Лизингтің пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 08:26, курсовая работа

Краткое описание

Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

I.Лизингтің пайда болуы......................................................................................5
1.1.Лизингтің экономикалық мәні.........................................................................5
1.2. Лизингтің түрлері.............................................................................................9
II. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......................11
2.1. Банктердің лизингтік операциялары………………………………..….… 11
2.2. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау................................16
III. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы...............................................................................................................22
3.1.Лизингтің Қазақстандағы дамуы...................................................................22
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

kyrsovoy.docx

— 70.10 Кб (Скачать файл)

- лизинг алушылар(жалға  алушылар) болып табылады.

      Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда:

- лизинг беруші сатып  алушыдан лизинг бұйымын лизинг  келісім шарты бойынша өз меншігіне  алуды, сосын оны лизинг алушыға  белгілі бір ақыға, белгілі бір  мерзімге, белгілі бір уақытта  иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік  мақсаты үшін пайдалануына беруді  міндетіне алады. Бұл кезде лизинг  бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын  мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

- лизинг алушы келісімшартқа  сәйкес төленуге жататын төлемдерді  кезеңімен тиянақты түрде төлеп  тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың  мерзімі өткен соң, лизинг бұйымылизинг  алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта  қарастырылған болса.

        Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

       Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына  байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:

- қайтарылатын лизинг  – лизингтің бұл түрі, онда  сатушы осы бұйымды кері қайтарыпала  алатын болса ғана лизинг алушыға  лизинг ретінде сатады;

- банк лизингі – лизингтің  бір түрі, онда лизингті беруші  ролін банк атқарады;

- толық лизинг – лизингтің  бір түрі, онда лизинг беруші  ағымдағы жөндеу және оның  лизинг бұйымына техникалық қызмет  көрсету жұмысын атқарады;

- таза лизинг – лизингтің  бір түрі, онда лизинг алушы  ағымдағы жөндеу және оның  лизинг бұйымына техникалық қызмет  көрсету жұмысын атқарады.

       Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резидентті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.

       Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы;лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері;лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.

 

 

 

 

 

 

II. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары

2.1 Банктердің лизингтік операциялары

 

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.

Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.


                                                           

                                                          2

 

 

 

 

                      4           1                                                  3

 

 

 

 

 

 

 

        1) құрал-жабдыққа тапсырыс беру;

       2) құрал-жабдық үшін төлем;

       3) құрал-жабдықты жеткізу;

       4) лизингтік төлемдер.

 Лизинг сызбасы


        

                                         

 

                                                           1         7

 

 

 

  1. Банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісім шарт жасалып, несие беріледі;

  1. Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді;

  1. Жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.

  1. Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісім шарт жасалады;

  1. Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;

  1. Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;

  1. Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді;

Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей формуламен есептеледі:

 

ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС          

 

мұндағы,

         ЛТ – лизингтік төлемдердің  жалпы сомасы;

 АА – ағымдағы жылдағы  амортизациялық аударымдар сомасы;

 НТ – лизинг берушінің  несиелік ресурсты пайдаланғаны  үшін төлемі;

 КТ - лизингтік келісім  шарт бойынша мүлікті      бергені үшін лизинг берушіге  комиссиондық төлем;

 ҚТ - көрсеткен қызметі  үшін қосымша төлем;

 ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

 

Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:

 

  БҚ х На

                                         АА = ¾¾¾¾¾ ,         

100

 

мұндағы,

               БҚ  - мүліктің баланстық құны;

               На -  амортизациялау нормасы, (%).

 

Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:

 

   НР х НС

                                            НТ = ¾¾¾¾¾ ,           

100

   

 мұндағы,

НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік      ресурсының шамасы;

НС – несие үшін сыйақы мөлшері.

 

Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталуы формуласы:

       Қб -  Қа

 НР = ¾¾¾¾¾ ,

      2

мұндағы,  

                Қб – мүліктің жыл басындағы құны;

                Қа -  мүліктің жыл аяғындағы құны.

 

Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:

 

 НР х  Кс 

                                           КТ = ¾¾¾¾¾,           

100

мұндағы,

  Кс – комиссиондық сыйақы мөлшері.

 

Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

 

    ҚТ = Ші + Шқ  + Шж + Шб,                  

 

мұндағы,

              Ші - банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;

                     Шқ  - көрсетілген қызмет үшін шығыстар;

                     Шж - банктің жарнамасына кеткен шығыстар;

                     Шб  - басқа да шығыстар.

 

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:

  • Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады.  Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
  • Лизинг 100 %-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
  • Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
  • Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады;
  • Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:

  • жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

  • ұйымдастырудың күрделілігі;

  • лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Лизингтік контракт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш контракті жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.

Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл контрактінің соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнынының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

Іс жүзінде кез келген лизингтік контракт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:

  1. Объектісі.

  1. Жабдықтау мерзімі.

  1. Лизингке алу мерзімі.

  1. Лизингке берушінің меншіктік құқы.

  1. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.

  1. Құрал-жабдықты пайдалану.

  1. Күту, жөндеу және жаңарту.

  1. Зиян, қолайсыз жағдайлар.

  1. Сақтандыру.

  1. Лизингтік төлемдер, комиссиялар

  1. Төлемді кешіктіргені үшін пеня.

  1. Сатып алу мүмкіндігі.

  1. Келісім-шартты бұзу шарты.

  1. Құрал-жабдықты қайтару.

  1. Салықтар, баждар.

  1. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.

  1. Тараптардың қосымша құқықтары.

  1. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.

  1. Кешіктіру шарты (контракт кепілдеме алуына байланысты күшіне мінеді және т.б.)

  1. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).

  1. Тараптардың қолдары.

  1. Тараптардың орналасқан жері.

  1. Қосымша (материалдардың және т.б. сипаты).

  1. Қалдық құнын кепілдеу.

  1. Банктердің кепілдемесі.

Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:

  1. аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және “Қазконтракт” корпорациялардың жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
  2. екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
  3. жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
  4. лизингтің халықаралық формалары - экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық: “Қаржы лизингі туралы” ҚР заңының (5.07.2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.

Информация о работе Лизингтің пайда болуы