Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:24, реферат
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
в) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.Қазіргі экологиялық жағдайы.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.
Қорытынды
Бір кездері ядролық полигон
нақ Семей жерінде неге құрылды
деген сұрақтың жауабын іздегенде
сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының
адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге
негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты
қашық емес деген сөздер шыққан.
Тек осы себептерден ғана құрбандыққа
шалу үшін адам саны қандай болуы керек
деген сұрақ туындайды. Темір
жолдың екі жүз километрін үнемдеуден
гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі
арзан бағаданғаны ма? 1989 жылдың
ақпанында Семейдегі атом полигонын
табу үшін күресті бастауға ұйғарған
«Невада - Семей» қозғалысының алғашқы
митингісі өткізілді. Оны басқарған
– белгілі қоғам қайраткері, ақын
Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында
Семей облысының Қарауыл
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі» – Астана , 2001
2. О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан» – Алматы,2003
3. Журнал «Арай»- 1988 жыл № 10
4.www.wikipedia.kz
Семей ядролық полигонындағы
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді. Ғалымдардың болжамы бойынша Семей полигоны әсерінен барлық тұқым қуалау ақаулары болашақта, ұрпақ алмасқан кезде неғұрлым толық көрінген. Қазірдің өзінде осы аудандарда туа біткен кемтарлық дүниеге келген әрбір мың нәрестенің қырық сегізінде кездесіп отырады.Бұл орта есеппен республика бойынша алғанда 6 есеге көп, ал полигонға жақын орналасқан ауылдарда бұл көрсеткіш одан да жоғары.
Семей ғалымдары мен дәрігерлердің пікірінше, сәуле алған ата-анадан туған екінші ұрпақ денсаулығы, бірінші ұрпақтың яғни тікелей сәуле алған балалардың денсаулығынан едәуір төмен, бұл сәуле алудың генетикалық зардаптары. Сонымен қатар Семей өңірінде лейкоз - қан рагы,
Лимфоцит - ақ қан ауруымен ауыратындар саны көбейген. Әсіресе, әйелдер арасындағы анемия ауруы республика бойынша бірінші орын алады. Уақытына жетпей босану, салмағы аз, әлсіз, балалардың тууы, туа біткен анемия және мезгілінен ерте қартаю көрсеткіштері өсіп, әйелдердің бедеулігі республикалық көрсеткіштен екі есе жоғарлады. Бірақ, жергілікті халық бұны кеш түсінді.
Бүгінде
бұл өңір адамдарының шалдығатын
ауру түрлері басқа аймақтармен
салыстырғанда өте қауіпті. Мұнда
атом сынағы зардабын шеккендердің 3,4-ші
ұрпақтары өмір сүруде. Бұл –
бірінші ерекшелігі. Екінші ерекшелік
– бір адамның басында кемінде
4-5 ауру түрлері бар. Негізгі аурулар:
генетикалық өзгерістерге ұрынған
жүйке жүйесі (нерв), аллергия, ас қорыту
ағзаларының аурулары, анемия, қан
тамырларының әлсіздігі, микроцефалия
(мидың әлсіз жетілуі) аурулары етек
алған. Ал қатерлі ісік (рак)-бұл аймақтың
жарты ғасыр бойғы меншікті ауруы,
өлімге тура бастайтын баспалдақ. Өңірде
өмір сүру деңгейі күрт төмендеген.
Өйткені бізде орташа өмір сүру көрсеткіші-48-50
жас аралығы. Әсіресе аймақ тұрғындарының
өзіне-өзі қол жұмсауы жиі орын
алады. Осы дерттен жыл сайын
орта есеппен 10-15 адам көз жұмады. Осынау
өлім түрінен республиканың бірде-
1995-2000 жылдары бұрынғы Семей облысында
туғандар санынан өлгендер саны басым
түсе бастауы дабыл көтерерлік жағдайдың
босағадан аттағанын көрсетеді.
1990 жылдан бастап полигон маңайындағы
бес аудан халқы медициналық тексерулерден
жыл сайын өтіп келсе, бұл жұмыс қаржы
жетіспеушілігінен 1992 жылдан тоқтатылған.
Ал қолда бар мәліметтерге жүгінсек, полигон
маңайындағы 100 мыңнан астам ауыл тұрғындары
100-ден 200 бэрге дейін радиациялық сәуле
алғандығы мәлім болып отыр. Ол «Қайнар
синдромы» деген атпен құпия түрде Мәскеудегі
әскери ведомствоға жинақталған. Осы медициналық
тексерулерді сол кездегі Кеңес Одағына
мәлім радиолог-ғалым А.Ф.Цыб басқарып
келген. Кезінде осы ғалымның медициналық
комиссия сараптамасы баспасөзде жарияланды.
Оны негізгe алсақ:
– полигондағы атом сынақтары болған
аймақта тұрғандардың қанында қызыл түйіршіктер
азаюы (ақ қанға айналуы), хромосомдық
өзгерістер 4-5 есеге артқан;
– 1970 жылмен салыстырғанда әр тұрғынның
орташа жасы үш жылға қысқарған;
– медициналық тексеруден өткендердің
45-50 пайызының организмдерінде ауруға
қарсы тұрушылық (иммунитеті) төмендеген;
– 1969 жылмен салыстырғанда ақ қан ауруымен
науқастанып, қайтыс болушылар саны үш
есе көбейген;
– полигонмен жапсарлас тұрған аудандарда
туған балалар арасында ақыл-ойы кемістер
сол кездегі Одақтық көрсеткіштен (әр
мың адамға шаққанда) бес есе көп;
– әр мың адамға шаққанда осы бес ауданда
қатерлі ісік аурулары 445-460 адамға жеткен;
– екіқабат әйелдердің науқастануы, түсік
тастауы, үш әйелдің бірінің басындағы
қасірет, тағысын-тағылар, айта берсең
таусылмайды өттi.
Информация о работе Семей полигонына қатысты территорияның қазіргі экологиялық жағдайы