Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:28, дипломная работа
Мұнай-газ өндірісіндегі материалдық шығындар мұнай мен газды өндіру процестері бойынша нормативтердің көмегімен есептеледі.Шикізат пен негізгі материалдар мұнай газ өнеркәсібіндегі қолданылмайды. Материалдық шығындарда меншікті салмаққа қосалқы материалдар мен энергия ие болады.
Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті кәсіпорынның келешек кезеңде күтіліп отырған іс-әрекетінің экономикалық нәтижелерін белгілеуге негізделген.
КІРІСПЕ
1 КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКО-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мұнайды өндіру іс-шараларын ұйымдастыру
және жоспарлау
1.2 Мұнай кеніштеріндегі қолданыстағы мұнай
өндіру әдістері ШТС, атқыламалану
1.3 Өндірістің тиімділігін энергияны үнемдеуші технологияларды
енгізудің барысында арттыру
2 МҰНАЙ ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК
ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 Мұнай және газ өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің өзіндік
құнын құрылым ерекшеліктері мен шығындарының топтамасы
2.2 Технико-технологиялық шараларды жүзеге асыруға кететін
өндірістік және пайдалану шығындарының ерекшеліктері
2.3 Мұнай өндіру бойынша көмекші бөлімшелерінің шығындарын
талдау
2.4 Мұнайды жинау мен дайындауға кететін шығындардың
ерекшеліктері
2.5 Қабат қысымын ұстап тұру шараларына жұмсалатын
шығындарының ерекшеліктері
3 КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ПАЙДАЛАНУ ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Өндіріс шығындарының азайтылуын жоспарлау және
олардың экономикалық ынталандыруы
3.2 Мұнай өндірісі өсімінің барысында іс-шаралардың тиімділігін
экономикалық бағалау
3.3 Шығындарды азайту барысында шаралардың экономикалық
тиімі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Сондықтан мұнай өндіру кәсіпорындарының
тәжірибесінде шеңберлік
1 Барлық диаметрдегі пайдалану бағандары жағдайларында сұйықты үлкен мөлшерде алу және тым көп мөлшерде суланған ұңғымаларды жеделдетіп таңдап алу мүмкіндігі.
2 Үлкен газдық факторға ие
ұңғымаларды пайдалану, б.а.
З Ұңғыма оқпаны пішінінің газлифт жұмысының тиімділігіне әсер етуі, бұл қиғаш бағытталған ұңғымалар үшін, б.а. Солтүстік және Сібірдің игеріліп жатқан теңіздік кеніштері мен аудандарының жағдайлары үшін әсіресе маңызды.
4 Ұңғымалардағы жоғары қысымдар мен өнім температурасының, сондай-ақ ондағы механикалық қоспалардың (құмның) ұңғымалардың жұмысына әсерінің болмауы.
5 Ұңғымалардың жұмыс тәртібін
өнімділігі бойынша реттеп
6 Газлифтік ұңғымаларды күтімге
алу мен жөндеудің
7 Ұңғымаларды бір уақытта
бөлек пайдалану, жемірілумен,
тұздар мен балауыздың
1 Сығымдағыш станциялардың
құрылысына үлкен бастапқы
2 Газлифтік жүйенің пайдалы әрекет етуінің салыстырмалы түрдегі төмен коэффициенті (ПӘК).
З Ұңғымалар өнімінің көтерілуі барысында тұрақты эмульсиялардың түзілу мүмкіндігі.
Жоғарыда аталғандарға негізделсек, ұңғымаларды пайдаланудың газлифтік (сығымдағыш) әдісін ең алдымен жоғары өнімділікке және атқылау кезеңінен кейінгі жоғары забойлық қысымдарға ие болатын ірі кеніштерде қолданған тиімді.Бұдан әрі ол қиғаш бағытталған ұңғымаларда және өніміндегі механикалық қоспалардың мөлшері көп болып келетін ұңғымаларда, б.а. оңтайлы өнімнің негізі ретінде ұңғымалар жұмысының жөндеу аралық кезеңі (ЖАК) қабылданатын жағдайларда қолданылуы мүмкін.Жанында қоры жеткілікті және қысымы қажетті газ кеніштері (немесе ұңғымалары) болған жағдайда мұнайды өндіруге арнап сығымдағышсыз газлифт қолданылады.Бұл жүйе уақытша шара болуы мүмкін – сығымдағыш станцияның құрылысы аяқталғанша. Бұл жағдайда газлифт жүйесі сығымдағыш газлифтімен бірдей болып қала береді және жоғары қысымды газ көзімен ғана айрықшаланады.Газлифтік пайдалану үздіксіз немесе мерзімді болуы мүмкін. Мерзімді газлифт өнімділігі 40—60 т/тәул. болатын немесе қаттық қысымы төмен ұңғымаларда қолданылады. Газлифт кезіндегі сұйықтың көтерілу биіктігі газды енгізудің мүмкін болатын қысымына және ССҚ колоннасының сұйық деңгейінің астына батырылу тереңдігіне байланысты болады.Пайдалану әдісін таңдау кезінде жүргізілген техникалық-экономикалық талдау газлифті елдің әртүрлі аймақтарында жергілікті жағдайларды ескерумен пайдаланудың артықшылығын белгілеуі мүмкін. Мысалы, газлифтік ұңғымалар жұмысының жоғары АЕК-сі, жөндеудің салыстырмалы түрдегі қарапайымдылығы мен автоматтандырудың мүмкіндігі Батыс Сібірдегі Самотлор, Федоровский, Правдинский кеніштерінде үлкен газлифтік кешендерді құруға негіз болды. Бұл аймақтағы қажетті еңбек ресурстарын азайтып және оларды оңтайлы қолдануға арнап қажетті инфрақұрылымдарды (тұрғын үй және т.б.) құруға мүмкіндік берді.Ұңғымаларды қарнақтық сорғыштармен пайдалану. Қарнақтық сорғыш қондырғы ҚСҚ жерүсті және жерасты жабдығынан тұрады. Жерасты жабдығы төмендегілерден құралады: цилиндрінің төменгі ұшындағы 1 сорғыш қақпағы (қозғалмайтын) мен мінбас-плунжердің жоғарғы ұшындағы 2 тоғытқыш қақпағы (қозғалмалы) бар қарнақтық ұңғымалық сорғыш (ҚҰС), 3 сорғыш қарнақтар және құбырлар.Сонымен қатар, жерасты жабдығына әртүрлі қорғағыш құрылғылар (газ және құмды зәкірлер, құйыршықтар) жатуы мүмкін, олар ҚҰС-тың қабылдағыш келте-құбырға жалғанады және ауыр жағдайларда оның жұмысын жақсартады (құм, газ).Жерүсті жабдығына тербелгіш-білдек (ТБ) кіреді, ол 9 электрқозғалтқыштан, 7 қос иіннен, 8 бұлғақтан, 6 теңгергіштен, 5 сағалық тығыздағыштан, сағалық орама мен 4 үш тармақтан тұрады.Тербелгіш-білдек қарнақтарға синусоидтық қозғалысқа жақын болатын қайтқыш-бірізді қозғалысты береді. ТБ-ның ажарланған сояуыштың жоғарғы ұшымен жалғауға арналған иілгіш арқандық аспасы және жөндеу кезінде түсіру-көтеру механизмдерінің (тальдік блоктың, ілгектің, элеватордың) кедергісіз өтуіне арналған қайырмалы немесе бұрылмалы бастиегі бар.Теңгергіш мойынтіректерге бекітілген көлденең осьте тербеліп тұрады және редуктордың екі жағында орналасқан 8 екі әздектің көмегімен 7 екі ауыр қос иінмен жалғанады. Жылжымалы қарсы салмақтары бар қос иіндер редуктордың білігінің айналу осіне қатысты қос иіндердің бойымен сол не өзге түрдегі қашықтыққа қозғалып отыруы мүмкін. Қарсы салмақтар ТБ-ны теңгермелеу үшін қажет.Тұрақты берілгіш санына ие, маймен толықтырылған, қымталған редуктордың бір ұшында трансмиссиялық білігі болады, оның бір ұшында 9 электрқозғалтқыштың кіші елгезерімен сыналық-белдіктік беріліспен жалғанған трансмиссиялық елгезері болады. Теңгермелегіштің тіректік мойынтірегі металды пирамида-тіреуге бекітілген. Тербелгіш-білдектің барлық элементтері — пирамида, редуктор, электрқозғалтқыш — бетонды іргетасқа бекітілетін ортақ рамаға бекітіледі. Әздектің қос иінмен жалғану нүктесі айналу орталығына қатысты өзінің қашықтығын қос иіннің саусағын сол не өзге тесікке ауыстырып салу арқылы өзгертіп отыруы мүмкін, ондай тесіктер бірнешеу болады. Сол арқылы теңгермелегіштің тербелу амплитудасының, б.а қарнақтар жүрісі ұзақтығы амплитудасының сатылы түрде өзгеріп отыруына қол жеткізіледі.Редуктор тұрақты берілгіш санына ие болғандықтан, тербелулердің жиілігін сыналық-белдіктік трансмиссияның берілгіш санын өзгерту мен электрқозғалтқыштың білеуіндегі елгезерді үлкен немесе кіші диаметрге ауыстырудың арқасында ғана өзгертіп отыруға болады.Өнеркәсіпте теңгермелегіштің бастиегіндегі жүк көтерімділігі өздерін қарнақтың құрылғылармен жабдықтауға тура келетін ұңғымалардың тереңдігі мен өнімділігінің кең ауқымына сәйкес 10-нан 200кН ға дейін жететін әртүрлі типтік көлемдегі тербелгіш-білдектер шығарылады. ТБ-лардың типтік көлемдері мен олардың негізгі параметрлері мемлекеттік стандартпен реттеліп отырады.Қарнақтық ұңғымалық сорғыш құрылымы сол не өзге түрде болып келетін ұзын (2—4 м) цилиндрден тұрады. Цилиндрдің төменгі ұшында қозғалмайтын сорғыш қақпақ орнатылған, ол жоғары қарай жүріс кезінде ашылады. Цилиндр құбырларға ілінеді. Оның ішінде ұзындығы 1—1,5 м болатын дәл жоғарыдағыдай үстіне қарай ашылатын тоғытқыш қақпағы бар ажарланып өңделген құбыр түрінде жасалған мінбас-плунжер қозғалып отырады. Плунжер қрнақтарға ілінеді. Плунжер жоғары қарай қозғалған кезде сұйық сорғыш қақпақ арқылы сорғыштың қабылдағышындағы қысымның әсерімен цилиндрдің ішкі қуысына толады. Плунжер төмен қарай жүрген кезде сорғыш қақпақ жабылады, плунжердің астындағы сұйық қысылып, тоғыту қақпағын ашады. Осылайша, қақпағы ашық плунжер сұйыққа батырылады. Кезекті түрдегі жоғары жүріс кезінде тоғыту қақпағы плунжердің астындағы сұйықтың қысымымен жабылады. Плунжер мінбасқа айналады және сұйықты жүрістің ұзындығына (0,6—6 м) тең биіктікке көтереді. Плунжердің үстінде жиналып қалған сұйық ұңғыманың сағасына жетіп және үш тармақ арқылы мұнай жинағыш желіге келіп түседі.
Сурет 5 Ұңғымалық қарнақтық сорғыштардың негізгі сұлбасы:
а - сояуышы бар НГН-1 типіндегі салынбайтын сорғыш;
ә - ұстағышы бар НГН-2 типіндегі салынбайтын сорғыш;
а - 1 – тоғыту қақпақтары, 2 - цилиндрлер, 3 - плунжерлер; 4 – ұзартқыш-келтеқұбырлар, 5 – сорғыш қақпақтар, 6 – конустардың ертоқымдары, 7 – қармағыш сояуыш, 8 – екінші тоғыту қақпағы, 9 - ұстағыш, 10 – қақпақты қармауға арналған ұштық;
ә - НГВ-1салынбалы сорғыш; 1 - қарнақ, 2 - ССҚ, 3 – отырғызу конусы, 4 – құлыптық тірек, 5 - цилиндр, 6 - плунжер, 7 – бағыттаушы құбыр.
ШТС-ның берілу коэффициентіне тұрақты және құбылмалы факторлар әсер етеді.Тұрақты факторларға төмендегілерн жатқызуға болады:
Ресейде энергетика бойынша 4 федеральдік заң, президенттің 15 жарғысы, үкіметтің 22 қаулысы бар, ал АҚШ-та 20 жыл ішінде арнайы 50 заң қабылданған. Өзімізге келетін болсақ, бізде аймақтық бағдарламалар жоқ, 1997 жылы қабылданған «Энергияны үнемдеу туралы» заңын жетілдіру қажет. Сол себептен энергияны үнемдеудің мемлекеттік саясатын әзірлеу қажет. Басқа елдерде үнемдеумен айналысатындар үшін бірқатар жеңілдіктер ескерілген. Бұлар – салықтар да, ерекше тарифтік саясат та. Мемлекеттік гранттар, компаниялардың сыйақылары бар. Қазіргі кезде тұтынушы тұтыну фактісі бойынша емес, қисынсыз түрде жоғары болатын нормалар бойынша төлеп отыр. Шығыс Қазақстанда үш ГЭС-тің арқасында (Өскемен, Бұқтырма және Шөлбі) республика бойынша ең төмен тарифтердің бірін ұстау мүмкін болып отыр. Коммуналдық салада есепке алу аспаптарына қатысты проблема ешбір шешілмей жатыр. Сонымен қатар, стандарттау, сараптама, аудит жүргізу қажет. Ресейде, мысалы, энергияның аудитімен айналысатын 30 фирма бар және де бүкіл әлемде тәуелсіз сараптамалық ұйымдар бар. Бізде аталмыш қызмет ешқандай ұйымдастырылмаған. Осының бір мысалы ретінде ШҚО-дағы Согриндік ТЭО-дағы жақын уақытта болған апат болып отыр. "Техникалық сараптаманың жоқтығы оны пайдаланудың ең әлсіз буындарының бірі болды". Сондай-ақ, мамандардың пікірінше, меншік түріне байланыссыз барлық энергиялық кәсіпорындарды төлқұжаттандыру қажет. Төлқұжаттың болуы тек қана ұйымдастыру шараларының есебінен ешбір капитал жұмсаусыз төлемді 20%-ға азайтуға мүмкіндік беретін болады. Екіншіден, жылу көздерін олардың ПҚК-ын арттыру үшін лицензияландыру. Үшіншіден, икемді тарифтік саясат, бұл жағдайда электрқуатына қатысты ең төмен және ең жоғары тарифтердің арасында шекара орнайды. Төртіншіден, үнемдеу жөніндегі іс-әрекетті сыйақылау және басқа да бірқатар шаралар. Оның үстіне Қазақстанда жаңа энергообъектілердің құрылысы емес, әрекеттегілерін қайта құру мен жетілдіру басымдылыққа ие болуда. Сонымен қатар, энергосервистік компанияны (ЭСКО), проблемаларды шешу үшін энергияны үнемдеу жөніндегі ғылыми республикалық орталықты құру, инвестициялық жобаларда ғылыми әзірлемелерді құру қажеттілігі туындады. Ресурстарды үнемдеу бағыттарының біріне орны толатын баламалы көздер – күннің, желдің, судың энергиясы, биогаз айналуда. Міне бірнеше жыл бойы «Алтай» технопаркінің «Энергияны үнемдеуші технологиялар» оқу-ғылыми-өндірістік және өндірістік зертханалары мен "Жасанды климат орталығы" ЖШС қуаттылығы әртүрлі жылу-сорғыш құрылғыларды (ЖСҚ) шығарумен айналысуда.Жоба бойынша ЖСҚ-лардың сериялық өндірісін құру ұсынылған, олар өздерін 2,5 жыл ішінде өтеп және энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Өскеменде көлемі 250 шаршы метр экспериментальді тұрғын үйде осымен 5 жыл бойы ЖСҚ сәтті қызмет етіп келеді. Өскемендік мамандардың басқа бағыттарының бірі – жел құрылғыларын орнату, сондай-ақ күн, су ресурстарын қолданумен мини-ГЭС-тарды салу.Көптеген елдерде заңнамалық деңгейде орны толатын энергия көздерін пайдаланушы кәсіпорындарға жеңілдіктер беретін шешімдер қабылданып қойған.
Энергетиканың баламасы.
Швейцарияда пиктік электрстанцияларды салмау үшін тракторлары бар фермерлермен келісімшарт жасалады. Сол келісімшарт бойынша фермер электрқуатын барынша жоғары мөлшерде пайдалану сағаттарында трактордың қуатын іріктеп алу білігіне желіге жұмыс істейтін электргенераторды жалғайды. Желілер бұл энергияны сатып алады және осындай екі сағат жұмысы кезінде фермер өзінің электр қуатына деген тәуліктік қажетін өтеп алады. Америка Құрама Штаттарында электр қуатын желіге сатуға болады. Оның үстіне желілер 1 кВт/сағ-ты 8 центке сатып алып, тұтынушыларға 3 центке сатады. Белоруссияда арнайы заң қабылданған, ол бойынша электр желілері баламалы энергетикадан электрқуатын олар өздері сататын бағадан 2 есе артық болатын бағаға сатып алуға міндетті. Германияда баламалы энергия көздерін (күн модульдері, күн суқыздырғыштар, жел генераторлары және т.б.) сатып алушыларға біржолғы өтемақы төленеді. Бұл өтемақы ол жүйе Германияда орналасқан ба әлде басқа жерде орналасқан ба онысына байланыссыз болып келеді. Еуропада экологиялық таза энергетика жөніндегі жаңа жобаларды қаржыландырудың көздері пайда болып жатыр. Мұнайдың бағасының 10-нан 30%-на дейінгі мөлшердегі дәл осындай «экологиялық» салық Швецияда, Финляндияда, Нидерландылар мен ЕЭО елдерінде енгізілген. Европалық одақ 2020 жылға қарсы орны толатын энергияның жалпы электрқуаты өндірісінің 20%-ын құрайтын болады деп жариялаған. Көптеген батыс елдерінде энергияны үнемдеу проблемасын шешудің себепкеріне 1973 жылғы дағдарыс айналды. Проблеманы барлық дамыған елдерде энергияны үнемдеу технологияларын ғылыми және техникалық әзірлеу мен игерудің арқасында және 24 елде мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың арқасында шешу мүмкін болды.
Энергияны үнемдеуші технологиялар
мен дәстүрден тыс
Сурет6- Қазақстандағы энергияны пайдаланудың тиімділігін арттырудың потенциалы.
Тиімділігін арттыру ресурсы баспақы энергоресурстардың өндірісін арттыру ресурсына қарағанда 4 есе артық болып келеді. Бұл ресурсты толық пайдалану Қазақстанның экономикасын 8-10 жыл бойы бастапқы энергоресурстарды тұтыну мөлшерін арттырусыз дамытуға мүмкіндік береді.
Керісінше, экономикалық дамудың жоғары қарқынын жоғары дәрежедегі энергия сыйымдылық тасымен тежеп отыру талпыныстары орасан зор капитал салымдарын экономиканың басқа секторларын дамытудан шеттетудың салдарынан ТЭК-ның тежегіш рөлінің жандану қаупін тудырады.
Энергияның тиімділігін арттырудың ең жоғары потенциалына тұрғын және қоғамдық үйлер ие болуда, олардың артынан өнеркәсіп пен жылумен қамту жүйелері және ақыры электрэнергетика ілеседі. Нарықты күштер мен энергияны пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі белсенді мемлекеттік саясаттың үйлесімі бастапқы энергоресурстарды тұтыну мөлшерін өсірусіз экономикалық дамуды энергетикалық қызметтермен қамтамасыз етуге қабілетті. Сонымен қатар, мұндай үйлесім газ экспорты потенциалының төмендеу қаупін блоктап, және, тіпті экспортқа арнап газдың елеулі мөлшердегі ресурстарын босатып беруге қабілетті. Тек нарықтық күштер ғана потенциалдың бір бөлігін іске асыра алады. Энергияны үнемдеудің іске асырылып жатқан потенциалының үлесін елеулі түрде арттыруға көмектесетін белсенді мемлекеттік саясат қажет. «Стратегияның» барлық нұсқаларындағы энергия тиімділігін арттыру тек қағаз жүзінде аса маңызды басымдылыққа ие болды. Алайда мұнай мен газ өндірісі өскен жағдайда энергияны тұтыну да жылдамдай түседі, демек, энегрияның сыйымдылығы төмендеп барады. 2005 жылы мұнай мен газдың өндірісі тоқтай салысымен, энергияның сыйымдылығы да азаюын тоқтатты. Мұнай өнеркәсібінің энергия сыйымдылығы 2003 жылы 1990 жылдың деңгейінде қалды, ол кезде ол батыс елдеріне қарағанда бірнеше есе жоғары болған.Кезінде елеусіз қалған басымдылықтың зардаптары энергияны ішкі тұтынудың және сонымен байланысты болатын жоғары тәуекелдердің жылдам түрдегі өсуінен байқалуда. Төмен дәрежедегі энергия тиімділігі энергия тасымалдаушыларды сыртқы нарықтарға жеткізудің кепілі ретіндегі геосаяси рөлді орындап отыруға мүмкіндік бермейді.Энергияны тасымалдаушыларға қатысты тарифтердің өсуін үкімет құнсызданудың ең негізгі қозғалтушы күші ретінде таныды. Егер де осындай өсу шығындардың азаюымен және энергоресурстарды пайдалану тиімділігінің артуымен өтеліп отырған болса, онда тұтынушылардың табыстарындағы коммуналдық қызметтерге төленетін шығындардың үлесі өспеген болар еді, ал құнсыздану әсері толықтай өтелген тоқтаған болар еді.Үкіметтің энергетика саласындағы стратегиялық құжаттарды әзірлеуге және «басымдылықтарды» жүзеге асыруға деген көзқарасы түбегейлі өзгеруі тиіс.