Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2014 в 19:12, реферат

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі: Экологиялық тәрбие беру Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. - педагог мамандардың экологиялық тәрбие беру жөніндегі білім деңгейін көтеру; - балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;

Содержание

Кіріспе 2
I Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру 11
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. 11
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілік талғам негіздерін қалыптастыру 16
II Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту 26
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға адамгершілік тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту 26
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы адамгершілік сезімдерін қалыптастыру жолдары. 29
Қоымша №1 38
Қосымша №2 40
Қортынды 42
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 44

Вложенные файлы: 1 файл

Курсик.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

Балалардың әсерлі эстетикалык ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е. Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б.). Бірақ та бұл мәселенің аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті мәселелер мен міндеттер жеткілікті.

Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын сын тұрғысынан талдай отырып, жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер салу, т. б.) іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті мәселелердің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас-жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы пән не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін «сұлулық заңдылығына» сәйкес игертуге бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекші іс-әрекеттерінің аясында көмекші рөл атқара ма? — деген сұрақтарға жауап іздеу, нақты тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.

Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді:

1.Көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін саралауды;

2.Мектепке дейінгі жастағы көркемдік  іс-әрекеттер барысында игеруге  тиісті білім мен дағдылар  көлемін белгілеуді;

3.Көркемдік іс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрісін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алуды талап етеді.

Көркем өнер — көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары — бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т. б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды.

Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б.) әшекейлеудік тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.

Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар, балалардың түрлі-түсті қағаздардан арнайы сюжетті құрастыруға қажетті элементтерін, ұлттық ою-өрнектердің қарапайым үлгілерін қию арқылы тұлға силуэтінің (сұлба) сұлулығы, ал оюлардың жазықтық  бетінде желімдеп жапсыру кезінде жеке элементтердің өзара жарасымдылығын, оюлардың өрнек композициясындағы ырғақтылығын, фон мен өрнек бояуларының түстік үйлесімділігін пайымдай білуіне үлкен көмегін тигізеді. Қатты қағаз, мата қиындылары, фольга, т. б. табиғи заттардан көркем құрастыру жұмыстары балалардың кеңістік ойлау қабілетінің және пішін, көлем сұлулығын сезіну, түйсіну дағдыларының дамуына мүмкіндік туғызумен бірге, олардың еңбек ету іскерліктерінің қалыптасуына жол ашады.

Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу, көркемдік талғам өрісін кеңейте түсудің бірден-бір сындарлы жолы.  [7. 53]

      Халқымыздың жалпы мәдениет деңгейін жоғары сатыға көтерудің және балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден-бір тиімді жолы көркем өнер болып табылады.

Эстетикалық тәрбиеде көркем өнерге ерекше орын беріледі. Ол толғанта және қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін ашады, оларды қоршаған дүниеге үңіле қарауға мәжбүр етеді. Әсемдіктің әсер ықпалын бастан кешіруге, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелейді.

Баланың көркемдік дамуы ойдағыдай болуы үшін тәрбиеші (мұғалім) оның жасына сәйкес, іс-әрекеттерінің түрлерін дұрыс пайдалана білуі қажет.

Көркемдік тәрбие әдістемесінің негізіне - бала мен педагогтың көркем құндылықты қабылдауда, өнімді іс-әрекетке деген шығармашылық қабілеттері, әлеуметтік, табиғи, заттық ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады. Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне-көп тәрбиеленушінің дара ерекшеліктерінің, қажетсінуі мен мүддесінің, жалпы даму деңгейінің қаншалықты мөлшерде ескерілетіндігімен анықталады.

Көркемдік тәрбие жөніндегі жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сай бейнелеу іс-әрекетін үйретудің әдістемесін және жалпы міндеттеріне сәйкес мазмұнын белгілеп, нақтылы қойылатын талаптарды анықтап алу қажет. Бұл көркемдік тәрбие құралдары мен әдістерін іріктеуде кездей-соқтыққа, жүйесіздікке, біржақтылыққа ұшырамауға мүмкіндік береді. Тәрбиешілерге бейнелеу өнеріне байланысты жұмыстарды жоспарлауға, материалды белгілі бір ізге түсіруге, онын түпкі мақсатына жетіп, нәтижесін көруге көмектеседі.

Балабақшадағы көркемдік тәрбие жөніндегі жұмыстар тәрбиелеу мен білім беру ісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты, ұйымдастыру түрлері сан алуан және оның нәтижелері де іс- әрекеттің әр алуан түрінде көрініс табады. Бұл жұмыста төмендегідей мәселелер қарастырылады :

- тұрмыста, еңбекте, ойын барысында  қоғамдық және табиғи құбылыстармен, заттармен таныстыру арқылы   қоршаған болмысқа деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу;

- өнер құралдары арқылы көркемдік  тәрбие беру; (көркемдік талғамды  қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін  дамыту, көркем өнер туындылары  жайында  қарапайым түсінік беру және әсер алу, сезінуге баулу, бейнелеу іс-әрекетіне сәйкес іскерлік- дағдыларды меңгерту, музыка, әдебиет арқылы, т.б.)

- өнер және өмірдегі әсемдікті, сұлулықты қабылдау, және оны  түсінуге, сезінуге, қарапайым эстетикалық  әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін жинақтаудың ұзақ жолынан өткізу;

- эмоциялық және танымдық процестерді  белгілі бір шамада дамыту;

      Өмір құбылыстарын  көркемдік тұрғысынан қабылдау  әркашанда дара, әрі таңдамалы. Оның  негізіне әсемдікке эмоция білдіру  жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы,  заттық, дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзінде сәбидің бастан кешірген қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор.

Көркемдік тәрбие әдістері де алуан түрлі. Олар көп жағдайда: көркем ақпараттың көлемі мен сапасына, ұйымдастыру мен іс-әрекет түрлеріие, баланың жас ерекшелігіне бағынышты. Бұл жерде педагогтың даярлық деңгейі, шеберлігі мен қабілеттілігінің атқаратын рөлі аз емес.

Көркемдік тәрбие  жайындағы  ұғымдарды  бала  әлеуметтік ортадан,   заттық   дүниеден,   табиғи   құбылыстардан,   көркем шығармалардан   алады.   Сондықтан  да   суреттердің,   ертегінің мазмұнын, әуеннің сазын тұтастай қабылдау өте маңызды. Бұдан әрі педагог балаға дыбыстарды беріле тыңдауға, заттық бояуы мен пішініне   зер  сала   қарауға   көмектесу   үшін   оның   назарын бөлшектерді қабылдауға, мақсатты бақылауға аударады.

Мысалы: ересек адам балаға теледидардан хабарды көруге, жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.

Тәрбиеші балалардың көркемдік әсерді қалай қабылдайтындығына қарай өнер туындысымен, музыкалық әуен сазын, әнді, ертегіні тыңдай, суреттерді көре отырып, тікелей әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қою арқылы көркемдік тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуіне болады. Оларға белгілі бір талаптар қойылады. Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәнді, эмоциялы болуы тиіс, әйтпесе өнермен танысу кезігу әсерсіз болады. Сөйлесу барысында балалар суреттің, өлеңнің, әннің мазмұнын немесе тапсырманың мәнін ғана түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды бастарынан кешіру үшін де жарқын образдылыққа жетулері қажет.

Әдістер іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп отырады. Көркем өнер сабақтарында педагог дәл нұсқаулар береді, балаларға орындау тәсілдерін өздері табуын ұсынады, т.б. Мысалы: 1. Көркем жапсыру сабақтарында балалардың жеке бөлшектерден зат құрастыруға немесе тұтас материалдан (саз балшық, ермексаз) жеке бөлшектерді мүсіндей білуге мүмкіндік беретін әдіс- тәсілдер қолданылады. Демек, үйрету жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс-әрекет етуінде үлкендердің жетекілікті жанама ықпалымен шектеледі, ол тек іс-әрекетке итермелеп, еске түсіреді немесе қателерді түзетеді. 2. Өлең мен әндерді жаттап үйренуде де оларды үлкендердің алдында орындауын, шығарманың мазмұны мен күйін білдіретін көркемдік қасиеттері туралы әңгімелесуді, көрнекі құралдарды пайдалануды, балалардың мәтінді бірнеше рет қайталауын т.б. талап етеді.

Көркемдік тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас ерекшелігіне де тәуелді. Сәбилерді әсемдік әлеміне тарта отырып, тәрбиеші оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттілік, тазалық болудың қандай тамаша екендігіне аударады. Ересек топ балаларына үлкендердің көмегімен қоршаған дүниені белсенді "жасампаздықпен", бірақ олардың шама- шарқы жететіндей етіп өзгерту міндеті қойылады. Олар бақылап және бағалап қана қоймай, ойын бұрышын, дербес көркем өнер бұрышын безендіруге қатысып, гербарий және басқаларды жасай білулері тиіс. Сөйтіп, бақылағьштықты, дербес әрекет етуді, өз іс-ерекеттерін жоспарлауды және ойын жүзеге асыруды  қалыптастыру әдістері тәжірибеде    қолданылады.

Балалардың жас ерекшеліктеріне, даярлық деңгейіне, жеке ынтасы мен талаптарының артуына қарай әдістер күрделеніп отырады. Педагогикалық ғылым мен тәжірибе балалардың эстетикалық сезімдерінің қарым-қатынастарының, ой қорытындылауының, бағалауының тәжірибелік іс- әрекеттерінің қалыптасуына көмектесетін неғүрлым тиімді әдістерін анықтайды:

- эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі;

- қоршаған ортаны көркемдеуге  және мінез- құлық мәдениеті дағдыларын  қалыптастыруға  арналған  іскерлік дағдыларға жаттықтыру әдісі;

- шығармашылық және тәжірибелік іс- әрекеттерге итермелейтін проблемалық ситуациялар әдісі;

- әсемдікке ұмтылып, эмоциялық - жағымды  ықылас тудыратын және қоршаған дүниедегі келеңсіздікке қарсы сезімін оятү әдісі.

Көркемдік тәрбие беруде қолданылатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайлалану керек. Мерекелік ертеңгілікке, өнер мұражайына саяхатқа барғанда балада эмоциялық сезімге берілу пайда болады. Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ әңгімелесу әдісі деп те санауға болады, өйткені балалардың бақылауларының кез келгені баланың сезімі мен ойын оятарлық тәрбиешінің сол сәттегі немесе кейініректегі түсініктемесімен қосарланып отырады. Неғұрлым жарқын да әсерлі көркем шығармаларды таңдап, тиісті іс- әрекет пен жан толқынысын тудыра білу маңызды. Педагог балаларға ұсынылатын материалды жақсы меңгеруі қажет. Оның сөзі нақты, мәнерлі болуы тиіс. Баланың назарын түрлі пішіндегі әсемдік көріністеріне аударып, тәрбиеші нақты мысалдар арқылы  "ненің жақсы, ненің жаман" екендігіне сендіреді.

Үйрету, жаттықтыру әдісінің мәні - баланы тыңдай, көре, бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге бағыттау. Жүйелі түрде көркем іс- әрекетке жаттығу, шамасы келгеншс таяу маңды өзгертуге араласу балалардың белсенділігін тереңдетеді. Бұл әдіс көп қайталауды талап етеді. Ол түрлі жағдайларда қолданылады. Жағдайды өзгерту балаға меңгерген дағдыны пайдалануға, одан әрі жетіле түсуге көмектеседі. Өзгермелі жағдайларды көп жаттығу тиісті нәтижеге ойдағыдай жетуге мүмкіндік береді.  Мысалы: тәрбиеші балаларды сурет салуда штрихтеуге үйреткенде бірде сурет контурынан тыс кетпеуді ұсынса, енді бірде "шөп үлпілдек", өсімдік сабақтары "үшкір" болып шығатындай етіп сызуды ұсынады.

Сонымен қатар, сызба ойын жаттығулар жүргізудің маңызы зор. Мәселен: "Әдемі сызықтар", "Затты бейнеле", "Суретті аяқта", "Ою-өрнекті сызамыз", "Менімен бірге сыз", "Сызықтарды қайтала", т.б. Балалар әрбір тақырыпқа сәйкес сурет салғанда заттық, мазмұнды және сәндік сурет екенін сезіну үшін алдын ала ойын жаттығу жүргізіледі. Мұнда бейнеленетін заттың тиімді пішіні, көлеміне сәйкес қол қимыл қозғалысын икемге келтіру, кеңістікті бағдарлау, бейнені көз алдына елестету мақсатында сызба ойын жаттығуларын жүргізудің тиімді екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Бала қылқаламды қолына ұстай отырып ауада, қағаз бетіне бояусыз сызып затты ойша қиялмен бейнелеугс жаттығады. Содан кейін барып қарындашпен, бояумен сурет салуға кіріседі.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жануарлармен таныстыра отырып адамгершілік сезімдерін ояту