Арал проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:04, реферат

Краткое описание

Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті.

Содержание

1.Кіріспе. Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны.
2.Негізгі бөлім. Аралдың экологиялық проблемасы.
3.Қорытынды. Арал теңізін құтқару мәселелері.

Вложенные файлы: 1 файл

реферат арал.docx

— 81.47 Кб (Скачать файл)

АРАЛ ТЕҢІЗІ —Қаз. ССР-інің оңт.-батысындағы ағынсыз тұзды  көл. Үлкендігі жағынан дүние  жүзінде 4-орын алады. Солт.-шығыс жартысы  Қаз. ССР-нде, оңт.-батыс болігі Қарақалпақ АССР-нде. Әбу-л-Ғазының жазбасында (1630) А. т. аталуы Амударияның құйылысын  мекендеген арал еліне байланысты делінеді; араб зерттеушілерінің «Үлкен сызба  кітабында» (1600) Ховарезм (Хиуа) немесе Сырдарияның құйылысындағы Жанкент (Женді) қ-сының атауымен Женді аталған. Ер.- те замандағы географтар мен  қытайлардың А. т. жайындағы білігі бұлдыр, тұспал болған. «А.. т.» деп алғаш рет араб жазушысы ибн-Русте (910) атайды, ал араб географтары әл-Истахри (920), Идриси (1154), Әбу-л-Фида (14 ғ.) нақтылы мәліметтер береді. Ке¬не заманда Каспий мен Аралдың қосылып жатқаны, бір кезде Амударияның Каспинге құйылраны жайында бір түйінге келмеген шашыранды пікірлер де бар. 1417 ж. Хафизи Абру Хорезм (Арал) көлі құрыды, Жайхунның арнасы ауып, Хозарға (Каспий) құйды десе, 1570 ж. Әб;у-л-Ғазы Аму қайтадан Аралға құйылды ДЕЙДІ. Орыс географтарынан А. т-н алғані рет зерттегендер Муравьев пен Бутаков (18-19 ғ.). 1848—49 ж. А. И. Бутаков А. т-н тұңғыш рет картаға түсірді. Аралдың теңіз деңгейінен биікт. 53 м. Ауд. 64,5 мың км2, (оның 2,3 мың км2 аралдар). Теңізддң ең ұзын жері 428 км, ені 235 км, алабы 690 мың км2, суының орташа көл. 1000 кле3, шамасында. А. т-нің ойысы жер қабығының плиоценде майысуынан пайда болып, суға толған. Теңіз түбінің бедері тегіс. Ор¬таша тереңд. 20-25 м, ең терең жері 67 м. Теңіздің оңт.-батыс жағалауын жүздеген ұсақ аралдардан тұратын. 
Ақпекті архипелагы алып жатыр. Жалпы А. т-зде 300-ден астам арал бар, ол теңіз аумағының 3,5%-і. Ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение. Солт. жағасы биік жар. Аласа жері қүрлыққа сұғына кіріп жатқан шығанақтармен (Құмсуат, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ, Ақкөл, Бозкөл, Қашқансу, Қаратума, Жалтырбас, Мойнақ т. б.) тілімделіп, бірнеше түбек (Қуланды, Қаратүп, Көктырнақ, Мойнақ) пайда болған. ІІІығ. жағасы ойпат, құмды және көптеген саяз шығанақтармен ұсақ аралдардан тұрады. Батиақты, ойпат болып келген оңт. жағасы Амударияның атырауымен тілімделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Қазақстан ұлттық жэнциклопедиясы. Алматы 1998 ж. 
2. Г.С. Оспанова., Г.Т. Бозшатаева «Экология» Алматы 2002. 
3. Есназарова Ұ.А. Темірбеков А.Т. «Түркі тілдес елдер географиясы» Анкара -1999 ж. 
4. Қ.Н. Жалмишова «Экологиялық білім және тәрбие» Шымкент 2006. 
5. Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері», Алматылық баспа кабинеті 1995 ж. 
6. Орынбаева Ғ «Оқушыларға экологиялық тәрбие беру» Алматы Рауан, 1998 ж. 
7. Ю.П. Одум «экология» Мәскеу 1986 ж. 
8. П. Аресс «Экология кілттері» санкт-петербург 1982 ж. 
9. А.Ш. Алматьев «табиғи ортаның дамуы, өзгеруін және қорғалуы». Санкт-Петербург. 1983 ж. 
10. И.Д. Лаптев «Экологиялық проблемалар» Мәскеу 1982 ж. 
11. П. Бердокс, Д. Родд «Қоршаған ортаны ластанудан қорғау стратегиясы. Мәскеу 1979 ж. 
12. «Егемен Қзақастан», 2005 жыл 30 қараша 
13. «Отырар алқабы», 2002 жыл 15 наурыз. 
14. Фейзуллах Будан, «Қазақстан: өткені, бүгіні мен ертеңі». Анкара 2000 жыл. 
15. Қазақстан Республикасы: Энциклопедиялық анықтамалық «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы 2001 ж.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты

                                                   

 

 

 

 

 

 

    Реферат

     Тақырыбы:__________________________________

 

 

                                            Орындаған:______________

                                                Тексерген:_____________

 

 

                                                                                                                                              

                                                                     

 

 

 

 

                                                                         Семей 2013ж


Информация о работе Арал проблемасы