Мұнай өндіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:28, дипломная работа

Краткое описание

Мұнай-газ өндірісіндегі материалдық шығындар мұнай мен газды өндіру процестері бойынша нормативтердің көмегімен есептеледі.Шикізат пен негізгі материалдар мұнай газ өнеркәсібіндегі қолданылмайды. Материалдық шығындарда меншікті салмаққа қосалқы материалдар мен энергия ие болады.
Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті кәсіпорынның келешек кезеңде күтіліп отырған іс-әрекетінің экономикалық нәтижелерін белгілеуге негізделген.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКО-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мұнайды өндіру іс-шараларын ұйымдастыру
және жоспарлау
1.2 Мұнай кеніштеріндегі қолданыстағы мұнай
өндіру әдістері ШТС, атқыламалану
1.3 Өндірістің тиімділігін энергияны үнемдеуші технологияларды
енгізудің барысында арттыру
2 МҰНАЙ ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК
ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 Мұнай және газ өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің өзіндік
құнын құрылым ерекшеліктері мен шығындарының топтамасы
2.2 Технико-технологиялық шараларды жүзеге асыруға кететін
өндірістік және пайдалану шығындарының ерекшеліктері
2.3 Мұнай өндіру бойынша көмекші бөлімшелерінің шығындарын
талдау
2.4 Мұнайды жинау мен дайындауға кететін шығындардың
ерекшеліктері
2.5 Қабат қысымын ұстап тұру шараларына жұмсалатын
шығындарының ерекшеліктері
3 КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ПАЙДАЛАНУ ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Өндіріс шығындарының азайтылуын жоспарлау және
олардың экономикалық ынталандыруы
3.2 Мұнай өндірісі өсімінің барысында іс-шаралардың тиімділігін
экономикалық бағалау
3.3 Шығындарды азайту барысында шаралардың экономикалық
тиімі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-мұнай-өндіру-өнеркәсіптің-көмірсутек-шикізатын-өндіруге-жұмсалатын-пайдалану-шығындарын-азай.doc

— 1.09 Мб (Скачать файл)

Шығындарды олардың арналуы  мен туындау орнын ескеретін  шығындардың баптары бойынша  осындай топтастыру біріншіден, жекелеген  өнім түрлерінің өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді, екіншіден, өндірістің нақты бөлімдері бойынша өнімнің өзіндік құнының деңгейіне әсер ететін факторлардың техникалық-экономикалық талдауын жүргізуге мүмкіндік береді. Осындай талдаудың негізінде өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері анықталады. Жоғарыда қарастырылған шығындарды экономикалық элементтер мен шығындардың калькуляциялық баптары бойынша топтастырумен қатар шығындар басқа белгілер бойынша да жіктемеленеді. Мысалы, жекелеген өнім және жұмыс түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдісіне байланысты шығындар тікелей және жанама деп бөлінеді.Тікелей шығындар ретінде сол өнімнің өндірісімен қатысы бар және тікелей белгісі бойынша тікелей сол өнімге жатқызылатын шығындар түсініледі. Бұл шығындар, әдетте, өнім бірлігіне нормаланады. Мұнайды терең сорғыш әдіспен өндірудегі тікелей шығындарға электрэнергияның және тербелгіш-білдек жетегі немесе тереңдік сорғыштардың қозғалтқыштары жұмсайтын басқа да энергия түрлерінің құны жатады. Пайдаланудың сығымдағыш әдісі кезінде тікелей шығындарға ұңғымаға жұмыстық агент ретінде тоғытылатын қысылған ауаның немесе газдың құны жатады. Соған сәйкес бұл шығындар ұңғымаларды сол не өзге түрдегі әдіспен пайдалану арқылы алынған мұнайдың өзіндік құнына жатқызылады. Тікелей шығындарға газды жинақтау мен тасымалдау жөніндегі және мұнайды айдау мен сақтау жөніндегі шығындар жатады, алғашқылары тікелей мұнай газының өзіндік құнына, екіншілері мұнайдың өзіндік құнына жатқызылады. Бұрғылауда тікелей шығындарға ұңғымаларды бұрғылау кезінде жұмсалатын материалдар мен қосалқы бөлшектердің нормаланатын шығындары, турбобұрғыларды илектеу, цементтің шығыны және т.б. жатады.Жанама шығындарға тұтастай кәсіпорынның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің өндірістік іс-әрекетімен қатысты болатын шығындар жатады. Бірнеше өнім түрлерін шығару кезінде бұл шығындарды сол не өзге түрдегі өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызу мүмкін емес. Сол себептен оларды қабылданған экономикалық тұрғыдан негізделген базаға – негізгі еңбекақының сомасына, өнімнің салмақтық немесе көлемдік санына, тікелей шығындардың құнына және т.б. пропорционал түрде жекелеген өнім түрлерінің арасында үлестіреді. Жанама шығындарға мұнай өндірісіндегі цехтық, жалпы кәсіптік шығындарды, бұрғылау мен геологиялық барлаудағы үстеме шығындарды жатқызуға болады.Шығындардың өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелдігі бойынша олар шартты-тұрақты және шартты –құбылмалы деп бөлінеді.Шартты-тұрақты шығындар өнім өндірісінің көлемі артқан немесе азайған жағдайда өзінің абсолюттік шамасын өзгерпейді немесе шамалы түрде өзгертпейді. Сонымен қатар өнім бірлігіне қатысты бұл шығындар өндіріс көлеміне кері пропорционал түрде өзгеріп отырады. Мұндай шығындарға амортизациялық аударымдар, уақытпен істеп жүрген жұмысшылардың еңбекақысы, цехтық, жалпы кәсіптік, үстеме шығындардың басым бөлігі жатады.Шартты-құбылмалы шығындар сол не өзге шамада өндіріс көлеміне мүлде байланысты болмайды. Әдетте, өндіріс көлемі өзгерген сайын соған сәйкес шикізат пен негізгі материалдардың, технологиялық отын мен энергияның, реагенттердің жұмсалу мөлшері өзгереді. Өзгерудің сипатына қарай шартты-құбылмалы шығындар пропорционалды және пропорционалсыз деп бөлінеді. Пропорционалды құбылмалы шығындарға өздері өнідіріс көлеміне тікелей пропорционалды түрде өзгеріп отыратын, б.а. өнімнің бірлігіне қатысты есептегенде өзгеріссіз қала беретін (шикізат, реагенттер және т.б.) шығындар жатады, пропорционалсыз шығындар прогрессивті және дегрессивті болуы мүмкін.

Прогрессивті шығындар өнімнің  өндірілу көлемінің өсу қарқындарынан  жылдам артып отырады (еңбегі кесімді-сыйақы жүйесі бойынша төленетін жұмысшылардың  еңбекақысы; өнімнің сапасын арттыруға  жұмсалатын шығындар), ал дегрессивтік шығындар одан баяу артып отырады, мысалы, құрал-жабдықты ағымдағы жөндеуге қатысты шығындар өндірістің көлемінің артуына қарағанда баяу өсіп отырады. Шығындардың өндіріс көлемдерімен байланыстарының жоғарыда аталған ерекшеліктері үлкен мәнге ие болады және өнімнің өзіндік құнын болжамдау және талдау кезінде ескерілуі тиіс. Өндірістің көлемі өскен сайын өнім бірлігінің өзіндік құны тұрақты шығындардың абсолюттік бірлігінің өзгермеуінің арқасында төмендеп отырады, ал өнімнің көлемі азайған жағдайда – артып отырады.

Пропорционалды шығындардың есебінен өнімнің өзіндік құны өзгермейді, регрессивтік шығындардың есебінен өнімнің өндірулі көлемі артқан жағдайда тұрақты шығындардың есебінен азаюға қарағанда баяу төмендейді, прогрессивтік шығындардың есебінен – артады.Егер де өзіндік құндағы прогрессивтік шығындардың меншікті салмағы аса елеусіз болып келетіндігін ескерсек, өндіріс көлемінің артуы, әдетте, өнім бірлігінің өзіндік құнының төмендеуіне әкеледі.Технологиялық процеске қатысты болуына қарай шығындар негізгі және үстеме деп бөлінеді. Негізгілеріне өнімді өндірудің технологиялық процестерімен тікелей байланысты болып келетін шығындар жатады (шикізат, технологиялық отын мен энергия, өндірістік бригадалардың еңбекақысы, технологиялық жабдық пен ұңғымалардың амортизациясы, оларды ағымдағы жөндеу және т.б.). Үстеме шығындарға өндіріс процесін ұйымдастырумен, басқарумен және қамсыздандырумен қатысты болатын шығындар жатады (цехтық, жалпы кәсіби шығындар).Сонымен қатар шығындардың олардың пайда болу уақыты мен өнімнің өзіндік құнына жатқызылуымен байланысты болып келетін түрлерін көрсетіп кеткен дұрыс. Бұл ұстаным бойынша олар ағымдағы кезеңдегі, келешек кезеңдегі шығындарға және алдағы уақыттағы шығындарға бөлінеді.

Ағымдағы кезеңнің шығындарына  сол жоспарланып отырған немесе есептік кезеңде өнімді өндірумен және өткізумен қатысты болатын шығындар жатады (соның ішінде сол кезеңдегі өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын келешек кезеңдердің резервтелетін шығындарын қоса алғанда).

Келешек кезеңдердің шығындарына  сол кезеңде туындағанмен, алайда бірқатар себептермен белгіленгенмерзім бойы өнімнің бірлігіне қатысты өтеу нормасына сәйкес бұдан арғы кезеңдердегі өнімнің өзіндік құнына жатқызылуы тиіс болатын шығындар жатады. Бұл, мысалы, өзіндік құнның есебінен шығарылатын жаңа өнім түрлерін игеруге, геологиялық-іздестіру және барлау жұмыстарына жұмсалатын шығындарды өтеуге қатысты аударымдарға жұмсалатын шығындар.Алдағы уақытта көзделіп отырған шығындарға резервілеу арқылы сметалық-қалыпты тәртіппен жоспарлық және есептік кезеңдердің өзіндік құнына енгізілетін шығындар жатады. Оларға еңбек демалыстарының еңбекақысына қатысты шығындар, ауысымдық өндірістердің тұрақты шығындары және т.б. жатады. Ұңғымалардың құрылысына жұмсалатын шығындардың тобы бұрғылау технологиясы мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктерімен байланысты болатын өзіндік ерекшеліктерге ие. Мысалы, ұңғыманың оқпанын үңгілеудің технологиялық процесімен туындалатын шығындар үңгілеудің уақытына байланысты болатын, және үңгілеудің метріне байланысты болатын шығындарға бөлінеді.Уақытқа байланысты болатын шығындарға көлемі ұңғыманы бұрғылау жұмыстарының ұзақтығына тікелей пропорционалды болатын шығындар жатады. Оларға бұрғылау бригадасына еңбекақыны төлеу, бұрғылау жабдығын күтіп ұстау мен амортизациялау, забойлық қозғалтқыштардың илемденуі, көлікке, электрқондырғыларды және жоғары вольтті желіні күтіп ұстауға жұмсалатын және т.б. шығындар жатады. Үңгілеудің метріне байланысты шығындарға көлемі салынатын ұңғымалардың тереңдігіне байланысты болатын шығындар жатады. Бұл қоршағыш құбырларға, цементке, қашауға, бұрғылау құрылғыларын салу мен монтаждауға және т.б. жұмсалатын шығындар.

Өнімнің өзіндік құнының құрылымы және оның ерекшеліктері. Өнімнің өзіндік  құнының құрылымы ретінде жекелеген  шығын түрлерінің өнімнің өндірісіне жұмсалатын шығындардың жалпы жиынындағы пайыздық қатынасы түсініледі. Өнімнің өзіндік құнынының құрылымын зерттеу өнімнің өзіндік құнын азайтудың жолдарын іздестіру ісінде, оны жоспарлауда үлкен мәнге ие. Әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімнің өзіндік құнының құрылымы бірдей болып келмейді (34-кесте).

 

Кесте2−Кейбір салалар бойынша  өнеркәсіптік өнімнің өндірісіне жұмсалатын шығындардың шамамен алынған  құрылымы  (қолданыстағы   бағалармен, өндіріске қатысты шығындардың  жиынына %-пен)

 

 

Шығындардың

элементтері

Бүкіл өнеркәсіп

Соның ішінде салалар бойынша

мұнай өндіру

газ

көмір өндіру

қара металлургия

Химиялық және мұнай химиялық

машина жасау және металл өңд 

жеңіл

Шикізат пен негізгі материалдар

64,2

-

31,0

-

56,4

56,7

57,6

85,3

Қосалқы материалдар

4,5

5,3

5,1

16,1

6,1

6,8

4,1

2,8

Отын

3,8

2,2

1,5

1,1

10,3

1,7

1,3

0,4

Энергия

2,6

9,9

4,0

5,0

4,1

9,0

2,2

0,7

Негізгі қорларды амортизациялау

5,4

36,0

17,0

18,3

7,7

8,1

4,9

1,1

Әлеуметтік сақтандыруға қатысты  аударымдармен қоса алғандағы еңбекақы

15,2

9,8

6,2

48,3

11,2

12,8

24,6

8,9

Басқа да ақшалай шығындар

4,3

36,8

35,2

11,2

4,2

4,9

5,3

0,8


 

Өнімнің өзіндік құнының құрылымын  біле тұрып оны азайтудың негізгі, аса маңызды іздестіру бағыттарын белгілеуге болады, себебі жекелеген шығын түрлерінің азаюының оның жалпы деңгейіне тигізетін әсері әртүрлі болып келеді.Өздерінде шикізаттың өзіндік құнындағы ең жоғары меншікті салмақты шикізат пен материалдар алатын салалар материалды көп қажет ететін салалар болып табылады. Оларға өңдеу салалары жатады – жеңіл өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, химиялық және мұнай химиялық өнеркәсібі. Еңбекақының көмір өнеркәсібі өнімінде алатын үлкен меншікті салмағының салдарынан оны көп еңбекті қажет ететін слаларға жатқызады. Мұнай өндіру өнеркәсібі өнімнің өзіндік құнындағы амортизациялық аударымдардың алатын елеулі меншікті салмағының салдарынан капиталды көп қажет ететін салаларға жатады. Оған мұнай ұңғымаларының жоғары құны мен олардың өтелуінің салыстырмалы түрдегі қысқа мерзімдері, шикізат пен негізгі материал шығындарының жоқтығы тән болып келеді.

 

Кесте3 - Әртүрлі мұнай өндіру өнеркәсібі салаларындағы өнімнің өзіндік  құнның үлгілік құрылымы  келтірілген.

 

Шығындардың элементтері

Геологиялық-барлау жұмыстары

Ұңғымалардың құрылысы

Мұнай мен газды өндіру

Материалдар

21,0

40,9

5,3

Сырттан әкелінген отын

11,0

0,8

2,2

Сырттан әкелінген энергия

4,8

9,9

Әлеуметтік сақтандыруға қатысты  аударымдармен қоса алғандағы еңбекақы

46,0

22,3

9,8

Негізгі қорлардың өтелуі

10,0

12,2

36,0

Басқа да ақшалай шығындар

12,0

19,0

36,8

Жиыны

100,0

100,0

100,0


 

3-кестедегі деректер мұнай өндіру  өнеркәсібі салаларындағы өндіріске  жұмсалатын шығындардың құрылымындағы  айырмашылықтарды көрсетіп отыр, олар өндірістік процестердің айрықша ерекшеліктерімен негізделген. Еңбекті аса көп қажет ететіндеріне геологиялық барлау жұмыстары жатады, ұңғымалардың құрылысы – материалды аса көп қажет ететін салы, мұнай мен газ өндірісі – капитал мен энергияны аса көп қажет ететін сала.3-кестеден көруге болатындай, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындарда еңбекақы мен материалдық-энергетикалық шығындар басым келеді. Еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығындардың жоғары меншікті салмағы геологиялық барлау жұмыстарының еңбекті аса көп мөлшерде қажет етуі мен сондай-ақ өздерінің тұрақты жерінен едәуір қашықтықта орналасқан партиялар мен барлаулардың қызметкерлеріне далалық үлестерінің елеулі сомаларын төлеумен түсіндіріледі. Ұңғымалардың құрылысының өзіндік құнындағы ең жоғары меншікті салмақ материалдық-техникалық құралдардың елеулі шығындарымен байланысты болып келетін материалдық шығндардың үлесіне, және бұрғылау станцияларын салу, ұңғымалардың оқпанын бекіту кезіндегі жұмысшылардың еңбекақсыны төлеуге жұмсалатын шығындардың үлесіне тиюде.Мұнай өндірісінде өндіріске жұмсалатын барлық шығындардың шамамен алғанда 40%-ы мұнай ұңғымалары бағасының жоғары болуына байланысты негізгі қорлардың өтелу үлесіне тиіп отыр. Энергетикалық шығындардың меншікті салмағы бірқатар факторларға байланысты болады, олардың бастысына кенішті үңгілеу сатысы (мұнайды өндіру әдісі) жатады. Жоғарыда біз өнімнің шығындардың экономикалық элементтерінің қимасындағы өзіндік құнының құрылымын қарастырып кеттік. Өзіндік құнның құрылымын шығындардың калькуляциялық баптары бойынша зерттеу маңызды болып табылады.Шығындардың баптарына қатысты құрылымның шығындардың элементтеріне қатысты құрылымға қарағандағы айырмашылығы калькуляциялық шығындардың көптеген баптарының кешенді сипатымен түсіндіріледі, сол себептен экономикалық элементтерге қатысты шығындар шығындардың осындай кешенді баптары бойынша үлестіріледі.Алайда меншікті салмақтардың абсолютті түрде айырмашылықтануына қарамастан, мұнай өнеркәсібінің жоғарыда келтірілген ішкі салалары бойынша өзіндік құн құрылымының ерекшеліктері сақталуда. Өзіндік құнның құрылымын шығындардың баптары қимасында қарастырған кезде геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құнындағы еңбекақының меншікті салмағы сол сияқты жоғары болып келеді (36,8%), ұңғымалар құрылысының өзіндік құнындағы материалдар шығынының меншікті салмағы аса жоғары болып келеді (жалпы жиынның 21%-ы).Мұнай өндірісінің өзіндік құнында ең жоғары меншікті салмаққа сол сияқты ұңғымалардың өтелуі, қатқа жасанды түрде әсер ету жөніндегі шығындар ие болуда, олардың жартысын электрқуатын шығындау құрайды.

Мұнай мен газ өндірісінің өзіндік  құнының құрылымына шартты-тұрақты  шығындардың жоғары меншікті салмағы  тән болып келеді (шамамен 50%). Осыдан мұнай мен газ өндірісі өзіндік  құнының деңгейін белгілейтін шешуші факторлардың біріне ұңғымалардың өнімділігі жатады деген қорытынды жасауға болады. Соңғысы өз кезегінде қабылданған ұңғылау жүйесіне, өнімді қаттардың геологиялық-физикалық параметрлеріне, мұнай мен газ өндірісінің техникасы мен оны ұйымдастыруға, кеніштерді ұңғылау сатысына байланысты болады. Бұл факторлар мұна мен газ өндірісі өзіндік құнының деңгейіне ғана емес, сондай-ақ оның құрылымына да әсер етеді. Мысалы, мұнайды механикаландырылған түрде өндіру үлесінің артуы қаттық қысымның төмендеуіне байланысты энергетикалық шығындардың, ағымдағы жөндеуге жұмсалатын және басқа да шығындардың өсуін тудырады. Кенішті ұңғылаудың бұрынғысынан кейінгі кезеңіне кірісу және сонымен байланысты ұңғымалардың өнімінің сулану деңгейінің артуы мұнайды технологиялық әзірлеуге, қатқа жасанды түрде әсер етуге, сұйықты айдауға және т.б. жұмсалатын шығындардың көбеюін тудырады. Мысалы, соңғы ұңғылау сатысына түскен және бүріккіш ұңғымалары жоқ кеніштерді пайдаланатын Туймазамұнай МГӨМ-да энергетикалық шығындар 10%-дан асады, қатық қысымды ұстауға жұмсалатын шығындар 20%-ды құрайды, эмульсиязыдандыруға қатысты шығындар 11%-ға жетеді. Бұл сандар сала бойынша орташа көрсеткіштерді едәуір мөлшерде асып түседі.

 

Кесте 4 - Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша өнімнің өзіндік құнының құрылымы (жиынына қатысты %-пен)

 

Ұңғымалардың құрылысы

(пайдаланушылық ұңғылау)

 

%

Мұнайды өндіру

 

%

Шығындардың баптары 

Шығындардың баптары


 

 

4- кесте жалғасы

 

Әзірлену жұмыстары

5,1

Мұнайды алуға арналған қуатқа жұмсалған шығындар

6,4

Құрал-жабдықты монтаждау-шешіп алу

7,6

Қатқа жасанды түрде әсер етуге  қатысты шығындар

13,7

Ұңғымаларды бұрғылау, барлығы

67,3

Өндірістік қызметкерлердің аударымдармен  қоса алғандағы негізгі және қосымша  еңбекақысы

1,6

Соның ішінде:

а) материалдар

соның ішіндегі қоршағыш құбырлар

20,8

10,7

Ұңғымалардың өтелімі

21,7

б) негізгі еңбекақы

4,6

Мұнай мен газды жинау мен  тасымалдауға қатысты шығындар

7,6

в) бұрғылау жабдығы мен құрал-сайманды пайдалануға қатысты шығындар

олардың ішінде бұрғылау жабдығының өтелуі

20,6

 

7,4

Мұнайды технологиялық әзірлеуге  қатысты шығындар

6,9

г) көліктік шығындар

9,2

Құрал-жабдықты күтіп ұстау мен  пайдалану жөніндегі шығындар

16,9

д) энергетикалық шығындар

7,3

Соның ішінде ұңғымаларды жерасты  ағымдағы жөндеуге қатысты шығындар

 

5,6

е) қосалқы өндірістердің қызметтері

4,8

Жалпы өндірістік шығындар

13,2

Ұңғымаларды өнімділікке қатысты  сынау

4,2

Басқа да өндірістік шығындар

11,3

Геофизикалық жұмыстар

3,9

Соның ішінде геологиялық барлау жұмыстарына  аударымдар

10,0

Үстеме шығындар

11,9

Өндірістен тыс шығындар

0,7

Жиыны

100,0

Жиыны

100,0

Информация о работе Мұнай өндіру