Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2014 в 19:12, реферат

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі: Экологиялық тәрбие беру Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. - педагог мамандардың экологиялық тәрбие беру жөніндегі білім деңгейін көтеру; - балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;

Содержание

Кіріспе 2
I Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру 11
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. 11
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілік талғам негіздерін қалыптастыру 16
II Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту 26
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға адамгершілік тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту 26
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы адамгершілік сезімдерін қалыптастыру жолдары. 29
Қоымша №1 38
Қосымша №2 40
Қортынды 42
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 44

Вложенные файлы: 1 файл

Курсик.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.

Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол  әртүрлі   табиғи   құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.

Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;

2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;

З.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4.Сабақта  көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;

5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. [4. 20]

        Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б. бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.

Қиырсыз кең байтақ далада үнемі көшіп-қонып өмір сүру адамдардан кеңістікті жақсы бағдарлай білуді және жұлдыздар көмегімен құдықтар мен қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба білуді талап етті. Көптеген көшпенділер негізгі аспан жұлдыздарын білумен қатар, ауа-райын да алдын-ала болжай алды. Бұл маусымдық  жұмыстармен дұрыс жоспарлауға көп септігін тигізді. Айдың тууы мен аяқталуына орай күндізгі уакыт аспанда күннің орналасуына қарай бағдарланды.

Бұдан шығар қорытынды - біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі табиғатты, оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді етсе, ал балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын сәндік бейнелеу әрекетінде пайдалана алмауы тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің көрінісі болып табылады. Сол себепті ересектер тобы балаларының жас ерекшелігін есепке ала отырып, қазақтың халыктық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру барысында өлі табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердің ою-өрнектік негізі мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына және шығармашылық іс-әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.

Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының ' 'Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр.

Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:

- балаларды сәндік - қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін табиғат заттары мен құбылыстары элементтерінің  алуан түрлілігін анықтау арқылы ұйымдастыру;

- өлі табиғат заттары мен  құбылыстарының мәні, сондай-ақ олардың  адам өміріндегі маңызы жайлы  бала түсінігін қалыптастыру;

-мектеп жасына дейінгі балаларды  ұлттық әшекей элементтерімен  таныстырудың бірізді жүйесін  жасау;

-сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде - практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.

Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала  санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбак.

Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.

Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндік әшекейлеу әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:

- балалардың табиғат құбылыстарының  өзара байланысын пайымдай білуі  және себеп-салдарын анықтауы;

- әртүрлі әдіс-тәсілдер және  әрекет түрлерін пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;

-тәрбиешілердің жаратылыстану  ғылымдарының негіздерін және  оны лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.

Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектілерімен және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен, «аспан денелері»  түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал «табиғат құбылыстары» тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет.

Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асыруға тура келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспанды бақылауға мүмкіндік мол. Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай- ақ күн ерте батады.

Аспан денелерінің ішіндегі бізге ең жақын орналасқаны - ай. Ай бетіндегі  "теңіздер көлеңкесін", таулы қыраттарды жай көзбен-ақ, егер дүрбі болса, тіптен айқын ажыратуға болады. Балалар айдың көк жүзіндегі қозғалысын бақылап отырып, оның бейнесінің - орақ тәріздес жарты ай және толық ай  болып үш кезеңге ауысуын байқай алады. Сондай-ақ жұлдызды аспанды бақылау және жұлдыздармен танысуды күз айларының ымырт үйіріле жүргізген ынғайлы. Таныстыру жұмыстарын "Жеті қарақшы" жұлдыздар шоғырынан бастағап жөн. Балалар "жеті қарақшыны" оңай таба алатын жағдайға жеткеннен кейін "Темірқазық" және "Кіші жетіқарақшы" жұлдыздар шоғырымен таныстыруға болады.

Балаларды айды, жұлдыздар әлемін бақылау өте қызықтырады, бірақ бұл жұмысты балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті ата-аналарға кешкі серуен кездерінде мүмкіндікті пайдалана білуге кеңес беріледі.

Аспан шырақтары туралы балалар білімін бекіту және оған қызығушылығын арттыра түсу үшін мектепке дейінгі мекемелерде баланың ата-анасымен бірге көріп-білгендері жөнінде әңгіме ұйымдастыру, табиғат жайлы әдебиеттерден әңгімелер оқу арқылы толықтыруға болады!

Мысалы: өткен заманда көшпелі тірлік кешкен ата-бабаларымыздың "қазыкты" - қазық деп атап, жеті қарақшының қалған алты жұлдызы сол қазық-жұлдызға байланып тұрғаңдай, түнімен орнынан тапжылмайтын қазықты "қойлар" айналып шығады деген түсініктерін ояту балаларға қызықты.

Табиғи обьектілер мен құблыстарды белгілі бір топтарға біріктіру - балалардың шын заттар туралы, олардың болмысы туралы нақты түсініктерін қамтамасыз етеді. Балалардың сәндік-әшекей, ою-ернек жасау әрекеті үрдісінде әртүрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Ойлау белсенділігін артыратын мұндай тәсілдердің бірі-  салыстыру. Ол үшін тәрбиеші белгілі бір логикалық ой туғызатын жүйелі сұрақтар қоя білуі керек. Алдымен бақыланған дүниеге жалпы талдау жасайтын,одан соң өрнектің элементтері, құрылысын, түсін т.б. ажыратуды талап ететін сұрактар қойылады. Салыстырмалы бағалау балаларға кез-келген заттың безендірілу ерекшелігін, сонымен бірге құрылысындағы айырмашылықтарды байқауға көмектеседі. Мысалы: ұлттық киімдер, кілемдер т.б.

Іс-әрекет барысында ойын әдісін пайдалану балаларды жағымды эмоциялық сезім мен көңіл- күйге бөлеп, сурет салу, қию, жапсыруды үйрету үрдісінің тиімділігін арттырады. Ойын тәсілімен жүргізілген қайталау және жаттығу жұмыстары бірсарындылықтан аулақтатып, балалардың жалығуына жол бермейді. Ойын әдісін пайдалану кезінде әр балаға "шебер", "ыдыс бояушы", "тігінші", "зергер" т. с. с. рөлдері бөлініп берілсе, балалар үшін одан сайын қызықты болмақ.

Балалардың өз бетімен қорытынды шығара білуі үшін кез-келген заттың материалын және өрнек-әшекейлерін өзгертуді ұсыну тәсілін қолдану қажет (ағаштан ер тоқым, қымыз құятын ұзын мойын құмыра, бөренеден киіз үй жаса, ерлер шапанын гүлдермен әшекейлеу, т.б.).

Сәндік әшекей, ою-өрнек жасау әрекеті үрдісінде балалардың табиғат туралы білімдерін бекіту үшін, жоғарыда аталған әдістермен қатар арнайы түсірілген слайдтар, диафильмдер мен кинофилъмдерді ұжымдық көруді ұйымдастыруға болады. Мектепке дейінгі жаста балаларды табиғат заттары мен құбылыстарының элементтері туралы түсінік беруге негізделген сәндік-ою-өрнек жасау үрдісіне қатыстыру, тарту - олардың сезім мәдениетінің жетілуіне едәуір ықпалын тигізеді. Сондай-ақ анализаторлардың жетіле түсуі, сезімдік тәжірибенің қорлануы, балалардың логикалық ойлауын, зейінін, тілін ширатып, байқампаздық пен қызығушылық қасиеттерін қалыптастырады.

Жалпы алғанда осындай нысаналы, жүйелі тәсілдер арқылы балалардың көркемдік тәрбиесін жолға қоя отырып, адамгершілік қасиеттерін, жан дүниесінің баюын, көркемдік талғам мен шығармашылық қабілеттерін оятуға мүмкіндік туары кәміл. [5. 70]

 

1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілік талғам негіздерін қалыптастыру

 

Адамгершілік тәрбие - дегеніміз баланың ақыл-ойы мен сезімін, ұшқыр қиялы мен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымын, көркемдік, шығармашылық қабілетін үздіксіз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға дағдыландыру қажет.

Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі  ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнер қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәйғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлігі    ретінде    қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезім мен тебіренумен тығыз байланысты. Әсемдікке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады.

Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балаларға тән ерекшелік- бұл шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін заттың шындығына сенетіндігінде. Балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне тәрбиеші үнемі көмектесіп отыруы керек.

Сюжетті- рөлді ойындарға тақырыпты, мазмұнды таңдап алуда және белгілеуде ниет қана емес, шығармашылық ізденіс қажет.

Мектепке дейінгі балаларда шығармашылық нышандары байқала бастайды, ол ой құрау және оны жүзеге асыру қабілетінің дамуынан, өз білімін, ұғымын құрастыра білуінен өзінің ойын, сезімін, тебіренісін шынайы жеткізуінен көрінеді. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл- кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткізу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілетін дамытуда, педагогтың жеке басы, мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады.

Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста шынайы әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.

Эстетикалық талғам — кең ұғым: ол өнердің терең   мағынасын,    тамаша    шығармаларды түсінуді, одан ләззат алуы ғана емес, табиғаттың, еңбектің, тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінуді қамтиды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Олар оқу үстінде балалар әдебиеті, музыкалық , сурет өнерінің классикалық шығармаларымен толық игеруді үйренеді.

Балалардың бойында эстетикалык талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемдігін көруге және сезінуге, оны аялауға баулимыз. Гүлдердің қауыз жарғанын көргенде оның жұртқа қуаныш сыйлауы үшін оны мәпелеп күту керек. Балалардың да көркемдік қабілеттерін, эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді. [6. 29]

Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы белгілі маман-ғалым А. Б. Салтыков: «Көркемдік талғам дегеніміз— әсемдікті ажыратар нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата білу қабілеті»- деп тұжырымдайды.

Адамның эстетикалық сана-сезімінің дамуына әсер ететін, тәрбиелейтін құралдар аз емес, соның ішінде өнердің алатын орны ерекше. Өнер айналадағы болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық сезіміне әсер етеді, жамандықтан жиреніп, әсемдікке еліктеуіне септігін тигізеді. Қызықты өмір болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесін өнер өзіне тән құралдар мен тәсілдер арқылы айшықты бейнелеп береді. Мұның бәрі айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде киноның, теледидар мен радионың, өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдік, Отандық өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбір халықтың ұлттық ерекшелігімен біте қайнасқан әсемдік туралы өзіндік түсінігі, танымы әрқашан сақталып отырады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту