Табиғи газ және қосымша газ бен мұнай компоненттерінің ауаға, суға және топыраққа әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 16:22, реферат

Краткое описание

Мұнайдың халық шаруашылығында маңызы зор. Ол-сұйық отын өндірілетін басты шикізат. Өндірілген мұнайдың басым көпшілігі әр түрлі жанармайларға айналдырылады. Мұнай өнімдері энергия көзі ретінде электр станцияларында, отын ретінде жер үстінде, су және әуе көліктерінде пайдаланылады. Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын қоймалжың сұйық мазут, электр станциялары мен зауыт пештерінде отын ретінде жағылады. Мазуттан алынатын жағармайлар машиналардың жұмыс бөлшектерінің үйкелісін азайтып, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін қолданылады. Гудрон жол құрылысына асфальт жасауға пайдаланылады.

Содержание

. Кіріспе.
1.1 қоршаған ортаның ластану түрлері.
I. Негізгі бөлім.
2.1. Табиғи газ және мұнай компоненттерінің ауаға әсері. 2.2. газ және мұнай компоненттерінің суға әсері
2.3 газ және мұнай компоненттерінің топыраққа әсері.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.doc

— 117.00 Кб (Скачать файл)

 

        - Құбыр

- Теміржол

- Теңіз транспорты

- Өзен транспортты

Атмосфералық ауаға  әсер ететін мұнай компоненттерінен автокөлік құралдарының шығындылары. 90-жылдардан бастап Еуропа одағына кіретін Еуропа елдері үшін алғаш рет жанармай нормасының бірыңғай сапасы белгіленді.

Мотор жанармайының құрамындағы  мынадай ластаушы заттар Pb, SO2, C шығындыларына бірінші кезекте әсер етеді. Мотор жанармайының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі проблемаларының бірі – көпшілік жағдайларда этилденген бензинді өткізу болып табылады. Этилденген және этилденбеген бензиндерде сапа жағынан қойылатын талаптардың елеулі түрде өзгешелігі бар. Бірінші кезекте бұл жол берілетін қорғасынның шоғырлануына қатысты.

 

Сондай-ақ, этилденген және жтилденбеген бензиндерді пайдаланудың нәтижесінде экологиялық қауіпсіздіктің анағұрлым айырмашылығын анықтайды. Этилденбеген бензинді қолдану этилденгенмен  салыстырғанда СО шығарындасын бірнеше есе  кемітуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде ауа жанармай қосындысына оттегіден тұратын компонеттерден  қосылуынан СО-ның мөлшері азаяды. Дизельді жанармайдың құрамында хош иісті коміртектер мен күкірттің болуы ( бинзинге қарағанда 5-8 есе артық) оның жағымсыз мөлшеріне жатады.

 

 

      Қалалардағы жылжымалы көздерден шығарындылардың үлесі автокөлік санының ұлғаюы есебінен өсу үрдiсi бар. әсiресе, көмiртегінің оксидi бойынша автокөліктің жаңа моделдерінің үлестік шығарындылары біраз асатын пайдаланылған газдардың ластаушы заттардың үлестік шығарындылары ескі үлгідегі әсіресе, пайдаланылатын көліктің теріс әсері бар. 
      Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi жүргiзiлетiн iс-шаралар кәсіпорындар шығарындыларының есебiн алуға және тұрақты әрi жылжымалы көздермен қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер жинауға бағытталған. Алайда, зиянды заттар шығарындыларының азаю эффектiсiне мұндай әдiстермен қол жеткiзiлмейдi, өйткенi кәсiпорындар "экологиялық төлемдерінің" құны ол үшін түбiнде, тұтынушылар төлейтiн өнiм құнына (жылу, энергия, қызмет көрсету) енгiзіледi. 
      Экологиялық төлемдердi пайдалану тетігі өндiрiсте таза технологияларды енгiзудi және экологиялық таза өндiрiстер мен циклдарды қолдауды көздейдi. 
      Елдiң әуе бассейнiн ластауға трансшекаралық көшiру бiраз үлес қосады: мысалы, Мәскеудiң әдiстемелiк синтездеушi орталығы орындаған алдын-ала есептер бойынша Қазақстанның аумағындағы өз көздерiнен күкiрттiң түсу үлесi жылына 380 мың тонна, сырттан әкелiнгендерiнің үлесi - жылына 446 мың тонна.

Қазақстан, өз кезегінде  көршi елдердiң аумағына түсетiн ластаулардың бiраз көлемiн жеткiзедi. 
      Қазақстанның шамамен 5 млн. тұрғыны ластанған атмосфералық ауа жағдайында, 2 млн. - ластанудың өте жоғары деңгейi жағдайында тұрады. 
      Қазақстандық ғалымдар халықтың емделуiне, диагностика мен сауықтыруға жалпы шығындарды, өмiрдiң орташа ұзақтығын, аурухана парақтары және мүгедектерге зейнетақылар бойынша төлемдерге шығындарды ескере отырып, экологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан халықтың денсаулығына келтiрiлген залал есебiнiң моделін әзiрледi. Денсаулықты қорғау және экожобалау орталығының деректерi бойынша Қазақстанның шығындары бiр жылға әрбiр тұрғынға 8355 теңге ($55,7) немесе атмосфераға шығарындылардың бiр тоннасы үшiн 9000 теңге ($60) құрайды. Бұл атмосфералық ауаның ластануынан Қазақстан халқының денсаулығы үшін терiс эффект жылына кемiнде 225 млрд. теңге ($1,5 млрд.) құрайтынын білдіреді. 
      Республикада 22 млрд.т. аса өндiрiс және тұтыну қалдықтары жинақталған. Пайдалы кен орындарын барлау кезiнде өндiрiлетiн минералдық шикізаттың 3-5% көлемiн құрайтын 1-2 басым компонент ғана пайдаланылатыны мәлім, қалған масса қалдықтар түрінде жинақталады. 
      Түсті, сирек, асыл және радиоактивтiк металдардың тау-кен метталлургия өндірісі қалдықтарына жиынтық қорлары тиiстi жеткілiкті iрi кен орындарының қорларымен тең. 
      Қалдықтардың жалпы массасында 6,7 млрд.т - жерлердi, жер үстi және жер асты суларын, әуе бассейнiн ластау көздерi болып табылатын улы қалдықтар. Улы өнеркәсiптiк қатты қалдықтардың негiзгi көлемдерi 5,2 млрд. т астамы түстi металлургия кәсіпорындарында жинақталған. Олар Қарағанды - 29,4%, Шығыс Қазақстан - 25,7%, Қостанай - 17%, Павлодар - 14,6% облыстарында жинақталған. Сақтаудың 100-ден астам орындарында 50 мың кюриден астам жалпы белсенділiктегі шамамен 50 млн.т радиоактивтiк қалдықтар жинақталған. 100-ден астам сақтау орындарында жалпы активтiлігі 250 мың кюри уран өндірісі саласының шамамен 250 млн. тонна радиоактивтi қалдықтары жинақталған. 
      Өндіріс қалдықтарының жыл сайынғы өсiмi 1 млрд.т-ға жетедi. 
      Мұнай-газ кешені, жылу энергетикасы, тау-кен және ұқсату өнеркәсiбi кәсiпорындарының бұрынғы қызметінен қалдықтар, сондай-ақ қазiргi уақытта иесiз объектілер: мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кеніштер (oның ішінде радиоактивтiк қалдықтармен), қалдықсақтауыштар және ақаба сулардың жинақтаушылары, әскери-сынақ полигондары жататын тарихи ластанулар проблемасы бар.

Жыл сайын қатты тұрмыстық  қалдықтардың көлемi шамамен 10-13 млн.мұлғаяды. Тек, Алматы қаласында жыл сайын 2 млн.мқоқыс жинақталады, одан 300 мың.мұқсатылады. Орташа алғанда, тұрмыстық қалдықтар құрылымында шамамен 50% тұрмыстық қалдықтар, шамамен 26% - қағаз, шамамен 9% - пластмасса, шамамен 15% - шыны, тiгін, терi, металл, қыш, құм және өзгелері құрайды. 

Жеңіл және жүк  автокөліктерінің, сонымен қатар автобустардың қалалар аумағында қозғалысы кезінде ластаушы заттар шығарындысы шығарындысы бойынша ластанудың көрінісі.

 

Жанармай түрі, жүк  көтергіштік, автобустар класы

Берілген шығарынды г/км

1млн-нан аса тұрғыны  бар қалалар

0,1-ден 1млн-ға дейін  тұрғыны бар қалалар 

0,1 млн-нан аздау тұрғыны  бар қалалар

Жанармай түрі

Жеңіл автокөліктері

АИ-80,-92,-95, ГНС

АИ-75 (Э)

АИ-93 (Э)

10,74

43,38

84,18

9,25

39,85

76,57

8,86

37,42

72,10

Жүк көтергіштігі

тонна

Жанармай түрі

 

Жүк автокөліктері

2-ден аз

бензин

77,07

69,22

68,25

2-5

Бензин

Газ

Дизельді жанармай

101,54

16,64

41,51

91,95

15,03

37,46

83,61

13,00

30,58

5-8

Бензин

Газ

Дизельді жанармай

135,00

32,1

55,05

120,89

26,51

48,93

108,96

22,44

40,07

8-16

Бензин

Дизельді жанармай

170,79

66,57

153,93

58,57

138,90

48,10

16-дан артық

Дизельді жанармай

78,58

69,45

58,15

Автобустар класы

 

Автобустар 

Ерекше шағын

бензин

131,01

118,28

106,24

шағын

бензин

136,59

121,43

109,87

Орташа 

Бензин

Дизельді жанармай

185,64

57,1

165,39

45,96

150,08

38,78

Үлкен

Бензин

Дизельді жанармай

232,61

68,57

209,24

61,15

188,56

32,71

Ерекше үлкен

Дизельді жанармай

76,94

67,21

53,19


 

 

2.1 Тбиғи газ  және мұнай компоненттерінің  суға әсері.

Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша Ертіс өзенінің жер үсті суларының облыс көлеміндегі жағдайы ластану индексі бойынша өзгермей қала беруде. Оның сапасы «таза» (Боран селосы) деңгейден – «қалыпты ластанған» (Өскемен, Семей қалалары) деңгейге дейін өзгереді. Бірақ кез келген уақытта облыстағы су ресурстарын қорғау бойынша қолданылып жатқан шаралардың жеткілікті еместігін айтады.

«Казцинк» АҚ және «Казахмыс» корпорациясы сияқты тау-кен-өндіруші кешендері кәсіпорындарының әсерінде орналасқан Красноярка, Глубочанка және Брекса өзендерінің жағдайы әлі күнге дейін алаңдатушылық тудыруда. Бұл өзендердің суы металдармен ластанған, ол сулар «лас» және «өте лас» деп сипатталады.

Сутоғандардың жағдайына  тау-кен-өндіруші кәсіпорындардың шахталары  мен босап қалған және істен шыққан кеніштері (Чекмарь, Березовский кеніштері) әсер етеді.

Суқорғау жолақтарындағы жасыл желектерді жұлудың, жерлерді су кемеріне дейін жыртудың нәтижесінде, әсіресе елді мекендер мен саяжай массивтері орналасқан жерлерде шағын  өзендердің таусылуының шынайы қауіпі бар. Ал кішкентай өзендердің жағалауы тұрмыс қалдықтарын лақтыратын алаңқайға айналған. Бұл салада атқарушы органдағылар жаңағыдай жерлерге тәртіп орнатып, жасыл ағаштардың кесілмеуіне, шабылмауына жол бермеу, әрбір кесілген ағашқа айыппұл санкцияларын анықтап, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет.

Ертіс бассейн су шаруашылық басқармасына су қорғау заңдылықтарын  сақтай отырып, біздің өзендеріміз  бен көлдеріміздің сақталуы бойынша  бақылау шараларын күшейту қажет.

Мұнай – ең қатерлі  суды ластаушылардың бірі. 1тонна мұнайдың өзі теңіз бетінде 1200га алаңға дейін жайылады екен. Жыл сайын 10млн тоннадай газ және мұнай компоненттері төгіледі.  Мұнай теңіздегі тіршілік иелеріне теріс әсер етеді: мұнай қабыршағы күн сәулесін өткізбейді әрі суда оттектің қалыптасуын бәсеңдетеді. Теңіздің мұнаймен ластануы ондағы биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына жол ашады. Су бетіне төгілген мұнай ондағы барлық тірі жан иелерінің өліміне себепші болады. 1л мұнай 4106500л суды бүлдіріп, оттексіз қалдырады. Мұнаймен теңіз әртүрлі жолдармен ластанады. Мұнайдың суға төгілуі мұнай таситын кемелердің апатқа ұшырауында жиі кездеседі. Судағы мұнай көлемі 800кг/м3 жеткен жағдайда фитопланктондардың тіршілігі тежеліп жойылады, яғни мұхит балдырларының көмегімен түзілетін оттегінің мөлшері күрт төмендейді. Бұл апат майшабақтар мен скумбрия балықтары әдетте уылдырық шашып, өсіп-өнетін теңіздің осы тұсына қатер төндіріп отыр. Кейбір ғалымдардың пікірінше, бұл апаттың залалды салдары ең аз дегенде үш жылға созылып, кесірін тигізеді екен.

Порттарда мұнайды ақыр аяғына дейін тиеудің сәті түсе бермейді. Шамамен оның 1%-і буланып, танкердің  қабырғалары мен түбінде қалып  қояды. Оларды көбінесе ашық теңізде  жуып-шаюға тура келеді. Мамандардың  есептеуі бойынша өз трюмдарын ашық теңізде жуатын танкерлер мен басқа кемелер жылына 2млн мұнай қалдырады екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Табиғи газ және қосымша газ бен мұнай компоненттерінің ауаға, суға және топыраққа әсері