Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 19:04, реферат

Краткое описание

Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектісі. 23..doc

— 143.00 Кб (Скачать файл)

Экологиялық қауіпсіздікті  арттырудың бір көзі экологиялық  білімді жетілдіру, келешек ұрпақтың санасына сіңіру, сонда ғана біздің ұрпақ экологиялық қауіпсіздікті жетілдірудің қажеттілігін сезініп өседі. Осыған орай табиғатты тиімді пайдалануға әрекет етеді деп ойлаймын.

Қазіргі уақытта экономикада  экологиялық бағыттың дамуы қажет, өйткені, экология-экономикалық бағалаусыз шаруашылықтың даму тенденциялары  туралы жорамалдау мүмкін емес. Қоршаған ортаның элементтерін дәстүрлі экономикалық есептеулерге уақтылы кіргізе алмау қиындығы туындап отыр. Сондықтан адамның өндірістік іс-әрекетін экология-экономикалық тұрғыдан бағалаудың жаңа әдістемелері қажет.

Қазақстандағы экологиялық дағдарысты жағдай 1997 жылы "Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғауға байланысты ұлттық іс-қимыл жоспары" Орталығының құрылып, нәтижелі жұмыс істеуіне қол жеткізді. Бірақ мұнымен іс бітті екен деп қарап отыруға әсте болмайды.

Халықаралық тәжірибені пайымдау барысы материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін басқару тәсілін өзгертудің қажеттігін алдымызға қойып отыр. Осы жағдайда Қазақстанда табиғатты қорғаудың тиімді жолы қалдықтарды утилизациялау емес, оларды кезінде қысқарту стратегиясы болып табылады.

Тұрақты даму сатысына өту біз үшін өте маңызды тірлік, сондықтан табиғи-экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бір науқанмен аяқталатын жұмыс емес екендігін есте сақтағанымыз абзал.

Қазақстан Республикасында  табиғат қорғауды, оның адам капиталымен өзара әрекет деңгейін жоғарылатуда сенімді қамтамасыз  ету үшін  мынадай  шараларды жүзеге  асыру  кажет.

Олар: республикалық экологиялық  қорды (тиісінше облыстық, жергілікті) жасау және оның қызметін жандандыру, қоршаған ортаны қорғауды сақтандыру қорын, кәсіпорындардың экологиялық қорын қалыптастырып, жұмсалу арналарын қадағалау.

Қазақстан Республикасында қабылданған "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңның негізгі міндеті қоршаған ортаны қорғауда қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын реттеу, табиғи ресурстарды өндіру және тиімді пайдалануда зандылықты және құкық қорғау тәртібін күшейту болып табылады.

Республикамызда экологиялық  проблемаларды мемлекеттік реттеуде осы аса маңызды Заңдар бұлжытпай басшылыққа алынып, орындалуы тиіс.

Елiмiздiң iшкi экологиялық қауіпсiздiктi сақтау үшін, жүйелi түрде әлеуметтiк - экономикалық бағдарламаларды iске асыру керек. Экологиялық талаптарды күшейтiп, адам денсаулығын сақтау шараларын қолға алу қажет.    Қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштардың мөлшерiн азайту үшін, модельдi бағдарламалар қабылдануы тиiс. Зиянды қалдықтарды екiншi қайталап қолдану жолдарын, оларды өңдеудi iске асыру қажет. Өндiрiске салааралық талдау моделiн игерген бiлiктi мамандарды жұмылдыру. Осындай шаралар оң нәтиже берген болар едi. Қарапайым халықтың мақсаты да осы. Барлық адамзат үшін табиғаттың тазалығы оның борышы болып табылады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы Жолдауы, www.president.kz. сайты
  2. Бекмаганбетов Р. «Экономико-экологические факторы и механизмы их развития в условиях рынка»// Экология. Устойчивое развитие№12, дек. 2004 г.
  3. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңы, 1998 жыл, 26 маусым.// Егемен Қазақстан газеті.
  4. «Қала мен Дала» газеті, «Экологияның өзекті мәселелері» атты мақала, 2004 ж. 26 мамыр.
  5. Ақиқат журналы, «Экологияның экономикалық залалдары» атты мақала, 2006 ж №4, 58 б.
  6. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы, Алматы. Юрист, 2004 ж.
  7. Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабы
  8. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003 ж.
  9. Қазақстан және оның аймақтары. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. — 2002. - №4
  10. Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл». Алматы: Атамұра, 2003. — Б.240
  11. Нарибаев К.Н. Научно-технический прогресс и занятость: современные мировые тенденции. - Алматы, 1998. — С.46
  12. Энгельс Ф. Табигат диалектикасы. - Алматы: Қазақстан, 1982. - 342 б.
  13. Назарбаев Н.Э. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде //Халық Кеңесі, 1993. - 9 қазан.
  14. Назарбаев Н.Э. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы, 1998 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі