Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері: көркем мәтін, тіл мәдениеті, стилистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 00:26, дипломная работа

Краткое описание

Ұлттың қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өмірінде болып жататын өзгерістердің барлығы оның тілінен көрініс таппай қалмайды. Тіл тек қатынас құралы ғана емес, халықтың танымы мен білімінің жинақтаушысы да болғандықтан, солай болуы заңды да. Ғылым тілінің даму тарихын да халық өмірінде болған өзгерістермен байланыстырмай, бөліп алып қарауға болмайды. Сондықтан да бұл диплом жұмысында жалпы термин шығармашылығы, оның ішінде терминологиялық лексиканың барлық тәсілдері арқылы жасалған лингвистикалық терминдер қоғам өмірінде болған сондай өзгерістермен тікелей байланыста қарастырылады. Қазақ терминологиясының қалыптасу, даму тарихы термин шығармашылығының барлық уақытта бір қалыпты жүріп жататын үдеріс емес екендігін көрсетеді.

Содержание

Кіріспе
I Тарау. Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы
1.1. Қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдері.
1.2. Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты.
1.3. Ахмет Байтұрсыновтың термин жасаудағы әдіс-тәсілдері.
II Тарау
2.1. Қазіргі қазақ лексикасының терминденуі.
2.2. Ахмет Байтұрсыновтың фонетика саласындағы терминдері мен
тілдің қазіргі дыбыстық жүйесіндегі терминдердің арақатынасы.
2.3. А.Байтұрсыновтың грамматика саласындағы терминдері мен қазіргі грамматикалық жүйедегі терминдердің сипаты.
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

реферат экология.docx

— 99.64 Кб (Скачать файл)

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Егеменді еліміздің экономиялық  қатынастарының нарықтық үлгіде дамуы  іскерлік сойлеу тілінің ( мәтіндерін) тілдік тұрғыдан қолданбалы лингвистика  бағытында зерттеуді қажет ететіндігінен  туындайдыю Ең бастысы – іскерлік со»леу тілінің сендіру категориясының тілдегі көріністері мәселесі бойынша  германистика, сонын ішінде, ағылшын  тіл білімінде арнайы зерттеулердің  жоқтығы зерттеудің өзектігін айқындай түседі.

 Зерттеу жұмысының  мақсаты: Іскерлік сөйлеу тіліндегі  сендіру категориясының лексикалық  және синтаксистік деңгейлердегі  көрінісінің прагматикалық сипатын  айкындау.

Зерттеу жұмысының міндеті: Адресатка белгілі мақсатта ықпал  ету. Өз кезегінде ықпал ету –  сендіру, иландыру, үгіт – насихаттан тұратын кешенді құрылымдық ұғымды білдіреді. Зерттеу жұмысы іскерлік сөйлеу тілінің сендіру категориясының ерекшеліктеріне арналады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Зерттеу нәтижелерінің  қорытындысы бойынша іскерлік мәтіндерінде көрініс тапқан АҚШ халқының өзіне  тән кейбір мәдени құндылықтардың, атап айтқанда, индивидуалистік көз қарас, патриоттық сезім, сапа, материалистік жетістік (ақша ), білім, уақытпен санасу, әзіл – сықақ әнгімелердің іскерлік мәтіндерде кездесіп, адресаттың уәждерімен бірігіп, оларға ықпал етумен ерекшеленетініі анықталды. Мұнымен қоса, жағымды сипатта әрі ұлттық нақышта келетін бағалауыш сөздердің іскерлік мәтіндеріндегі қолданысы прагматикалық ерекшелігіменен сипатталатыны дәлелденді.

Зерттеу жұмысының болжамы: Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық, мәдениетаралық қатынастардың, мұнысен қоса, ағылшын  тілінің қазіргі кездегі ролін  айқындай түседі. Бұл сайып келгенде, Қазақстанның халықаралық қатынастарын дамытуда ағылшын тілі арқылы өзіміздің  іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктерімізді, еліміздің іскерлік саласын шет  елдерде таныстыруда іскерлік мәтіндерін сенімді әрі ұтымды етіп дайындауды талап етеді.

Зерттеу жұмысының пәні: Сендіру  прагматиканың бір категориясы  ретінде психолингвистика, социолингвистика, когнитивті лингвистика секілді  пән аралық сипатта келеді. Отандық  ғалымдар сендіруді ықпал етудің бір түрі ретінде тіл білімі саласында  қарастырса, шетел ғалымдары сендіруді  психология, әлеуметтану аясында  қарап, оның тілдік жағын ескерусіз  қалдырады.

Зерттеу жұмысының нысаны: Іскерлік тілі белгілі бір прагматикалық  мақсатты көздейтін және әр түрлі  жанрда келетін іскерлік қарым –  қатынас деп анықтаймыз. Іскерлік сөйлеу тілі арнайы жиналған қауымның алдында, ресми жиындарда, ұжым ішіндегі отырыстарда, халықаралық конференцияларда, қабылдауларда орындалады.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Тақырыпқа қатысты ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Шетел  сөздері мен терминдерінің мағыналарын  жан – жақты ашу негізінде  әр түрлі салааралық түсіндірме сөздіктер, дереккөздер қолданылды.

Зерттеу жұмысының әдіс –  тәсілдері: Ресми іскер стилін зерттеуде  әлеуметтік лингвистикалық талдау тәсілдері  мен әдістері қолданылды. Қоғам салаларындағы  әлеуметтік диалектілерінде ағылшын  сөздерінің орындаған қызметі нақты  мәлімет жинақтау, бақылау жолымен  анықтау. Өмірдің әр саласына, көбінесе бұқара ақпарат көздерінен жинақталған  мысалдар жұмыстың материалдық негізін  қалады.

Зерттеу жұмысының теориялық  құндылығы: Жұмыстың материалдары мен  қорытындылары лексикология жүйесіндегі  ұғымдар арасындағы сабақтастықты  мәлімдеуде маңызды орын алады. Жұмыстың нәтижелері тіл теориясын дамыту бойынша жүргізілген зерттеулерді толықтыра тереңдете түседі. Әдіс – тәсілдерін саралау барысында  алынған тұжырымдама мен дәйектемелер тілдің лексика – симатикалық, марфологиялық  жүйелерінің өрістеуіне, теориялық  негіздерін нығайту олардың қызметін қадағалауға септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының практикалық  маңыздылығы: Жұмыстың нәтижелерін, ғылыми тұжырымдарын « Тілдік қатынастар негізі», « Жалпы тіл білімі», «Лексикология», «Лингвомәдениеттану», «Аударма теориясы»  пәндерін оқытуда пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі  тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық  жұмыстың көлемі 67бет.

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ 7

1. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН  ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ – МәТЕЛДЕРДІҢ  ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  СИПАТЫ 13

1.1 Мақал - мәтелдердің  этнолингвистикалық сипаты 13

1.2 Мақал-мәтелдердің лексика  - семантикалық  ерекшеліктері 17

1.3 Мақал-мәтелдердің авторлық- стильдік инварианттары 22

2 АҒЫЛШЫН МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІН  АУДАРУДАҒЫ

ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР 28

2.1 Аудармада тұрақты тіркестерді  аудару үрдісі жайлы 28

2.2 Мақал-мәтелдерді аударуда  дайын баламаны қолдану 29

2.3 Мақал-мәтелдерді аударуда  сөзбе – сөз аудару тәсілін  қолдану 31

3 АҒЫЛШЫН ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН  АУДАРУДАҒЫ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  36

3.1 Аудару барысында этнолингвистикалық  ерекшеліктің сақталуы 36

3.2 Аудару барысында прагматикалық  ерекшеліктердің сақталуы 38

3.3 Ағылшын мақал-мәтелдерін  қазақ тіліне аударудың амал-тәсілдері  40

 

ҚОРЫТЫНДЫ 58

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ

Тілдің лексикасында қаралатын  лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден) басқа тіл бірліктерінің тұрақты  сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды  тіл білімнің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.

Осы күнгі тіл білімінде  фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 жылы шыққан «Лингвистикалық  энциклопедиялық сөздікте» фразеологизмге мынадай анықтама берілген: «Фразеологизм  дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай  жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде  жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және лексика – грамматикалық  құрамы тұрақты сөз тіркестері мен  сөйлемшелер. Осы анықтамаға қарағанда  фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты  сөз тіркестерінің түрлері мен  сөйлемшелер, коммуникативтік тұрақты  қолданыстағы әр түрлі коммуникативтік  бірліктер, қос сөздер мен қосарлы  тіркестер, ресми іс құжаттардағы даяр сөз орамдары т.б. түрінде болуы  мүмкін.

Фразеологизмдердің осы  айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық сипаты, лексикологияға қатысты бірыңғай емес. Сондықтан  тәжірибе жүзінде фразеологизмдер  тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық  сөзбен мағыналық байланысына, сол  арқылы лексикологиямен жақындасатынына  негізделген.[1,223]

Тар мағынадағы фразеологизмдерге  құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас, даяр қалпында қолданылатын, лексикалық бірліктермен (атауыштық сөздермен) мағыналас, сырттай  жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты  сөз тіркестері мен сөйлемшелер  жатады. Шынында, фразеологизмдерді  сақтай отырып, сөз мағынасына жақын  не парапар мағынаны білдіреді.

Мысалы:

ұзақ түнді көзбен атқызды  фразеологизмі – ұйықтамады, дүние  салды – өлді, бетінен оты шықты  – ұялды, мұрнына су жетпеді, мұрнынан шаншылды, мұршасы келмеді – жұмысбасты болды, ұзын арқан, кең тұсау –  еркіндік, үн жоқ, түн жоқ – үндемеді дегенді білдіріп, өзара мағыналас  болып тұр.

Ал кең мағынада фразеологизмдерге  жататын мақал – мәтелдер мен  қанатты сөздердің, жаңылтпаштар мен  жұмбақтардың, номинативтік (атауыштық) бірліктердің т.б. өздеріне тән лексика  – грамматикалық, стильдік ерекшеліктері  бар. Олар сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қолданылатындығы, құрылымының  тұрақтылығы жағынан ғана фразеологизмдерге  жатқызылады, бірақ олардың мағынасы лексикалық бірлік ретінде сөздердің  беретін мағынасына балама, парапар  емес, көбінесе бейнелі түрде астарлы  мағынада жұмсалады.

Мысалы:

Еңбек етсең ерінбей, тояды  қарның тіленбей; Мың сіз – бізден бір шыж – быж; алыстан арқалағанша, жақыннан дорбала т.б. мақал –  мәтелдің сипаты осындай.

Фразеологизмдердің сөйлеммен  арақатынасы. Фразеологизм мен сөйлемнің  құрылымдық жағында формалды жақындық, ұқсастық бар. Фразеологизмдерде жай, құрмалас сөйлемдер сияқты құрылымдар кездеседі.

Мысалы:

сойылын соқты, жүрегі тас  төбесіне шықты, жүрегінің түгі бар, салы суға кетті, тас – талқан болды  т.б. фразеологизмдердің құрылымы жай  сөйлемдер сияқты. Мынадай жай  сөйлемдермен салыстырыңыз: жел соқты, ол төбеге шықты, айсыз ашық аспан, Хасен  үзілген сөзін қайта бастады. Ал ай десе аузы бар, күн десе көзі бар; әй дер әже жоқ, қой дер қожа жоқ; жер астынан жік шықты, екі  құлағы тік шықты; бір ұрты май, бір  ұрты қан т.б. фразеологизмдік сөйлемшелердің құрылымы құрмалас сөйлемдер сияқты. Сөйлем құрылымымен ұқсастық әсіресе  фразеологизмдерге жатқызылып жүрген мақал – мәтелдер мен қанатты  сөздерден айқын байқалады.

Мысалы:

әкең мұрап болғанмен, жерің ой болсын; әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас; жақсыдан үйрен, жаманнан жирен; айыратын жаман  бар, қосатын жаран бар; әлді адам шалқақ келеді, әлсіз адам жалтақ келеді; Құдай деген құрғақ сөз, Алланың  аты алпыс; жантақты жерде сона бар, қыстақты жерде оба бар т.б.

Мақал – мәтелдердің фразеологизмдерге  қатысы. Фразеологизмдер мен мақал  – мәтелдердің арақатынасы өте  күрделі. Кең мағынада мақал –  мәтелдер және оларға жақын қанатты  сөздер фразеологизмдерге жатқызылуы әлі толық шешілмеген мәселе емес. Бұлардың фразеологизмдерге қатысын  түсіну үшін, алдымен мақал –  мәтелдердің тілдік сипатын, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін, бір –  бірінен айырмасын түсіну қажет. Мақал мен мәтел бір – біріне ұқсас болғанымен, құрылымы, білдіретін мағынасы жағынан бірдей емес.[2,224]

Мақал деген – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны жағынан  ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді  уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі  көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл  сөз. Мақал формасы жағынан аяқталған  сөйлем іспеттес. Мақалдардың көпшілігі  екі компонентті, яғни құрмалас сөйлем типтес болып келеді. (түстік өмірің болса, кештік мал жина; ер бір рет  өледі, ез мың рет өледі т.б.) Мағынасы жағынан екі компонентті мақалдың алдынғы бөлімінде әр нәрсенің жайы не әрекетінің жағдайы, шарты байымдалса, кейінгі бөлімінде соған қатысты  қорытынды, түйінді пікір тұжырымдалады (бір кісі таққа отырса, қырық  кісі атқа отырады; ер арыса аруақ, ат арыса тулақ т.б.). Бірақ мақалда  айтылатын ойдын өзара шарттылығы міндетті болмай, логикалық жағынан  бір – біріне ұқсас өмірдегі құбылыстар оның екі бөлімінде де байымдау түрінде  берілуі мүмкін.

Мысалы:

Су басынан бұзылады, балық  басынан шіриді; адам құлақтан азады, көңілден семіреді т.б.

Мақал дәл мағынасында  да, ауыс мағынасында да айтылады.

Мысалы:

туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас; еңбек ширатады, өмір үйретеді дегендер дәл мағынасында, ал ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер; адам аласы ішінде, мал аласы сыртында; иттің иесі болса, бөрінің тәңірі бар дегендер ауыс мағынада жұмсалып тұр. Дегенмен, қазақ тіліндегі мақалдардың көпшілігіне ауыс мағынада қолданылу тән сияқты.

Мақалдардың арасында да синонимдестік  кездеседі.

Мысалы:

кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол – өзге елге ұл болғанша, өз еліңде құл бол; жекен  жерінде көгереді, ер елінде көгерер; әркімнің өз жері – Мысыр шаһары т.б. мақалдар бір – бірімен синонимдік қатынаста тұр.

Ал мәтелге келсек, жоғарыда мақалға берілген анықтаманы оған да беруге болады. Мәтел де халық даналығынан  туған, мағынасы уағыз, өсиетке негізделген, құрылымы көркем, ырғақты, әрі ықшам  сөз үлгісі. Мәтелдің мақалдан айырмасы – мәтелде айтылатын ой – пікір  мақалдағыдай емес, негізінен жанама түрде астарлау, меңзеу түрінде берілетіндігінде. [3,352]

Мысалы:

кісідегінің кілті аспанда, естіген құлақта жазық жоқ, сұлуынан жылуы, жаман күйеу қайынсақ, келегештің тұзы жеңіл, таз әулекі, соқыр әңгүдік  деген мәтелдерде мақалдағыдай байымдау, оны қорытындылау жоқ, тек бір  жағдайды жанамалап, меңзеп, тұспалдап  білдіру ғана бар. Демек, мақал мен  мәтелдің айырмасы – олардың мағынасына байланысты, білдіретін ой пікірдің (мағынасының) білдірілу тәсілінде. Ой – пікір, ұғым мақалда неғұрлым анық, ашық айтылса, мәтелде тұспалдап, жанамалап, меңзеп айтылады. Мәтел құрылымы жағынан  көбінесе жай сөйлем іспеттес, бір  құрылымнан тұрады.

Мысалы:

Саудада достық жоқ, қорыққанға қос көрінеді, заманына қарай амалы, бөрік кигеннің намысы бір, ер кезек  үшке дейін, соқыр ат қотыр атқа үйір, тентек шоқпар жинайды т.б.

Қанатты сөздер - тарихи көрнекті қоғам қайраткерлерінің, ойшылдар мен  көркем сөз шеберлерінің, ғалымдардың  шығармаларында немесе фольклорлық, публицистикалық  туындыларында кездесетін, қолданылуы тұрақты, бейнелі, терең мағыналы нақыл  сөздер, афоризмдер. Мақал – мәтелдер сияқты қанатты сөздер де айтайын  деген ойды мәнерлеп жеткізу үшін, стилистикалық тәсіл ретінде  жұмсалады.

Мысалы:

Абайдағы – білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез; әсемпаз  болма әрнеге, өнерпаз болсан арқалан; тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар  адам баласын; әкенің баласы болма, адамның  баласы бол; еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас; адасқанның алды жөн, арты соқпақ; лай  суға май бітпес қой өткенге; досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас т.б. Ыбырайдағы – кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықылас пен тоқылық; аурудан аяған күштірек; байлық қанағатта; өзі болған жігіттің аяғынан аямаңыздар т.б.

М.Әуезовтегі – бөрінің  артынан бөлтірік ақылдылығынан  ермейді; ар жазасы ең ауыр жаза т.б. қанатты  сөздер айтуға жеңіл ықшамдылығымен, көркемділігімен, терең мағыналылығымен  мақал – мәтелдер сияқты халық  арасына кең тарап кеткен.

Тарихи тұрғыдан қарағанда  қанатты сөздер мақал – мәтелдердің  қорын байытатын негізгі көз  болып табылады. Осы күнгі мақал  – мәтелдерде ақылгөй, дана адамдардың аузынан шығып, замандар бойы халық  қолданысында әбден екшеліп, қырналып, жетіліп, біздің заманымызға жеткен қанатты сөздер сияқты, бірақ олар бастапқы қалпын, авторларын сақтамаған. Қанатты сөздер грамматикалық құрылысы жағынан мақал – мәтелдер тектес әртүрлі формада кездеседі. [4,454]

Информация о работе Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері: көркем мәтін, тіл мәдениеті, стилистика