Экология гылымы туралы малиметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 13:29, реферат

Краткое описание

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықган экологиялық. қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологияна пайдалану кукугы.docx

— 58.11 Кб (Скачать файл)

Табиғатты пайдаланушылар бола алады:

  1. тұрақты (табиғатты пайдалану құқығы мерзімсіз) және уақытша (табиғатты пайдалану құқығы анықталған мерзіммен шектелген);
  2. алғашқы (табиғатты пайдалану құқығы мемлекеттен немесе басқа алғашқы табиғатты пайдаланушылардан осы құқықты иесіздендіру немесе құқықтың бір тұлғадан екіншісіне ауысуы тәртібі арқылы алынған) немесе екіншілік (табиғатты уақытша пайдалану құқығы келісім-шарт негізінде алғашқы табиғатты пайдаланушыдан алынған, алғашқы табиғат пайдаланушы осы мәртебені сақтап қалады).

Табиғатты пайдаланушылардың тағы бірнеше жіктемесін көрсетуге болады.

Ұлттық  табиғатты пайдаланушыларға ҚР азаматтары және қазақстандық, соның ішінде шетелдік қатысумен, заңды тұлғалар, ал шетелдік табиғатты пайдаланушыларға - шетелдік азаматтар, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық одақтар мен ұйымдар жатады.

Табиғатты пайдалану құқығының мәні - бұл табиғатты пайдаланушыларға заң бекіткен тәртіпте ұсынған және өзара байланысты болатын табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құзіреттіліктерінің жиынтығы.

Табиғатты пайдалану құқығының  мазмұнын табиғатты пайдаланушының құқықтары мен міндеттері құрайды.

Барлық табиғатты пайдаланушылар үшін жалпыға бірдей құқықтар болып табылады:

- табиғи ресурсты мақсатқа сәйкес пайдалану құқығы;

-шаруашылық немесе тағы басқа іс-әрекет амалдарын өз бетінше таңдау құқығы;

- табиғи ресурсты мемлекеттік қажеттілік үшін алуға немесе сатып алуға байланысты келтірілген шығынды өтеу құқығы;

- табиғи қорды пайдалану процесіне заңсыз араласудан қорғану құқығы және т.б.

Табиғатты пайдаланушылар міндетті:

- табиғи ресурстарды мақсатқа және оларды ұсыну шарттарына сәйкес пайдалануға;

- шаруашылық және тағы басқа іс-әрекетке қойылатын экологиялық талаптарды, қоршаған орта сапасының нормативтерін, қолданыстағы стандарттарын және техникалық шарттарын сақтауға;

- ұсынылған табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге және басқа табиғатты пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;

- табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғау және қалпына келтіру үшін бекітілген төлемді уақытында төлеуге;

- қоршаған ортаны қорғау облысында бақылауды жүзеге асыратын органдардың талабы бойынша қажетті ақпаратты ұсынуға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тағы басқа талаптарды орындауға.

Табиғатты пайдалану құқығы субъектілерге келесі негізде беріледі:

- табиғи ресурстарды пайдалану және алу, қоршаған ортаны қорғау облысында іс-әрекеттің дербес түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиялар мен (немесе) рұқсаттар;

- табиғи қорларды табиғатты пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заңдары бекіткен тәртіпте беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;

- Қазақстан Республикасының заң актілері бекіткен тәртіпте жасалатын табиғатты пайдалану келісімдері (келісім-шарттары).

Табиғатты пайдалану құқығы әртүрлі  негізде тоқтатылуы мүмкін. Табиғатты пайдалану құқығын тоқтатудың жалпы негіздеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

- табиғатты пайдаланушының табиғатты пайдаланудан өз еркімен бас тартуы;

- табиғи ресурсты мемлекеттік қажеттілік үшін қайтып алу;

- табиғатты пайдалану рұқсатында көрсетілген мерзімнің өтіп кетуі;

- аталған табиғи ресурсты пайдалану аймағында тұратын адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнуі;

- табиғатты пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалану ережелерін жүйелі түрде бұзуы;

- табиғатты пайдаланушының табиғи ресурсты заңнамада немесе табиғатты пайдалану рұқсатында көрсетілген мерзім аралығында пайдаланбауы;

- заңды тұлғаның - табиғатты пайдаланушының жойылуы;

- физикалық тұлғаның - табиғатты пайдалануышының өлімі;

- табиғи ресурсты пайдаланғаны үшін бекітілген төлемдерді жүйелі түрде төлемеу;

- табиғатты пайдалану рұқсатында арнайы айтылған, олар бола қалған жағдайда табиғатты пайдалану құқығының тоқтатылуы қарастырылған тағы басқа шарттардың туындауы.

Қорытынды:

Табиғатты пайдалану құқығы объективті мағынада табиғи ресурстарды  ұсыну және қайтып алу (сатып алу) тәртібін, пайдалану шарттарын, табиғатты  пайдаланушылардың құқықтары мен  міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Табиғатты пайдалану құқығы субъективті мағынада - бұл нақты табиғатты пайдаланушының табиғи ресурсты игеру және пайдалану бойынша экологиялық заңнамамен бекітілген құзіреттіліктерінің жиыны. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. қазақстан республикасында табиғатты пайдалану құқығының ұстанымдары

 

Табиғатты пайдалану құқығы келесі ұстанымдарға негізделеді:

1) Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басымдылығы ұстанымы. Бұл ұстаным табиғатты пайдаланушы табиғатты пайдалану құқығын жүзеге асыру барысында, ең алдымен, тұлғаның экологиялық мүдделерін, жеке тұлғалардың өмір сүру және денсаулық үшін жайлы қоршаған ортаға құқығын, содан соң ғана өз мүдделерін ескеруі қажет екендігін білдіреді.

2) Қоршаған ортаның ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени мәні бар биологиялық әртүрлілігі мен объектілерін қорғауды қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні, егер шаруашылық және тағы басқа іс-әрекет саласында табиғи ресурстарды пайдалану кезінде аталған объектілер кездесетін болса, онда оларға: сирек кездесетін және жоғалудың алдында тұрған жануарлар мен өсімдіктерге, табиғи ескерткіштерге және тағы басқа айрықша қорғалатын объектілерге ерекше назар аударылуы қажет.

3)Табиғатты пайдаланудың мақсаттылық ұстанымы. Мемлекет табиғи ресурстарды жеке табиғатты пайдаланушыларға анықталған мақсаттар үшін  ұсынады, олар міндетті түрде табиғатты пайдалану құқығы рұқсаттарында белгіленеді. Мысалы, азаматқа жер телімін пайдалануға беру кезінде мақсат - шаруа қожалығын басқару - әкімшілік беретін жерді пайдалану құқығы актісінде көрсетіледі. Ұсынылған табиғи ресурстарды мақсатсыз пайдалану заңнаманы бұзу ретінде қарастырылады және табиғатты пайдалану құқығын тоқтатуға және қайтарып алуға әкеліп соқтырады.

4) Табиғи ресурстарды орынды пайдалану, қалпына келтіру және олардың тұтастығы ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні, табиғатты орынды, ойластырып, үнемді пайдалану, жойылған табиғи ресурстарды, мүмкіндік болса, қалпына келтіру немесе тең бағалы өтем жасау міндеттілігі. Табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды қалпына келтіру өзара үздіксіз байланыста болуы қажет: тек сонда ғана табиғи ресурстарды қорғау мүмкін болады.

5) Табиғатты пайдаланудың ғылыми негізделгендік ұстанымының мәні, табиғи ресурстарды пайдалану табиғаттың даму заңдылықтарына сүйенеді, экономикалық және экологиялық мүдделерді біріктіреді.

6) Табиғи ресурстың ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Табиғатты пайдалану табиғи объектілердің және ресурстардың өзіне тән ерекшелігін - қалпына келу мүмкіндігін (өсімдік және жануарлар әлемі), қалпына келмеуін (пайдалы қазбалар)  ескере отырып жүзеге асырылуы қажет және т.б. Табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық тұрғыда рұқсат етілетін шектері, шаруашылық және тағы басқа іс-әрекетті жүзеге асырудың шектеулері, нормативтері және ережелері бекітілуі қажет. Мұндай жағдайларда лимиттеу және квоталау қолданылады. Оларды қолдану себебі, өкінішке орай,  табиғи ресурстардың басым бөлігі таусылатын және тіпті қалпына келмейтін болып табылады.

Табиғатты пайдалану лимиттері мен квоталары табиғатты пайдаланушылар үшін табиғи ресурстарды анықталған мерзімде шектік пайдаланудың (алудың), қоршаған табиғи ортаға шығарылатын және лақтырылатын ластаушы заттардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың бекітілген көлемдері болып табылады. 

 Лимиттердің екі түрі бар:

  1. Қоршаған ортаны ластау лимиті – шығарылатын ластаушы заттардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жалпы көлемінің шектері, сонымен қатар қоршаған ортаға шудың, вибрацияның, магниттік өрістердің және тағы басқа физикалық әсерлердің жайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі ықпалдары;
  2. Табиғи ресурстарды алу лимиттері – табиғи ресурстарды  мүмкін болатын мөлшерлік пайдалану шектері, бұл жағдайда биологиялық ресурстардың табиғи қалпына келуі бұзылмайды және пайдалы қазбаларды орынды пайдалануға кепілдік беріледі.

Квоталар да екі түрге бөлінеді:

  1. Ластау квоталары – нақты табиғатты пайдаланушыға анықталған мерзімге берілетін ластау лимитінің бір бөлігі;
  2. Табиғи ресурстарды алу квотасы - нақты табиғатты пайдаланушыға анықталған мерзімге берілетін алу лимитінің бір бөлігі;

Қазақстан Республикасының Үкіметі лимиттер мен квоталарды анықталған мерзімге бекітеді. Соның ішінде, 19 ақпан 2003 жылы «2003 жылы балық шаруашылығы суларында балық аулау және теңіз жануарын (итбалық) өндіру лимиттері мен квоталарын бекіту туралы», 29 желтоқсан 2007 жылы «2008 жылы жануарлар әлемінің объектілерін аулау лимиттерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулылары қабылданды.

ҚР  Үкіметі табиғи ресурстардың саны жойылуға жақындаған жағдайларда табиғатты  пайдалану лимиттері мен квоталарын азайту туралы шешім қабылдайды, кейде  аталған табиғи ресурсты шаруашылықта пайдалануға толық тыйым салуға дейін барады. Сөйтіп, 19 шілде 2001 жылы «Киіктерді қорғау және қалпына келтірудің қосымша шаралары туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша ҚР территориясында киіктер санының тым азайып кетуіне байланысты ҚР территориясында 2005 жылға дейін киіктерді аулауға тыйым салынды, оларды тек ғылыми мақсатта пайдалануға рұқсат берілді. Ал 10 қазан 2001 жылы «Орал-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Орал-Каспий бассейнінде 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салынды, оларды тек ғылыми мақсаттарда пайдалануға рұқсат берілді.

  1. Қоршаған табиғи ортаның барлық құрамдас бөліктерінің өзара байланысын және олардың тағайындалуын ескеру ұстанымы. Табиғи ресурстар бір-бірімен өзара әрекеттестікте болады, сондықтан мұндай өзара байланысқа назар аудармау келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, су объектілерінің жанындағы орман ресурстарын шабу ең соңында судың тартылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан табиғатты пайдалану кезінде мұндай жағдайлар ескерілуі қажет.
  2. Табиғатты пайдаланудың кешендік сипаты ұстанымы жоғарыдағы ұстанымнан шығады. Оның мәні, табиғи ресурстар олардың бір-біріне тәуелділігін және өзара әрекеттестігін ескере отырып пайдаланылуы қажет және сонымен қатар бір табиғи байлықты дұрыс пайдаланбау екіншісіне орны толмас зиян тигізуі мүмкін.

9) Арнайы табиғатты пайдалануды лицензиялау ұстанымы.

Табиғи  ресурстарды пайдалану, қоршаған табиғи ортаға кез келген қауіпті болуы  мүмкін әсер рұқсат ету тәртібі бойынша  жүзеге асырылуы қажет, яғни табиғатты  пайдалануға рұқсат немесе лицензия алу қажет.

Табиғатты пайдалану құқығын лицензиялау - мемлекет табиғатты пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыра алатын тәсіл, ол табиғатты пайдалануға рұқсат беру арқылы орындалады.

Табиғатты пайдалану рұқсаты табиғатты пайдаланушыға қоршаған ортаны қорғау облысында арнайы өкілетті мемлекеттік орган беретін және табиғатты пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалану (алу), қоршаған ортаға зиянды заттарды шығару және лақтыру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын, табиғатты пайдаланудың нақты мерзімдері мен көлемдері, нормалары, шарттары және қолданылатын технология көрсетілген құжат болып табылады.

Табиғатты пайдалану рұқсатында әдетте мыналар бар:

- табиғатты пайдалану рұқсатының иесі туралы мәліметтер;

- табиғи ресурсты пайдалану мақсаты;

- табиғи ресурстың сипаттамасы;

- табиғатты пайдалану рұқсатының жарамдылық мерзімі және табиғатты пайдалану операцияларының басталу уақыты;

- табиғатты пайдаланғаны үшін төлем шарттары;

- табиғатты пайдаланудың түрлері, өлшемдері, көлемдері және тәртібі;

- табиғатты пайдалануға рұқсат алған тұлғаның міндеттері;

-  тағы басқа қажетті мәліметтер.

Табиғатты пайдалану рұқсаттарын (лицензияларын) үш түрге бөлуге болады:

  1. табиғи ресурстардың жеке түрлерін пайдалану құқығына рұқсат беру;
  2. қоршаған табиғи ортаға қалдықтарды орналастыру, зиянды заттарды шығару, лақтыру, қалдықтарды жинау, тасымалдау, көму құқығына рұқсат беру (экологиялық рұқсаттар).

Экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат (ҚР ЭК 1 б. 98 п.).

ҚР  Экологиялық кодексінің 68 б. сәйкес экологиялық рұқсаттар екі түрге бөлінеді:

1) қоршаған ортаға эмиссиялар рұқсаттары (жеке рұқсаттар беріледі: а) зиянды заттарды шығаруға, б) лақтыруға, в) қоршаған ортаға өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға, г) зиянды физикалық әсерлер);

2) кешенді экологиялық рұқсаттар (табиғатты пайдаланушының ең жақсы қол жетімді технологияларды енгізу және ҚР экологиялық заңнамасы бекіткен эмиссиялардың техникалық меншікті нормативтерін сақтау шартымен  қоршаған ортаға эмиссияларды шығару құқығын куәландыратын жалпы құжат болып табылады);

3. кешенді табиғатты пайдалану рұқсаттары, яғни табиғи ресурстардың бірнеше түрін бір уақытта пайдалану.

  1. Табиғатты пайдаланудың экологиялық кауіптілігінің презумпциясы ұстанымы. Жорамалдап айтқанда,  табиғи ресурстарды пайдалану бойынша кез келген іс-әрекет қоршаған табиғи ортаға, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтарына және заңды мүдделеріне қандай да бір дәрежеде зиян тигізеді. Шаруашылық іс-әрекетін жоспарлау және жүзеге асыру осы ұстанымды басшылыққа алуы қажет. 
  2. Қоршаған ортаға мүмкін болатын әсерді бағалау ұстанымы. Табиғи ресурсты пайдаланудың алдында қоршаған табиғи ортаға зиян тигізу ықтималдығын алдын-ала қарастырған жөн.
  3. Табиғатты пайдаланудың экологиялық сараптамасының міндеттілігі ұстанымы. Табиғатты пайдалану көп жағдайларда экологиялық қауіпті болғандықтан, міндетті түрде табиғатты пайдалану бойынша іс-әрекеттің барлық жобаларында экологиялық сараптама өткізген дұрыс.
  4. Экологиялық нормалау ұстанымы. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады. (ҚР ЭК 22 б.). Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi. Табиғатты пайдалану бекітілген нормативтер шегінде жүзеге асырылуы тиіс.

Информация о работе Экология гылымы туралы малиметтер