Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 13:29, контрольная работа

Краткое описание

Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған.Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.

Содержание

I.Тест жұмысы II.Сөзжұмбақ III.Кеспе қағаз IV.Сұрақ-жауап V.Жауаптары

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялық құқық.docx

— 103.34 Кб (Скачать файл)

1. Экологияландыру әдісі. Бұл әдістің мазмұнынан экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи ортаға немесе оның жекелеген ресурсын пайдалану немесе кез келген шаруашылық және өзге де ықпал ету бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуға тиіс. Пайдалы қазындыларды өндіру, өнеркәсіп объектілерін салу кезінде, республика аумағына шетелдік өнеркәсіп технологияларын әкелу кезінде, ғарыш объектілерін пайдаланған кезде және т.б. кездерде барлық жерде экологияландыру әдісі қолданылады.

2. Тараптардың теңдігі  әдісі. Бұл әдіс, егер экологиялық құқық қатынасының мазмұны азаматтық құқықтық мәмілелер, заладың орнын толтыру болып табылатын жағдайларда қолданылады. Бұл қатынастардың субъектілері, әдетте бірдей жағдайда болады, бір-біріне тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие болады. Оларды тек шарт қана байланыстырады.

3. Биліктің ықпал ету әдісі. Бұл әдіс субъектілер бағынышты, тәуелді болған, олардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі жоғары тұрған субъекті анықтаған жағдайда экологиялық құқық қатынастарында қолданылады. Айталық, ҚР-сы аумағында табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі барлық құқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырылады, бұл орган осы қатынастың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына ықпал етеді. Биліктің ықпал ету әдісі табиғат ресурстарын пайдалану жағдайында, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде министрліктер мен ведомстволар басқаруды жүзеге асыру кезінде, бекітілген табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде қолданылады.

4. Мәжбүрлеу әдісі. Бұл  әдіс кінәлі адамды жауапкершілікке тарту жөніндегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпал ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, себебі кінәлі адам мемлекет белгілеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады.

5. Экономикалық әдіс. Бұл  әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі.

6. Халықаралық-құқықтық әдіс.Экологиялық қатынастарды реттеудің халықаралық-құқықтық әдісі қажет әдіс, себебі экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады. Объектиті құрылым ретінде табиғат кешені мемлекеттерге, құқықтық режимге тәуелді болмайды, бірақ ол табиғат процесстеріне тәуелді болады, олар әр алуан мемлекеттердің аумағы арқылы өтеді. Бір мемлекеттің меншігі болмайтын табиғат объектілері бар, қайта бүкіл адамзатқа тиесілі болады (әлемдік мұхит, ауа, озон қабаты және т.б.). Қазақстан Республикасының заңнамасы бұл жағдайларда қәзіргі халықаралық экологиялық конвенциялар мен шарттарға бағынады. Атап айтқанда осы жағдайларда халықаралық әдіс қолданылатын болады.

Сөйтіп экологиялық құқықта негізгі әдіс ретінде экологияландыру әдісі танылады, қалған әдістер қосымша әдістер болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Экологиялық құқықтың теориялық  және әдістемелілік салаларының  негізгі тіректерінің бірі уғымдар мен санаттар болып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атуларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.

Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834—1919) енгізген. Экология — тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта — табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаган ортаны қорғау — табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. Қоршаған ортаның ластауы — қоршаған ортаға ыктимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері. Сондықтан адамзаттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайдалану талап етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар — бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланыла-тын құрамдас бөліктері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Экологиялық құқық