Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму сатылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 15:21, реферат

Краткое описание

Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты – саяси экономия.
Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 38.83 Кб (Скачать файл)

 Қазақ халқының  кешпелі тұрмыс салты, экономикалық  укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.    

 Қазан төңкерісінің  қазақ жеріне тарауына байланысты  озат елдің пролетариатының көмегімен  капитализмге соқпай, социализмге  өту теориясы қолданылды. Ұрандарында  бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік

ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егмен ел болғысы ке-летіні табиғи талап деп қарасақ, соңғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның өз алдына мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқиға. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек белінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта «сауда сақал сипағанша» деген мақал бар, сондықтан халықаралық сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мұқият зерттеудің, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудң маңызы арта бермек. Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында рынок иеориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр. Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалық теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-

валюта, басқа да қалыптасқан  қазіргі заманғы рыноктық инфрақұрылымның  заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.    

 Қазіргі  экономикалық ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың себептері көп, оның негізін экономика, саясат, идеология т. б. қоғамдық емір сала-сында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейкесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуға, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым

адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті заңдары  еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне  қызмет ететіні белгілі. Экономикалық  ілім қоғамдық өндірісті, адамдар  арасында әлеуметтік- экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық  емірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдық қатынастардың негізі –

өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей  өндіріс, айырбас, белу, тұтыну қатынастары  кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі

кезеңде ерекше шешімін  күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік- экономикалық қатынастарды зерттеу. 

 

 


Информация о работе Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму сатылары