Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2012 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен табыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әр түрлі аттарға ие. Мысалы: Пайда мен залал туралы есеп беру; Пайда туралы есеп беру; Операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пайдаланушыларына, яғни салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалмау тәуекелдігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп берудің негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
1-тарау Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері........................................................................................................
1.1. Пайда мен залалдарды есепке алудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.
1.2. Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы және құрудың әдістемелік негіздері
1.3. Пайда мен залал туралы есеп беруідің нормативтік құқықтық реттелуі
2-тарау ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының қаржылық есептілікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
2.1. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері.
2.2. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының табыс, шығын есебі мен растау.
2.3. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының пайда мен залал туралы есеп беруінің қаржылық есептіліктегі орны.
3-тарау Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау мен оны жетілдіру жолдары.
3.1. Кәсіпорындағы пайда мен залал туралы есеп беруді талдау.
3.2. ХҚЕС-ке сәйкес пайда мен залалдар туралы есептілікті жетілдіру жолдары

Вложенные файлы: 1 файл

Пайда мен залал туралы есеп беруі мазмұны, құрылымы және талдау.doc

— 479.50 Кб (Скачать файл)

              Табыстарды растаудың екінші критериі‑қызмет көрсету операциясының нәтижесі сенімді түрде бағаланған болса, есепті күнге операцияның аяқталу мерзіміні анықтау арқылы операцияның табысы мойындалады. Келесідей талаптар орындалған жағдайда операция нәтижесі сенімді түрде бағаланады:

сурет-1

Табысты растау қағидалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есепті кезеңде орындалған операция бойынша табыс пен шығынды көрсету, компанияның қаржылық нәтижелеріне осы операциялардың қай кезеңде әсер етуін мойындау арқылы жүзеге асады.

              18 ХҚЕС сәйкес  табыстарды құрастыру процесінде операциялар бойынша келесі ақпараттық ағымдарды топтастырылады:

 

-         төлем қызметті көрсеткен кезде  жүргізілді;

-         төлем қызметті көрсетуге дейін   жүргізілді;

-         төлем тауарды өткізу  және қызметті көрсетуден кейінгі мерзімде   жүргізілді;

Бухгалтерлік есепте осы есептік мерзімде ақша қаражаттарының қозғалысы және нақты түсімдер жайлы ақпаратты дұрыс көрсету қажет. Компанияның активіндегі өзгерістер мен өткізуден түскен табыстарды растауды төмендегі сызбамен көрсетуге болады:

 

сурет-2

Компания активтер құрмының өзгеруі және тауарларды (жұмыстар, қызметтер) өтікізуден түскен табыстарды мойындау.

 

 

             

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұндай операциялар компанияның бухгалтерлік есебінде келесідей шот арқылы көрсетіледі:  1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты

Дебет 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты

          Кредет 6010 «Тауарларды (қызметтерді) өткізуден түскен табыс» шоты

Келесідей ақпараттық ағын компанияға ақша қаражаттары қызмет  көрсетуден бұрын түсіп, бірақ қызмет көрсету орындалмаған жағдаймен байланысты. Мысалы: «Халық Заман» компаниясы «Голубой парус» бала‑бақшасына қызметк көрсету жөнінде келісім‑шартқа тұрады. Бірақ автобустың техникалық ақаулықтарға ұшырағандықтан, компания қызмет көрсете алмады.

Бұл жағдайдағы ақша қаражаттары туралы ақпараттық ағын тауар (қызмет) көрсетудің нәтижесімен сәйкес емес. Осы операцияның қаржылық нәтижелерге ықпалын келесідей схемада көрсетуге болады:

сурет-3

Компания активтер, міндеттемелер құрамының өзгеруі және тауарларды (жұмыстар, қызметтер) өтікізуден түскен табыстарды мойындау.

            

                                                                                

 

 

 

                                                                                                      

 

              

                                                                                                 

 

 

 

                                                                                                     

 

                                                         

 

 

 

Компанияның бухгалтерлік есебінде келесідей шот пайдаланылады: 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шоты

Дебет 1030 «Ағымдағы есеп шоттағы теңгемен ақша қаражаттары» шоты

            Кредет 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шоты

Қызмет көрсетуден түскен табыс есепті кезеңнің қаржылық нәтижелеріне қызмет көрсету нақты орындалғанда қосылады:

Дебет 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шоты

             Кредет 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар»

Ақпарат ағымының үшінші түрі қызмет көрсетілген, бірақ ақша қаражаттары әлі түспеген жағдаймен байланысты. Мысалы: «Халық Заман» компаниясы Қаржы министрілігімен келісім‑шартқа отырған. Онда «Халық Заман» Қаржы министрілігіне қызметкерлерді тасымалдау қызметін атқаруға, соған байланысты төлемдер қызмет орындалғаннан кейін келіп түсүіне келісті. Осы операцияның қаржылық нәтижелерге ықпалын келесідей схемада көрсетуге болады:

 

сурет-4

Компания активтер, міндеттемелер құрамының өзгеруі және тауарларды (жұмыстар, қызметтер) өтікізуден түскен табыстарды мойындау.

 

                                                                

 

 

                                                                 

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компанияның бухгалтерлік есебінде операцияның мұндай түрі келесідей шот арқылы көрсетіледі: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқы мерзімдік берешегі» шоты

  Дебет 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімдік                                         

                           берешегі» шоты

            Кредет 6010 «Дайын өнімді (тауарды, қызмет көрсетуді) өткізуден

                                    түскен табыс» шоты

              Сайып келгенде қызмет көрсетуден, жұмыс атқарудан түскен түсім қызметті  көрсеткен немесе жұмысты атқарған кезден бастап ақша қаражаттарының ағымына байланыссыз кәсіпорынның есептік мерзімінің табысына кіргізіліп, компанияның «Пайда мен залалдар» есептілігіне енгізіледі.

Компанияда табыстардың есебі субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржы шарушылық қызметі есептерінің бас шоттар жоспарындағы алтыншы "Табыс" -деп аталатын бөлімнің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары    тауарларды    және    басқадай    активтерді    сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл соңында (аяғында) бұл бөлімнің шоттары бесінші "Капитал және резервтер" бөліміңдегі 5410-"есептік мерзім пайдасы (зиян)" шотына апарылып жабылады. [7]

              Компаияда кез‑келген қызмет көрсету шығындармен байланысты. Шығындар - активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуынан пайда болады. Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік қүны жатады. Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Кәсіпорынның шығындары бас шоттар тізбесінің жетінші «Шығындар» бөлімінде есептеледі.

Компанияда 1ҰҚЕС сәйкес шығынтар мыналарды қамтиды:

1) көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;

2) ағымдағы шығындар;

3)әкімшілік шығындар;

4) қаржыландыруға арналған шығындар;

5) Салық төлемдері бойынша шығындар;

6) өзге де шығыстар.

        Компанияның  көрсетілген қызметінің өзіндік құнына келесідей шығындар кіреді: Дополнить

Көрсетілген қызметтің өзіндік құны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте

 

№ п/п

Статьи расходов

Норма

 

Примечание

1

Жанар-жағар май  (Топливо  Зт)

74424960

 

 

2

Сүйық материалдар (Смазочные материалы Зсм)

74425

 

 

3

Автобустардың ремонты мен техникалық қызмет көрсету (Ремонт и технгическое обслуживание автобусов Зрт)

38064000

 

 

4

Автошиналарды ауыстыру мен ремонты (Замена и ремонт автошин Зш)

2852956,8

 

 

5

Автобустар амортизациясы (Амортизация автобусов За)

22838400

 

 

6

Жүргізушілер мен кондукторлардың еңбек-ақысы (Заработная плата водителей и кондукторов Ззп)

57283200

 

 

7

Үстеме шығындар (Накладные расходы Зн)

39107588

 

 

 

Шығындардың жалпы сомасы  (Общая сумма затрат З i)

234645530

 

 

             

 

Әкімшілік шығындарға өндірістік процеске байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары жатқызылады.

Қаржыландыруға арналған шығындар мыналарды қамтиды:

1) сыйақылар бойынша шығыстар;

2) қаржылық жалдау жөнінде пайыздар төлеуге арналған шығыстар;

3) қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар.

 

Салық бойынша шығындарға Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес төленетін міндетті төлемдер жатады.

Өзге шығындарға қарапайым қызмет процесінен тәуелді болмай туындайтын өзге өндірістік шығыстар жатқызылады. Оларға мыналар жатқызылады:

1) активтерді істен шығару жөніндегі шығыстар,

2) бағамдық айырма жөніндегі шығыстар;

3) резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару жөніндегі шығыстар;

4) операциялық жалдау жөніндегі шығыстар және басқалар.

Дополнить

Шығындарды есепке алу мен тану есептік кезеңдерге бөлінеді.

Шығындар егер сенімді өлшенуі мүмкін активті азайтуға немесе міндеттемелерді арттыруға байланысты болашақ экономикалық пайданы азайту болса, пайда және залал туралы есепте танылады.

Егер шығындар болашақ экономикалық пайда түсірмесе немесе болшақ экономикалық пайда баланста актив ретінде тануға құқық алмаса немесе жоғалтса, пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады.

Шығын сондай-ақ өнімге кепілдік жөнінде міндеттемелер туындаған жағдайдағыдай активті танымай міндеттеме туындағанда пайда мен шығындар туралы есептен танылады.

Шығындар есебі мен оларды растау есептік мерзім бойынша бөлектенеді. Шығарылған шығыстар бойынша операциялар ағымдағы есептік мерзімде растау кезінде келесі түрлерге бөлінеді:

-          ағымдағы есептік мерзімде міндеттемелерді есептеу әдісі бойынша расталған, бірақ әлі де төленбеген шығындар;

-          болашақ кезең шығындарына жататын шығындар бойынша төленген аванстық сомалар;

-          келешектегі шығындар резервін есептеу арқылы ағымдық есептік мерзімде шығындарды растаумен байланысты операция;

-          бір мезгілде төлем жүргізілген кәсіпорынның шығындары бойынша операциялары;

Операцияның бірінші түрі бойынша компанияның есептелген шығындардың есептік кезеңнің қаржылық нәтижелеріне тигізетін әсерін келесідей түрде көрсетуге болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сурет-5

Компания активтер, міндеттемелер құрамының өзгеруі және есептік кезеңнің шығындарын мойындау.

 

                                                                

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Компанияда операцияның бұл түрінде келесідей шоттар пайдаланылады: 7110 «Өнімдерді және көрсетілген қызметтерді сатудың шығындары» шоты;  1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты; Кредет Міндеттемелерді есепке алу шоттары.

Операцияның екінші түрі компанияның шығындарын есепке алу бойынша алдын‑ала төлем жүргізілген жағдаймен байланысты. Мысалы: Компания 2007ж қаңтар айында сол жылдың ақпан және наурық айлары үшін жал төлемі жүргізіліп қойған еді. Бірақ бұл төлем қаңтар айның  шығындар құрамына жатқызылмайды, ол шығындар сәйкесінше ақпан және наурыз айларында мойындалады. Сәйкесінше 2007 жылдың қаңтар айында мынадай бухгалетрияда мынадай өткізбе берілген:

Дебет 1620 «Алдағы кезең шығындары»

        Кредет 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»

2007жылдың ақпан, наурыз айларында мынадай өткізбе берілген:

Дебет 7010 «Сатылған өнімнің көрсетілген қызметтің өзіндік құны»

            Кредет 1620 «Алдағы кезең шығындары»

сурет-6

Компания активтер, міндеттемелер құрамының өзгеруі және есептік кезеңнің шығындарын мойындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. ЖАҚ « Халық Заман  TRANS GROUP» көлік компаниясының пайда мен залал туралы есеп беруі қаржылық есептегі ерекшелігі.

 

              Есептілік – бухгалтерлік есеп әдісінің қорытынды элементі.  Есептілік барлық ағымдағы есептің негізінде құралады:

      бухгалтерлік;

      статистикалық;

      оперативті.

 

              Есептілік көлемдік және сапалық сипаттамаларды, құндық көрсеткіштерді қамтиды. Бухгалтерлік есеп элементтерін өзара тығыз байланысқан және есептілік мерзіміндегі кәсіпорынның шарттары мен нәтижесін сипаттайтын бір бүтін ретінде қарастыруға болады. Бухгалтерлік есептіліктегі мәліметтер бір шаруашылық көрсеткіштерді әр түрлі жақтарынан қарастырып комплекстілігімен ерекшеленеді.

Информация о работе Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері