Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:49, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттер жүзеге асырылды:
кәсіпкерліктің теориялық-әдістемелік негізіхн талдау.
Орта және шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауға баға беру.
Қазақстан Республикасындағы орта және шағын кәсіпкерліктің қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1-Тарау.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тұжырымдамасының теориялық негіздері
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориясы...........................6
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі мен қажеттілігі..................................................................................................................12
2-Тарау. Қазіргі кездегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
21. Қ. Р. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қазіргі жағдайына әлеуметтік талдау (соңғы бес жыл 2003-2007 жж. немесе 2002-2006 жж.).........22
2.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс шараларының барысына әлеуметтік талдау жасау........................................................................30
3-Тарау.Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау тұжырымдамасын аймақтарда жүзеге асыру механизмі
3.1. ОҚО шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы жылдармен салыстырғандағы мемлекеттік қолдау тиімділігіне әлеуметтік талдау жасау. ........................................................................................................................38
3.2.ОҚО әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы атты социологиялық зерттеу..........54
Қорытынды......................................................................................................68
Пйдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................70

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 774.35 Кб (Скачать файл)
  1. 2006-2007 жылдар аралығында жеті  экономикалық макроаймақты қамтитын  жеті әлеуметтік-экономикалық корпорациялар құрылды.Олар: «Сарыарқа» ӘКК-Ақмола, Қарағанды, Астана калаларын қамтиды. «Ертіс» ӘКК – Шығыс қазақстан, Павлодар калаларын қмтиды.Орталығы-Семей қаласы. «Оңтүстік» ӘКК Оңтүстік қазақстан, Жамбыл және   Қызылорда облыстарын қамтиды.Орталығы- Шымкент қаласы. «Жетісу» ӘКК Алматы облысы мен Алматы қаласын қамтиды. Орталығы-Талдықорған қаласы. «Каспий» ӘКК Атырау, Маңғыстау облыстарын қамтиды.Орталығы- Ақтау қаласы. Қостанай облыстарын қамтиды.  ӘКК негізгі міндеті мемлекеттік активтерді, мемлекеттік және  жекемешік әріптестікті тиімді басқау арқылы аймақтадың дамуын қамтмасыз ету болып табылады.

Үкімет  өз тұжырымдамасында АҚШ пен Дания  мемлекеттерінде осыған ұқсас тәжірибенің  бар екенін атап көрсетті.ӘКК –  ұлттық компания болып табылытын  акционерлік қоғам. Ұлттық компания мәтебесі оған жер қойнауындағы қазба  байлықтарды және жерді пайдалануға  мүмкіндік береді/20/    

3-Тарау.Қазақстанда  кәсіпкерлікті қолдау тұжырымдамасын  аймақтарда  

                                    жүзеге асыру механизмі

3.1. ОҚО шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы жылдармен

салыстарғандағы мемлекеттік  қолдау тиімділігіне әлеуметтік талдау жасау.

Оңтүстік  Қазақстан  облысының  кәсіпкерлікті  дамыту  мен  қолдау аймақтық  бағдарламасында көрсетілген  іс-шаралардың  жүзеге  асырылуы  нәтижесінде  2005 жылы облыс  бойынша  тіркелген  кәсіпкерлік  субъектілерінің  саны  115, 4 мың  бірлікті  құрады,  бағдарламадағы  межеден  кәсіпкерлік  субъектілерінің  саны  15, 4 мың  бірлікке  артып,  онда  314, 4 мың  адам  жұмыс  атқарды, бұл  облыстағы  экономикалық  белсенді  халықтың  30%-ын  құрап,  бағдарламадағы  межеден  14, 4 мың  адамға  артқан.                    2005 жылы  шағын кәсіпкерлік  құрлымдары  119 млрд.  теңгенің  өнімін  (жұмысы, қызметі) өндіріп,  бағдарламадағы  межеден  47, 1%-ға  артқан. 

2005  жылдың  шағын  кәсіпкерліктің  дамуы   туралы  негізгі  көрсеткіштерін  2003 жылмен  салыстырғанда  шағын   бизнес құрлымдарының  саны  9, 3%-ға,  жұмыс  істейтін  адамның   саны  5, 6%-ға,  өндірген  өнімнің   көлемі  17, 3%-ға  артқан.

Ал,  2004 жылмен  салыстырғанда  шағын  бизнес  құрлымдар  саны  0,5%-ға,  жұмыс  істейтін  адам  саны  0, 7%-ға,  өндірілген  өнім мен қызметтің  көлемі  1, 2%-ға   өскен.

Кәсіпкерлікті  дамытуда  3 жылдың  ішінде  бірқатар  табыстарға  жетті,  дегенімен  әлде де  шешілмеген  мәселелер  алдымызда  тұр,  солардың  бірі – облыстық  юстиция  департаментінде  14445  заңды  тұлға  ретінде  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  тіркелген,  соның  ішінде  жұмыс  істеп  тұрғандары   10858 бірлікті  құрайды,  ал  белсенді  жұмыс  істеп  тұрғандары  небәры  4642 бірлік. 

Сонымен  бірге  облыста  шетелдік  378  және  шетелдік  компаниялардың  қатысуымен  490  кәсіпорындар  тіркелген.  378 кәсіпорынның  11-і,  ал                              490-ның  8-і  ірі  кәсіпорындар  болып  тіркелген.

2003-2005 жылдар  аралығында  кәсіпкерлік  құрлымдарын   қаржылай  қолдау  3  деңгейде  – екінші дәрежелі  банктер,  қоғамдық  қорлармен,  микрокредиттік  ұйымдар  және  облыстық  бюджет  арқылы  жүргізілді/21/

Несиелік  қаржы  көлемінің  86%-ы  немесе  62, 7 млрд. теңге  екінші  деңгейдегі  банктердің  үлесінде.  Кәсіпорындар  және  жеке  кәсіпкерлер  үшін  бөлінген  қаржы  экономиканың  барлық  кәсіпкерлік  секторының  интенсивті  дамуына  оңтайлы  әсер  етуде.

2003-2005 жылдары   кредит  қайтарымы  кредиттік   қаражаттардың  қайтару  кестелеріне   сәйкес  жүргізілді.  2003 жылы  кредит  қайтарымы  кестеге  сәйкес  181, 5 млн. теңге  болса,  нақты   қайтарылғаны  111 млн. теңге,  2004 жылы  177, 6 млн.  теңге  болса,  нақты  қайтарылғаны  121 млн.  теңге.  Ал  2005 жылы  91, 1 млн.  теңге  болса,  нақты  қайтарылғаны  95, 2 млн.  теңге.  Бұл  көрсеткіштің  ішінде  мерзімінен  бұрын   қайтарылған  кредит  қаражаттары   бар.

2007 жылдың 1 қаңтарында шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің жалпы саны 127, 7 мың бірлікті құрап, онда 257, 7 мың  адам жұмыстармен  қамтылған. 2005 жылмен салыстырғанда шағын  кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4%  өскен, қызмет етіп жатқан  кәсіпорындардың саны 106, 3 мың, тіркелген  кәсіпорындар 83, 2%  құрайды.

Облыста шағын бизнестің құрылымдық бірліктер  санының  едәуір өсуі  ауылшаруашылық, қайта өңдеу, сауда және құрылыс  салаларында жаңа кәсіпорындар  ашылуына байланысты болып отыр.

Шағын кәсіпкерліктің жалпы санының 88, 2% жеке кәсіпкерлер  мен шаруа  қожалықтары болып  табылады.

2006  жылы  шағын кәсіпкерлік субъектілерімен  93583, 0 млн. теңге көлемінде өнім (тауар, қызмет) шығарылған. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда (2005ж -83781, 0) 11, 7% артық.Оңтүстік Қазақстан Облысы  салық комитетінің есебі бойынша  2006 жылы шағын кәсіпкерлік субьектілерінен  15655, 5 млн. теңге көлемінде бюджетке  салық түсіп, 2005 жылы 86,8 өскен (2005ж  - 8378, 3).

2005 жылмен  салыстырғанда сауда саласындағы  кәсіпорындар саны                 3, 3%, басқа қызметтер саны 0, 5%, қонақ  үй бизнесі 0, 2%, құрылыс 0, 2% ға  өскені байқалды.

2007 жылы  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің   жалпы саны 129, 5 мың, онда 267, 1 адам  жұмыспен  қамтылу жоспарланған, оның ішінде 15, 2 мың заңды тұлға  114, 8  мың жеке кәсіпкерлер мен  шаруа қожалықтары.

Шағын бизнестің  негізгі экономикалық функциясы  экономиканың құрылымына  әсер етумен және бәсекелестік ортаны құруға, ІЖӨ  түсіммен анықталады. Жұмыссыздық мәселесін  шешуде  шағын кәсіпкерлік секторы  өз капиталдарымен әсер етумен және бәсекелестік  ортаны құруға, ішкі жалпы  өнімдегі үлесімен  айқындалады/22/.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік  нысандарының ішінде жұмыс істейтіндерінің  үлесі

№5 кесте

N

Аудандар,

қалалар

Тіркелген шағын кәсіпкерлік нысандарының ішінде жұмыс істейтіндері, %

2001-2005ж. өсу қарқыны

2001 ж

2003 ж

2005 ж

1

Шымкент

93,0

92,0

94,3

102

2

Арыс

94,2

95,36

96,2

102

3

Кентау

76,12

81,12

97,73

99

4

Түркістан

99,4

98,56

99,81

100

5

Бәйдібек

98,3

98,48

98,3,

100

6

Қазығұрт

93,4

94,66

96,65

103

7

Мақтарал

97,2

98,65

98,63

101

8

Ордабасы

98,6

98,22

98,3

99

9

Отырар

97,4

98,2

98,87

102

10

Сайрам

96,1

96,64

97,44

101

11

Сарыағаш

95,8

96,04

96,86

101

12              

Созақ

84,9

85,25

86,35

102

13

Төле би

97,8

97,53

98,37

101

14

Түлкібас

95,2

96,9

73,06

76

15

Шардара

98,6

97,06

98,5

100


 

 

 

Диаграмма №1

 

2007 жылдың  қаңтар-тамыз айларында жұмыс істемей тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосу, жаңа кәсіпорындарды ашу, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту мен өнімдердің жаңа түрлерін шығару есебінен жұмыс орындарын ашу, «Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібінің индустриялық-инновациялық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына» қосымша облыста нақтылай 17 ірі және орта кәсіпорындарында 1205 жұмыс орны ашылды. Бұл көрсеткіш 2006 жылдың деңгеймен салыстырғанда 1,1 есе артты.

 

 

Диаграмма №2

Атап  айтқанда:

  • жаңа кәсіпорындардың енгізілуі есебінен: Мақтарал ауданында «Мақта келісім шарт корпорациясы» АҚ-да (мақта талшығы) – 261; Ордабасы ауданында «НИМЭКС» ЖШС (күйген қыш) – 52; Сайрам ауданында «Арай астық» ЖШС (макарон өнімдері) – 97; Шымкент қаласында «Феррум Втор» ЖШС (металл сынықтарын қайта өңдеу) – 95;
  • өндірісті ұлғаюы есебінен: Кентау қаласында «Трансформатор зауыты» АҚ-нда (трансформаторлар) – 62; Шымкент қаласында «Ютекс» АҚ-да (иірілген жібі) – 34, «Восход и Юг» ЖШС-нде  – 60; «Восход и К» ЖШС-нде  – 30; Созақ ауданында «Тау-кен компаниясы» ЖШС «Степное кен басқармасы» (уран) – 43, «Инкай» БК ЖШС (уран) – 51, «Бетпақ-Дала» БК ЖШС (десорбат) – 75, «Катко» БК ЖШС (уран) – 185, «Таукен химия комбинаты» (уран тотығы-шалатотығы) – 36 жұмыс орны; Ордабасы ауданында «Темирлан май» ЖШС (май құю) – 10 жұмыс орны;
  • өнімнің жаңа түрін шығару есебінен: Шымкент қаласында  «Химфарм» АҚ (гели, линимент, мазь)- 27 , «Рахат Шымкент» ЖШС (карамель, зефир ) – 57, «РФС» АҚ (сары фосфор) – 30 адам жұмысқа тартылды/23/.

Халықаралық стандарттарына сәйкес ИСО 9000, 14000 сериялы сапа менеджмент жүйесінің  енгізілуі

Республикалық «Қазақстандық кәсіпорындардың  халықаралық стандарттарға жедел  көшуі жөніндегі жоспарын» орындау  мақсатында облыс кәсіпорындары мен мекемелерінде сапа менеджмент жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Облыс көлеміндегі кәсіпорындар мен  мекемелерінде сапа менеджмент жүйелері енгізілуіне тұрақты мониторингі  жүргізілуде.

2007 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай  бойынша облыстағы 60 кәсіпорындар  мен мекемелерінде сапа менеджмент  жүйелері енгізілді, оның ішінде  өнеркәсіптік кәсіпорындар – 50 /24/.

Кесте №6

2007 жылдың  қаңтар-тамыз айларының қорытындысы  бойынша облыста өнеркәсіп саласында  12 кәсіпорын Халықаралық стандарттарға  сәйкес сапа менеджмент жүйесін  ендірді. Ал, 2006 жылдың қаңтар-тамыз  айларында                          11 кәсіпорын СМЖ ендірген.

Халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджмент жүйесін 2002-2007 жылдарда ОҚО кәсіпорындары мен мекемелерінде  енгізілу динамикасы

Диаграмма №4

Отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау, сапалы, бәсекелестікке қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім өндіруді ұлғайту, ең үздік үлгілерді насихаттау және ішкі рынокты тауарлармен толықтыру  мақсатында облыстық әкімдігінің «Алтын сапа» өңірлік көрме-конкурсы 2007 жылдың 27 шілдеде өткізілді.

«Алтын сапа» өңірлік  көрме-конкурсының  «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша жүлдегерлер:

1 орын  -  «Қазақ-Орыс Тоқыма альянсы » ЖШС ;

2 орын  -  «Южполлиметалл» ӨК» АҚ;

3 орын  -  «Кентау трансформатор зауыты» АҚ.

«Халық тұтынатын үздiк тауарлар»  номинациясы бойынша жүлдегерлер:

1 орын - «Меланж» АҚ;

2 орын - «Восход» фирмасы» ЖШС;

3 орын - ««KaзHiTechEuroBиilding» ЖШС .

«Үздiк  азық-түлiк тауарлар» номинациясы  бойынша жүлдегерлер:

1 орын - «Карона» макарон фабрикасы» ЖШС;

2 орын - «Шымкентмай» АҚ;

3 орын - «ЭкоПродуктГрупп» АҚ /25/ .

Инвестициялық және инновациялық жобалар

 Стратегияны іске асыру мақсатында, департамент облыс өнеркәсібінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату, халықаралық стандарттарға көшу, жоғары технологиялық өндірістерді және инвестициялық жобаларды енгізуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.

2007 жылдың  қаңтар-тамыз айларының қорытындысы  бойынша облыста өнеркәсіп саласында  234,0 млн. АҚШ доллар игеріліп,19 инвестициялық жоба енгізілді.  Бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда  5,3 %  өсті.

Диаграмма №5

Атап  айтқанда:

Республикалық бюджет арқылы құны 1500,0 млн. теңге, өндіріс  қуаттылығы 60 мың тонна құрайтын «Мақта келісім шарт корпорациясы»  АҚ   мақта өңдеу зауытының  құрылысын 2007 жылдың қаңтар айында аяқтады. Онда 250 адам жұмыспен қамтылды. 

2007 жылдың I тоқсанында «Айко и К» ЖШС  (Қазығұрт ауданы) құны 70,0 млн. теңге  тұратын «Сүт өнімдерін өндіру»  жобасын іске қосып, қосымша  жұмысқа 20 адам тартылды.

Ордабасы  ауданындағы «НИМЭКС» корпорациясы»  ЖШС-і ағымдағы жылдың II тоқсанында «Күйдірілген қыш және черепица өндірісін  ұйымдастыру» жобасын іске қосып, жаңадан 52 жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын бұл  жобаға 770,0 млн. теңге кредиттік қаражат  жұмсады.

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі