Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2014 в 19:12, реферат

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі: Экологиялық тәрбие беру Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. - педагог мамандардың экологиялық тәрбие беру жөніндегі білім деңгейін көтеру; - балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;

Содержание

Кіріспе 2
I Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру 11
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. 11
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілік талғам негіздерін қалыптастыру 16
II Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту 26
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға адамгершілік тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту 26
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы адамгершілік сезімдерін қалыптастыру жолдары. 29
Қоымша №1 38
Қосымша №2 40
Қортынды 42
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 44

Вложенные файлы: 1 файл

Курсик.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе             2

I Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру   11

1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.  11

1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілік талғам негіздерін қалыптастыру      16

II Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту         26

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға адамгершілік тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту           26

2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы адамгершілік сезімдерін қалыптастыру жолдары.    29

Қоымша №1           38

Қосымша №2           40

Қортынды           42

Пайдаланған әдебиеттер тізімі        44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жұмыстың өзектілігі: Экологиялық тәрбие беру Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. - педагог мамандардың экологиялық тәрбие беру жөніндегі білім деңгейін көтеру; - балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау; - әр түрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар; Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көз-қарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезеңі болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра оты-рып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса бала да соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қала-ды. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Балалармен жүмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Балаларды есімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелеу керек. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Барлық жастағы балалар топтарында табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде. Балаларды табиғи материалдармен жұмыс атқарудың тәсілдеріне оқыту жолында тәрбиешілер көп еңбек етуде. Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін: 1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру; 2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру; 3. Жан жануарларды күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру; 4. Сабақта көркем құралдарды,әдістемелік және материалдық құрал- дарды, ойындарды, ойыншықтарды,түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану; 5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және эко- логиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын  көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани  қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.

Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілік талғам негіздерін қалыптастыру.

Жұмыстың болжамы: Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.

Жұмыстың объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.

Жұмыстың міндеті: Жұмыстың теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілік талғам негіздерін қалыптастыру.

Жұмыстың практикалық мәні: Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар

Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екінші ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектері ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергі ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл – ойдың, тілдің дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрі ұрпақ тәрбиесі дейтін ұлы мұратты жүзеге асыруда бізге жол сілтейді, демейді.

Дегенмен...жекелеген ғалымдардың білім беру, тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерінде баланы  дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдісіндегі орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдірет көзі деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазіргі педагогика саласында мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш класс оқушыларына еліміздің ғажайып табиғаты арқылы тәлім - тәрбие беру мәселелерімен педагог тәлімгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрменді шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш сынып балаларына тірі табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ғылыми еңбегі осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы ізденушілер, аспиранттар үшін сындарлы дүние. Өйткені бұл еңбек республика көлемінде бастауыш сынып балаларына табиғат жайында түсінік беру мақсатын діттеген, жергілікті табиғат ерекшелігіне сай ана тілінде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы.  Сондай-ақ тәлімгердің алты жасар және төменгі класс балаларына арналған  «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі» және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзін қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелері жүйелі қарастырылады. Әдіскердің ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлі әдіс - тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негіздей отырып жүргізуді ұсынады. Білікті ұстаз -ғалымның қай еңбегінде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдісінің негізгі әдісі ретінде объектіні тікелей бақылауға мән беріледі. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететін өте - маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгі жоспарлары мен бағдарламалары негізінде, көп іздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгілі» (1981 ж.) диафильмі құнды құрал.

Алпысыншы жылдардан кейінгі кезде, балабақшаларда балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі құралдарының бірі «Жыл он екі ай» кітабы болды. «Жыл он екі ай» кітабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбек. Жинақтағы әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш «Қыс», көктем, жаз, қыс, күз атты бөлімдерге топтастырылған. Талай жылдардан бері жарық көріп келе жатқан бұл әдеби күнтізбекте өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында түсінік қазақ балаларының ақыл-ойын, тілін дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етіп, кестелі тілмен жазылған. Оның құндылығы соншалық, бүгінгі күнге дейін мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларының сүйсіне тыңдап, қызықтап оқитын кітабының бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелерімен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде табиғат тәрбие құралы ретінде орын алады.Тәлімгердің «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» (1—11) деген атпен херстоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984 жылы жарыққа шықты. «Біздің кітапқа» енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық.

«Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі түн», «Жазды күні» т. б. балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында қолдану тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең - тақпақтары енген.

Сондай - ақ ғалымның «Балалар әдебиетінін хрестоматиясы» (1978 ж) атты еңбегі балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсініктерін әрі карай кеңейтіп, тереңдетуді көздеген. Кітапқа халық ауыз әдебиеті нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты ауа - райының өзгеруін шебер суреттеген, Абай өлеңдерінен бастап қазіргі авторларды да қамтыған бірқатар шығармалар берілген. Балабақша тәрбиешісіне арналған «Өзіміз оқып үйренеміз», «Суретті қазақ тілі» атты кітаптарында балаларға табиғат жайында түсінік беретін сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгіме үлгілері берілген.

Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А. Меңжановалардың «Әр қашан күн сөнбесін» (1977), «Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру тәжірибесінен» (1967) атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары, өсімдік - жануарларға арналған өлең - тақпақ , жұмбақтар берілген.

Жас бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негізінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлімгер. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейді педагог.

 Шакура Майғаранованың «Алты  жастағы оқушыларды ұзартылған  күн тобында тәрбиелеу методикасы» (1988 ж.) кітабында тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңестер, балаларды табиғатпен таныстыру жоспарлары, ойын, еңбек, әңгіме үлгілері берілген. Мысалы «Тиын мен кірпі», «Кемпірқосақ», «Жауын», «Араның ұясы», т. б. Тіл дамыту, еңбек, ән, бейнелеу өнері сабақтары ашық аспан аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен тығыз байланыста болуы керек. Алты жастағы баланы табиғат сырымен (жұпар иісі аңқыған гүл, жасыл желек жамылған ағаш, қалықтап ұшкан құс) таныстыру арқылы олардың бойында туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін оятады. Табиғаттың сан алуан сырларын түсіндіру арқылы бала сұлулықты көріп-біліп оған қуанады, адамгершілік, мейірбандылық сезімдері қалыпасады. Сондықтан да табиғат құбылыстарына бақылауды жүйелі түрде серуен, саяхат, сабақ кезінде жиі ұйымдастырып тұру қажет.

Халық педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданушы педагогика ғылымының докторы, ғалым Серғазы Қалиевтың халық дәстүрлерін оқу-тәрбие ісінде қолдануға арналған ғылыми мәні зор еңбектері бар. Ғалым табиғатты қорғаудағы біздің ата-бабаларымыздың бай тәжірибесі мен ой-сезімі жайында түсінік береді. Ертеден - ақ, сауатсыз кездің өзінде қазақ халқы табиғатты аялай білген. Қазақ халқының табиғатқа сүйіспеншілігін, олардың аңыз-ертегілерінен, мақал-мәтелден, ою - өрнектерінен байқауға болады. Мысалы, түс киіз бен сырмаққа, текеметке түсірілген өрнектер даланың хош иісті гүл бәйшешегін, бұлақ суларын, тау жоталарын немесе арқар мүйізді, құс тұмсығын, қарлығаштың қанатын елестетуі тегіннен тегін емес. Сондай - ақ халық емшілері жануарлардың емдік қасиеттерін байқап тәжірибеде кеңінен қолданған. Мысалы, күйкентайдың ұясын, борсықтың терісі мен майын өкпе ауруларына, иттің жүнін құлақ ауруларына немесе жылан, құрбақамен қорқытып, шошытып емдеу, т. б. Халық арасынада хайуанаттар мен жәндіктерді сақтау жөнінде ежелден қалыптасқан әртүрлі ырымдар бар. Ата-бабаларымыз қарлығаштың ұясын бұзсаң үйің өртенеді, құмырсқаның илеуін бассаң аяғың сынады, аққуды, тырнаны атуға болмайды, шөпті жұлма, көктей соласың деген сияқты әртүрлі тыйым-ырымдарын баланы табиғатты қорғау  мақсатында пайдаланған. Табиғатта басы артық нәрсе жоқ. Бір жәндікті құрту басқа бірнеше жәндіктің тіршілігіне хауіп төндіруі сол арқылы адам баласының күн көрісіне нұқсан келтіру деген сөз. Адамның қиялына қанат бітірген тек табиғат қана.Ұрпаққа экологиялық білім берудің негізгі тәрбие орны — мектеп. Онда жас ұрпақ өзін қоршаған табиғаттың сыр - сипатын оқып, біліп қана қоймай, табиғатты қорғау жолына үйрететін экологиялык тәлім - тәрбие де алуы керек.Туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін ерте ояту үшін құрғақ насихаттан гөрі табиғат байлығы жайында мақал-мәтел, өлең - жырлар жаттау айналаны көгалдандыру, құстарға ұя жасау, алтын күз, құстар күні  деген сияқты балалармен әңгіме өткізу, саяхатқа, серуенге шығарып тұруды ұсынады.

Сондай-ақ ғалым «Қазақ тәлім-тәрбиесі» атты еңбегінде табиғатқа сыр мен сымбат тәрбиесі ретінде қарайды. Мәселен, « Бала тілі шыға бастаған кезден-ақ өзін қоршаған ортаның ішкі сырларын отбасының үлкендерінен сұрап-білгісі келеді. Айталық балаға қыс пен жаздың, қар мен жаңбырдың т. б. табиғат құбылыстарының пайда болуы жұмбақ. Осыны үлкендерден сұрап-білгісі келген бала: «Күн қайдан пайда болады?», «Жаңбыр мен қар неге жауады?» деген сияқты толып жатқан сұрақтар қояды. Табиғат сырын ғылыми тұрғыда ұрпақтарға өресі жетпеген ата-аналар «Оны құдай жаратты» немесе «Ол саған неге керек. Жоқтан өзгені сұрайсың» — деп жазғырады. Білмегенді білуге деген құмарлық болса бойына туа біткен қасиет. Осы қасиетті жетілдіріп, жетектеп пісіріп отыру үлкендердің парызы — дейді.

 С. Қалиев пен Б. Баймұратованың мектеп жасына дейінгі балалар үшін құрастырған «Өзіміз оқып үйренеміз» (1991 ж.) кітабында балаларға жыл мезгілдері, өсімдіктер мен жануарлар жайында жұмбақ, өлең-тақпақтар, әңгімелер берілген.

Табиғат адам баласының өмір сүріп, тіршілік ететін ортасы ғана емес, көркемдік сұлулықтың әлемі, молшылық, байлык көзі, таным негізі. Табиғаттың сан алуан жұмбақ сырларын адам баласы әлі де зерттеп біткен емес. Сонау Әл-Фараби өмір сүрген X ғасырдан бастап бүгінге дейін қаншама жүздеген жылдар өтті. Ғылымның, техниканың дамығандығы соншалық қоғамға әр түрлі жаңалықтар мен өзгерістер еніп жатыр, оның бәрінің бұлағы табиғат болып отыр.

     Табиғатты қорғау және оның сан алуан баға жетпес байлықтарын дұрыс пайдалану адамзат алдындағы тұрған өзекті мәселе.

Экологиялық тәрбиенің негізін балабақшадан бастаудың өзі олардың қоршаған ортаны танып – түсінуге негіз жасайды. Табиғатты қорғау адам өмірінің қажеттілігі үшін ғана емес, жеріміздегі тіршіліктің жалғаса беруі үшін де қажет екенін түсіндіру шарт. Белгілі ғалым – педагогтар Н. В. Скалон, Ф. А. Веретникова, Б. Г. Иоганзен, тағы басқалар табиғат қорғаудың балалар үшін қажетті шарттарын атап өтіп, оларды отаншылдық, эстетикалық , адамгершілік тәрбие негіздеріне жатқызады. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілген, еліміздің барлық балабақша осы бағдарламаның негізінде жұмыс істейді. Оның мынандай екі мақсаты бар:

а) балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;

б) балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде  нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту