Қоршаған ортаға әсерді бақылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 08:07, реферат

Краткое описание

Қоршаған ортаға әсер етуді басқарудың негізі – табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі. Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау.

Содержание

Кіріспе
1. Қоршаған ортаға әсерді басқару, бақылау
2. Қоршаған ортаны қорғаудың тарихи кезеңдері
3. Консервативтік табиғи ресурстық кезеңдер
4. Мемлекеттік экономикалық бақылау
5. Экономикалық мөлшерлеу
6. Нормативтік көрсеткішке бекітілген құжаттар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

қоршаған ортаға әсерді бақылау.docx

— 286.18 Кб (Скачать файл)

         Қоршаған ортаны басқаруда – қоғамның өмір сүру жағдайын сақтауда бағдарламаны жасау және жүйелі түрде оны іске асыру, сонымен қатар тұрғындарға және тұтынушыларға олардың сұрауы бойынша экологиялық ақпарат беру жүйесін қалыптастыру

Қоршаған ортаны басқарудың қағидалары

1.Экологиялық таным қағидасы. Бұл экологиялық басқару процесінде мақсатқа жету барысында, озу мақсатында жасақталып дамуы қажет.

2.Іс -әрекетің экологиялық мотивация қағидасы. Оның іс-әрекеті экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған мотивациялық құралдарды қолдану. Тәжірибе бойынша әкімшілік және қарулы күштер басқармасын қолдану тиімсіз.

3.Мамандану қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты басқарушының экология саласындағы білімін пайдалану арқылы арнайы жобаларды дайындау.

4. Озу қағидасы. Көптеген экологиялық проблемалардың алдын алу оңайға соқпайды. Экологиялық басқарудың барлық механизмі дағдарыстан, төтенше жағдайдан бұрын іске асырылуы қажет.

5. Мақсатқа жету және стратегия қағидасы. Экологиыялық басқару егер нақты стратегиясы болмаса және алға қойған мақсаты болжанылмаса, онда ол тиімсіз болып табылады.

6. Алдын алу қағидасы. Экологиялық проблемалар байланыстарын көрсететін, тіке және жанама әсер салдарын есептеу және шешім  табу. Проблеманы шешуде және басқару шешімін табуда оның іс -әркет салдарын есептеуде экологиялы-экономикалық тұрғыдан қарау керек.

7.Жауапкершілік қағидасы. Экологиялық басқарудың әр–түрлі факторларға байланысты туындайтын проблемаларына жауапкершілікпен қарау.  Қоршаған ортаны басқару қағидасының механизмі 1-2- суретте көрсетілген.

 

4. Мемлекеттік экологиялық  бақылау

       

  1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

2. Қоршаған  ортаны қорғау, табиғи ресурстарды  қорғау, молықтыру мен пайдалану  саласында мемлекеттік бақылаудың  мынадай түрлері қолданылады:

1) экологиялық  бақылау;

2) жерлердің  пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау;

3) су  қорын пайдалану мен қорғау  саласындағы бақылау;

4) жер  қойнауын зерттеу мен пайдалану  саласындағы бақылау;

5) Қазақстан  Республикасының орман заңнамасы  саласындағы бақылау;

6) жануарлар  дүниесін қорғау, молықтыру және  пайдалану саласындағы бақылау;

7) ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы  бақылау. 

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды  қорғау, молықтыру мен пайдалану  саласындағы мемлекеттік бақылауды  жүзеге асыратын органдар:

1) қоршаған  ортаны қорғау саласындағы уәкілетті  орган;

2) су  қорын пайдалану мен қорғау  саласындағы уәкілетті мемлекеттік  орган;

3) жер  ресурстарын басқару жөніндегі  орталық уәкілетті орган;

4) орман  шаруашылығы саласындағы уәкілетті  мемлекеттік орган;

5) жануарлар  дүниесін қорғау, молықтыру және  пайдалану саласындағы уәкілетті  мемлекеттік орган;

6) ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы  уәкілетті мемлекеттік орган;

7) жер  қойнауын зерттеу мен пайдалану  жөніндегі уәкілетті мемлекеттік  орган;

8) өнеркәсіп  қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті  мемлекеттік орган;

9) халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы  саласындағы уәкілетті мемлекеттік  орган;

10) ветеринария  саласындағы уәкілетті мемлекеттік  орган;

11) өсімдіктерді  қорғау мен олардың карантині  саласындағы уәкілетті мемлекеттік  орган;

12) атом  энергиясын пайдалану саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік орган;

13) көлікті  бақылау органдары болып табылады.  

Мемлекеттік экологиялық бақылау  мынадай міндеттерді:

1) табиғат  пайдаланушылардың қоршаған ортаға  жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруды;

2) Қазақстан  Республикасының экологиялық заңнамасы  саласындағы бұзушылықтардың алдын  алуды орындау үшін қызмет  етеді. 

1.  Мемлекеттік экологиялық бақылау:

1) қоршаған  ортаға эмиссияларды және табиғи  ресурстарды есепке алу жөніндегі  мемлекеттік және ведомстволық  статистикалық есептілік материалдарын,  сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың  табиғат қорғау қызметі туралы  деректерін талдау;

2) табиғат  пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының  экологиялық заңнамасын сақтауы  мен орындауына тексерулер ұйымдастыру  және жүргізу;

3) Қазақстан  Республикасы экологиялық заңнамасының  сақталуын қамтамасыз ету үшін  құқықтық құралдарды пайдалану  жолымен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік  экологиялық бақылау шаралар  кешенін, оның ішінде:

1) бақылаудың  басымдықтарын айқындауды;

2) бақылаудың  қолданыстағы құралдарын пайдалануды;

3) қызметтің  перспективалық жоспарларын, нақты  іс-шаралар мен қажетті кадрлық  және материалдық ресурстарды,  сондай-ақ сапалық және сандық  көрсеткіштерді әзірлеу мен енгізуді;

4) тексерілетін  объектілер бойынша жұмыстардың  жылдық және жедел жоспарларын  әзірлеу мен енгізуді;

5) инспекторлық  тексерулер жүргізуді;

6) талдама  бақылаудың деректерін және мемлекеттік  экологиялық бақылауды жүзеге  асыру үшін қажетті өзге де  ақпаратты жинауды, талдау мен  пайдалануды;

7) мемлекеттік  экологиялық бақылау бөлімшелері  қызметінің перспективалық, жылдық  және жедел жоспарларын есепке  алуды, құжаттауды және олардың  іске асырылуын талдауды;

8) мемлекеттік  экологиялық бақылау бөлімшелері  қызметінің ашықтығы мен есеп  беруін қамтамасыз етуді қамтиды.  

1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды  жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

лауазымы  бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы  орталық атқарушы органның мемлекеттік  экологиялық бақылау бөлімшесінің басшысы болып табылатын Қазақстан  Республикасының Бас мемлекеттік  экологиялық инспекторы;

лауазымы  бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы  орталық атқарушы органның мемлекеттік  экологиялық бақылау бөлімшесі  басшысының орынбасары болып табылатын  Қазақстан Республикасының Бас  мемлекеттік экологиялық инспекторының  орынбасары;

лауазымы  бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы  орталық атқарушы органның мемлекеттік  экологиялық бақылау бөлімшесінің басқарма бастықтары мен бастықтарының  орынбасарлары және бөлім бастықтары болып табылатын Қазақстан Республикасының  аға мемлекеттік экологиялық  инспекторлары;

лауазымы  бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы  уәкілетті органның мемлекеттік  экологиялық бақылау бөлімшесінің бас және жетекші мамандары болып  табылатын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

лауазымы  бойынша облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті  органның аумақтық органдары бастықтарының  орынбасарлары болып табылатын  облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік  экологиялық инспекторлары;

лауазымы  бойынша облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті  органның аумақтық органдары мемлекеттік  экологиялық бақылау бөлімшелерінің бастықтары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;

лауазымы  бойынша облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті  органның аумақтық органдары мемлекеттік  экологиялық бақылау бөлімшелерінің бас және жетекші мамандары болып  табылатын облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік  экологиялық инспекторлары;

облыстық  маңызы бар қалалардың және аудандардың  мемлекеттік экологиялық инспекторлары  жатады.

2. Мемлекеттік  экологиялық инспекторлар белгіленген  тәртіппен нысанды киім-кешекпен, қызметтік куәліктермен, омырау  белгілерімен және белгіленген  үлгідегі мөрлермен және пломбирлермен  қамтамасыз етіледі.

3. Мемлекеттік  экологиялық бақылауды жүзеге  асыратын лауазымды адамның қызметіне  араласуға жол берілмейді.

4. Мемлекеттік  экологиялық бақылауды жүзеге  асыруға кедергі келтіретін, мемлекеттік  экологиялық бақылауды жүзеге  асыратын лауазымды адамдарға  қатысты күш көрсету немесе  зорлық іс-әрекет жасау арқылы  қатер төндіретін адамдар Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген  жауаптылықта болады.

5. Мемлекеттік  экологиялық инспекторлардың өз  өкілеттігі шегінде қабылдаған  шешімдерін барлық жеке және  заңды тұлғалар орындауға міндетті  және солар бойынша жоғары  тұрған мемлекеттік органға және (немесе) лауазымды адамға немесе  сотқа шағым жасауға болады. 

1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды  жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) табиғат  пайдаланушылармен, жеке тұлғалармен  және қоғамдық бірлестіктермен  өзара іс-қимыл жасасуға;

2) тексерілетін  объектілерде, оның ішінде әскери  және қорғаныс объектілерінде  Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен кедергісіз  болуға;

3) жеке  және заңды тұлғалардың аумақтарына  сынамалар алуға арналған өлшеу  аспаптары мен жабдықтарды алып  кіруге, қажет болғанда мамандарды  және жұртшылық өкілдерін тарта  отырып, қажетті өлшеу жұмыстарын  жүргізуге, сынамалар (оның ішінде  тауарлар мен материалдардың  үлгілерін) алуға және оларға  талдау жасауға;

4) мемлекеттік  экологиялық бақылауды жүзеге  асыруға қажетті құжаттаманы,  талдаулар нәтижелерін және өзге  де материалдарды сұратуға және  алуға;

5) табиғат  пайдаланушының экологиялық нормалар  мен талаптарды бұзуы қоршаған  ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына  елеулі залал келтіруге әкеп  соққан жағдайда, Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  лицензияларды кері қайтарып  алуға және (немесе) табиғи ресурстарды  пайдалануға және алуға арналған  шартты (келісім-шартты) бұзуға және (немесе) табиғат пайдалануға берілген  экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұруға және оларды жоюға бастамашы болуға;

6) жеке  және заңды тұлғаларға Қазақстан  Республикасының экологиялық заңнамасын  бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар  шығаруға;

7) соттарға  Қазақстан Республикасының заңнамасын  бұза отырып жүзеге асырылатын  шаруашылық және өзге де қызметті  шектеу, тоқтата тұру және тыйым  салу туралы талап-арыздар ұсынуға;

8) қоршаған  ортаны қорғау саласындағы әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істерді  қарауға, тұлғаларды әкімшілік  немесе қылмыстық жауапқа тарту  туралы материалдарды тиісті  органдарға жіберуге;

9) Қазақстан  Республикасының экологиялық заңнамасын  бұзу салдарынан қоршаған ортаға  келтірілген залал мөлшерін айқындауға  немесе анықтауға қатысуға, залалды  өтеу туралы нұсқама шығаруға  және сотқа талап-арыз ұсынуға;

10) Қазақстан  Республикасының экологиялық заңнамасын  бұзушылардың іс-әрекеттерін болғызбау  немесе олардың жолын кесу  үшін жәрдемдесуін сұрап, прокуратураға  және құқық қорғау органдарына  жүгінуге;

11) мердігер  барлау, өндіру, бірлескен барлау  мен өндіру жүргізуді не барлаумен  және (немесе) өндірумен байланысты  емес жер асты құрылыстарын  салуды және (немесе) пайдалануды  тоқтата тұру туралы шешім  қабылдауға әкеп соққан себептерді  жоюдан бас тартқан жағдайда  не осы себептерді жою үшін  жеткілікті мерзім ішінде оларды  жоймаса; жер қойнауын пайдаланушы  Қазақстан Республикасының экологиялық  заңнамасында көзделген шараларды  қолданбаған кезде; жер қойнауын  пайдалану жөніндегі операцияларды  тоқтата тұруға әкеп соққан  себептерді жою мүмкін болмағанда; мердігер келісімшартта не бағдарламалық  жұмыстарда белгіленген міндеттерді  елеулі түрде бұзған кезде  жер қойнауын пайдалану жөніндегі  операцияларды жүргізуге арналған  келісімшарттың қолданылуын тоқтату  туралы өз құзыреті шегінде  құзыретті органға ұсыныс енгізуге  құқылы.

2. Мемлекеттік  экологиялық бақылауды жүзеге  асыратын лауазымды адамдардың  Қазақстан Республикасының заңнамасында  көзделген жағдайларда арнаулы  құралдарды (арнайы байланыс құралдарын, фото-бейне аппаратураларды, өлшеу  құралдарын) сақтауға, алып жүруге  және қолдануға құқығы бар. 

Өндірістік экологиялық бақылау  

1. Арнайы  табиғат пайдалануды жүзеге асыратын  жеке және заңды тұлғалар өндірістік  экологиялық бақылауды жүзеге  асыруға міндетті.

2. Өндірістік  экологиялық бақылаудың мақсаттары:

1) табиғат  пайдаланушының экологиялық саясатына,  қоршаған орта сапасының нысаналы  көрсеткіштеріне және қоршаған  ортаға ықпалды әсер ететін  өндірістік процестерді реттеу  аспаптарына қатысты шешімдер  қабылдау үшін ақпарат алу;

Информация о работе Қоршаған ортаға әсерді бақылау