Экология жалпы мәлмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2015 в 22:24, реферат

Краткое описание

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдерқауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың,организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.

Вложенные файлы: 1 файл

экология.docx

— 247.25 Кб (Скачать файл)

Бұдан 10 млн жыл бұрын пайда болған Байкал көліндегі (Ресей) жәндіктердің (омыртқасыздардық) орасан көп эндемик (жергілікті) түрлері сипаттап жазылған.

Эндемик дегеніміз - бұл ғаламшарда тек бір орында ғана өмір сүретін ағзалар. Байкалда тек бүйірлеп жүз- гіштердің ғана 250-ге жуық эндемик түрлері өмір сүреді .Белгілі түрлердің қалыптасуы кезінде бұл түр түзу типтері бірін- бірі алмастырып, толықтырып, бірлесе әрекет етеді.[1]

Популяция  генетикалық шығу тегі бір,  белгілі ортада  ұзақ уақыт тіршілігін  тұрақты жалғастырып  келе жатқан, еркін  өсіп көбеюге қабілетті, бір  түргежататын   организмдер даралрыныңжиынтығы.

Популяцияға тән қасиеттер  өсу, даму,  көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі,  генетикалық шығутегі, экологиялық жағдайлар жатады. 

 

 Популяция тығыздығы -  белгілі бір аймақтағы немесе  кеңістіктегі дарлр санының  жиілігімен өлшенеді.

 

1.Тұрақты  даму дегеніміз не? Экологиялық мәселелерді алдын алу үшін адам ретсіз дамудан,тиімді реттелген табиғат пен қоғамның даму заңдарына өту. Тұрақты даму д/з-қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, келесі ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтындай даму. БҰҰ анықтамасы бойынша тұрақты даму д/з-экономиканың дамуы барсында қазіргі қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету процесі. Тұрақты даму д/з- экономиканың даму қарқындылығы деген сөз емес, ол табиғат ресурстарды бұрынғыша шексіз өндіріп, шексіз пайдалана бермей, біздің қоршаған табиғи ортаға ұқыппен қарап, байлықтарын ысырапсыз, халықтардың әл-ауқат деігейін жоғарылату бағытында жаңа технологияларды қолдану арқылы дамуы деген сөз.

2. ҚР тұрақты  дамуға өту кезеңдері мен міндеттері. 14 қарашада 2006 жылы ҚР президентінің жарлығымен еліміз үшін аса маңызды саяси құжат дайындалды. Ол ҚР 2007-2024 жыл арасында тұрақты дамуға өту жөніндегі концепциясы. Тұрақты даму концепциясы ұзақ жылдар бойында жинақталған мәліметтерді талдау, математикалық модельдеу, бекітілген қолайлы параметрлерді есептеу арқылы ғылыми-методологиялық негізде дайындалады. Бұл қабылданған концепция теңсіздіктер мен сәйкестікті жоюға арналған құжат болып саналады. ҚР тұрақты дамуға өтуі бірнеше кезеңдері бойынша жүргізіледі: Дайындық кезеңі(2007-2009жж)-қоғамдық,саяси өмірдің барлық салаларына тұрақты даму принциптерін енгізу,экономиканы диверсификациялау, технологиялық өрлеу үшін қажетті жағдайларды дайындау.Бірінші кезең (2010-2012жж)-ҚР дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз ету.Екінші кезең(2013-2018жж)-ҚР адамдарының өмір сүруінің сапалық көрсеткіштері бойынша дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан орын алуы,табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға байланысты шығындарды барынша азайту және елдің экономикалық тұрақтылық деңгейін көтеру.Үшінші кезең(2019-2024жж)-тұрақты даму концепциясының БҰҰ қабылдаған халықаралық критерийлеріне қол жеткізу.

Концепция міндеттері: 1. Пайдаланған ресурстарды пайдалану тиімділігін 2012 жылға қарай 37%, 2018 жылы 43 %, 2024 ж - 58% арттыру. Бұл көрсеткішті арттыру қалай жүзеге асырылады? Ең алдымен экономиканы диверсификациялау, жоғары технологияларын өңдеу саласын дамыту, өндіріс пен тұтынудың жаңа технологиялық моделін енгізу. 

2.Демографиялық салада қазіргі кездегі туушылық көрсеткішін сақтай отырып, халықтың өмір сүру көрсеткішінің деңгейін жоғарылату. 2011 ж- 68 жасқа,2018ж -70 жасқа, 2024 ж-73 жасқа дейін, жалпы алғанда тууылым көрсеткініш 1000 адамға шаққанда 18-22 деғгейінде сақтап қалу. Бұл мақсатқа жету үшін не істеу керек? Ең алдымен қауіпсіздік деңгейін көтеру. Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін енгізу, халқыт сапалы ауыз-сумен қамтамасыз ету, жол-көлік, тұрмыстық жіне тромбатизмді азайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізу және тамақтанудың денсаулыққа пайдалы стандарттарын жүзеге асыру.

3. Экологиялық тұрақтылықтың көрсеткіштерін жоғарылату. 2012ж-10%,2018ж-15%,2024ж-25%.Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен ,аймақтық даму процесіне экожүйелік әдістерді енгізу,барлық өндірістік және энергетикалық ныщандардың тұрақты дамуы үшін арнайы кретилерийлерді белгілеу,шөлдену,шөлейттенумен күрес шаралары,қоршаған ортаны қорғаудың барынша тиімді экономикалық механизмін енгізу, «Тарихи ластаушылар» проблемасын шешу.

4. Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешу үшін ең алдымен тұрақты даму идеяларын қолдаушы күштерді бір ортаға біріктіру,Қазақстанда тұрақты дамудың халықаралық аймағын құру,Қазақстанның халықаралық ұйымдарға толық және белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету қажет.

 

Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта; адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететінбиоталық, абиоталық және антропогендік орталардың жиынтығы; адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст.[1]

Қоршаған орта мәселелерімен шұғылданатын бірнеше халықаралық ұйымдар құрылған. 
Олар:

  • Қоршаған орта жөніндегі ғылыми к-ті (СКОПЕ, 1969 жылы құрылған),

  • Қоршаған орта жөніндегі мониторингінің жаһандық жүйесі (1970),

  • Қоршаған орта мен даму жөніндегі халықараралық ин-т (1971),

  • Қоршаған орта мен даму жөніндегі бүкіл дүниежүзілік комиссия (1983),

  • Қоршаған орта жөніндегі халықараралық ақпараттық жүйе (ИНФОТЕРРА, 1997), т.б.

Бұлардан басқа әр құрлықта Қоршаған орта жөніндегі алуан түрлі ғылыми-зерттеулер мекемелері, к-ттер, жүйелер, комиссиялар мен ин-ттар құрылған.[2][3]

Адам денсаулығы және қоршаған орта


Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар[өңдеу]


Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы,ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.

 

 

Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғиорта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергиянытрансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.[1]

Түзушілер[өңдеу]


Түзушілер дегеніміз- фотосинтезді жүзеге асыратын автотрофты өсімдіктрер(негізінен алғанда жоғары сатыдағы өсімдіктер). Қалған ағзалардың барлығы ағзалық заттарды өсімдіктерден және басқа автотрофты ағзалардан алады.

Тұтынушылар[өңдеу]


Тұтынушылардегеніміз- бұл гетеротрофты ағзалар. Бірінші және екінші қатар тұтынушылары болады. Бірінші қатар тұтынушылары (мысалы, қой және жылқы)өсімдіктермен қоректенеді. Екінші қатар тұтынушылары немесе тұтынушылардың тұтынушылары өсімдіктерді жемейді, жануарлармен қоректенеді. Әдетте бұлар қасқыр, жолбарыс, шиебөрі тәрізді жыртқыштар болып келеді.

Ыдыратушылар немесе бүлдірушілер[өңдеу]


Бұлар бейағзалы қосылыстарға ауыстырып, өлі ағзалы заттарды тұтынады. Бүлдірушілер негізінен алғанда сапротрофтар болып саналады. Оған ұқсас ағзалар, саңырауқұлақтар және кейбір жануарлар жатады.

Табиғатта зат айналымы қызмет істеу үшін энергия үнемі түсіп тұруы қажет. Энергия көзі-Күн. Күн энергиясы жарық синтездеуші ағзалар арқылы ағзалық қосылыстардың химиялық энергиясына айналады. Бірімен бірі қоректік қатынастар арқылы байланысқан тіршілік иелері қоректену тізбегі түрінде дайындалады және ол үшін энергия алмасу өте маңызды болып саналады. Бұған мысал ретінде қарапайым тоқалтістер(мыши-полевки) жайылып жүрген шабындықты және соларды аулайтын түлкіні келтіруге болады. Бірлестіктегі қоректік байланыс дегеніміз- бұл бір ағзадан екінші ағзаға энергия беру тетігі. Бірлестіктің әр қайсысында қоректік байланыс күрделі торапта шырмалып жатады.

Қасиеттері


Экожүйенің қаситтері өздігінен реттелу. Ол әр түрлі дарақтар санының белгілі, салыстырмалы тұрақтылық деңгейде сақталуын көрсетеді.

Экожүйенің негізігі көрсеткіші мыналар:

  • Түр алуан түрлілігі-бұл тап осы экожүйедегі түзілетін өсімдіктер мен жануарлардың саны;

  • Популяция тығыздығы- тап осы түр дарақтарының аудан өлшем бірлігіндегі немесе көлем өлшем бірлігіндегі(мысалы, планктондар үшін) мөлшері;

  • Биомасса-энергиясы бар дарақтардың толық жиынтығындағы ағзалық заттардың жалпы мөлшері.(Әдетте биомасса аудан немесе көлем өлшем бірлігімен құрғақ затқа шығып, масса өлшем бірлігінде көрсетіледі;

 

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдерқауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың,организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.

20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған  дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлікпен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетанымжаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде ағзалардың қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр.

Экология – ағзалардың бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:

  • 1) ең жалпылама түрде – қоғамның география, әлеуметтік және мәдени ортамен, яғни адамды қоршаған ортамен ара салмағын зерттейтін ғылыми пән;

  • 2) адамзат қоғамының табиғи ортамен әсерлесуін және өзара байланыстылығын зерттеу арқылы табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылым негіздерін жасайтын, сол арқылы табиғатты сақтап, адамның тіршілік ету ортасын оңтайландыруды көздейтін ғылыми пән. Әлеуметтіу Экологияның негізгі міндеті – адамзат қоғамының және оның жекелеген аймақтық топтарының табиғатпен әсерлесу заңдылықтарын зерттеу негізінде жаңа табиғи-мәдениеттендірілген ортаны жобалау;

Информация о работе Экология жалпы мәлмет