Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 14:49, дипломная работа
Цель исследования: Выделение биологических активных веществ из цветков
топинамбура, исследование структуру и состава физико – химическими способами;
Задачи исследования:
Исследовать химический состав цветка топинамбура ;
Определить содержание макро и микро элементов;
Определить аминокислотный состав из цветков тапинамбура;
Биологические активные вещи выявлять и делить;
Выделенный состав эфирного масла, исследовать физико - химическими способами;
КІРІСПЕ ………………………………………………………………………....7
I. ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1. Топинамбурға жалпы сипаттама.....................................................................8
1.2. Эфир майларына жалпы сипаттама...............................................................10
1.3.Эфир майларын қасиеттері және химиялық құрамы...................................13
1.4. Эфир майларын алу әдістері, емдік қасиеттері, қолдану аясы........ ..........15
II.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1. Жұмыстың нысаны және бастапқы заттарға сипаттама..............................19
2.2. Топинамбур гүлінің сулы және спиртті ерітінділерінің рН-ын, сыну көрсеткішін, тығыздығын анықтау.......................................................................22
2.3. Топинамбур гүлінің қышқылдылығын, С дәруменін, пектинді және илегіш заттарды титриметриялық әдіспен анықтау.........................................................26
2.4 Топинамбур гүлінің құрамындағы антоциандар, полифенолдар, фенол қышқылдары, каротин мен флаваноид мөлшерін фотоколориметрлік әдіспен анықтау.....................................................................................................................34
2.5. Топинамбур гүлінің құрамындағы белок мөлшерін Къельдаль әдісімен анықтау.....................................................................................................................40
2.6. Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарын анықтау……....42
III.ТӘЖІРИБЕНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1. Топинамбур гүлінің құрамынның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау ..................................................... 44
3.2. Топинамбур гүлінің құрамындағы макро және микро элементтерді анықтау нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау .......................................51
3.3. Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарын талдау....... ....53 3.4 Эфир майын топинамбур гүлінен бөліп, құрылысын, құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау...........................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………........ ........69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................70
III. ТӘЖІРИБЕНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 Топинамбур гүлінің химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау
Топинамбур гүлінің сулы және спиртті ерітінділерінің рН мәні «И – 160 МИ» рН метрінде анықталды. Сыну көрсеткіші «ИРФ–454Б» маркалы рефрактометрінде анықталды. Тығыздығы пикнометрлік әдіспен анықталды. Зерттеу нәтижелері 1- кестеде көрсетілген.
1-кесте. Топинамбур гүлінің физикалық қасиеттері
№ |
Шикізат атауы |
рН |
n |
р, г∕см3 | ||||||||||
суда |
спирт,% |
суда |
спирт,% |
суда |
спирт, % | |||||||||
40 |
70 |
90 |
40 |
70 |
90 |
40 |
70 |
90 | ||||||
1
|
Алматы топинамбур гүлі |
7,65 |
7,23 |
7,32 |
7,71 |
1,37 |
1,33 |
1,36 |
1,34 |
1,0040 |
0,9138 |
0,8953 |
0,8414 | |
2
|
Ташкент топинамбур гүлі |
7,43
|
7,49
|
7,14
|
7,25
|
1,36
|
1,33
|
1,34
|
1,33
|
1,0037
1,00373
|
0,9443
0
|
0,9578
|
0,9234
|
Топинамбур гүлінің ылғалдылығы және күлділігі гарвиметриялық әдіспен, қышқылдылығы титриметриялық, экстрактивтілік экстракция әдісімен анықталды. Зерттеу нәтижесі 2- кестеде көрсетілген.
2-кесте. Топинамбур гүлінің химиялық құрамы
№ |
Шикізат атауы |
Ылғалдылығы,% |
Күлділігі, % |
Экстрактивтілігі, % |
Қышқылдылығы, % | |
Суда |
Спиртте | |||||
1 |
Алматы топинамбур гүлі |
13,7 |
17,8 |
93,3 |
60 |
0,40 |
2
|
Ташкент топинамбур гүлі |
12
|
16,3
|
92,0
|
61
|
0,64
|
Алматы топинамбур гүлінің ылғалдылығының мөлшері Ташент топинамбур гүлінің ылғалдылығына қарағанда 1,7 еседей көп. Экстрактивтілігі-(спиртте-80%) 2 сағатта суда және 80% этил спиртінде жүргізілді. Экстрактивтілігі жоғары. Әсіресе, спиртпен салыстырғанда суда 1,5 еседей жоғары. Бұл кезде топинамбур гүліндегі көп мөлшердегі биологиялық активті заттар суға және спиртке өтеді.
Топинамбур гүлінің құрамындағы антоциандар, флаваноидтар, полифенолдар, кумариндер және қант мөлшері фотокалориметрлік әдіспен КФК – 2 фотокалориметрінде анықталды. Белок Къельдаль әдісімен, клечатка Венде әдісімен, С дәрумені мен илегіш заттар титриметриялық әдіспен анықталды. Зерттеу мәліметтері 3- кестеде және 1 - 2 диаграммаларда көрсетілген.
3-кесте. Топинамбур гүлінің химиялық құрамы
№ |
Шикізат атауы |
Антоциандар, % |
Флавоноидтар, % |
Полифенолдар, % |
Илегіш заттар % |
Каротин, мкг⁄100 |
Қанттар, % |
Белок, % |
Клечатка, % |
С дәрумені мг\ % |
Фенол қышқылдары % | ||
Гидролизденген |
Конденсирленген |
Галл қышқылы |
Коффейн қышқылы | ||||||||||
1 |
Алматы топинамбур гүлі
|
0,49 |
1,95 |
18,40 |
0,23 |
0,37 |
9,87 |
16,93 |
15,10 |
41,30 |
9,41 |
0,33 |
0,65 |
2
|
Ташкент топинамбур гүлі |
0,58
|
0,65
|
17,0
|
0,41
|
0,58
|
9,80
|
15,70
|
15,20
|
41,30
|
8.41
|
0,34 |
0,50 |
3-кестеде көрсетілгендей биологиялық белсенді заттар Алматы обылысының гүлі мен Ташкент гүлін салыстырғанда Алматы топинамбур гүлінде флавоноид мөлшері 1,3 есе, полифенол 1,4 есе, қант 1,2 есе, С дәрумені 1 есе көп.
Антоциандар табиғи бояғыш заттарға жатады. Антоциандар табиғи бояғыш заттарға жатады. Олар сарғыш қызыл, көк түсті болып кеңінен таралған. Олар физиологиялық активтілік қасиет көрсетеді. Сондықтан тамақ өнеркәсібінде, тауарларды бояуда, табиғи тыңайтқыштарды байытуда кеңінен қолданылады. «Антоциан» терминін 1835 жылы Маркуартом сиягүлінен көк түсті анықтаған. Өсімдік ұлпаларының қызыл немесе көк түсті болуына қарай антоцианның бар екендігін анықтауға болады. Ал жапырақтың қызыл-сарғыш, қоңыр немесе қара түсті болуына қарай антоциандар қоспа және флаваноидты немесе каратиноидты пигмент түрінде болатындығын анықтауға болады. Құрамында антоцианы бар өсімдік ұлпасын аммиак буында ұстаса, оның түсі күлгін немесе көк түске өзгереді. Егер өсімдік құрамында флаваноид болса, онда ұлпаның түсі жасыл-көк немесе жасыл түске боялады.
Табиғи антоциандар. Гликозидті антоциандардың құрамында 1л жоғары қант қалдығы және органикалық қышқылдар болады. Олар суда жақсы ерігендіктен, антоциандарды клетка шырынында еріткен. Негізінен антоциандар ыстық 20% HCl ерітіндісінде 3 минут ішінде антоциандарға айналады. Антоциндардың құрамында мынадай қанттар болады: глюкоза,рамноза,галактоза және гентибиоза. Антоциандар суда және полярсыз ерітінділерде ерімейді[56].
Флаваноид мөлшері КФК-2 маркалы фотоколориметрде анықталды. Флаваноид мөлшері жапырағы мен сабағында жуық шамада. Флаваноидтар-фенолды қосылыстарға жатады. Флаваноидтардың көпшілігі өсімдіктердің әр түрлі бөліктеріне бояу беретін пигменттер топтарын құрайды, өзара әр түрлі мөлшерде қосылыс жасап, өсімдіктер өміріне сиқырлы түрлі-түсті өң береді. Басқалары иілік заттардың негізін салушылар. Флаваноидтар (лат.flavo-сары) көптеген дәрілік өсімдіктерде және тіпті кәдімгі шайда болады. Флаваноидтар антисептикалық әсерімен және РР-дәрумендік белсенділігімен қабілетті болады. Олар өзімен бірге көптеген күшті антиоксиданттарды (ағза ұлпаларының және биологиялық сұйықтықтардың қышқылдануына қарсы тұратын, сонымен қатар бүкіл ағзаны тұтас және жасушалардың ескіруін тоқтататын және зат алмасу процестерін қалыптастыратын заттар), яғни барлығына жақсы таныс дәрумендер Е және С-ні алып жүреді. Флаваноидтар тіпті өсімдікті кептіргенде және экстракттағанда да өздерінің пайдалы қасиеттерін сақтайды. Фармацевтикалық өндірісте бұл заттарды антисептиктерді, бояғыштарды дайындау үшін пайдаланылады. Флаваноидтар емдік мақсатта мына ауру түрлеріне қолданады: өт жолдарын тазалауға, қақырық түсіруге, жүрек ауруына және де адам ағзасын радиоактивті заттардан тазалауға. Олардың ісік ауруларын басу қасиеті де зерттеу үстінде.
3-кестеде көрсетілген мәліметтеріне сүйенсек, С дәрумені, С6Н8О6- организмге аса қажетті витаминдердің бірі. Ол жетіспеген жағдайда адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Аскорбин қышқылының организмнің тыныс алу процесіне де тікелей қатысы бар. Адам күнделікті асымен 50-100 мг аскорбин қышқылын сіңіру керек. Аскорбин қышқылы өсімдіктерде көмірсулардан түзіледі, сондай-ақ синтездеу жолымен де алынады. Ол итмұрын, қарақат, алхор, т.б. жемістерде, қымыздықта, сәбіз, көк пияз, капуста, помидор т.б. көкөністердің құрамында көп болады. Өсімдіктердегі аскорбин қышқылының мөлшері өсімдіктің түріне және өсетін жерінің топырағы мен климаттық жағдайына байланысты. Әдетте солтүстікте өсірілген көкөністер мен жеміс-жидектердің құрамындағы аскорбин қышқылының мөлшері оңтүстікке қарағанда көп болады. Аскорбин қышқылы ағзадағы тотығу-тотықсыздану процестеріне белсенді қатысады. Аскорбин қышқылының екі формасы бар: шын мәнінде аскорбин қышқылы және одан жеңіл түзілетін дегидроаскорбин қышқылы. Аскорбин қышқылы суда жақсы ериді. Ерітінділерде ол жеңіл бұзылады, әсіресе ауа қатысында қыздырғанда. Аскорбин қышқылының бұзылу интенсивтілігін мыс және темірдің каталитикалық іздері күшейтеді. Аскорбин қышқылын анықтау әдісін И.К.Мурри көрсеткен [57].
Полифенолдар күшті табиғи антиоксиданттар болатын өсімдік пигменттері. Полифенолдар: жүзімнің, шайдың, алманың, шокалат т.б жеміс-жидектердің құрамында кездеседі. Канада ғалымдарының зерттеулерінше қызыл шарап құрамында болатын полифенолдар тіс жиегі ауруларына ем болатынын көрсетті. Жүзімнің құрамында болатын полифенолдар:антиоксидантты, антимутагенді, антибактериалды және Р витаминіне бай. Полифенолдар буын ауруларына емдеп, қан айналым жүйесін жақсартады. Полифенолдардан рактың кейбір түрлеріне препараттар жасайды, метаболизімді жоғарлатады. Жүрек бұлшық еттеріне қарсы ем.
Илегіш заттар деп әр түрлі молекулалы табиғи фенолды қосылыстарды айтамыз. Илегіш заттар терминін 1796 ж француз ғалымы Сегеном ашқан.Сегеном өсімдіктердің экстрактісінде илегіш заттар илеу нәтижесінде болады деп анықтаған. Яғни илегіш заттар термині теріні илеу деген мағынаны білдіреді.
1894 жылы Г.Проктер
илегіш заттарды жіктеу
1.Пирогал туындылары
2.Пирокатехин туындылары
Илегіш заттар өсімдіктің құрамында қоспа түрінде кездеседі. Қазіргі кезде илегіш заттардың жіктелуін К.Фрейденбергтің классификациясы бойынша атайды:
1.Гидролизденетін илегіш заттар:
А)галлотанин-эфирлі галл қышқылы мен қанттардан тұрады.
Б)қантсыз эфирлі фенолкарбон қышқылы
В)эллаготанин-эфирлі галл қышқылы мен қанттардан тұрады.
2.Конденцирленген илегіш заттар:
А)флаванол-3 туындылары
Б)флавандиол-3,4 туындылары
В)оксистильбен туындылары[58].
Қанттар – барлық өсімдіктер ұлпаларында (құрғақ салмағының 80%-ына дейін) және аздап жануарлар организмінде болатын органикалық қосылыстар. Құрамы жағынан қанттардың көбі – көміртектің сумен қосылысы Сn(H2O)m, мысалы, гексоза С6Н12О6, сахароза С12Н22О11, сондықтан оларды көмірсулар деп те атайды. Кейде көмірсуларға дәмі тәтті көмірсуларды ғана жатқызады. Мысалы, қызылша немесе қамыс қанты-фруктоза, сүт қанты-лактоза, жүзім қанты-глюкоза т.б. қант термині көмірсулардың ішінде тек моносахаридтер мен олигосахаридтер үшін қолданылады. Қанттар жай және күрделі қанттар болып бөлінеді. Жай қанттарға моносахаридтер (монозалар) жатады. Олар әрі қарай гидролиз арқылы ұсақ көмірсуларға бөлінбейтін, суда жақсы еритін кристалдық заттар. Күрделі қанттарға олигосахаридтер (мальтоза,лактоза,сахароза т.б.) және полисахаридтерге (крахмалл,целлюлоза т.б.) жатады. Моносахаридтер мен олигосахаридтер (олигозидтер,голозидтер) химиялық құрылысына қарай ажыратылады. Қанттар (моносахаридтер, олигосахаридтер) жасыл өсімдіктерде көмірқышқыл газы мен судың қарапайым анорганикалық қосылыстарынан күрделі фотосинтез процесінің жүруі нәтижесінде түзіледі. Құнарлы тағам ретінде қанттардың маңызы зор.
Белоктар, яғни протеиндер,-аминоқышқылдардың қалдықтарынан құрылған, ауыр молекулалы күрделі органикалық қосылыстар (күрделі полипептидтер), бір белоктың өзінің құрамына әр түрлі аминоқышқылдар кіреді. Белок толық гидролизденгенде аминоқышқылдардың қоспасына айналады. Белоктар тіршіліктің негізгі арқауы. «Тіршілікті кездестірген жеріміздің бәрінде»-деп жазады Ф.Энгельс-оның қандай да болса бір белоктік денеге байланысты екенін көреміз, ал қандай да болса бір шіру процесіне кірмеген белоктік денені кездестірген жеріміздің бәрінде біз түгелінен тіршілік құбылыстарын көреміз». «Тіршілік дегеніміз белоктік денелердің өмір сүру тәсілі».
Жануарлар мен өсімдіктердің
организмінде белоктар әр түрлі міндет
атқарады. Белоктар таяныш мүшелердің
бұлшық ет және жабын талшықтарының (сүйектер,шеміршектер,
С 50-52%, Н 6,8-7,7%, О 19-24%, N 15-18%, S 0,5-2,0%.
Белоктардың молекулалық салмағы өте ауыр келеді, адам қанының сарысуының альбумині м.с. 61 500, қан сарысуының глобулині 153 000, ұлулардың гемоцианиндері 6 600 000 болады. Белоктар клеткалардың құрылысын жасауда да, зат алмасу процесінде де өте үлкен роль атқарады. Организмде жүретін барлық биохимиялық реакцияларды реттейді және күшейтеді. Бұлшық еттер клеткаларының қызметіне, жоғары органдарды ауру таратушы агентерден қорғау реакцияларына қатысады. Көмірсулардан және липидтерден белоктардың айырмашылығы олар әр түрлі болады. Олардың құрылысы тек атқаратын қызметіне қарап не сол қызметті орындаушы белоктың қай организмнен бөлінгендігіне байланысты да өзгеріп отырады. Әр түрлі клеткалардан бөлінетін бір биологиялық түрге жататын, бір тектегі белоктар толық бірдей болмайды.
Белоктар пептидті байланыстар арқылы CO-NH амин қышқылдарынан түзілетін полимерлер. Белоктың құрамында темір, фосфор, мырыш, кобальт, марганец, молибден, йод, мыс т.б. элементтер шағын мөлшерде кездеседі.
Тасымалдау қызметі. Қанның құрамында жасушаның мембранасы мен цитоплазмасын және ядроның арасын байланыстыратын ерекше тасымалдаушы белоктар болады. Мысалы, қанның құрамындағы гемоглобин белогы өкпеден сіңіріп алған оттекті дененің барлық ұлпаларымен мүшелеріне тасымалдап, оларды оттекпен қамтамасыз етеді де, ыдырау өнімі-көмірқышқыл газын қайтадан өкпе арқылы сыртқы ортаға шығарып отырады.
Қорғаныштық қызметі. Белоктар организмді әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер оған адамдардың организміне зиянды белоктар (токсиндер) енетін болса, оған қарсы тұратын ерекше белоктар-антиденелер түзіледі. Антиденелер бөгде денелермен күресіп денені залалсыздандырады. Осыған байланысты көптеген жұқпалы аурулармен ауырғаннан кейін организмде қорғаныш антиденелер түзіледі.