Мұнай өндіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:28, дипломная работа

Краткое описание

Мұнай-газ өндірісіндегі материалдық шығындар мұнай мен газды өндіру процестері бойынша нормативтердің көмегімен есептеледі.Шикізат пен негізгі материалдар мұнай газ өнеркәсібіндегі қолданылмайды. Материалдық шығындарда меншікті салмаққа қосалқы материалдар мен энергия ие болады.
Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті кәсіпорынның келешек кезеңде күтіліп отырған іс-әрекетінің экономикалық нәтижелерін белгілеуге негізделген.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКО-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мұнайды өндіру іс-шараларын ұйымдастыру
және жоспарлау
1.2 Мұнай кеніштеріндегі қолданыстағы мұнай
өндіру әдістері ШТС, атқыламалану
1.3 Өндірістің тиімділігін энергияны үнемдеуші технологияларды
енгізудің барысында арттыру
2 МҰНАЙ ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК
ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 Мұнай және газ өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің өзіндік
құнын құрылым ерекшеліктері мен шығындарының топтамасы
2.2 Технико-технологиялық шараларды жүзеге асыруға кететін
өндірістік және пайдалану шығындарының ерекшеліктері
2.3 Мұнай өндіру бойынша көмекші бөлімшелерінің шығындарын
талдау
2.4 Мұнайды жинау мен дайындауға кететін шығындардың
ерекшеліктері
2.5 Қабат қысымын ұстап тұру шараларына жұмсалатын
шығындарының ерекшеліктері
3 КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ПАЙДАЛАНУ ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Өндіріс шығындарының азайтылуын жоспарлау және
олардың экономикалық ынталандыруы
3.2 Мұнай өндірісі өсімінің барысында іс-шаралардың тиімділігін
экономикалық бағалау
3.3 Шығындарды азайту барысында шаралардың экономикалық
тиімі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-мұнай-өндіру-өнеркәсіптің-көмірсутек-шикізатын-өндіруге-жұмсалатын-пайдалану-шығындарын-азай.doc

— 1.09 Мб (Скачать файл)

 

Сурет7- ЖІӨ электрсыйымдылығы (РФ қатысты %)

 

Мәселе мынада болып отыр, төмен бағалардың артықшылығы жоғары энергетикалық шығындармен жойылып отыр. Бұл параметр бойынша біз тек Еуропадан ғана емес, сондай-ақ дамушы елдердің арасындағы бәсекелестерімізден де кейін қалып отырмыз.Еуропа электрқуатынан шамамен алғанда 60 миллиард евро үнемдейді.2020 жылға қарсы Еуропа бұрынғыдан да тиімді технологияны пайдаланудың арқасында энергияны тұтыну көлемін 20%-ға азайтуы тиіс. Еурокомиссия әзірлеп жатқан бағдарлама Еуропаның мұнайдан тәуелділігін азайтып және климатты өзгерту жағдайында қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Еуропалық сарапшылардың баға беруіне сәйкес, бағдарлама шеңберінде ЕО-ның отынға жұмсалатын шығындарын азайту жылына шамамен алғанда 60 миллиард евро ($73,12 миллиард) үнемдеуге мүмкіндік береді. Осыған орай еуропалық билік органдары электрқуатын тұтынуды есепке алу және есептесу жүйелерін жетілдіруді қолға алды.

Еуропада енгізіліп  жатқан IBM және STORM жүйелері автоматты  түрде нақты уақыт режимінде  әрбір тұтынушы бойынша электрқуатының шығындары жөніндегі деректерді есепке алып және өңдеуден өткізіп  отыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, FORIS мониторингке жұмсалатын шығындарды азайтады, сондай-ақ қызметтерді тарификациялау мен шоттарды ұсыну кезіндегі қателерді азайтады, сондай-ақ алаяқтық және электрқуатын ұрлау фактілерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. 

Ресейде энергияны үнемдеу сәнге айнала бастады. Еуропада энергияны үнемдеу жөнінде ХХ ғасырдың екінші жартысында ойлана бастаған. Қазіргі уақытта өзін толықтай энергияны тасымалдаушылармен қамтамасыз ете алмайтын Еороодақ тұтынылатын газдың шамамен алғанда тең жартысы мен мұнайдың төрттен бір бөлігін Ресейден экспорттайды. Мұндай жағдай Батыс елдерін Ресеймен энергетикалық сұхбат жасауға мәжбүр етеді. Мұндай сұхбаттың нәтижелерінің бірі Ресейде де энергияны үнемдеу сәнге айнала бастағандығы болды.Газдың ішкі бағалары да өсетін болады. Мұндай жағдайда бізде энергияны үнемдеу ең алдымен құрал-жабдықты жетілдіруден байқалуы тиіс. Электрэнергетика саласында газды тұтынудың мүлде жаңа деңгейін қамтамасыз ететін жаңа станциялар салына бастады.

Энергияны үнемдеу сондай бір елеулі инвестицияларды қажет етпейтін шағын энергетикада тиімді болуы мүмкін. Мұндағы жаңашылдықтар кеңестік орталықтандырылған түрдегі үлестіру жүйесінің кемшіліктерін жеңуге негізделген. Бұл жүйеде энергия орасан зор ауқымдармен өндіріліп жатты, соның арқасында жоғары ПҚК-ға қол жеткізіліп отыратын, алайда оны үлкен қашықтықтарға тасымалдау жоғары мөлшердегі шығындарды тудыратын. Қазіргі кезде жаңа шағынаудандарды салу кезінде құрылысшылар өздерінің энергиямен қамту жүйелерін құруды артық көреді. Энергияны шағын көлемде өндірудің тиімділігі аз болғанымен, оның есесіне тасымалдау кезіндегі шығындардың азаюы ұтысты қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған түрдегі жылытуға қарағанда құралдарды үнемдеу шамемен 35% құрайды. Сонымен қатар желілердің техникалық күйі мен олардың жерасты суларымен басылып қалу дәрежесіне байланысты болатын сыртқы желілердегі жылудың шығындары (15-30%) болмайды. Энергияны үнемдеудің потенциалды әсеріне қарамастан, ТМД елдерінде энергия тиімділігіне жұмсалып жатқан инвестициялар саяси тосқаулыдардың, жеткіліксіз дәрежедегі хабардар болудың және экономикалық стимулдардың тиімсіздігінен онша жоғары болмайтын деңгейде қалып отыр. Жергілікті үкіметте біртіндеп барған сайын көбірек дербестікке ие болып және энергетикалық қызметтер үшін үлкен жауапкершілікте болған сайын, бюджеттік қаражаттардың шектеулі болуы жағдайында тұрғын үй-коммуналды қызметтерді жақсартудың әдістері мен тираждалып жатқан тәжірибелік механизмдері туралы ақпаратқа сұраныс артып жатыр. Энергия тиімділігі жөніндегі муниципалды желі (MUNEE) Орталық және Шығыс Еуропада және ТМД елдерінде энергияның тиімділігін аймақтық деңгейде арттыруға ықпал ететін тұрақты институт болып табылады.

Бұл аймақтағы қалалар энергияның тиімділігін арттырудың қажеттігін сезінгенімен, олардың энергетика мен сумен қамтуға қатысты проблемаларды шешу үшін потенциалы, ресурстары мен стимулдары әркез бола бермейді. Жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде жылыту, қоғамдық жарықтандыру, сумен қамту және ағынды суларды тазарту жүйелерінің энегриялық тиімділігін арттыруды мақсат етіп көздейтін жобаларды тиісті түрде әзірлеп және құрылымдаудың барған сайын артып бара жатқан қажеттігі байқалуда.Бұл жобаның нәтижесінде муниципалитеттердің жылу мен суға қатысты қажеттерді бұрынғысынан да тиімді қанағаттандыруға деген қабілеті муниципалитеттердің тұрғындардың алдындағы жайғасымдарын нығайтып және азаматтардың басқару органдарына деген сенімінің дәрежесін арттырады, сол арқылы анық және демократиялық басқарудың іргетасын құрады.Алғашқыда өзекті проблемаларды тікелей шешу мен энергияны үнемдеу жолымен өндірістік қуаттылықтарға, фабрикалар мен кәсіпорындарға арнап энергияны тұтынудың жылдам да қарапайым әдістерін әзірлеу деген ой орын алатын, бұл бағалардың көтерілуі мен нарықтық құлдырау кезеңдерін бірқалыпты күте тұруға мүмкіндік берген болар еді. Бағадарламаға қатысу үшін өтінімштерді беру фазасы жабылғанымен, әртүрлі кәсіпорындардан 200 ден артық өтініш алынған болатын және жылдың соңңына дейін энергетика саласындағы 75 сарапшы өзінің сол кәсіпорындардағы энергияны үнемдеу жөніндегі қосымша потенциалына баға беру мен анықтау жөніндегі жұмысын жалғастыруда. Жан-жақты энергетикалық баға берумен қатар АҚШ МЭ-ның әрбір сарапшысы кәсіпорынның жүйелерін қарастыру мен алғашқы кезектегі энергиялық тиімді шараларды іздестіруге жарамды қолданыстағы программалық қамтуды зерттеу жөнінде компьютерлік тренинг жүргізеді.Жобаға сәйкес энергияны үнемдеуші шараларды қаржыландыруға арнап бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану ескерілген. Бюджеттік қаражаттар тек бюджеттік ортадағы энергия үнемдеуші шараларды орындауға арнап, ал бюджеттен тыс қаражаттар отын-энергетика кешеніндегі, өнеркәсіптегі, құрылыстағы және көліктегі шараларды қаржыландыруға арнап қатыстырылуы мүмкін деп көзделуде. Оның үстіне, дәстүрлі бюджеттен тыс көздер – несиелер мен лизингімен қатар электр және жылу энергиясына қатысты тарифтерді мемлекет тарапынан реттеудің, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы үнемделген ресурстар мен жылу энергиясын тұтынуды аспаптық есепке алуды ұйымдастырудың арқасында бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану көзделуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 МҰНАЙ ӨНДІРУ  КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРЫН  ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2.1 Мұнай және газ  өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің  өзіндік құнын құрылым ерекшеліктері  мен шығындарының топтамасы

 

Шығындарды жіктемелеу. Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспарды құрастырған кезде сол кәсіпорынның өнімін өндіру мен сатумен қатысты шығындар ғана есептеледі. Шығындардың басқа түрлері (мысалы, өнеркәсіптік емес шаруашылықтарды ұстау, материалдардың жетіспеуі және т.б.) үкімет ескерген шешімдерді санамағанда, өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді. Өнімді өндірумен қатысты болатын шығындар өндірістік болып табылады, ал өнмді сатумен сондай-ақ кейбір орталықтандырылған аударымдармен қатысты болатын шығындар - өндірістен тыс деп аталады. Кәсіпорындарда сондай-ақ өнімнің цехтық, фабрикалық-зауыттық және толық өзіндік құны бөлінеді. Бұл айырмашылық жоспарланып отырған және ескеріліп отырған шығындардың көлеміне байланысты болады.Цехтық өзіндік құн сол өнімді кәсіпорынның цехтарында шығаруға жұмсалатын барлық шығындарды қамтиды.Фабрикалық-зауыттық өзіндік құнға кәсіпорынның өнімді жасауға жұмсайтын оның басынан бастап қоймаға дайын өнімді өткізуге дейінгі барлық шығындар кіреді. Цехтық өзіндік құнмен қатар оған тұтастай кәсіпорынды басқару мен оның жалпы шаруашылығын ұстау жөніндегі шығындар енгізіледі.Толық өзіндік құнға фабрикалық-зауыттық өзіндік құнмен қатар өндірістен тыс шығындар кіреді, ал сол себептен ол тауарлық және сатылатын өнім бойынша ғана есептеледі. Өнімді шығару мен сатуға жұмсалатын шығындар аса сан-алуан болып келеді және өзінің құрамы бойынша, экономикалық мәні бойынша, олардың өнімді жасау мен сатудағы ролі бойынша әртекті болып келеді. Сондықтан олардың анық жіктемесі өзіндік құнды жоспарлау мен есепке алуда, сондай-ақ әсіресе өнімнің өзіндік құнының төмендеу резервтерін анықтау мақсатында оның экономикалық талдауы үшін маңызды мәнге ие болады. Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен есепке алуда шығындар әртүрлі белгілері бойынша топтастырылады.Біртектілік дәрежесі бойынша шығындар элементтік және кешендік деп бөлінеді.Элементтің шығындар – бұл құрамдас бөліктерге бөлінбейтін бастапқы, біртекті шығындар. Кешенді шығындар бірнеше экономикалық элементтерден құралады.

Шығындардың экономикалық элементтер бойынша топтастырылуын тұтастай кәсіпорын бойынша шығындарды жоспарлау мен есепке алуға арнап қолданады. Бұл ретте шығындардың келесідегідей элементтері бөлінеді:

  1. шикізат және негізгі материалдар;
  2. қосалқы материалдар;
  3. сырт жақтан алған отын;
  4. сырт жақтан алған энергия;   
  5. негізгі қорларды амортизациялау;
  6. негізгі және қосымша еңбекақы;
  7. еңбекақыдан әлеуметтік сақтандыруға аударымдар;
  8. басқа ақшалай шығындар.

Шығындардың экономикалық элементтер бойынша топтастырылуын өндіріске жұмсалатын шығындардың  сметасын жасаған кезде де қолданады, онда барлцқ шығындар олардың арналуы мен туындау орнына байланыссыз жекелеген элементтер бойынша біріктіріледі. Мысалы, «қосалқы материалдар» элементі кәсіпорынның негізгі, сондай-ақ қосалқы бөлімшелеріндегі, былайша айтқанда, негізгі өндіру немесе бұрғылау процестерінде, сондай-ақ құрал-жабдықты жөндеу кезінде, буды, суды шығарған кезде және басқа қызметтерді көрсету кезінде жұмсалатын, өндірістік, сондай-ақ шаруашылық және басқа да қажеттерге жұмсалатын шығындарды біріктіреді.

«Отын» және «энергия» элементтерінде сырттан келетін отын мен энергияның өндірістің негізгі технологиялық процестеріндегі, сондай-ақ қосалқы өндірістегі шығыны, сондай-ақ цех ғимараттарын, әкімшіліктік-басқару және мәдени-тұрмыстық панажайларды жылытуға, жарықтандыруға жұмсалатын шығыны көрсетіледі.

«Амортизация» элементі бойынша шығындарға негізгі қорлардың  негізгі технологиялық жабдықтың, сондай-ақ тоғыту ұңғымалары мен құбырлардың, сорғыштардың, резервуарлардың, сондай-ақ цехтық және жалпы шаруалық ғимараттар мен құрылыстардың құнынан алынатын амортизациялық аударымдар жатады.

«Еңбекақы» элементі бойынша жұмысшылардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің, қызметкерлердің, кіші қызмет көрсетуші персоналдың және негізгі, сондай-ақ қосалқы бөлімшелерде, сондай-ақ кәсіпорынды басқаруда жұмыс істейтін, оқушылардың, былайша айтқанда олардың орны мен жұмысының арналуына байланыссыз солардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жоспарланып және ескеріледі.

«Басқа ақшалай шығындарға»  өнеркәсіптік қызметтер мен сырттай  жұмыстардың ақысын төлеуге жұмсалатын шығындар, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, геологиялық-іздестіру және геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалған шығындардың орнын жабуға арналған аударымдар, байланыс қызметтеріне жұмсалатын, іссапарлық және өрлеу шығындары, ведомстволық және ведомстводан тыс күзетке жұмсалатын және басқа да шығындар жатады. Кәсіпорындарға төленген айыппұлдардың сомалары, сндай-ақ материалдық құндылықтарды талан-таражға салу мен табиғи апаттардан болған шығындардың сомалары жоспарланбайды, алайда ескеріледі.Шығындардың экономикалық элементтер бойынша топтастырылуын өнімдер мен қызметтерді өндірудің бүкіл көлеміне жұмсалатын шығындарды ғана емес, сондай-ақ айналымдық қаражаттарды жоспарлау мен нормалау үшін, өзіндік құн жөніндегі жоспарды техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспардың басқа бөлімдерімен сәйкестендіру үшін қолданады. Мысалы, еңбекақыға жұмсалатын шығындардың сомасы еңбек және еңбекақы жөніндегі жоспардың еңбекақы қорымен сәйкестендірілуі тиіс, шикізатқа, материалдарға, отынға жұмсалатын шығындардың сомасы – материалдық-техникалық қамту жоспарымен сәйкестендірілуі тиіс.Алайда, шығындардың элементтері бойынша топтастыруды пайдалана отырып өнімнің бірлігінің өзіндік бағасын анықтау мүмкін емес. Бұл мақсатқа шығындарды олардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру арналған. Шығындардың элементтеріне қарағанда шығындардың калькуляциялық баптары олардың пайда болу орнын, арналуын, өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылу ерекшеліктерін ескерумен қалыптастырылады. Соңғысы әртүрлі өнеркәсіп салаларында, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібі салаларында шығындардың калькуляциялық баптарының атаулығына елеулі түрде әсер етеді. Мысалы ретінде 33-кестеде ұңғымалар құрылысы калькуляциялары мен мұнай мен газ өндірісі калькуляциясының шығындық баптарының атаулығы келтірілген. Осы кестеден көріп отырғанымыздай, ұңғымалар құрылысы калькуляциялары мен мұнай мен газ өндірісі калькуляциясының шығындық баптарының атаулығы елеулі түрде айырмашылықтанады. Бұл ұңғымаларды қазу мен мұнай және газды өндіру техникасы, технологиясы мен ұйымдастырудың айрықша ерекшеліктерімен байланысты болып келеді.

 

Кесте1- Мұнайды бұрғылау мен өндірудегі калькуляциялық шығындардың  атаулығы

 

Ұңғымалардың құрылысы

Мұнай мен газ өндірісі

Ұңғымалардың құрылысына даярлану жұмыстары

Жерүсті құрылыстарын салу және бөлшектеу, жабдықты монтаждау және шешіп алу

Ұңғымаларды бұрғылау:

а) материалдар

б) жұмысшылардың негізгі еңбекақысы

в) бұрғылау жабдығы мен құрал-сайманды пайдалануға жұмсалатын шығындар

г) көліктік шығындар

д) энергетикалық шығындар

е) қосалқы өндірістердің басқа  қызметтері және басқа да шығындар

Ұңғымаларды өнімділікке қатысты  сынақтан өткізу

Кәсіптік-геофизикалық жұмыстар

Үстеме шығындар

Мұнайды алу энергиясына жұмсалған  шығындар

Қатқа жасанды түрде әсер ету  жөніндегі шығындар

Өндірістік қызметкерлердің аударымдармен  қоса алғандағы еңбекақысы

Ұңғымалардың өтелімі

Мұнай мен газды жинау мен  тасымалдау жөніндегі шығындар

Мұнайды технологиялық даярлау  жөніндегі шығындар

Құрал-жабдықты күтіп ұстау мен  пайдалануға, соның ішінде ұңғымаларды жерасты ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығындар

Жалпы шаруашылықтық шығындар

Басқа да өндірістік шығындар, соның  ішінде геологиялық-барлау жұмыстарына  аударымдар

Өндірістен тыс шығындар


 

Сондай-ақ айта кететін нәрсе, еңбекақыға, амортизация мен қызметтердің ақысына төлеуге жұмсалатын шығындарды санамағанда, шығындардың калькуляциялық баптары белгілі бір өндірістік процесті тікелей жүзеге асырумен, немесе өндірісті ұйымдастыру мен басқарумен және өнімді сатумен байланысты болатын бірнеше элементтік шығындарды біріктіретін кешенді баптар болып келеді. Сол себептен және экономикалық элементтер бойынша топтастыруға қарағанда өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасында шығындардың жекелеген элементтері әртүрлі калькуляциялау баптарында орын алуы мүмкін.Егер де мұнай мен газ өндірісі өзіндік құнының калькуляциясына қарасақ, онда «энергияға жұмсалатын шығындар» бабында мұнай ұңғымаларындағы сұйықты көтеруге жұмсалатын энергияға қатысты шығындар ғана жоспарланып және ескерілген. Энергияға жұмсалатын шығындардың қалған бөлігі басқа баптардың құрамына енгізіледі (қатқа жасанды түрде әсер ету жөніндегі шығындар, мұнайды технологиялық даярлау жөніндегі шығындар, мұнай мен газды жинақтау мен тасымалдау жөніндегі шығындар, жалпы шаруашылықтық шығындар және т.б.).МГӨМ-ның өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерінің еңбекақысына қатысты шығындар да әртүрлі калькуляциялау баптары бойынша бөлінеді. «Өндірістік қызметкерлердің еңбекақысы» баюы бойынша мұнай мен газды өндіруге тікелей қатысатын бригалардың құрамына кіретін өндірістік қызметкерлер мен ИТҚ-ның еңбекақысы жоспарланып және ескеріледі. Қаттарды суландыру жүйесін күтімге алатын қызметкерлердің еңбекақысы «қатқа жасанды түрде әсер ету жөніндегі шығындар» бабына, ұңғымаларды жөндеуге даярлау және ұңғымаларды жөндеу бригадаларының еңбекақысы «құрал-жабдықты күтіп ұстау мен пайдалану шығындары» бабына жатады.

Информация о работе Мұнай өндіру