Топинамбур гүлінің құрамынның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 14:49, дипломная работа

Краткое описание

Цель исследования: Выделение биологических активных веществ из цветков
топинамбура, исследование структуру и состава физико – химическими способами;
Задачи исследования:
 Исследовать химический состав цветка топинамбура ;
 Определить содержание макро и микро элементов;
 Определить аминокислотный состав из цветков тапинамбура;
 Биологические активные вещи выявлять и делить;
 Выделенный состав эфирного масла, исследовать физико - химическими способами;

Содержание

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………....7
I. ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1. Топинамбурға жалпы сипаттама.....................................................................8
1.2. Эфир майларына жалпы сипаттама...............................................................10
1.3.Эфир майларын қасиеттері және химиялық құрамы...................................13
1.4. Эфир майларын алу әдістері, емдік қасиеттері, қолдану аясы........ ..........15
II.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1. Жұмыстың нысаны және бастапқы заттарға сипаттама..............................19
2.2. Топинамбур гүлінің сулы және спиртті ерітінділерінің рН-ын, сыну көрсеткішін, тығыздығын анықтау.......................................................................22
2.3. Топинамбур гүлінің қышқылдылығын, С дәруменін, пектинді және илегіш заттарды титриметриялық әдіспен анықтау.........................................................26
2.4 Топинамбур гүлінің құрамындағы антоциандар, полифенолдар, фенол қышқылдары, каротин мен флаваноид мөлшерін фотоколориметрлік әдіспен анықтау.....................................................................................................................34
2.5. Топинамбур гүлінің құрамындағы белок мөлшерін Къельдаль әдісімен анықтау.....................................................................................................................40
2.6. Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарын анықтау……....42
III.ТӘЖІРИБЕНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1. Топинамбур гүлінің құрамынның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау ..................................................... 44
3.2. Топинамбур гүлінің құрамындағы макро және микро элементтерді анықтау нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау .......................................51
3.3. Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарын талдау....... ....53 3.4 Эфир майын топинамбур гүлінен бөліп, құрылысын, құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау...........................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………........ ........69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................70

Вложенные файлы: 1 файл

Илигай диплом.docx

— 1.94 Мб (Скачать файл)

         Топинамбурдың халық шаруашылығында қолданылыуы. Топинамбур бұрыннан да тағамға қолданылатын жеміс ретінде белгілі. 1612-жылғы болған құрғақшылық кезінде, ол канадалық қоныс аударушылардың көпшілігінің өмірін сақтап қалғаны туралы белгілі. Оны тағамға пайдалану себебі, адам организіміндегі зиянды заттарды бойына жинамайды. Топинамбур жемісінен алынған этил спирті – өте арзан және таза.

           Халық медицинасында топинамбурды қант диабеті, атеросклероз, жүрек қантамырлар жүйесінің және асқазан ішек ауруларына,сонымен қатар косметикалық ауытқушыларда (безеулерге, әжімдерге) қолданған. Топинамбурдың жемісімен бірге, жерүсті бөлігінің сулы ерітінділерін, тұнбаларын қолданған [7].

          Топинамбурдың жемісінің негізінде әртүрлі емдік-профилактикалық мақсатта өнімдер өндірілді. Ондай өнімдерге:таблеткалар, пасталар, фруктозадан тұратын шырындар қоспасы, инулин-пектинді концентраттар өндірлуде.  

          Топинамбурдың медицина саласында қолданылуы. Топинамбурдың емдік қасиеті барын көптеген елдер тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Осы өсімдіктен алынған емдік препаратты: фруктоза, сироп, инулин т.б. сонымен қатар оның гүлі, сабағы, жапырағы да көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады.

       Топинамбурдың ем болатын бірнеше ауруларына сипаттама беріп және ем ретінде қолдану әдістеріне тоқталсақ:

         ***Денедегі тұзды шығару. 1-1,5 кг топинамбурдың жапырағы мен сабағын майдалап турап (ұзындығы 8-12 см), оны 5-8 литр суы бар ыдысқа салып 20-25 минуттай қайнатады. Оны суытып алып, кейін үстіне 1:5, 1:7 қатынасында ваннаға құйып ішінде 10-15 минут жатады. Одан кейін сабағымен жуынады. Мұндай қайнатылған қоспаны осындай жолмен  топинамбурдың құрғақ жемістерінен, жапырақтарынан және де сабағынан жасауға болады.

          ***Қант диабеті, гипертония. а) Жемісін жақсылап жуып, жапырағын және жас өскіндерін кесіп, үстіне салатқа құйғандай май, құймақ құяды. Содан кейін салат ретінде пайдалана береді. ә) Оның түйнек жемісін үккіштен өткізіп аш қарынға жеу керек. б) 1,2 литр суға екі жемісін салып, кампот ретінде 10-15 минут қайнатып, аш қарынға күніне 2-3 рет қабылдаған жөн. Егер адам гипертония немесе қан аздық ауруымен ауырса кампот-сусынға қант немесе бал қосып ішуге болады, ал егер қант диабетімен ауырса қантты қосудың қажеті жоқ.[8,9]

          ***Туберкулез. Топинамбурдың тазаланған жемісінен сусын дайындап, оны мұздатқышқа сақтайды. Таңертең тамақ алдында бір ас қасық сусынды екі ас қасық суық қайнаған сумен араластырып ішеді. Осы рецеп бойынша дайындалған сусынды бір жыл көлемінде ішсе көптеген аурулардан, соның ішінде туберкулезден де жазылып кету әбден мүмкін [10,15].

 

1.2 Эфир майларына жалпы сипаттама

 

Қазіргі уақытта эфир майларының орнықты рыногы қалыптасып отыр, оның жалпы тенденциясы – өнімге деген тұрақты сұранымы. Эфир майларының аса ірі тұтынушылары фармацевтік саламен қатар парфюмерлік және тамақ өнеркәсібі болып табылады. Эфир майының әлемдік рыноктағы 1кг-ның бағасы оның түріне қарай 1,6- дан 3990-ға дейінгі АҚШ долларын құрайды. Халықаралық саудада эфир майының 200 түрі бар. Сату көлемі бірнеше килограмнан 10 мың тоннаға дейін және одан жоғары деңгейге ауытқып тұрады. Әлемдік өндірістің жалпы деңгейі 40 мың тоннаға жуық. Оның 40 проценттейі америка континентінің үлесіне тисе, Азия елдерінің үлсі 30 процентке дейін, қалғандары Африка, Австралия және тағы басқа мемлекеттердің үлесінде.

Бұл өнімді көтерме сатып алушыларға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония,ГФР жатады. Соңғы 10 жылда эфир майларының импорты Еуропа мемлекеттерінде 2 есе, АҚШ-та 2,5 есе, Жапонияда 1,5 есе өскен. Бұрынғы КСРО аумағында эфир майын шығаратын және плантациялық шикізатпен жұмыс істейтін 40-тан аса кеңшар –зауыттар болған. Алайда сол кездің өзінде бұл өнімге деген сұраным 40 процентке ғана қанағаттандырылды. Қазақстан Республикасында таяу уақытқа дейін эфир майлары мен көмірқышқылды экстрактілерінің өндірісі болған жоқ. Қазіргі кезде Қазақстанда меншік түрлері әртүрлі бірқатар кәсіпорындар эфир майлары негізінде жаңа дәрі –дәрмек препараттары өндірісін игеріп үлгерді. Қазақстанның эфир майларына деген ішкі сұранымы үлкен емес, бірақ шет елдер оны жылына 60 мың литр мөлшерінде сатып алуға дайын. Сөйтіп, эфир майларының өндірісін құру негізінен республика үшін басқа фармацевтік жобаларды жүзеге асыруға соншалықты қажет валюта табу мақсатында экспортқа бағытталған [16].

         Алайда эфир майының мұнша мөлшерін алу үшін орта есеппен 6000 тоннаға дейін шикізат өңдеуге тура келеді. Мұнша мөлшердегі жабайы өсетін шикізатты дайындауды және өңдеуді ұйымдастыру экономикалық жағынан да, экологиялық тұрғыдан да тиімсіз, сондықтан эфир майы дақылдарының плантациясын құру қажет .

          Медициналық препараттар алу үшін дәрілік өсімдіктерді өңдеу базаларын құрған кезде экологиялық таза аудандардың шикізатын пайдалануға баса ден қойылады. Алайда оны дайындау, сақтау және өңдейтін жерге тасымалдау көбіне – көп экономикалық тиімсіз болып табылады. Осыған байланысты жабайы өсетін шикізатты жинаудан гөрі оны плантациялық өсіруге және қазақстандық ғалымдар жасаған қалдықсыз технологияны пайдалана отырып эфир майын алатын жылжымалы шағын зауыттар құруға көшу пайдалы. Осы технология бойынша өңделген өсімдік шикізатынан азықтық витаминделген ұн алынады.

           Жылжымалы эфир майы зауытының негізгі технологиялық модулі КРАЗ автомобилінің шассигіне орнатылған өнімділігі бір ауысымда (8 сағат) 4-5 литр эфир майы болатын бу генераторы қондырғы болып табылады. Жобаның есептік құны 25-30 мың АҚШ доллары. Өтем мерзімі 1-1,5 жыл. Осы зауыттарды өндірісін, сондай-ақ дәрілік шикізатты өңдеу, жинау және ұқсату үшін мамандандырылған басқа да техникалық осы өнімдерді шығаруға барлық мүмкіндігі бар Қазақстанның конверсиялық кәсіпорындарында жолға қойылуы қажет.

          Сонымен қатар өсімдіктің бұл түрлерін өңдеу үшін Алматы облысында жалпы өңдеу көлемі жылына 400 тонна шикізат болатын және 4000 литр эфир майын алатын үш қондырғыдан тұратын тұрақты өңдеу кешендерін құру ұсынылады [17].

          Қазақстан Республикасының аумағында эфир майы бар 450-ден астам өсiмдiк түрлерi анықталған, олардың 68-i өзiнiң жоғары эфир майымен және мол құрамды бөлiгiмен ерекшеленедi. Эфир майының құрамы 1 проценттен асатын 38 түр анықталған. Эфир майлары өндiрiсiн құрудың бiрiншi кезеңiнде эфир майлы дақылдардың құраушы бөлiгi құнды мына түрлерi таңдалынған: киiкоты, Бунге зизиформасы, лимон мелиссасы, ақ топырақ жусаны, ақбас жусан. Алдағы уақытта, ұзақ мерзiмдiк кезеңде, Қазақстан Республикасы Ғылыми министрлiгi - Ғылым академиясының ХҒИ Өсiмдiктер химиясы лабораториясында және "Вита-Вент" ШҒЕК - да жасалған негiзбен Қазақстанда аршадан, самырсыннан, жусаннан, тас шөптен, құлмақтан, шалфейден, иссоптан, андыздан, түймедағынан, шышадан және т.б. жалпы саны 50-ден астам атаудағы эфир майын өндiрудiң нақты мүмкiндiгi бар .

          Көмірқышқылды экстракция-шығымдылығы жоғары (2 процентке дейін) және өз бетінше тиімді дәрілік зат болып табылатын аралық өнімнің жоғары биологиялық белсенділігімен сипатталған эфир майын алудың тәсілі. Бұл технологиялық процесс жоғары экологиялық тазалығымен  сипатталады.

         Көміртегінің сұйық қос тотығының сұрыпталушылығы мен жоғары диффузиялық қасиеті көмірқышқылды экстрактілердің қасиеті мен құрамын реттеуге мүмкіндік береді. Бұл орайда алынатын биологиялық активті заттар (БАЗ) табиғи ортада болады және витаминдерге, провитаминдерге және каратиноидтерге бай болады, ол көмірқышқылды экстрактілердің тканьдарды радионуклеидтерден қорғайтын биокатализаторларға жақындата түседі.

      Реактор көлемі 100 кг болғандағы көмірқышқылды экстракцияның технологиялық мүмкіншіліктері жылына 120 тонна шикізат өңдеуге және 4800 кг экстракт алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасындағы алғашқы көмірсутекті экстракция цехы Талғар қаласындағы «Аромат» ШК-да пайдалануға берілген, оның өнімділігі күніне 10 килограмға дейін эфир майын береді.

      Көкөніс пен жеміс-жидектен вакуумды кептіру және криогенді ұнтақ алу тәсілі бастапқы шикізаттың биологиялық құндылығын толық сақтауға мүмкіндік береді және алынатын өнімді арнайы сақтауды талап етпейді. Алынатын криоұнтақ-түйіршіктерінің өлшемі 5 мкм-ден аспайтын және ылғалдылығы 2-3 процент болатын ұсақ дисперсті жүйе сақталу мерзімі шектелмеген витаминдерді, пектиндік заттарды, микроэлементтерді және т.б. қоса алғандағы биологиялық активті заттардың бірқатарының табиғи концентраторы болып табылады. Ең төзімсіз витаминдердің бірі – С витаминінің өзі мұндай әдіспен кептіргенде барлық сақтау мерзімінде өзінің бастапқы деңгейінің 63 процентін сақтап қалады.

         Криоұнтақтардың жоғары сапалық сипаттамалары оны балалар тағамын жасауда бағалы шикізатқа айналдырады. Криоұнтақтарды балаларға арналған ұндық және сүттік негіздегі құрғақ қоспаларға қосу, сондай-ақ оларды сусын даярлауда пайдалану Қазақстанда әлі кездеспеген балалар тағамының жаңа өнімдерін алуға мүмкіндік береді.

         Эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады. Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары өсімдіктердің 150 – 200-ге жуық түрлерінен алынады. 1500-ден астам эфир майлары зерттелген. Олардан 500-ден аса қосылыстар бөлініп алынды, жеке эфир майлары құрамында 5 – 20 түрлі қосылыстар болады. Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т.б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады. Олар өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын еріткіштермен шаймалау және қысу, т.б. әдістер арқылы алынады. Эфир майлары қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе сары, жасыл, қоңыр сұйықтық. Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады және өзінің иісін өзгертеді [40,41]

        Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері құрамындағы физиологиялық заттарға байланысты болып келеді. Емдік маңызы бар физиологиялық заттардың бірі-эфир майлары, көптеген өсімдіктердің құрамында болады (анис, кориандр, мелисса, жалбыз т.б.). Аталған заттар өсімдіктерге  арнайы хош иіс пен дәм береді. Сондай ақ-олар өсімдіктердің көбінесе жапырақтарында, гүлдерінде және басқа да мүшелерінде: жемістерінде (анисте) тамырында (ирис) жиналады.

Өсімдіктердегі  эфир майларының құрамы мен жиналуына табиғи факторлар әсер етеді. Көп жағдайда өсімдік өзінің өскен жеріндегі табиғи және басқа көтеген жағдайларға бейімделеді. Эфир майларының мөлшері ауаның температурасы төмен, ылғалдылығы жоғары зоналардағы  өсімдіктерде жоғары болса, оңтүстік аймақтарда ыстық ауа райында көп жиналады. Эфир майларының саны ғана емес, сапасы да ауа-райына тәуелді болады. Мысалы, ауаның температурасы жоғарылағанда жалбыздағы ментолдың мөлшері де төмендейді. Эфир майлары ұшқыш заттарға жататындықтан, шикізатты кептіру мен сақтау мерзіміне аса көңіл бөлген жөн [18].

 

1.3 Эфир майларының қасиеттері және химиялық құрамы

 

Таза эфир майлары –судан жеңіл сұйықтар, май тәрізді, қағазда майлы із қалдырады, бірақ құрамындағы компоненттерге байланысты тез ұшып кетеді. Суда іс жүзінде ерімейді, спиртте жақсы бөлінеді. Эфир майларының түсі құрамына кіретін заттарға байланысты болады. Мысалы, дәрілік түймедақ пен мыңжапырақтың эфир майларына қою –көк түс тән, мұндай түстің болуы құрамындағы  азуленге байланысты [19].

Эфир майларының фармокологиялық тиімділігі де құрамындағы негізгі компоненттерге байланысты болады. Құрамында азулен бар эфир майлары суық тиюге қарсы қолданылса, құрамында анетол бар эфир майлары қақырық түсіру қабілетіне ие. Ал құрамында фенолды қосылыстары бар  (мысалы тимол) эфир майларының  дезинфицирлеуші   қабілеті жоғары.

Жоғарыда атап өткендей, эфир майлары - өсімдік шикізаттарынан (дистиляция, экстракция, нығыздау арқылы) бөліп алынатын ұшқыш заттардың қоспасы [20,21].

Эфир майларының көпшілігі бензинде, эфирде, липидтерде, майларда және т.б. липофильді заттарда жақсы ерігенмен, суда нашар ериді.

Эфир майларының спиртте еруі оның беріктігіне байланысты болады. Ал беріктілігі судың қатысында  өте әлсіз болады [22].

Эфир майларының өсімдіктер үшін физиологиялық маңызы ерекше. Олардың физиологиялық қызметтеріне келетін болсақ:  өсімдіктер ағзасында жүретін алмасу процестерінің белсенді метаболиттері болып табылады. Бұл процесс эфир майларынының негізгі компоненттерін құрайтын терпеноидты және ароматты қосылыстар үшін маңызды себебі, олардың реакциялық қабілеттіліктері артады.

Эфир майлары өсімдіктің булануы кезінде өзіндік «жастықша» жасап, ауаның жылу енгіштік қабілетін төмендетеді. Бұл қасиеті өсімдікті күндіз шектен тыс қызып кетуден сақтаса, түнде тоңып қалудан сақтайды.

Эфир майларының әсерінен өсімдіктердің хош иістері олардың гүлдерінің тозаңдануына себеп болатын тозаңдандырушы  жәндіктерді еліктіреді. Эфир майлары өсімдіктердің патогенді саңырауқұлақтармен, бактериялармен асқынып кетуден, жануарлардың жеуінен қорғайды.

Эфир майлары –жану температурасы төмен, ұшқыш және жанғыш заттар. Эфир майларын өндірісте қолдану басқа заттар сияқты қауіпсіздік паспортына (ағылшын material safery data sheet –MSDS термині) сәйкес  жүзеге асырылады. Эфир майларын ішке қолдануға тек тағам өнімдерінің құрамында (сусындар, кондитер өнімдері) қолдануға және арнайы фармацевтикалық препараттарда (валидол) ғана рұқсат етіледі.

Ароматты заттар (ароматты таяқшалар, шылым шегу кезінде) толық жанбаған кезде зянды-улы заттар, сондай-ақ полициклді ароматты көмірсутектер (ПАК) және т.б. канцерогендер  түзілуі мүмкін. Осындай улы заттардағы эфир майлары мен олардың компоненттерінің таза мәні LD50. 0.5-10 г/кг-ге жақын.

Әйелдердің аяғы ауыр кезінде сау болуы керек, себебі эфир майларының кейбіреулерінің аборттық әсері күшті болғандықтан, әйелдерде түсік болуы мүмкін. Сұйытылмаған  күйде косметикалық мақсатта қолданғанда тері күйіп қалатын жағдайлар да кездеседі.

Эфир майлары адам ағзасына жақсы әсерін тигізеді, суыққа қарсы, тыныштандыратын, иммунмодирлеуші (иммунөзгертуші) қабілеттерге де ие (Гродзинский А.М.,1984; Малахов А.И. и др.1999; Содатченко С.С и др. 1999)

Информация о работе Топинамбур гүлінің құрамынның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау