Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2012 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен табыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әр түрлі аттарға ие. Мысалы: Пайда мен залал туралы есеп беру; Пайда туралы есеп беру; Операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пайдаланушыларына, яғни салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалмау тәуекелдігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп берудің негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
1-тарау Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері........................................................................................................
1.1. Пайда мен залалдарды есепке алудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.
1.2. Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы және құрудың әдістемелік негіздері
1.3. Пайда мен залал туралы есеп беруідің нормативтік құқықтық реттелуі
2-тарау ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының қаржылық есептілікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
2.1. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері.
2.2. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының табыс, шығын есебі мен растау.
2.3. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының пайда мен залал туралы есеп беруінің қаржылық есептіліктегі орны.
3-тарау Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау мен оны жетілдіру жолдары.
3.1. Кәсіпорындағы пайда мен залал туралы есеп беруді талдау.
3.2. ХҚЕС-ке сәйкес пайда мен залалдар туралы есептілікті жетілдіру жолдары

Вложенные файлы: 1 файл

Пайда мен залал туралы есеп беруі мазмұны, құрылымы және талдау.doc

— 479.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

Кассаға  ақшаны қабылдау.

Кассаға  ақша  енгізген  тұлғаға бас  бухгалтер  және  кассирмен қол  қойылған  ақшаны  қабылдау  туралы квитанция  беріледі. Кассадан  беруді  жетекші  және  бас  бухгалтермен  қол  қойылған  шығыс  кассалық  ордерлерді немесе  орынды  құрастырылған  төлем  ведомстволары, беруге  өтініш, шоттар  және  басқа  құжаттармен  дайындайды.  Жеке  тұлғаға  шығыс  кассалық  ордер  бойынша  ақша беру кезіңде  фирманың   кассирі  ордерде  реквизитті  көрсету  үшін  алушыдан  паспорт  немесе  жеке куәлікті  көрсетуін  талап етеді.

Алушы алынған сома теңгені – жазумен, тиынды – цифрмен көрсетеді  және  қол  қояды. Кассалық  ордерде  тазартулар, түзетулер  жіберілмейді.

Көшірілген  кассалық  ордерлер  немесе  оларды  алмастырылатын  құжаттар  кіріс  және  шығыс  кассалық  құжаттарды  тіркеу  журналында  тіркеледі. Кассалық  ордер  бойынша  ақшаны  қабылдау  және  беру  тек оларды  дайындау  күнінде  ғана жасалынады. Кассалық  операциялар есебін  кассир  нөмірленген және мөр қойылған  кассалық  кітапта  жүргізеді.

Серіктестікте  ақша  қаражаты  келесі  мақсатта  қолданылады: тауарларды  сатып  алу, жұмыс  және  қызмет  көрсету, бюджетті  орындау және  міндеттемелермен  есеп  айырысу.

Еңбекақы есебі. Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілген сыйақы деп түсінеміз.

Еңбекақы төледің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігмен шектелетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында шаруашылық  қызметтерді  орындауға  байланысты  келесідей  топтарға  бөлінеді:

1.                  Жетекші  жұмыскерлер;

2.                  Мамандар;

3.                  Қызметкерлерге  жататын  басқа  жұмыскерлер.

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында жұмыскерлердің   категориясына,  разрядына   қарай, олардың   саны,  мамандырылған  және  білікті деңгейіне  сәйкес  штаттық  кестені  өздері құрайды.  Штаттық  кестені  фирманың директоры  бекітеді. Жұмыс  уақытын  қолдану  есебі  жұмысқа  келу  және  келмеуді  өңкей  тіркеу  әдісі  табелінде  жүзеге  асырылады.

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында жұмыскерлер  еңбекақы  есебі  3350 «Еңбек  ақы  бойынша  қысқа  мерзімді  берешек»   шотында   жүргізіледі.

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында  жұмыскерлер  еңбекақысын  төлеу  жеке  құнына  жұмыс және қызметті қоспайтын шығындарды құру бөлігінде бухгалтерлік  есеп шотының №2 «Тауар» әдістемелік ұсынысына  сәйкес жасаклынады және  жалпы әкімшілік шығындарға жатады.

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында өз  бетінше  жалақының  жалпы  қорын  бөледі, жұмыскерлердің  жалпы  санын,  олардың  мамандырылған  және  білікті   құрамын анықтайды. ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында іс-әрекет ететін заңдылық және   шаруашылық қызмет нәтижесіне сәйкес төлем формасы, жүйесі және еңбекті  реттеу, жұмыскерлерге қосымша төлеуді бекітеді.

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында  еңбек келісімшарты негізінде олардың біліктілігіне сәйкес қызметкерлердің еңбек төлемінің уақытылы формасы қолданылады.

Еңбек ақы есептеудің негізгі тәртібіне келетін болсақ, мұнда бухгалтер еңбек ақыны «Табель учета р              абочего времени» мен «штатное расписание»   құжаттары негізінде есептейді.

Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

-         мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;

-         еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімінен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім‑шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақытттар үшін төлемдер жатады:

-         демалыс уақыттарына ақы төлеу;

-         мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;

-         кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

-         жасөспірімдегі белгіленген жеңілдек сағаттарға ақы төлеу.

Еңбекақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының табысы белгілі разрядтағы жұмысшының сағаттық тарифтік ставкасының сағаттағы пайдаланылған уақыт мөлшеріне көбейтілуі арқылы есептеледі. Мысалы:

 

Қызметкерлермен есеп‑айырысу касса арқылы жүзеге асады. Компанияның еңбек ақысы бойынша 2007 жылы 5.073.670. теңгені құрады. Банктегі және басқа да міндеттемелер  есебі. ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясының міндеттемелері кәсіпорынмен әр түрлі келісімдерді жасау нәтижесінде пайда болады жэне тауарларға келесідей төлемдер, орындалған жұмыстар жэне үсынылған қызметтер үшін заңдылық негіз болып табылады. Міндеттеме олар бойынша қарыз туындаған кезде ғана есепте тіркеледі. Міндеттемелер жеткізуге қажетті тауар және қызмет қүны, қарызды төлеуге немесе нарық жағдайы үшін қажетті ақша сомасымен бағаланады.

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында  кысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер бар, халықаралық есеп шоттары негізінде 3 және 4 бөлім шоттарында жүргізіледі. Қысқа мерзімді міндеттемелер өзіне қандай да бір ұзақтылығы болғанмен жыл немесе шаруашылық цикл кезінде күтілетін қарыздар, өтеуді қосады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер-келесі жылы немесе карапайым шаруашылык цикл кезінде өтеуге жоспарланбаған кредиторлық қарыз. ЖАҚ‑ның ағымды міндеттемелер қүрамында:

- Нақты міндеттемелер, келісімшарт, контрактпен немесе заңдылық негізде туындайды. Олар дүрыс есептелуі мүмкін. Нақты міндеттемелер өзіне есепшот, вексель, төлемге дивиденд, үзақ мерзімді міндеттемелердің ағымды бөлігі, есептелген жалақыны, сондай-ақ сатып алушыдан алынған аванс есепшотына компания қоюы керек тауарлар мен қызметтерге қарыздарды қосады;

- Бағалау міндеттемелері-анықталған мерзім түскенше дейін анықталуы мүмкін емес нақты сомасының міндеттемелері (корпоративтік табыс салығы және демалыстан тыс төлемдер);

- Шартты міндеттемелер -алдыңғы келісімнен туындаған болашақ жағдайға тәуелді жүзеге асырылмайтын, потенциалдық міндеттемелер. ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясын есептесудің вексельдік формасын қолдануы мүмкін.

Мақсатты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке  тұлғалардан, ірі компаниялардан алынған  қарыздарды ұйымда кіріске алады. Алынған міндеттемелердің дарлығы алынған күнгі ағымдағы бағасымен кіріске алынады. Міндеттемелердің пайызын есептеу жай пайыздық есептеу арқылы есептеледі. Берешектерді жабу мерзімі 5 жыл.

Қоюшылар мен мердігерлерден алынған тауарлы‑материалды құндылықтар және айналыстан тыс активтер, қабылданған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін ұйымның берешек қарыздары.

Компанияның салық төлеуші ретінде тіркелу номері 620200001533. Сонымен қатар компания қосымша құн салығын төлеуші ретінде де тіркелген сериясы 62305 №0000363 25.01.02ж.  ҚҚС есепке жатқызу тәсілі бөлшектік;Салық комитетіне декларация тапсыру мерзімі тоқсандық бплып табылады.

Меншікті капитал есебі. Меншікті капитал‑ ол шаруашылық жүргізуші субъектінің міндеттмелері шегерілген активтер.

Меншікті капиталдың ерекшелігі‑ ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар жоғы білінбейді.

30 «Қаржылық беруді ұсыну» БЕСөде меншікті капиталға мыналар жатады: жар,ылық, резервтік қосымша төленген жіне қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс  жатады. Меншіктік капитал компанияға  акциялар мен дивиденттік пайда алу мақсатында қатысушылардың салған инвестициялары. Оның жарғылық капиталы 120 (жүз жиырма мың) теңге, ол 1200 ( бір мың екі жүз) дана акцияларға бөлінген, оның номиналдық құны 100 (жүз) теңге.Меншікті капитал көзіне меншік иелернің өзінің салған қаражаттары, бөлінген таза  пайда  және компанияда жылдар бойы жинақталған меншікті қаражат көздері жатады. Меншікті капитал есебі 5010 «Меншікті капитал» шотында жүреді. Ол шот бойынша компанияда мынадай өткізбелер жасалады:

Дт 5020 Төленбеген капитал

      Кт  6160 Қаржыландырудан түскен табыстар

«Акционерлік қоғам туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті түрде резервтік капитал құралған. Ол жарғылық капиталдың 15%‑нан кем болмауы тиіс. Компанияда ол 18000 (он сегіз мың) теңгені құрайды.

ЖАҚ «Халық Заман TRANS GROUP» көлік компаниясы негізгі құралдар есебі «Негізгі құралдар есебі»   бухгалтерлік есепшотына  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Компанияның негізгі  құралдарына: Hiunday Caunty  микроавтобустары  жатады.

Жалпы  ережеге  байланысты  негізгі  құралдар  бастапқы  құнымен    бухгалтерлік  есептеліп   алынады. Компанияда тәуелсіз   бағалаушылардың   есеп  беру  негізінде  негізгі  құралдарды  қайта  бағалау  құнымен  немесе  келісім-шарттан  алынған  сатып  алу  құнымен  көрініс  табады.

Негізгі  құралдардың  келіп  түсуі. Негізгі  құралдардың  алғашқы  құны  өзіндік құн болып табылады, сатып алу бағасын  қоса  (ұсынылған  жеңілдіктер, импорттық  баж  және  қайтарылмайтын  салық)  және т.б  шығындар.

Негізгі  құралдар  келіп  түскен  кезде  жабдықтаушылар  счет- фактура  құжатын  ұсыну  керек. Компанияның  бухгалтері  қызмет  және  тауарлардың  келіп  түсуі  құжаты  толтырылады,  бұл  құжатта  тауар  кімнен, кімге  және  тауардың  аты, саны  соммасы  көрсетілуі  тиіс  және  материалды  жауапты  тұлғалардың  қолы  болуы  тиіс.

Негізгі құралдары амортизациясын есептен шығару бірқалыпты есептен шығару тәсілін қолданады. Негізгі  құралды  сатып  алғанынан  кейін  эксплутацияға  жібереді, экспу жіберу құжаты толтырылады, бұл  құжатта  тауар  кімнен, кімге жіберілгені,  тауардың  аты, саны  соммасы  көрсетіледі  және  материалды  жауапты  тұлғалардың  қолы  болу керек.

              Негізгі құралдардың есептен  шығару  тәртібі.Физикалық  немесе  моральдық  негізінде  толық  тозған, қызмет ету  мерзімі өткен кезде, сонымен  қатар табиғи  апат  нәтижесінде  және  оларды  қайта қалпына келмейтін  негізгі  құралдар  компанияның балансынан есептен шығарылады. Компания өз балансынан  негізгі  құралдарды келесі  жағдайда  есептен  шығара  алады:

- қызмет  ету  мерзімі  өткен  кезде;

- жарамсыз  болған  жағдайда;

- табиғи  апат  болған кезде;

- айырбастау  немесе  сату;

- жалға  беру;

- сыйлық  ретінде  беру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.«Пайда мен залалдар» есептілігіндегі табыс, шығын есебі мен растау  қағидалары

 

Табыс - компанияның әдеттегі қызметі барысында, осындай ағын акционерлердің жарналары есебінен болатыннан өзге капиталдың ұлғаюына әкеліп соқтырғанда туындайтын кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны.

Компанияның негізгі табыс көзі: Астана қаласындағы №100,122 бағдарлар бойынша жолаушылар тасымалдау, мемлекеттік дотация. Осы табыс көзінен келіп түскен ақша қаражаттары 2007 жылы 4.988.210 теңгені құрады.

Әділ құн - жақсы хабардар, осындай мәмілені жасауды қалаған және бір-бірінен тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасағанда активке ауыстыруға болатын немесе міндеттемені реттеуге болатын сома. [6]

Компанияда табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.

              Қаржылық есептілік көрсеткіштерін ұйымдастырған кезінде іс-әрекет

нәтижесінде алынуға тиіс табыстарды растау мен бағалау басты сұрақтардың бірі болып табылады.

              Компанияда түсуі күтілген  қаржылық ресурстар ағымын көрсетіп, болашақ экономикалық пайданың ұлғаюына әкелетін міндеттемелердің кемуі немесе активтердің ұлғаюы жағдайында табыстар расталады.

              Компанияның негізгі іс‑әрекеті қызмет көрсету болып табылғандықтан, оны растау критерийлері келесідей болып табылады.

              Қызмет көрсетуді қарастыратын операцияның нәтижесі есептік мерзімге аяқталу дәрежесін анықтағаннан кейін  осы операциямен байланысты бағасы расталады.  Операцияның нәтижесі төмендегі жағдайларда сенімді түрде растала алады:

-         табыс сомасы сенімді бағалана алатын болса;

-         кәсіпорын операциямен байланысты экономикалық пайданы алуының мүмкіндігі жоғары;

-         есепті мерзімге операцияның аяқталу кезеңі  сенімді түрде бағалана алатын болса;

-         операцияны іске асыру мен аяқтауға кететін шығындар нақты бағаланатын болса.

              Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында заңды формаға қарағанда экономикалық мазмұны бойынша приоритет қағидасы болғандықтан табысты растау шарттарын қарастырғанымыз жөн. Бұл приоритет бойынша операциялардың іске асқан шарттарын көрсететін экономикалық мазмұны анықталуы тиіс.

Түсімді растаудың бірінші критериі – кәсіпорын операциямен байланысты экономикалық пайданы алуының мүмкіндігі жоғары. Бұл дегеніміз табыс пен шығысты сәйкестендіру принципіне сәйкес,бір операциямен немесе келісім‑шарттпен байланысты табыс пен шығын біруақытта расталады.

Информация о работе Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері