Лизингтің мәні мен оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 15:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаттар: лизингтің мәні мен оның түрлері, даму тарихы мен Қазақстан Республикасының лизингілік қызметін зерттеу. Курстық жұмыстың міндеттері:
лизингтің қалай пайда болғаны, тарихын және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы түсініктеме;
лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер;
Қазақстан Республикасының лизингтік даму динамикасын зерттеу.

Вложенные файлы: 1 файл

Лизинг курсовая.doc

— 216.00 Кб (Скачать файл)

ҚР-дағы лизингтік қызметтер  нарығының дамуындағы өзекті мәселелердің тағы бірі лизинг нысанындағы инвестициялардың салалық құрылымы болып табылады.

Экономикалық қатынастардың  кез-келген түрі сияқты лизингтік қатынастардың  да кажеттілігі мен мақсаттылығы маңызды категориялардың бірі - оны жүзеге асырудың тиімділігіне негізделеді. Жұмыста лизингтік қатынастардың экономикалық тиімділігін анықтау және бағалау екі кезеңге 
бөліп қарастырылған:

  • лизингтік қатынастардың жалпы тиімділігін бағалау және соған байланысты оны одан әрі қарай дамыту жолдарын анықтау;
  • лизингтік қатынасқа қатысушы әрбір субъектілердің оған қатысу тиімділігін нақты багалау.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан лизинг келесі функцияларды атқара алады:

  • Лизинг- негізгі қорларға салулардың нысаны, ал ол өз кезегінде инфляция кезінде ақша құралдарының ақшалай бірлікті сатып алу қабілеттігінің құлауы кезінде залалдардан қорғауға келеді;
  • Лизинг- өндірістің материалдық-техникалық қамсыздандырудың тиімді әдісі және лизингті пайдалану банктен арнайы лицензияның болуын талап етеді, өйткені лизингтік операциялар банктерге материалдық өндірісі мен материалдық құндылықтар саудасына қатысуына мүмкіндік береді. [5;96]

 

 

2.2 Қазақстан  Республикасында лизингтік қатынастарды  нормативтік – құқықтық реттеу

 

Лизингті пайдаланудың тиімділігінде оның нормативтік  – құқықтық базасы айтарлықтай рөл  ойнайды.Олар: бухгалтерлік есептер  принциптері, салық жеңілдіктері, корпоративті табыс салығы.

Лизингтік қатынастарды реттеуде, оның құқықтық базасының дамуында 2004 жылы үлкен өзгерістер болды.

Ол біріншіден ҚР Салық  кодексі және Қаржы лизингі туралы заңға 2004 жылы 10 наурызда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Нәтижесінде Қазақстан  әлемдік стандарттарға жауап  беретін, лизингтің дамуына жол  ашатын заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер мен толықтыруды енгізуді талқылауға ат салысқандар : Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы, Ауыл шаруашылық министірлігі, ҚР парламентінің Аграрлық комитеті, сондай – ақ Қазақстанның лизингті дамыту қоры.

Қазақстанның жеке меншік секторын лизингтік қатынастарға ынталандыруға бағытталған пресс –конференциясында 2004 жылдың 26 ақпанында өткен Қазақстан Қаржыгерлер Ассоциациясы кеңесінің жетекшісі Сембаевтің айтуы бойынша қабылданған жаңа заңдық актілер мен өзгерістер бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішіндегі ең икемді болып табылады.

Нәтижесінде негізгі  құралдарға жасалған инвестиция құрамында  лизингтік үлесі дамыған елдердегі  көрсеткішке жеткізеді. Қазіргі  лизингтің құқықтық базасы өзіне  қаржылық лизингтің дәстүрлі анықтамаларын қамтиды. Қаржылық есептің халықаралық стандарттары мен қабылданған жіктелу белгілеріне жауап береді.

Әлемдік банк институттың ( International Finance Corporation) жорамалы бойынша 2004 жылы лизингтік инвестиция Q 170 млн. доллар, ал 2006 жылы 550 млн. долларға жетеді дейді. Аталған өсулердің барлығы қабылданған заң мүмкіндігіне байланысты.

Лизингтік заңдылыққа енгізілген толықтырулардың маңыздылығы:

  • қаржылық есептің халықаралық стандартына жауап беретін лизинг анықтамасы
  • қаржылық аренданың алғашқы 36 ай мерзімінде лизинг мүлігін талап еткен жағдайда салықтық жоғалтуды қорғау
  • бір клиенттен екінші клиентке құралдарды қайта жалға беру мүмкіндігі
  • Сублизинг пен қайтарымды лизингтің анықтамаларын анықтау
  • қарапайымдылығы, лизинг алушыдан құралдарды талап етудің соттық емес, қарапайым тәртібі.

ҚР « Қаржылық инвестициясы туралы» заңына сәйкес келісімге  қатысушы кейіпкер, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар бола алады. Лизинг беруші – келісіміне қатысушы, Яғни өз қаржысына  немесе тартылған қаржысына құрал  – жабдық сатып ала отырып, оны келісім шарт негізінде лизинг алушыға береді. Бір лизинг келісімінде лизинг беруші бір мезгілде оның екінші қатысушысы бола алмайды. Сатушы болса бір мезгілде лизинг алушы ретінде де қатыса алады (қайтарымды лизинг).

Лизинг алушы – лизинг келісімінің қатысушысы, кәсіпкерлік мақсатта келісім шарт негізінде құрал – жабдықты лизингке алушы. Келісім шарт бойынша құрал – жабдықты лизинке беру үшін мына үш жағдайдың бір немесе бір нешеуіне жауап беруі қажет.

Біріншіден, негізгі құралдарды лизингке алушының жеке меншігіне беру немесе сол негізгі құралдарды лизинг келісім шартында белгіленген бағамен алуға құқығын беру.

Екіншіден, қаржылық лизинг мерзімі негізгі құралдардың  пайдалану мерзімінің 75%-нан жоғары болуы тиіс.

Үшіншіден, лизинг төлемдерінің ағымдағы құны толық лизинг мерзіміндегі негізгі құрал құнының 90%-нан көп болуы тиіс. Лизинг затына заң бойынша ғимарат, құрылыс, көлік, құрал – жабдық, инвентарьлар, жер учаскелері және тағы басқа тұтынылмайтын заттар жатады. Құнды қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг затына жатпайды. Сондай – ақ толықтыруда лизинг түрлеріне де өзгертулер енгізілген. Ескі редакция бойынша келесідей түрлерге жіктелген:

Қайтарымды лизинг –  бұл лизингтің бір түрі, мұнда  сатушы лизинг затын лизинг берушіге сатады, мүлікті лизинг алушы ретінде өзіне қайтару талабымен.

Банктік лизинг – мұнда  лизинг беруші ретінде банк болады.

Толық лизинг – ағымдық  техникалық жөндеу жұмыстары лизинг берушімен жүргізіледі.

Таза лизинг – ағымдағы техникалық жөндеу жұмыстары лизинг алушымен жүргізіледі.

Толықтыруда жаңадан  тағы да мынадай түрлер енгізілді:

Қайтара лизинг – лизингтің  бір түрі, келісім шарт уақытысының  бітуімен немесе оны тоқтатумен байланысты лизинг затын лизинг беруші меншігіне  қайтару.

Сублизинг – бұл лизингтің  түрінде алынған құрал- жабдық лизинг алушы (сублизинг беруші) үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта уақытшы пайдалануға. Сублизинг келісім шартымен, әр айда төлем төлеу міндеттемесі мен уақытша пайдалану құқығымен.

Сондай – ақ лизинг келісім шартының бұзылуы немесе уақытының бітуі, сонымен бірге лизинг алушының банкроттық жағдайында лизинг затына иелік ету құқығы да өзгеріске ұшырады. Лизинг алушы банкроттық немесе жойылу жағдайында лизинг затын қайтаруы тиіс. Бұл жағдайда лизинг затына ареста салуға, конфискелеуге жол берілмейді.

Сонымен заңға енгізілген толықтырулар қайтарымды, қайтара, сублизинг  және т.б. сұрақтарға нақты жауап  береді.

Лизинг заңнамаларында жасалған оң өзгерістерге қарамастан мүдделі жақтар (лизингтік компаниялар, банктер мен инвесторлар) лизинг дамуына кері әсер ететін факторларды жою мақсатында, заң шығарушы органдармен жұмыс жасауды көздеп отыр.

 

 

    1. Қазақстандағы лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару

 

Әр түрлі халықаралық  ұйымдар үкіметтік емес ұйымдардың, университеттердің, халықаралық агенттіктердің және жергілікті басқару органдарының көмегімен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегі лизингтік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып, лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруда маңызды рөл атқарады.

Лизингтік қатынастарды басқарудың нарық талаптарына сәйкес келетін тиімді технологиясын жасау  үшін ең алдымен мемлекет макродеңгейлік қатынастарды реттеуші ретінде неғұрлым маңызды роль атқарады. Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығының  қалыптасқаннан бергі уақыт аралығында лизингтік қатынастарды ұйымдастыратын және реттейтін бірнеше нормативті актілердің бекітілгені белгілі. Солардың негізінде лизингтік қызметтер нарығын ұйымдастыру қағидаларын анықтайтын база құрылған. Бірақ лизингтік қатынастарды дамыту бойынша елімізде қабылданған заңнамалық актілердің қабылдау уақыттарына жасалатын талдаулар көптеген жағдайларда нарықтың мемлекеттен реттеуші шараларды талап еткендігін көруге болады.

ҚР-да лизингтік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құқықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек . Бұл жерде ең алдымен , « қаржылық лизинг » түсінігінен белгілі бір ерекшеліктері бар «оперативті лизинг» деп аталатын жаңа тетікті қолдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру керектігі айта кеткен жөн. Себебі , шетелдік тәжірибе көрсетіп оырғандай кейбір объектілерді әсіресе , құрылысты жүргізуге қажетті құрылғыларды оперативті лизинг негізінде пайдалану қаржылық лизинг қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді.Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды оперативті лизинг арқылы дамытуға көп көңіл бөліну керек.Осы мақсат үшін оперативті лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін заңнамалық актілер қабылдау қажет.

Соңғы кездері еліміздегі лизингтік нарықтағы өзекті мәселелердің бірі бұрын пайдаланылуда болған мүліктерді лизингке беру тәжірибесін дамыту болып отыр. Жалпы бұл норма «қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңында қарастырылғанына қарамастан,қазіргі кезде бұл нарық жұмыс істемей отыр. Содықтан да,бүгінгі күні мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын ынталандыру және белсендіру үшін қосымша жеңілдік шарттар құру қажет.Себебі,елімізде қайталама лизингтік нарықтың дамуы,менің ойымша өтімділігі неғұрлым жоғары лизинг объектілерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әсерін тигізді.

Лизингке беруші субъектілердің қызметтеріне бақылау жасауды күшейту  мақсатында,олардың қызметтерін  лицензиялау тәртібін қолдану қажет.Ол үшін «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның  Заңының 10-бабына өзгертулер енгізу қажет.Бұл лизингтік қызметтер нарығын нақты жұмыс істемейтін лизингтік компаниялардан «тазартуға»мүмкіндіктер береді.Сонымен ,менің ойымша мемлекет тарапынан лизингті қатынастарды басқару жүйесін реттейтін заңнамалық негіздерге осындай тұзетулер мен толықтаулар енгізуеліміздегі лизингтік қызметтер нарығының дамуына қолайлы әсер етеді. Лизингке беруші субъектілердің қызметтерінің ерекше қарастыра отырып, олардың ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі жүйесінде экономиканың нақты және қызмет көрсетуші секторларының құрылымынан тұрақты аралық звено болып табылатынын атап өткен жөн. Елдегі лизингтік қызметтер нарығы экономиканың қаржылық нақты секторларының белгілі бір элементтерінен қалыптасатыны белгілі.

Лизингтік қатынастар кезінде  пайда болатын тәуекелділіктерді басқару үшін, лизингтік келісімге қатысушы әрбір субъектілердің ұйымдастырушылық құрылымында тек тәуекелділіктерді басқару мәселелерімен айналысатын арнайы бөлім құрылуы керек. Сонымен, лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып , лизингтік қатынасты басқару жүйесін қалыптастыру кезінде келесідей факторлар ескерілуі керек:

  • Бір лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар санының неғұрлымкөп болуы ,( лизингтік компания , лизингке алушы , жеткізуші , сақтандыру компаниясы , кредитор және лизингтік келісімге т.б. жанама қатысушылар);
  • Лизингтік операцияны іске асыру мерзімінің ұзақтылығы ( 3 жылдан жоғары );
  • Лизингтік қатынастардың сипатының көп болуы.

Осы айтылғандарға сүйене отырып, лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде тәуекелділіктерді басқару лизингтік келісімге қатысушы әрбір тұлғаның негізгі қызметі болып табылуы керек.

Еліміздегі лизингтік  қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің бір жолы ретінде лизингтік компаниялардың өосымша қызметтерін дамыту стратегиясы  ұсынылған. Осы стратегияға сәйкес лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігі ұсынылған. Ол үшін лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау үдерістеріне неғұрлым белсенді түрде қатысуы қажет деп ойлаймын. Яғни , олар лизингке алушылардың тәуекелділіктерінін біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы лизингке алушылар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады. Бұл стратегия белгілі – бір түрдегі лизингке алушыларды қаржыландырудың базалық үлгісі болып табылады.

 

 

    1. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері 

 

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен  таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты: 

  • лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді)
  • лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып,өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
  • кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
  • құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.

Информация о работе Лизингтің мәні мен оның түрлері