туғызады (asset management
және private banking). Бұл ретте серпіліс жасап,
неғұрлым алға дамуға, еншілес зейнетақы
қорының жетекшілік рөлін барынша пайдалануға
ұмтылған жөн болады. Активтерді басқару
арқылы қаржылық топ ұсынып отырған қолда
бар қызметтер спектрін толықтыруға болады,
бұл сондай-ақ жеке адам өмірін сақтандыру
компаниясын құруға мүмкіндік береді.
Аталған компанияның табысты қызмет істеуін
қамтамасыз ету үшін активтерді басқаруға
дағдылану, машықтану қажет.
Қаржылық топ ішінде жүретін процестерді
басқарудың негізгі міндеттері
• 1) Қаржы тобының стратегиялық серіктесі
ретінде еуропалық қаржы институтын тарту
қажет.
• 2) Филиалдар желісі арқылы сатуларды
кеңейтуге, бір орталықтан есепке алуға
мүмкіндік беретін және тәуекелдерді
басқару жүйесіне қолдау көрсететін ІТ
жүйесін іске қосу керек.
• 3) Стратегиялық серіктеспен бірлесіп,
еуропалық стандарттарға толық сәйкес
келетін тәуекелдерді басқару жүйесін
құру қажет.
• 4) Клиенттерге филиалдар желісі арқылы
жоғары сапалы қызмет көрсетуді және толық
өнім жиынтығын ұсынуды қамтамасыз ететін
қызметкерлер құрамын оқытып-үйрету жүйесін
құру керек.
• 5) Қаржы тобы шығаратын шешімдердің
бүркемесіз, ашық болуын және акционерлер
құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін
корпоративтік басқару жүйесін құру қажет.
6) Банкте клиенттермен қарым-қатынасты
басқару жүйесін енгізу керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Сейітқасымов Ғ.С «Ақша, несие, банктер»
Алматы 2001 ж.
2. Мақыш С.Б «Ақша айналысы және несиелер»
Алматы 2001ж.
3. Мақыш С.Б « Коммерциялық банктер операциялары»
Алматы 2003ж.
4. Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік
есеп» Алматы 2004 ж.
5. Зиябеков. Б «Қазақстанда банк жүйесінің
дамуы» Алматы 2003 ж.
6. Ғабжалелов Х. «Теңге» Алматы 2003 ж.
7. www.Google.kz интернет сайты.
8. Көшенова Б.Н. «Ақша, несие, банктер»
Алматы 2001ж.
9. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан халықына
жолдауы» 2007 жыл 28 ақпан.
10. Қазақстан цифрларда Алматы 2005
Кәсіптік қызметтің объектілері мен қызметтері
Кәсіби қызметінің функциясы:
- есептік және статистикалық ақпаратты
жинау, деректерді өңдеу және оны инвесторлардың,
кредиторлардың, сыртқы және ішкі пайдаланушылардың
басқарушылық шешімдер қабылдау үшін
басшыларға пайдалануға дайындау;
- қаржыландыру, несиелендіру, қарыз алу,
баға белгілеу, инвестициялау жөнінде
баламалы шешімдерді, өндіріс әдістерін
талдау және бағалау;
- жалпы экономиканың мемлекеттік және
жекеше секторлардың кәсіпорындары мен
мекемелердің қаржылық және қаржы-шаруашылық
қызметін басқару және оған бақылау жасау;
Кәсіби қызметінің мазмұны
050509- Қаржы мамандығы жөніндегі бакалаврлар
ұлттық экономиканың барлық сфералары
мен буындарындағы қаржыны, қаржы институттарын
ұйымдастыру және басқарумен, басқарудың
ғылыми-әдіснамалық және ұйымдық –технологиялық
базасын жасауға қатысуымен байланысты
болатын өзінің кәсіби қызметін жүзеге
асырады:
- өндірісті ұйымдастыру және технологиялық
үдерісті қажетті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз ету;
- қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану
шараларын әзірлеу және контролингі жүзеге
асыру;
қаржы менеджментінің тиімділігіне талдау
жасау, ақша қорларын жұмсаудың нәтижелігі
мониторингін жүзеге асыру
Оқу бітіруші түлектердің білім деңгейіне
қойылатын талаптар -
Оқу бітіруші түлектердің білім деңгейіне
қойылатын талаптар
Осы мамандық бойынша бітірушінің жалпы
білімдігіне мынадай талаптар қойылады:
-қоғамның эволюциясы, мәдениеттің, өркениеттің,
әлеуметтік тәжірибе нысандарының әр
алуандығы туралы білім;
- дүниежүзілік тарихи үрдістегі Қазақстанның
орнын айқын түсіну;
- жалпы білім беретін пәндер, оның тарихы
мен экономикасы жөніндегі білімдерді
игеру.
Әлеуметтік –этикалық тұлғалық құзырларға
қойылатын талаптар:
050509-Қаржы мамандығы жөніндегі бакалаврдың
әлеуметтік – жеке тұлғалық құзырларына
қойылатын талаптар:
- мінез-құлықтың және кәсіби этиканың
жалпы адамдық нормаларын пайдалану;
- моралдық-адамгершілік қағидаттардың
ішкі мәдениетінің жоғары деңгейі;
- экологиялық мәдениеттің болуы, қоршаған
ортаны қорғауға ұмтылу;
- индивидум мен социумнің өзара байланысын
қажет ететін қоғамдық тұрмыстың объективтік
заңдылықтарын білу;
- салауатты өмірді насихаттау;
ҚР және ОҚО –дағы жоғары оқу орындарындағы
білім көрсеткіштері
Соңғы уақытта біздің республикамызда
білім саласында ерекше көңіл аударылуда.
Соңғы уақытта білімге деген инвестицияның
көлемі ұлғаюда. Мемлекеттің алға қойған
мақсаты жоғары білімді мамандармен әдемдік
еңбек нарығына қажетті маман даярлау.
Жаңа аттестация мен аккредитация жүргізілуде.
Мемлекеттік білім алуға деген талпыныс
жрғары әрі жыл сайын студенттер саны
ұлғаюда. Олардың көюісі мемлекеттік грант
иегерлері. Өткен жылғы көрсеткіштерге
қарағанда біздің университет грант бөлуден
алдыңғы қатарда. Облыс бойынша бірінші
орын, республика бойынша үшінші орында.
Бұл жақсы көрсеткіш.
Жоғарғы оқу орынға студентерді қабылдау
(жыл басы 1000 адам)

Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.
Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
, сонау 1923 жылы
төңкеріс жылдарынан кейінгі
жаңа экономикалық қарым-
Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі – натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына
қарай жинақ кассаларындағы
желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы,1986 ж.).
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды – дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ
банкі Қазақстан
Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1998 жылдың шілдесінде
акционерлердің жалпы
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.
Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
Директорлар кеңесінің төрағасы,тәуелсіз директор
Басқарма Төрайымы
Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор
Директорлар кеңесінің мүшесі
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор