Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:49, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттер жүзеге асырылды:
кәсіпкерліктің теориялық-әдістемелік негізіхн талдау.
Орта және шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауға баға беру.
Қазақстан Республикасындағы орта және шағын кәсіпкерліктің қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1-Тарау.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тұжырымдамасының теориялық негіздері
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориясы...........................6
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі мен қажеттілігі..................................................................................................................12
2-Тарау. Қазіргі кездегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
21. Қ. Р. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қазіргі жағдайына әлеуметтік талдау (соңғы бес жыл 2003-2007 жж. немесе 2002-2006 жж.).........22
2.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс шараларының барысына әлеуметтік талдау жасау........................................................................30
3-Тарау.Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау тұжырымдамасын аймақтарда жүзеге асыру механизмі
3.1. ОҚО шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы жылдармен салыстырғандағы мемлекеттік қолдау тиімділігіне әлеуметтік талдау жасау. ........................................................................................................................38
3.2.ОҚО әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы атты социологиялық зерттеу..........54
Қорытынды......................................................................................................68
Пйдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................70

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 774.35 Кб (Скачать файл)

29 қыркүйек 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің №692 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Бұл ұйым-кеңесшіл орган. Кеңес қызметінің құқықтық негізі-Конститутция, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және басқа да Қазақстан Республикасының құқық нормативті актілері.

1. Елдің  дамуы үшін отандық ірі бизнестің  потенцияларын жұмылдыру.

2. Отандық  инвеститцияны қорғау және пайдаланудың  негізгі бағыттарын анықтау.

Жалпы кәсіпкерлікті  дамыту барысында мемлекет тарапынан  қолдау жүріп жатыр. 1994 жылы 10 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының  Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осы саланы дамыту жөніндегі алғашқы ресми құжат еді. Бағдарламаның басты мақсаты-экономиканың қуатты жеке секторын, жеке кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын кәсіпкерліктің, жетік инфрақұрылымын қалыптастыруға қолайлы құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржы және ұйымдық жағдайлар жасау делінді. Ал, басқа жағдайлар да кассалық аппаратсыз жұмыс істеуге болмайды. Салық органын табыс салығын тоқсандық табыстың пайыз көлемін  (мысалы 2,5 млн *3: 100═75000 теңге) екіге бөліп төлеуге болады. Яғни, 37500 теңге табыс салығын, 37500 теңге әлеуметтік салық есебіне аударылады. Егер жұмыскердің жалақысы ең төмен деңгейден аспаса  (2003 жылы 5000 теңге), онда одан жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖҚЗ) үшін 10 пайыз ұсталып, табыс салығы алынбау керек. Табыс салығы әрбір жұмыскер үшін жеке есептеліп алынады/10/

Енді  кәсіпкердің құқығына тоқталайық. Президентіміз  Нұрсұлтан Назарбаев халыққа  арнаған Жолдауында шағын кәсіпкерлерді  жан-жақты қолдау ісін жетілдіре  түсуді тағы да нақтылады. Оның алдында  кәсіпкерлер форумында сөйлеген сөзінде кәсіпкерлерді мемлекеттік  тіркеуді оңайлатындырып, 3 жерден емес «бір терезе» принципі бойынша жүргізу  керектігін ұсынады. Осыған байланысты елімізде «Заңды тұлғаларды тіркеу мәселелерді  бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңға 2004 жылдың 18 наурызында қол қойылды. Бұл заң бойынша, кәсіпкерлер  бұрындары статистикалық, салық  мекемесі мен әділет департаментіне жеке-жеке құжат тапсырумен әлек болса, енді тек әділет органына құжат тапсырады. Яғни, бір мекемеден тірлігіңіз тынады. Әділет департаменті 10 жұмыс күні ішінде 3 түрлі куәлік дайындап береді. Мұндай тіркеу ісіне бұрындары 1 ай мерзім кетуші еді/11/.

Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз өз экономикасының дамуы негізінде өзінің ұлттық стратегиясын қалыптастырды. Нарықтық экономикаға  көшуге және бәсекені дамытуға бағытталу  өндіріс құрылымын қайта өзгертуді  қажет етеді. Әлемдік тәжірбиеде дәлелденгедей бұл жағдайды меншіктің  әр түріне негізделген кәсіпкерлердің дамуынсыз шешу мүмкін емес. Бүгінгі  күнде өндірістің, нарықтың жалпы  қоғамның дамуының жүзеге асыратын кәсіпкерлі екенін нақты тәжірбие дәлелдеп берді.

Сондықтан да, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  осы жылы  яғни, 2006 жылғы «Бәсекеге  қабілетті 50 елдің қатарына кіру»  туралы старатегиясында айтып өткендей, біз шағын кәсіпкерлікті дамытуға тиіспіз.

Шағын кәсіпкерліктің субьектісіне мыналар жатады: білімі жоқ жеке тұлға, кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын заңды тұлға, жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, бір жылдағы жалпы актив құны алпыс мың есепті көрсеткіштен артық  емес айлық есепті көрсеткіш республикалық  бюджетте белгіленеді.

Мемлекет  кәсіпкерлердің айналасуға болатын  қызмет түрлерінің тізімін әрдайым  кеңейте түсуде. Мәселен, 31 наурыз 1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыстың және қызметтің жеке түрлерінің нарығын дамыту туралы» №343 қаулысы  кәсіпкерлер жұмысын жандандыруға ықпал еткені даусыз. Яғни қазіргі  біздің елімізде кәсіпкерліктің шағын  кәсіпкерлік даму үстінде және оған көптеген жағдай жасалынуда. Ел экономикасының тірегеіде осы шағын кәсіпкерлікке  байланысты даму үстінде. Сондықтан  қазіргі таңда халықтың да әл-ауқаты жақсарған бұған себепші әрине  кәсіпкерлік. Жеке тұлға табыс табу үшін кәсіпкерлік пен айналыса отырып ол сонымен қатар елдің экономикасына  елеулі үлесін қосып қана қоймай халықты  жұмыспен қамтиды/12/.

Өңірлер бөлінісінде жұмыспен қамтылғандардың  басым көпшілігі Алматы қаласының (жұмыспен қамталғандардың жалпы  санының 28-3,8 пайызы) және Оңтүстік Қазақстан  облысының 9,6 пайызы, сондай-ақ Астана қаласының 9,3 пайызы, Шығыс Қазақстан  облысы 8,1 пайызы және Қарағанды 6,9 пайызы облыстарының шағын бизнес кеәсіпорындарына келеді.

2007 жылдың желтоқсанында өнімдер шығару 85,6 млрд. теңгені құрады. Есептік деректері бойынша жалпы шығарылымның 25,9 пайызына жуығын өз қызметін сауду: автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу, 24,4 пайызы-құрылыс, 16,6 пайызы-жылжымайтын мүлікпен жасалынатын операциялар, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсету саласында жүзеге асыратын шағын бизнес кәсіпорындары алды. Өңірлер бөлінісінде өнімдер шығарудың ең көбі Алматы (тауарлардың жалпы шығарылымының 32,4 пайызы) және Астана қалалрындағы (16,9 пайызы),  сондай-ақ Атырау (7,4 пайызы), Алматы               (4,9 пайызы) облыстарындағы шағын бизнес кәсіпорындарына келеді.

2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша  республикада                 186,9 мыңнан астам  шаруа (фермер) қожалықтары тіркелген. Жұмыс  істеп тұрған шаруа қажалықтарының  саны 156,8 мың бірлікті құрады.  Шаруа  (фермер) қожалықтарында  жұмыспен  қамтылғандар саны 404,2 мың адам  болып табылады

2007 жылдың 1 қаңтарында республикада есептік  деректер бойынша кәсіпкерлік  пен қызметпен айналысатын қызметкерлер  саны 582,8 мың адамды құрады. Олардың  ең көп саны Алматы қаласына (12,8 пайызы) және Шығыс Қазақстан  облысына (10, 4 пайызы) келеді/12/.

Дегенмен  шағын кәсіпкерлік даму үстінде. Өндірістің жеке кәсіпкерлікке диверсификациялануына  және оның мәртебесінің занды тұлғаға  өтуіне байланысты және еңбек өнімділігінің  өсуіне байланысты тікелей және жанамалай  шаралардың жүйелері құрылатын болады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің  деректері бойынша тіркеуден  өткен жеке кәсіпкерлердің    2007 жылдың 1 қазанғы саны 330,8 мың адам, олардағы жалдамалы жұмыскерлер саны 219,8 мың адам. Егеменді Қазақстанымызда кәсіпкерліктің даму тарихына он бес жыл толды. Шағын кәсіпкерліктің өсу динамикасын келесі кестелерден көруге болады/13/.

1996-2002 жылдар кезіндегі Қазақстан  Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің  өсу динамикасы.

№2 кесте 

Жылдар

1996

1997

1998

1999

2000

2001

 

2002

Кәсіпорындар саны

19060

20606

21260

17539

21907

31145

63422

Өсу қарқыны

100

108

103

82

124

142

203


2003-2008 жылдар кезіндегі Қазақстан  Республикасының шағын кәсіпкерліктіңөсу  динамикасы.

№3 кесте 

Жылдар

2003

2004

2005

2006

2007

 

2008

Кәсіпорындар өсуі

992898

115354

130770

143160

141783

195700

Өсу қарқыны

157

116

113

111

99

138


 

Жоғары  да келтірілген  кестелерде көрсетілгендей тоқсаншы жылдары шағын кәсіпорындардың  қалыптасуы жоғарғы қарқында, ал екі  мыңыншы жылдары өсу қарқынының төмендегенін, бірақ жалпы кәсіпорындардың  санының өсуінің сақталып қалғанын көруге болады. Осы қарастырылған  жылдарда кәсіпкерлікті соның ішінде шағын бизнесті қолдау және дамытуға бес мемлекеттік бағдарламалар  жасалынды және қабылданды. Кәсіпкерлікті  қолдаудың және дамытудың мемлекттік бағдарламаларын талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік  секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. /14/

Конференция уақытында кәсіпкерлік пен осы  саладағы мемлекет саясатын дамыту мәселелеріне арналған пікірсайыстар болды. Пікір-сайыстар барысында қатысушылар заңнамаға  жасалған соңғы өзгертулермен, ағымдағы жағдаймен және осы саладағы келешек  мүмкіндіктермен танысты. Қатысушыларға  дамыған мемлекеттердегі және өтпелі кезең елдеріндегі шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шетелдік тәжірибе, 10 жылғы қызмет қорытындылары  және кәсіпкерлікті дамыту қорының  жаңа стратегиясы ұсынылды.

 

 

 

Шағын бизнес кәсіпорындарының саны

№4 кесте

 

Тіркелгені

Жұмыс істейтіндері

Барлығы

Пайызбен

%

Белсен

ділері

%

Жұмыс

пен қамтыл

ған адам саны

2007ж желтоқсан айындағы өнім  өндіру.

млн.тенге

Қазақстан Республикасы

189671

120365

100%

55865

100%

605512

131503,3

Ақмола

5895

3681

3,1%

1853

3,3%

27376

3509,5

Ақтөбе

7342

5422

3,9%

2215

4,0%

26124

4975,6

Алматы

8386

4664

4,4%

2679

4,8%

35123

6965,7

Атырау

5056

3799

2,7%

1892

3,4%

19615

8998,9

Шығыс Қазақстан

12332

7891

58,9%

5178

9,3%

50208

5415,2

Жамбыл

4939

3392

2,6%

1637

2,9%

20923

2652,0

Батыс Қазақстан

3657

2869

1,9%

1413

2,5%

16868

3677,5

Қарағанды

11797

3263

6,2%

4135

7,4%

42468

6841,5

Қостанай

6609

3873

3,5%

2255

4,0%

97512

4053,8

Қызылорда

3356

2355

1,8%

1565

2,8%

16558

5649,4

Маңғыстау

5598

4807

3,0%

2347

4,2%

22100

4766,6

Павлодар

8442

5008

4,5%

2182

3,9%

26708

5317,7

Солтүстік Қазақстан

4094

2539

2,2%

1513

2,7%

18638

3508,1

Оңтүстік Қазақстан

16354

10070

8,6%

5142

9,2%

57171

4625,7

Астана қ.

20620

14376

10,9%

5826

10,4%

61859

25079,8

Алматы қ.

66279

37347

35,0%

14093

25,1%

136262

35466,5


 

Әлемнің дамыған елдерінде шағын және орта бизнес қоғамның орта сыныбын  құрайтын экономика желісі болып  табылатыны мәлім.  
     Шетелде шағын және орта бизнес кәсіпорындары экономиканың барлық субъектілерінің 99% дерлік құрайды. Ал Қазақстанда шағын бизнес субъектілері бүкіл экономиканың 92% ғана құрайды. Әлемнің дамыған елдеріндегі елдің ЖІӨ-індегі ШОК үлесі 45-55% шегінде ауытқиды, Қазақстанда шағын бизнес үлесі елдің ЖІӨ-нің барлығы 15,7% құрайды. Мұнда ШОК-тің жұмыспен қамтылуы экономикалық белсенді халықтың 50-70% құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 21%-дан аспайды. ЭЫДҰ елдерінде 1000 адамға ШОК саны 50-80 кәсіпорынды, ал Қазақстанда ол 41 кәсіпорынды құрайды.

ҚР-ның  Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша               2001 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде елде тіркелген ШОК санының 221-ден 846 мың бірлікке дейін төрт еседей дерлік өсуі байқалып отыр. Бірақ бұл кезеңдегі әрекет етуші ШОК санының үлесі іс жүзінде өзгеріссіз - 76-77% деңгейінде қалды. Жұмыс істеуші ШОК саны 4 есе дерлік ұлғайып, 639 мың бірлікке жетіп, елдегі барлық шаруашылық субъектілерінің жалпы санының 91%-дан астамын құрайды /14/.

Халықаралық конференция қатысушылары Қазақстандағы  кәсіпкерлікті әрі қарай тиімді дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірледі. Бұл ұсыныстар ҚР-ның Үкіметіне  талқылау үшін беріледі. «Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қоры» АҚ 2007жылы елдегі шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылды. Қордың құрылған күнінен бастап 10 жыл өтті. Мемлекеттің тұрақты қолдауы нәтижесінде елдің барлық аймақтарында филиалдар желісін құра отырып, қазіргі сәтте Қор республикадағы кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды ұлттық институтына айналды. «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ қордың жалғыз акционері болып табылады. Бұндағы басты міндет Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерліктің дамуында болып жатқан кедергілерді шешуге арналған. Жалпы еліміз егемендік алғаннан бері әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кәсіпкерліктің дамуына ыңғай танытып отыр.

 

2.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау іс шараларының  барысына әлеуметтік талдау жасау

 

Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау проблемасына арналған шетелдік зерттеулер де аз емес. Шағын  кәсіпкерлікті қолдау проблемасын  жете зерттеудегі методологиалық тәсілдердің  бірі – шағын кәсіпкерлікті қолдаудың  негізгі принциптерін тұжырымдап айту болып табылады. Осы мәселені жете зерттеуге В.Савченко, А.Шульс сияқты ғалымдар өз үлесін қосты. Мысалы, олар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың  төмендегідей принциптерін тұжырымдаған.   

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі