Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 12:37, реферат
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұз. жылына 5–20 м-ге, ауд. 1000 м2, мұз қоры 0,05– 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауд. 20000 км2-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төм. шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.
Өзен. Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұз. 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500–1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт.-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлерге қарағанда жоғары, 0,4–1,8 км/км2 шамасында. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 км/км2-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал т-дерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика жеріндегі ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғ. бөлігіндегі ағыны 2 ірі су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш к. алабындағы ірі өзен – Іленің республика шегіндегі ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның ірі салаларының бірі Шілік өз-нен бастап, Шамалған өз-не дейін ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған.
Бат. Қазақстан жерін негізінен Жайық өз. суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақстандағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен бірге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем, т.б. өзендер жатады. Бірақ бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды. Қазақстан өзендерінің көпшілігі жазда суы тартылып, жеке-жеке қарасуларға бөлініп қалады. Біразы көктемгі қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады.
Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Өзендердің көпшілігі көктемде тасиды, тек мұздық суынан толысатын өзендер ғана жазда тасиды. Климат сипатына байланысты өзендердің көп жылдық арын мөлшері де үнемі өзгеріп отырады. Жазық өңірлер өзендері арынының орташа өзгергіштігінің вариациялық коэфф. негізінен 0,80-нен 1,20-ға дейін жоғарылайды. Бұл шамадан тек Жайық өз-нің ағын өзгергіштігі кемірек (0,58–0,80), ал Тобылдікі көбірек (1,50-ге дейін) келеді. Тау өзендерінің жылдық ағын мөлшерінің ауытқуы онша болмайды, әсіресе Іле Алатауының солт. беткейінен басталатын өзендер деңгейі тұрақты. Тау өзендерінің суы гидрохим. құрамына қарай гидрокарбонатты болады; олардың минералдығы жоғары деңгей кезінде 200–300 мг/л, деңгейі төмен түскенде 500–600 мг/л-ге дейін жоғарылайды. Жазық өңір өзендерінің суы сульфатты немесе хлорлы топқа жатады және олардың минералдығы су жинайтын алаптың ауданына, жер бедері мен топырақ сипатына, климаттық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Шөлейт және шөл белдемдердегі өзендердің минералд. 100–200 мг/л-ден (бастау жағында) 5000 мг/л-ге дейін (төм. ағысында) артады.
Өзендердің лайлылығы жөнінен Қазақстанның жазық және таулы аудандар арасында үлкен айырмашылық бар. Жазық жер бедеріне және өзен егістігінің шамалы болуына байланысты мұндағы өзен суында қатты зат ағыны біршама аз болады, лайлылығы 200 г/м3-ден артпайды. Борпылдақ жынысты өңірде ағатын Бат. Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500–700 г/м3). Таулы аудандар өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай 50–100 г/м3-ге дейін артады.
Көл. Қазақстан көлдерін
ауданына қарай топтастырсақ, онда
жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-і шағын
(ауд. 1 км2-ге дейінгілер) көлдер қатарына
жатады. Ауд. 10 км2-ден астам ірі
көлдер саны 296, ал 100 км2-ден астам
аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне
Қазақстандағы барлық көлдердің
жалпы ауданының 60%-ы тиеді). Қазақстан
аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған.
Кейде бұлар бір-бірінен
Теңіз. Қазақстанның батыс және оңт.-батыс жағын, еліміздегі ірі тұйық су айдындары – Каспий және Арал т-дері шайып жатыр. Каспий т. – солт. (тереңд. 4–8 м), орта (780 м-ге дейін) және оңт. (тереңд. 1000 м-ден астам) бөліктерге ажыратылады. Арал т-нің шарасы Тұран тақтасының төмен қарай иілген тұсында қалыптасқан. Деңгейі қарқынды төмендеуде (қ. Каспий теңізі және Арал теңізі).
Жер асты суы. Алаптағы не кендегі
су сыйыстырушы жыныстардың
Жарықшақтық су таулы, қыратты және ұсақ шоқылы аймақтарда кеңінен тараған. Құрамы әр түрлі атпа, шөгінді, метаморфтық жыныстардың жер бетіне жуық үгілу аумағында (30–50 м-ге дейінгі тереңдікте) қалыптасады. Бұлар жер бетіне көбіне минералд. төмен (0,1–0,1 г/л), су шығыны мардымсыз шағын бұлақтар түрінде ұшырайды. Тектоник. жарылыстар мен жаралу тегі әр түрлі жыныстардың жапсарларын бойлай қуалаған бұлақтар мен тайыз ұңғымалардың су өнімд. 5–7, кейде 10–15 л/с-ке жетеді.
Жарықшақтық-қабаттық жер
асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлігіндегі,
Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңт. және
Шығ. Қазақстандағы шағын
Ж.Достай, Т.Омаров
Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
Қазақстанның су корларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
Жалпы Қазақстан аумағының
климаттық ерекшеліктеріне
Су корларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалык кондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ– Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылы 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен ағындысының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көл. 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.
Су ресурстар аумақтың
өмір сүру негізін құрайды. Бассейн
беттік және жерасты су ресурстарымен
бай. Олар өндірістік күш аумағында
дамуды және қарқынды ауыл шарушылық
өндірістік, қолайлы климаттық шараттармен
үйлесіп қалыптасуды ескере алды.
Басссейнде 45 мыңнын артық өзендер,
уақытша су ағындары және жалпы ұзындығы
118 мың км дейінгі сайлар бар.Олардың
ішінде ең ірісі Іле өзені (бассейннің
75 % дейінгі сужинағыш ауданы) болып
табылады. Балхашқа құяр кезде көлемі
8 мың км2 -мен дельтаны құрайды. Дельта
гидравликалы түрде көлмен байланысты
және экожүйеде экологиялық тендікті
ұстап тұратын табиғи реттеуішті
атқарады, құрғақ жылдарда су қорының
бір бөлігін көлге береді. Бұл
құстар және жабайы жануарлардың тұратын
ортасы, сонымен қатар үй жануарлар
үшін қоректену базасы болып табылады.
Бассейнде өзеннен басқа
Балхаш көлі үлкендігі бойынша Қазақстанда үшінші ағынсыз су қойма болып табылады. Көлдің шұңқыры созылған және бөлшектенген. Шұңқырдың және су асты табалдырығының тарлауына байланысты көл, тар Ұзынарал бұғазымен қосылған (5-6 км), Батыс және Шығыс бөлікке бөлінеді. Батыс Балхашта су аздап ащылау, ал шығыс бөлікте- жоғарғы минерализация денгейімен тұзды болып келеді. Көлдің денгейі және су балансының ғасырлық және ішкі ғасырлық тербелісінің үлкен ауқымы морфометриялық сипатын және сәйкес су қойманы пайдалану шартын да өзгертеді.
Іле өзені Балхаш көлі бассейннің
негізгі су саласы болып табылады.
Ол бастауын Орталық Тәңіртау (Қазақстан)
Текес өзені көзіндегі Мұзарт
мұздықтарынан алады. Кейін Кунес
және Қаш өзендерімен қосылып
ҚХР аумағы бойынша ағады, 250 км-де
тағыда Қазақстан Республикасы аумағына
кіреді де 1001 км-де Балхаш көліне құйылады.Өзеннің
жалпы ұзындығы 1439 км, Қазақстан
аумағында -815 км. Шарын және Шілік
өзендерінен басқа, бассейннің сол
жақ бөлігінде Іле өзенінің орта
ағысында таулы өзендерге бөлінеді:
Іле Алатаудың солтүстік
Шілік-Іле Алатаудың ең ірі өзені. Басатауын Іле Алатау үстіртінің оңтүстік бөктерінде орналасқан Жаңғырық,Богатырь Корженевского мұздықтарынан алады. Өзеннің ұзындығы 245 км, бассейннің көлемі 4980 км2. Шілік өзенінің үш тармағы бар: Женішке, Сарыбұлақ және Ассы.
Түрген өзені мореннен ағатын мұздықтардан және сулардан алады. Өзен Шентүрген, Түрген (Ортатүрген) және Кіші-Түрген өзендерінің қосылуынан пайда болады. Олардың әр қайсысы көптеген тармақтардан тұрады. Өзеннің жалпы ұзындығы 116 км.