Қорықты территориялар табиғатты қорғаудың бір түрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2015 в 19:46, реферат

Краткое описание

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Табиғатты қорғау мәселелері.
Ерекше қорғалатын территориялар
III Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Қорықты территориялар табиғатты қорғаудың бір.docx

— 144.53 Кб (Скачать файл)

МЕББМ  ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ                                                                НУО  КАЗАХСТАНСКО-


МЕДИЦИНАЛЫҚ                                                                    РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТІ                                                                                         УНИВЕРСИТЕТ

 

___________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

ОСӨЖ

Тақырыбы: « Қорықты территориялар табиғатты қорғаудың бір түрі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Факультет: Жалпы Медицина

Топ: 107 «А»

Орындаған: Хаирова Ж.Е.

Тексерген: Айтжанова Г.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы. 2015ж.

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

  1. Табиғатты қорғау мәселелері.
  2. Ерекше қорғалатын территориялар

III Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғатты қорғау мәселелері. Экология ғалымының негізгі мақсаты – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне  қарамастан барлық адамдардың экологиялық  деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәнежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера  ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде  биосфера  ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы  бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

1971 жылы Швейцарияда Европалық  конференция шақырылып, онда айнала  қоршаған табиғи  орта, табиғат қорғау мәселереі көтерілді.

1972 жылы  Стокгольмге "Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім беру, 1977т жылы Тбилиси қаласына  БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары "Экологиялық білім беру” туралы 40 астам шешімдер қабылданып оның ғаламдық, стратегиялық жоспаралар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т.б. конференцияларымен жалғасады.

XX ғасырдың орта шенінде  педагогтар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В. М. Корсунский, т.б. экологиялық білім  беруді география, биология пәндерімен  байланыстыра отырып дамытуты  ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке  экологиялық білім беру КСРО  бойынша оқу жүйесіне енгізіле  бастады.Мәселен, 1947 жылы Беларуссия  мемлекеттік университетінде алғаш  рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт – Петербург, т.б.) Биосфера,  Экология, Табиғат қорғау, т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог - ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т.б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан - қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды.

Экологиялық білім беруде және жоғары білімді эколог мамандарды даярлауда Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің орны ерекше. Университет профессоры А. С. Бейсенованның жетекшілігімен Республика "Жоғары оқу орындарында эколог мамандар дайындау” және  "Мектеп оқушыларына экологиялық білім беру” тұжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы География  - экология факультеті ашылып, мамандар даярлай бастады. Қазір Әль – Фараби атындағы университетте (ҚазМҰУ), Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия - экология, география - экология, т.б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми зерттеу инститтуттары биоресурстар бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүогізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамандарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламеннті мен үкіметі "Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау” Заңын (1997), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі ”тұжырымдамасы (1996), экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспарын (1996) т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.

Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол түралы пікір таластар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымдарын біз белгілі экологтар Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің жіктеуі негізінде береміз.

Ерекше қорғауға алынған териториялар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап,оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Кез-келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып,дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

1) оның территориясындағы  барлық негізгі географиялық  аймақтар мен өңірлердің табиғи  эталондарының барынша толық  көрсетілуі;

2) жүйелі топтастырылған  деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер  мен жануарлар дүниесін және  микроорганизмдерді сақтау.

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар.Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-ын құрайды.Дүние жүзінднгі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда.Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га;Вуд-Буффало(Канада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гобий қорығы (Моғолстан) – шамамен 4 млн. га.

Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.

Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдарболып табылады.

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше.Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр.Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен,радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.

Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.

Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың – 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.

Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың  хлорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.

Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.

Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.

Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.

Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.

Бетпақ-дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.

Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.

Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорық қорықтық белдеу (биорезерваттың ядросы), буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы бір типті ландшафтта және бір-бірінен онша алыс емес ара қашықтықта орналасуы қажет.

Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резерват кірді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП), ФАО, МСОП-ның ұсынуымен Минск қаласында биосфералық қорықтар бойынша бірінші Халықаралық Конгресс өтті. Конгрестің жұмысы нәтижесінде 1984 жылы «Биосфералық қорықтар бойынша жұмыс жоспары» қабылданды.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода  өткен Жердің жоғарғы форумында  Биологиялық алуантүрлілік туралы  Конвенцияға қол қойылды. Конвенцияның  негізгі мақсаты биологиялық  алуантүрлілікті сақтау мен оның  элементтерін тұрақты қорғау  болып табылалы. Биосфералық қорықтардың  осы конвенцияны орындауға көмек  беруге мүмкіндіктері бар. Ұлттық  саябақтар мен қорғауға алынған  территориялар мәселесі бойынша  Каракас (Венесуэла, 1992 жыл) қаласында  өткен төртінші Дүниежүзілік  Конгресте биосфералық қорықтарды  басқаруға жаңалықтар енгізілді  және биорезерваттардың жаңа  формалары жасалды. Мысалы, «Кластерлік» және трансшекаралық  қорықтар. Биорезерваттардың дамуы саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды. Оны қазір «Интернет» жүйесі жүзеге  асыруда.

Биосфералық қорықтар туалы Халықаралық конференция (Севилья, 1995 жыл) XXI ғасырдағы биосфералық қорықтардың рөлі мен дамуының Севилья стратегиясын жасады.

Биосфералық қорықтар өзара толықтырушы үш функцияны атқаруы керек:

генетикалық ресурстарды, биологиялық түрлер, экожүйелер мен пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функциясы;

·   тұрақты экономикалық және адамзаттық дамуға көмектесу үшін даму функциясы;

Информация о работе Қорықты территориялар табиғатты қорғаудың бір түрі