Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 19:04, реферат
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері белгіленген: жоспарлау мен қаржыландыру; табиғи қалаларды пайдаланған үшін төлем ақы; қорды қоршаған ортаны ластандырудың төлемақысы; қоршаған ортаны қорғау қорын жасау. 1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін салықтан түсті -16 млрд. астам теңге. Бұл бюджеттің табысты бөлігінің 8,2% көлемінде. Негізінен бұл қазба байлықтың төлем ақысы.
Жергілікті бюджет табысына орман; су, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы түседі.
Төлемақы көлемі олардың
экономикалық бағалануына көбінесе
сәйкес келе бермейді. Олар негізінен
шартты түрде төленеді, табиғи ресурстарды
қалпына келтіруге кететін
Табиғатты пайдаланудан түсетін төлемақы оны қорғауға кететін шығынды өтеуі тиіс.
Қазіргі негізгі принцип мынадай - ластандырушы төлейді. Ластандыру үшін төленетін төлемақының көлемін ұлғайту үшін құқықтық негіз жасап, төлемақы мөлшері деңгейін соған сәйкес анықтаудың әдістемелігін өзгерту қажет. Сонымен қатар экологиялық заңды өтеудің міндетті сақтандыру шараларын енгізу қажет.
Қоршаған ортаның ұлттық стратегиясын енгізу үшін инвестиция қажет. Алайда өтпелі экономиканың жағдайында инвестицияға кезігетін елеулі кедергілер бар.
Біріншіден, капитал рыногының шектелген дамуының. Мемлекеттік бюджет пен экономиканы басқарудың орталықтанған жүйесі барлық инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде капитал рыногымен әлі толық алмасқан жоқ. Оның зайымдар, бонустар беретін басқа да финанстық құралдары жеткіліксіз. Соған қарамастан жергілікті банк жүйесі баршылық, олар өте жоғары проценттік мөлшерде займдар береді. Көпшілігінде мұндай экологиялық инвестициялардың ғұмыры қысқа. Ластандыру төлемақысының жүйесі өте төмен белгіленген, әрі өте нашар орындалады. Оларды ынталандыратын күш әлсіз бюджеттік мәжбүрлікпен төмендейді, сөйтіп кәсіпорындарға бағалауды бюджетке өткізуді мүмкіндік береді. Экологиялық қорларды құрудың басты себебі олар кездескен қиыншылықтарға қарамастан инвестицияларды қолайлы деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қорлар экологиялық стандарттар мен нормаларды енгізуді жеңілдетуі, таза әрі қорларды үнемдейтін технологияның да шығуына ықпал етеді.
Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады деп жазылған. Бұл елбасы жолдауы - болашақ бағдарламасы деген сөз. Экология ел амандығы десек ең алдымен табиғатты сауықтыруымыз керек.
Қазақстандағы табиғат қорғау инвестициясының негізгі бөлігі ішкі ресурстардан түседі, алайда қаржыландыру деңгейі темен.
Үкімет табиғат қорғау қорының қызмет аясын, құқығын кеңейтіп, сол арқылы экологиялық төлемақыны өндіру мен жұмсауды бақылау құқығы бар дербес статус беріп отыр. Дербес заңды тұлға ретінде Республикалық экологиялық қор құрылды. Оның қаржысы экология және табиғи қорлар стратегиясын туындайтын экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Қорларды құру республикада табиғатта қорғаудың экологиялық механизмін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.
Табиғат қорғаудың басымдық шараларын іске асыру үшін халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанға сыртқы қажет.
Қазақстан конституциясында және «Қазақстан - 2030» стратегиясында біздің азаматтарымыздың қолайлы қоршаған ортада салауатты өмір сүруіне, дер кезінде нарықты экологиялық ақпарат алып отыруына құқық берілген.
Адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында жүретін «зат алмасусыз» мүмкін емес. Алайда бұл алмасу қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Өкінішке орай, адамда «бәрін бағындырам» деген қиял пайда болады. Ғасырлар бойы адамдар жасаған өндіріс құралдары қазір дамудың жоғары деңгейіне жетті. Енді сол жетістік адам денсаулығына жер бетіндегі тіршілік дүниесіне зиян келтіруде. Оның бір себебі әлі күнге дейін материалдық өндірісте объективті баға үшін жеткіліксіз екі өлшемді әлеуметтік, экономикалық әдіс қолданылды. Мұның орнына көрсетқіштер мен факторлардың үш өлшемді әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жүйесіне көшу қажеттігі әлдеқашан дәлелденген. Бірақ экономистер мен экологтар арасында экологиялық проблемаға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарама-қайшы, бірін-бірі жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған. Ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағына көңіл бөлінбей қалады. Бүгінде біздің де еліміздегі экологиялық жағдай осындай іс-әрекеттерге байланысты нашарлап кетті. Экологиялық сауатсыздық, табиғатта жүріп жатқан заңдықтарды білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі себептері. Біздің елімізде қоршаған ортаны сақтау мен оны пайдаланудың экономикалық әсері осы уақытқа дейін болмады. Экономикалық механизмнің жаңа структурасы өзіне табиғат ресурстарын қарастырып, материалдық техникалық жабдықтауды және сонымен бірге, жаңа экономикалық стимулдарды, яғни, экологиялық фондтар экологиялық сақтандырулар кіргізеді.
Ғалымдардың айтуы бойынша жаңа экономикалық механизмнің негізгі ерекшелігі - қоршаған ортаны қорғауды өндірістік коммерциялық дамудың негізгі бөлігі ретінде санау, өйткені жұмысшы немесе өндіруші өзінің өндіретін өнімімен бірге қоршаған ортаны қорғауға да үлкен көңіл аударуы керек.
Экономика мен экологияның
қарама-қайшылығы – қоршаған табиғи
ортаны қорғаудың негізгі
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизміне арналған тарау бар/9/. Бұл тарауда қоршаған ортаны қорғаудың барлық экономикалық әдістері көрсетілген.
1. Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар болжамдық және бағдарламалық-нысаналы құжаттар мен материалдарда ескеріледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын индикативті жоспарлаудың жобаларында, табиғат пайдаланудың әртүрлі бағыттары жөніндегі ұлттық бағдарламалар мен тұжырымдамаларға енгізілді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру: республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер; қоршаған ортаны қорғау қорларының қаражаты; экологиялық сақтандыру қаражаты, табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты; заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымдықтары есебінен жүргізіледі.
2. Табиғи ресурстарды
Табиғи ресурстарды
3. Қоршаған ортаны ластағаны
үшін ақы төлеу. Қоршаған
4. Табиғи ресурстарды қорғау және толықтыру үшін ақы төлеу. Табиғи ресурстарды қорғау мен толықтыру үшін ақы табиғат пайдаланушылардан аталған қызметті жүзеге асыруға жұмсалған бюджеттік шығыстардың орнын толтыру өтемі ретінде алынады.
5. Қоршаған ортаны қорғауды
6. Экологиялық сақтандыру.
Экологиялық сақтандыру
Экологиялық қауіпсіздіктің критерийлерін әзірлеу және экологиялық қауіпсіз технологияларын жаппай енгізумен қатар үкіметаралық ұйымдардың бірлескен отырыстарында жақын арада және ұзақ мерзімге атқарылатын іс-шаралардың кешенді жүйесін әзірлеу қажеттігі туындап отыр.
Бейімделудің әмбебаптығы
экологиялық қауіптілігі жоғары
өнеркәсіп салаларындағы
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Вена конгресінің қорытынды құжатында атмосферада, су мен топырақта экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және сақтау, күкірт, азот тотықтарын немесе олардың трансшекаралық ағындарын 30%-ға уақтылы және тиімді азайту атап көрсетілген. ЕЭК мүшелері мемлекеттері қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдаланудың аймақтық стратегиясының маңыздылығы туралы баса айтылған.
Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық дағдарыстан шығу жолындағы тынымсыз ізденістер тұрақты даму концепциясына алып келді. Тұрақты дамудың анықтамасы бойынша экология мен экономика әріптес болуы тиіс.
Адамзат дамуының жаңа формуласы: жақсы экология — бұл жақсы экономика, ал жақсы экономика — бұл жақсы экологияны қамтамасыз ету мүмкіндігі болып шығады. Бірақ, бәрібір қоғамды тұрақты дамытудың лайықтысы адам болып қала береді. Сонымен тұрақты дамудың бірыңғай құрамдас үш моделі: экологиялық дамудың баланс жасалған жетістіктері, экономикалық өсу және демографияны қоса алғандағы әлеуметтік даму болып есептеледі.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу, т.б.
Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек.
Экологиялық білім беру - әртүрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру.
Білім беру жүйесін экологизациялау - экологиялық ойлардың, ұғымдар, принциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әртүрлі салалардың мамандарын дайындау.
Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады.
Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі.
Күн - энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады.
Көбінесе Күн энергиясын жинау әр түрлі коллекторлардың көмегімен жүргізіледі. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың жекеленген салаларын толық күн энергиясымен электрификациялау жобалары жасалған. Күн энергиясын фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады. Фотосинтез энергиясын алудың ең қарапайым жолы-органикалық затты жағу.
Ертеден келе жатқан энергия көзі ретінде желдің ролі ерекше. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданып келді. Бірақ, оны электр энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза бастады. Жел энергиясын пайдалану жұмыстары Канада, Нидерланды, Дания, Швеция, Германия және т.б. елдерде жүргізілуде.
Информация о работе Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі