Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:49, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттер жүзеге асырылды:
кәсіпкерліктің теориялық-әдістемелік негізіхн талдау.
Орта және шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауға баға беру.
Қазақстан Республикасындағы орта және шағын кәсіпкерліктің қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1-Тарау.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тұжырымдамасының теориялық негіздері
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориясы...........................6
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі мен қажеттілігі..................................................................................................................12
2-Тарау. Қазіргі кездегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
21. Қ. Р. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қазіргі жағдайына әлеуметтік талдау (соңғы бес жыл 2003-2007 жж. немесе 2002-2006 жж.).........22
2.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс шараларының барысына әлеуметтік талдау жасау........................................................................30
3-Тарау.Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау тұжырымдамасын аймақтарда жүзеге асыру механизмі
3.1. ОҚО шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы жылдармен салыстырғандағы мемлекеттік қолдау тиімділігіне әлеуметтік талдау жасау. ........................................................................................................................38
3.2.ОҚО әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы атты социологиялық зерттеу..........54
Қорытынды......................................................................................................68
Пйдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................70

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 774.35 Кб (Скачать файл)

«Арай астық» ЖШС-і (Сайрам ауданы) қуаттылығы сағатына 1,0 тонна «Макарон өнімдері өндірісін ұйымдастыру» жобасын  іске қосты. Жоба құны 162,7 млн. теңгені  құрады. 97 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Тұран  скин» ЖШС құны 500 мың АҚШ доллар «Былғары өндірісі» жобасының 1, 2 кезеңдерін енгізіп, ағымдағы жылы дайын былғары  өнімін өндірісінің 3 кезеңі жүзеге асырылуы күтілуде.

«Ыңғай» БК ЖШС-нің уран өндіру мен қайта  өңдеу өндірісін кеңейту жобасы іске асыруда. Сметалық құны 36,7 млн. АҚШ  доллары.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-ы «Южполиметалл» ӨК» АҚ-ның «Аккумуляторлық батареялар өндірісі» жобасын қаржыландыруда. Кәсіпорын бөлінген 15 млн. АҚШ долларға қажетті италияндық «Sоvemа» фирмасының құрал жабдықтарын сатып алды. Қазіргі таңда, өндірісте құрастыру жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы іске қосылуы күтілуде.

«Азия-Керамик» ЖШС «Керамикалық гранит өндіріс  зауыты» жобасын жүзеге асыруда. Сметалық құны 3189,2 млн. теңге.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ кредиттік  қаражаттар есебі өндіріс қуатын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 124,0 млн. теңге.

«INCOMTYRE»  АҚ құны 2,4 млн. АҚШ доллар «Резеңке техникалық және шина өнімдері өндірісі бойынша жабдықтарды модернизациялау» жобасын енгізуде . 

«Төре»  құрылыс компаниясы» ЖШС құны 2,0 млн. АҚШ доллар «Асфальт, қиыршық  тас және құм өндіретін зауыт  құрылысы» жобасын енгізуде.

 «Евротех 2005» ЖШС қуаттылығы тәулігіне  30,0 мың дана «Кірпіш өндірісі»  жобасына 625,0 млн. теңге кредиттік  қаражат жұмсауды жоспарлауда.

  «АЛМ» ЖШС құны 40,0 млн. теңге «Жібек піллә өндірісі» жобасын енгізуде. «Аққұм Трейд» ЖШС қуаттылығы тәулігіне 80,0 тонна «Ұн өндірісі» жобасына 60,1 млн. теңге кредиттік қаражат жұмсауды жоспарлауда

«Юг-ФС»  ЖШС қуаттылығы тәулігіне 7,0 тонна  «Кремний қоспа өндірісі» жобасына 1,8 млн. АҚШ доллар жұмсауды жоспарлауда.

«Айко и К» ЖШС (Қазығұрт ауданы) кондитерлік  өнімдерді өндіруге құны 128 млн. теңге  құрайтын құрал жабдықтарды лизингке алып, ағымдағы жылда іске қосылуы  жоспарлануда.

«Hill»  ЖШС құны 3624 млн. теңге, жылдық қуаттылығы- 100,0 мың тонналық  «Май материалдары өндірісі» жобасын іске асыруда.

«Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС-нің «Гигроскопиялық мақта, мақталы  целлюлоза және құрамында мақтасы  бар шикізаттан техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін ұйымдастыру» инвестициялық  жобасы мақұлданып, арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асырылуға  ұсынылды. Жоба құны 2429,4 млн. теңге.

«Қаздемиртекстиль»  ЖШС-нің «Мақта жіп иірімі және түкті  өнімдер түржиыны өндірісін ұйымдастыру». Жоба бойынша өндіріс қуаттылығы: әрмен қарай қайта өңдеуге  жылына 17 846 тонна мақта жіп иірімі және жылына жалпы көлемі 3 801 тонна  дайын түкті тоқыма өнімдерін  өндіру. Жоба құны 11064 млн. Теңге /26/.

 

 

 

 

 

 

Диаграмма №6

Шағын кәсіпкерлік  субъектілерінен түсетін түсімдердің  көлемі 2007 жылдың қаңтар-тамызында 5201,1 млн.теңгені құрады, бұл өткен  жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 48,2 пайызға артық.

Диаграмма №7

2006 жылы  облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне  барлық қаржы институттары арқылы  жалпы 52266,9 млн.теңге несие берілді.

 

 

 

 

 

 

Диаграмма №8

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік  Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы кәсіпкерлікті  одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті  дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды.

Алдын ала деректер бойынша облыста  тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің  саны 142,2 мың бірлікті құрады,  оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127,7 мың  бірлікті құрап 266,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде  тіркелген кәсіпорындардың саны  16,6 бірлікке жетіп, оның  13,0 мың бірлігі жұмыс істеуде. Онда 72,1 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11,3 пайызға артқан. Облыс бойынша шағын бизнес саласында 338,2 адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,1 пайызын құрайды.

2007 жылы  шағын кәсіпкерлік құрылымдары  130,9 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі)  өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда 6,5 пайызға артқан/27/.

Облыста заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 1 қаңтарына 1228 кәсіпорын құрылып, 3547 жаңа жұмыс  орны ашылды.

 

 

 

Диаграмма №9

Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады. Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде - екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар арқылы жүргізілуде.

Жыл басынан шағын кәсіпкерлік  құрылымдарына жалпы-                             74107,9 млн.теңге, оның ішінде екінші дәрежелі банктерден –66818,0 млн.теңге, “Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы  –475,8 млн. теңге, “Несие беру Қазақстандық қоры” – 4601,5 млн. теңге және “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры” қоғамдық қорымен – 117,4 млн теңге, ауылшаруашылық несие серіктестіктері мен несиелік серіктестіктері-2096,0 млн. теңге.Қазақстан Республикасы Үкіметіне «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен аурухананың құрылысын жүргізу» жобасын жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізілді олар: құрылысқа және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды кеңейтуге қатысты жобаларды шұғыл түрде несиелендіру мәселесі бойынша «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, отандық құрылыс индустриясының өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірісі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету туралы және тағы басқа /28/.

Индустрия және сауда министрлігіне  бәсекелестікті қорғау және дамыту саласының  жұмысын ілгерілету мақсатында жаңа компаниялардың нарыққа шығу барысындағы  кедергілерді азайту туралы  ұсыныстар  берілді.

Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларына сәйкес әкімшілік тосқауыларды жою жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін кәсіпкерлерге арналған жолсілтемесі  әзірленді.

  БАҚ-да бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құзыреттері және тағы басқа мәселелер бойынша тұрақты түрде мақалалар жарияланып, теледидарда хабарламалар беріледі. „Южный Казахстан” газетінде арнайы кәсіпкерге арналған айдар ашылған.

Ақпан айында жергілікті 31 телеарнада несие алу  мәселелері және Шымкент-Қазақстан телеранасына желтоқсан айында микрокредиттік ұйымдардың қызметтері және жағдайы туралы сұхбат берілді. Сонымен қатар, „Южный Казахстан”  газетінде кәсіпкерлерге арналған айдар ашылып қазіргі таңда, кәсіпкерлердің мәселелеріне арналған мақалалар тұрақты түрде басылуда.

2007 жылдың 25 сәуірінде Шардара ауданындағы  шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілеріне  арналған «Жеке  кәсіпкерлік туралы» заңын қолдану  тәжірибесі» және Өзбекстан Республикасымен  шекаралық сауда - саттық жүргізу, бірлескен кәсіпорындар құру бойынша  семинар - кеңес өткізілді. Семинарға аудандағы қоғамдық ұйымдардың, «СодБИ» бизнес инкубатордың, бақылау-қадағалау функциясын атқаратын мемлекеттік органдардың өкілдері мен аудан кәсіпкерлері қатысты.

Семинарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының  негізгі функциясы  жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлікпен еркін айналысуын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктері  бойынша түсініктеме жұмысы жүргізілді /28/. 

2007 жылдың 26 қыркүйегінде «Бизнестің әлеуметтік  жауапкершілігі» атты тақырыбында  дөңгелек  үстел өткізілді. Жиында  кәсіпкерлікті құқықтық қолдау  және оның  құқықтарын қорғау  мәселелердің бірі болып көтерілді.

Кәсіпкерлік қоғамдық ұйымдары мен  бірлестіктерімен бірлесе кәсіпкерлерді  ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін  қалыптастыру жұмысы жүргізілуде.

“Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”  АҚ-ның өңірлік филиалы 2007 жылы  бухгалтерлік, маркетингтік және құқықтық қызметтері бойынша облыстың шағын  кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігіне байланысты 1,5 мың кәсіпкерге кеңес берілді, соның ішінде 1017-ы  Қордың қаржылық өнімі туралы, 24-бухгалтерлік есеп, 45-салық төлемдері, 37-құқық  мәселелері, 112-ақпараттық және экономиканың және тағы да басқа мәселелер бойынша

2007 жылы  мемлекеттік емес ұйымдармен  бірлесе 22 семинар, 60 тренинг өткізіліп,  бұл шараларға 4,0 мыңнан аса   кәсіпкер тартылды.

Департамент қала және аудан әкімдері, «Атамекен» жалпыұлттық одағының ОҚФ, СодБи  бизнес-инкубаторы, «Оңтүстік кәсіпкерлерінің  лигасы» ҚҰ, Фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту ассоциациясының  ОҚФ, Қазақстан Республикасы халықтар Ассамблеясы жанынан құрылған “Шағын және орта бизнесті дамыту Федерациясымен” бірлесе жұмыс жүргізуде.

Бизнес  инкубатор „СодБИ” корпоративтік  қордың Shimkent.com порталындағы виртуалдық консалтинтік жүйенің қызметімен  кәсіпкерлердің қолдануына мүмкіндік бар /29/.

Сыртқы және ішкі туризммен және қолөнершілікпен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Бизнес  инкубатор “СодБИ корпоративтік  қорының интернет сайтында “Оңтүстік Қазақстанда жасалынған”  атты модулі жарияланған. Интернет сайтта Туризм порталдары бар. Мәлімет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылады.

Ағымдағы  жылдың 25-28 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақстандық көрме компаниясы „Iteca”   мен  халықаралық әріптесі ITE Group Plc (Ұлыбритания ) бірлесе ұйымдастырған  „Туризм және саяхат” атты 7-ші Халықаралық  көрмесіне облыстың түристік инфрақұрылымының 14 фирмасы және Түркістан қаласының, Сайрам ауданының қолөнершілері  қатысты.   

2007 жылдың 23-27 мамыр аралығында  Қазақстан  туристік ассоциациясы мен ҚР  Спорт және туризм Министрлігімен  бірлесе туризмді дамыту мемлекеттік  бағдарламасының шеңберінде Қазақстанды  халықаралық туристік бағыттарының  жаңа бағыты ретінде  насихаттау  мақсатында белгілі халықаралық  туристік басылымдарға арналған  ақпараттық тур шарасы ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР және шетелде  өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына ықпал  ету және кәсіпкерлік субъектілерінің  Қазақстан Республикасында  және шетелде өткізілетін көрмелерге жәрмеңкелерге, миссияларға қатысуына  ықпал ету  мақсатында Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің ұсынысы  бойынша „Al-Fattouh For Alum. Accessories” компаниясымен  отандық тауарөндірушілердің қатынасын  қалыптастыру бойынша облыстың бірқатар кәсіпорындары туралы мәлімет Қазақстан  Республикасы Индустрия және сауда  министрлігіне жолданды.

2007 жылдың 20-23 маусымы аралығында Алматы  қаласындағы „Атакент” Көрме  орталығында Азия елдері мен  Қытай елінің белгілі кәсіпорындарның  қатысуымен „Қазақстан Республикасындағы  азия тауарлары-2007” көрмесіне қатысуға кәсіпкерлерді тарту жұмысы жүргізілді.     

26-29 қыркүйек  аралығында Астана қаласында  KITF-2007 «Демалыс-2007» төртінші Қазақстандық  Халықаралық туристік жәрмеңкесі  өткізілді бұл шараға облысымыздың  бірқатар қолөнершілері мен туристік  фирмалары қатыстырылып, туристік  өнімдері жарнамаланды.

  Иран Ислам Республикасының елшілігінің ұсынысымен Оңтүстік Қазақстан облысы және Харасан губерниясының арасында сауда-экономикалық қарым қатынасты дамыту мақсатында ауыл шаруашылығына арналған машина құрал жабдықтарын, және түрлі құрылыс конструкцияларын жасайтын компаниялар туралы ақпаратпен облыс кәсіпкерлері хабардар етілді /30/. 

Кәсіпкерлік мәселелері, оның ішінде әйелдер мен  жастар кәсіпкерлігін насихаттау жөнінде  семинарлар, конференциялар, көрмелер, конкурстар, “дөңгелек үстелдер”, өткізуді қамтамасыз ету мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілді:

Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясының  Оңтүстік Қазақстан филиалы “Ренхессен” (Германия) шеберлер палатасымен “Қолөнер кәсібі шеберлігін Орталық Азияда дамыту”  жобасы бойынша бірлесе шаштаразы, аспазшы кәсібіне үйрету мен мамандылықты арттыру нәтижесінде рынокта  отандық тауарөндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларында   семинар-тренингтер өткізілді.

2007 жылдың 13-15 маусымы аралығында  іскер әйелдердің несие алуға  мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында  „Несие беру” Қазақстандық қорымен  бірлесе облыстың бес ауданында  „Маркетинг және брендтеу”, „Қалай  несие алуға болады?” және  „Салық төлемдеріне енгізілген  өзгерістер мен толықтырулар”  тақырыптарында семинар-кеңес өткізілді.

 Оңтүстік Қазақстан облыстық “Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры”- фермерлер мен кәсіпкерлерге, олардың  бизнесін дамытуға  бағытталған  кредит- 117,4 млн. теңгенің 33 пайызы, “KazMicroFinans” ЖШС МКҰ (Қазақстандық несие беру Қоры)  – 4601,5 млн. теңге кредиттік қаражаттың  3184,2 млн. теңгесімен немесе 69,2 пайызы кәсіпкер әйелдер қаражаттандырылды /31/.

Оңтүстік  өңірінде кәсіпкерлікті дамыту барысында  көптеген іс-шаралар жүргізілуде  міне осылар айқын дәлелі болып табылады.Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыта отырып облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпалын тигізеді. Әлеуметтік талдау барысында, өткен жылдармен  салыстыра отырып облысымыздың тұрғындарының  кәсіпкерлікпен айналысуға деген құштарлығы күннен-күнге артып отыр.Бұған себепкер Конституциялық ережеге сай: «Әрбір тұлға кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға, жеке мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік іс үшін пайдалануға құқылы».

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі