Экология негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 13:28, реферат

Краткое описание

1.Кіріспе. Тұрақты даму концепциясы
2. «ХХІ ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттары
3.Экологияны дұрыс қорғай білейік

Вложенные файлы: 1 файл

рефераат.docx

— 74.61 Кб (Скачать файл)

Жоспар 

1.Кіріспе. Тұрақты  даму концепциясы

2. «ХХІ ғасырдың  күн тәртібінің» негізгі бағыттары

3.Экологияны дұрыс  қорғай білейік

Адамзат қоғамының  алдында тұрған экологиялық мәселелер  оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды.  Бірақ, өндірістік қоғам мен  демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамның  ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан  тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп  атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен  адамгершілік бағыттылығы өзгеруі  тиіс.

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап  етеді.

1987жылы БҰҰ-ның  Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.

Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму»  дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың  өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп  түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз  оны өзіміздің балаларымыздан қарызға  алдық» (БҰҰ материалынан).

1992жылдың маусым  айында Рио-де-Жанейро қаласында  өткен БҰҰ-ның қоршаған орта  мен даму бойынша өткен конференциясы  «Тұрақты даму» концепциясын  және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне»  атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.  Бұл бағдарламада шешілуі болашақта  тұрақты дамуды қамтамасыз ететін  жалпы мәселелер қарастырылған.  Оның нәтижесі төмендегі кестеде  көрсетілген.

Мәселе

Мәселенің қысқаша  мәні

1

2

Кедейлікпен күрес

Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен  2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын  өзгерту

Адамзаттың бай  бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен  табиғат ресурстарының сарқылуының  себептері болып табылады. Сонымен  қатар кедей адамдар өмірге қажетті  минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды  қысқарту, экологиялық таза технологияларды  дамыту.——

Халық және тұрақтылық

1993 жылы дүниежүзіндегі  халық саны шамамен 5,5 миллиардтан  астам болды. Ғалымдардың болжамы  бойынша  2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.

Адамдардың денсаулығын  сақтау мен жақсарту

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық  сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:- СПИД-пен күреске жұмылдыру;

- туберкулезбен  және басқа зілді аурулармен  күрес;

- бала өлімін  кеміту;

- халық денсаулығын  бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

- еркектер мен  әйелдердің өздерінің балалрының  саны мен туылу уақытын анықтауға  құқығын қамтамасыз ету;

- халықты ауыз  су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- балалардың денсаулығын  қорғау;

- қоршаған ортаны  денсаулыққа зиян қалдықтардан  тазарту және оның алдын алу.

Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)

2000жылға қарай  дүниежүзінің халқының жартысы  қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның  урбанизациясы экономикалық малу  процесінің бір бөлігі болып  табылады. Қалаларда жалпы ұлттық  өнімнің  60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераға қалдықтарды  шығарудың негізгі көзі – энергияны  тұтыну мен өндіру.

Жер ресурстарын  тиімді пайдалану

Топырақтардың құнарлылығы  су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде  төмендейді. Топырақтың деградациясының  себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану  және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес

Ормандар топырақ  пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық  алуантүрлілігін сақтауда маңызды  рөл атқарады. Үкімет орман  шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.

Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес

Шөлдену – бұл  ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену  мал жайылымдарының деградациясы мен  азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен  шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану

Теңіз суының ластануының  шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен  былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға  дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай  төмендегі міндеттер шешілуі  тиіс:- қалалардың әрбір тұрғынын бір  адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;

- өнеркәсіптік, тұрмыстық  шайынды суларды залалсыздандыру  ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

- барлық ауылдық  аудандардың  тұрғындарын  экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің  95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтар  мен шайынды суларды жою.

Тұрмыстық қалдықтар  мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар  мен қатты қалдықтарды дұрыс  тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады.  2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды  жою

Радиоактивті қалдықтар  туғызатын қауіп оларды өсіру  мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің  жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м  жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың  тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі  рөлі

Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім  алу мен жұмысқа кепілдік беруі  керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы  елдерде    - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру

Қазіргі кездегі  ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ  ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі  мәселелерді зерттеуде: ауа райының  өзгеруі, ресурстарды тұтынудың  артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен  ресурстарды пайдалану, биосфераның  космостық зерттеулері, ортаның  адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті  шарты.





Сонымен қатар конференцияда  Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің  алдын алу, ормандарды қорғау  мен биологиялық алуантүрлілікті  сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселелерді  кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі  топтарын біртұтас кешен түрінде  қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы  барлық елдердің үкіметтерін тұрақты  дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының  тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты  оның экологиялық қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты  дамуға жетудің түйінді мәселелерін  шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан  тарихта бірінші болып ядролық  полигонын жауып, ядролық қарудан  бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы  болды.

Қазіргі уақытта  экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы  саяси іс-шараларды анықтау жолдары  іздестіруліде.

Олар:

- бұзылған экожүйелерді  қалпына келтіруді қамтамасыз  ету;

- суды тиімді  пайдаланудың нақты шараларын  анықтау;

- жерді пайдалану,  ауыл шаруашылығының тұрақты  дамуын жүзеге асыруға, биологиялық  алуантүрлілікті сақтауға бағытталған  үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Экология және  қоршаған ортаны қорғау» Ұ.Б.Асқарова (Алматы, 2007)

2. asik.kz

Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде . Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ , өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Осыдан кейін, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады. Экология ғылымының мақсаты – барлық тіршілік атауының  табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.

Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық  прогестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-тендігі бұзылып, табиғи жүйесінің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Табиғат әлемі – адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды . Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп-жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясының 6-бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді . Қазіргі әлемдік денгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы «ҚР-ның жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы ҚР-ның «Білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы ҚР-ның «Экологиялық қауіпсіздіктің тұжырымдамасында» көрсетілген. Сонымен қатар ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 89-бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі . Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші – адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, ешбір даму немесе еш болашақ болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын жадында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе. Осы тұрғыда Я.А.Коменский «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам – табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы» деп сипаттаған. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды» деп жазды. Ал, психологтар Л.С.Выгоцкий, С.А.Рубинштейн, И.С.Кам, Е.М.Кудрявцева, Ж.Жарықбаев т.б. өз еңбектерінде «оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады» деген тұжырым айтады.

Бастауыш сыныпта  экологиялық білім мен тәрбие  берудің аса маңыздылығы бұл қоғамдық талаптардан туындап отырған мәселе. Өзге емес, дәл қазіргі жағдайда еліміз экологиялық аса қауіпті аймақтарымен әлем назарына ілігіп отыр.  Осы тұрғыда еліміздің кез-келген азаматы экологиялық жоғары сауатты болуы өте қажеттілікті талап етеді . Сондықтан шығарылған заңдар мен тұжырымдамаларға сәйкес экологиялық білімнің  ғылыми негізі қазіргі таңда жасалынып та болды. Осыған орай еліміздің білім беретін бүкіл мектептерінде экологиялық тәрбие мен білімді бастауыш сыныптан бастау өте қажет. Себебі, бастауыш сыныптағы оқушылар білімге деген құштарлығымен бірге осы экологиялық оқу тәрбие барысында қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйспеншіліктері мен білімдерін қатар қалыптастыра алады. Мектеп тәрбиесінің ерекшелегі табиғатты сүйіп қана қоймай, оны қорғауға баулу. Табиғатты қорғау қарапайым істерден басталады. Бөлме өсімдіктерін күту, оны өсіру мектеп ауласына гүл, ағаш отырғызу, оны жұлмау, сындырмау, яғни мектеп тәрбиесінің басты саласы деп есептеуіміз керек. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету — әрбір адамның қажетті борышы. Расында да, біз бабамыздан ел, анамыздан ер, бүкіл халқымыздан туған жерді, оның асыл қазынасын қызғыштай қорып, молайта отырып, үнемдеп пайдалануды үйренгенбіз. Табиғат сандаған ұрпақ игілігі. Табиғаттың бізге берері де өте шексіз. Сондықтан да, оны қорғап, молайта отыра пайдалануға күш жұмсау — әр парасатты адамның парызы. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана! Табиғат адамның бойына қуат, көніліне шабыт сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының  сақшысы, жанға дауа шипагер. Бастауыш сыныпта берілген білім мен тәрбие баланың дүниетанымының, болашақ білімдарлығының түп тамыры бола алады. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыруды құштарлығы басым кезде үйрету абзал. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ  ұрпақтарының кез-келгені экологиялық сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғат пен жан дүниесі үйлескен дүниетанымы кең болып тәрбиеленеді .

Алғаш рет ғылыми әдебиетте табиғатты қорғау мәслесін педагогикалық тұрғыдан профессор  В.Н.Скалон қарастырды. Ол «Гүлденген, мол табиғат – арман емес, бұл  шындық, ал оның мүлтіксіз сақталуы бізге баланысты… Кішкентай кезінен  балаға жануар болсын, өсімдік болсын барлық  тірі дүниге аяушылық сезіммен қарауды үйрету керек, сонда барып адамгершіліктің негізі қаланады» дейді . Әрбір адамның табиғатқа қарым-қатынасы өзіндік жеке сыртқы ортамен байланыстың қалыптасуы тәрізді дара тұлғалық  іс-әрекеті болып табылады. Дүние жүзінде экологиялық  дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян . Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғам мен  табиғаттың арасында жаңа сипаттағы жағдай қалыптасты. Соңғы кезде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына орай адамдардың табиғатқа тигізетін ықпалы елеулі түрде күшейіп, бұл әрекет тіршілік ортасының белгілі дәрежеде өзгеріп, бұзылуына әкеліп соқты. Қазіргі таңда пайдалы қазбалар қорының сарқылуы, жер бетіндегі өсімдік пен жануарлар дүниесінің азаюы, сол сияқты табиғи ортаның шектен тыс ластануы қауіп тудырып, проблемаға айналуда. Әсіресе өндірісте өңірлерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық бұл жағдай адамдардың денсаулығына әсер ете бастады. Салғырттықтың салдарынан химиялық заттардың биосфераға таралуы табиғи мөлшерден бірнеше есе асып кетті. Жыл сайын жер қойнауынан 120 млрд. т дейін құрылыс материялдары, жанғыш пайдалы қазбалар мен кен алынады, 560 млн т. аса химикаттар мен минералды тыңайтқыштар егіс даласын тыңайтуға жұмсалады, 600 млн  текше метрге дейін өндірісте пайдаланылған қалдық су қоймаларға, су  көздеріне төгіледі, 200 млн т. қатты қалдық қоқысқа тасталады. Жыл сайын 2 млрд т .қазба отындары жағылып, атмосфераға 5,5 млрд т. СО2 енеді екен. Қазақстандағы 182 млн га жайылымның 110 млн гектары әр түрлі деңгейде зиян шекті, ал 7 млн га орман жойылып кетті . Соған қоса тропиктік ормандардың өртенуі мен топырақтағы қара шіріктің тотығуы салдарынан шамамен 1,7 млрд т парникті газ ауаға араласады . Ауада СО2 , метан, фреон сияқты газдардың шамадан тыс көбеюі салдарынан ғаламдық климат жылынуда. Эколог ғалымдардың зерттеулері бойынша ауа райы   жыл сайын экватордан полюске қарай 1,5 шақырым жылдамдықпен жылынып барады . Ауа осылай ластана берсе,  ауаның орташа жылдық температурасы 60-70 жылдан соң 2-3 градус жоғарлайды екен .

Бүкіл әлемдік денсаулық  сақтау ұйымының таратқан мәліметтеріне  сүйенсек , қазір дүние жүзіндегі  адам өлімінің 6 пайызы ғаламдық климаттың  жылына бастауына байланысты болып  отыр. Атмосфералық қысымның қайта-қайта  құбылуы адамдардың денсаулығына әсер етіп инфаркт, инсульт, бастың сақинасы, қан қысымының ойнамалылығы сияқты дерттер көбейіп барады. Аталған  ұйымның мамандары қоршаған ортаның  өнеркәсіптік зиянды қалдықтарымен  ластануынан таяу жылдары жер  бетінде 8 млн адам ажал құшады деген  болжам айтады . «Егер адамзат атмосфераға таралып жатқан көмір қышқыл газын шектеуді қолға алмаса, осы ғасырдың аяғына қарай ғаламшарымыздағы орташа температура 8 градусқа дейін ысиды да экватор сызығына жақын орналасқан аймақтар адам баласының өмір сүруіне мүлде қолайсыз жағдайға жетеді» деген тоқтамға келді. Өндірістің табиғатқа, қоршаған орта жағдайына сайып келгенде адамның өз денсаулығына қандай зиян келтіріп отырғанын ұғу үшін осы бір деректің өзі де жеткілікті болар.  Дүние жүзінде  экологиялық  зардапты  проблеманың тууы негізінен адамдардың шаруашылық мақсаттарды жүзеге асыру кезінде сол әрекеттердің ортаға, табиғатқа тигізер әсерімен санаспауы, олардың экологиялық сауатының кемшілігі, қоршаған ортаның үндестігіне жауапсыздықпен қарау, табиғат қоры шексіз деген жалған ұғымның етек алуына, шикізатты ұқыпсыз пайдалануына байланысты болып отыр. Сондықтан жыл сайын жерді суландыру , орманды қалпына келтіру өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, өндіріс орындарының ауаны ластауына жол бермеу топырақтың құнарын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу мақсатында жұмыс жүргізілуі керек. Табиғат пен қоршаған орта көздерінің тыныштығын бұзғанды, қолдан жасалған өзгерісті қаламайды. Табиғи өзгерістер өз жолымен баяу, байқаусыз өтуі тиіс. Өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру үрдісі ұзаққа созылады. Соншама ұшығып кеткен осы мәселелерді үйлестіріп, болашаққа зардапсыз орта қалдырып, адамдардың денсаулығын қорғау үшін қай маман болсын экологиялық ахуалды жетік білуі шарт . Ал бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы ертеңгі маман екенін өздеріңіз білесіздер. Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білім мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор. Экологиялық дағдарыстың ұлғайуын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау жолдарын жастарға ұғындыру экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асады.  Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік денгейде қойылып отыр.

Экологиялық білім  беру дегеніміз –адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның  үйлестігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа  түсіндіру. Экологиялық білім беру жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім  беруді қарастырады . Ал, экологиялық тәрбие беру деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналып, табиғатқа ұқыпты түрде қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланылатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттігін түсінетін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын көзқарасты қалыптастыруды айтамыз.  А.А.Вербицкий өзінің зерттеулерінде оқушыларға экологиялық білім берудегі мақсат : экологиялық таным мен ойлауды дамыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, табиғат қорғауға деген жауапкершілікті дамыту деп түйеді. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты: мектеп оқушысын сыртқы қоршаған ортаға саналы түрде, жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету  немесе жеке адамның бойына табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, адам – қоғам – табиғат  арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу . 

Экологиялық білім берудің міндеттері:

1.   оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру ;

2.   оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу ;

3.   экология салысындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу ;

4.   нормативтік-құқықтық құжаттарды білу .

Бұл міндеттерді  жүзеге асыру үшін оқытудың мынадай  түрлері мен әдістерін қолдану  керек :

1.   Семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік , дидактикалық ойындар , әңгімелеу, пікірсайыс , сұрақ-жауап кештері т.б.

2.   Табиғаттағы өзгерістерге талдау жасау , салыстыру , себеп-салдарын анықтау, бағалау және жобалау, болжау сияқты шығармашылық, іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының элементтерін қолдану .

3.   Экологиялық мәселелерді шешуге батыл әрі дұрыс шешім қабылдау әрекеттеріне үйрету.

4.   Жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың практикалық іс-әреркеті дағдыларын дамыту, туған өлкесінің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру , экологиялық үйірмелер мен ұйымдар, клубтар құру, экологиялық соқпақ  ұйымдастыру, табиғат ресурстарын жауапсыз пайдалануға жол бермеу .

5.   Лекция немесе дәрістер арқылы, теледидар, радио , газет, журналдар арқылы экологиялық насихат жүргізу .

Экологиялық білім  және тәрбие жалпы тәрбие берудің  бір бөлігі ретінде шәкіртті жан-жақта дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағытталған. Жас өспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастырудың бүгінгі күн тәртібіне қойылуының өзіндік себептері бар.

Информация о работе Экология негіздері