Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 05:33, реферат
Краткое описание
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.
Содержание
Кіріспе ҚР-ң экологиялық проблемалары Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық Пайдаланылған әдебиттер
Қоршаған
ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық
ынтымақтастық
Мазмұны
Кіріспе
ҚР-ң экологиялық проблемалары
Қоршаған ортаны қорғауды
басқарудағы халықаралық ынтымақтастық
Пайдаланылған әдебиттер
Кіріспе
Халқымыз табиғатты
анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік
өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға,
өсімдікке берген. Табиғатта басы артық
ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей,
оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады.
Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат
тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар
шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз
жыртылып, топырақта эрозия пайда болды.
Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына
ядролық апаттан гөрі экологиялық апат
аса үлкен қауіп төндіріп отыр.
Бізді экологиялық
апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының
нәтижесі.
Экология деген сөз
«тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта»
туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш
рет 1886 жылы «экология» терминін атақты
неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға
енгізген және «Экология — табиғат пен
тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын
зерттейтін ғылым» деген анықтама берген.
Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес,
бүкіл әлем алдында экология мәселелері
тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар,
атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми
прогресс жетістіктері өмірімізді байыта,
жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда.
Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен,
адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін
жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық
зардаптардың әсер ете бастауы олардың
қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының
салдары.
Бүгінде санасында
сәулесі бар әрбір адамды туған жердің
табиғатының тағдыры толғандыруы керек.
Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық,
эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан
жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар
ядролық жарылыстардың зардабын әлі де
тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті,
қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық
аурумен ауыратындар көп.
Радиациялық заттар
қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде,
атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады.
Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада
қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің
пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында
қазір 700 мың га радиациямен зақымданған
жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін
әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға
ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен
келетін немесе жасанды жолмен-флюорография,
теледидар экраны, сағаттардың шағылыс
циферблаттарынан т.с.с. туындайтын сәулелер
де адамға әсер етеді.
Өсімдік — тіршілік
тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына
ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп
шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін
173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған.
Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан
тазартады. Өсімдіктер ауада ауру түдыратын
бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп
шығарады.медицинада алатын орны үшан-теңіз.
Сондықтан әсімдіктің қызметін бірде-бір
жетілген механизм атқара алмайды.
1989 жылы ақпан
айында алғашқы антиядролық қозғалыс
құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл
қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың
бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне
жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан
от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген
«Невада-Семей» козғалысын бүгінде білмейтін
адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан
Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын
жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі
таңда Қазақстандағы экологиялық жағдайдың
ушығып тұрған ошақтары Арал мен Балқаш.
Бұл көлдер тек қана Қазақстан емес әлем
халқын алаңдатып отыр. Аралды құтқару
мәселесіне тек эколог ғалымдар ғана емес,
елім дейтін барша азаматтар атсалысуда.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан
экологиялық проблемалар тұр. Осындай
ағалар арқасында «Ароал-Балқаш» қоры
құрылды. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың
бірі.
Экологияның ең негізгі
объектісі экологиялық жүйе, немесе эко
жүйе — тірі организмдер жиынтығының
қоректену , өсу және ұрпақ беру мақсатында
белгілі бір тіршілік ету кеңестігін бірлесе
пайдалануын тарихи қалыптасқан жүйесі.
Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да
қарым -қатынаста болатын құраыштары бар
кез келген бірлікті экожүйе деп атауға
болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы
бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А.
Тенсили . А Тенсили эко жүйенің құрамына
организмдерде обиотикалық орта да керетін
жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі
функциясының бірлігі деп есептеуі және
оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне
назар аударады. Былайша аәтқанда экожүйе
– заттектердің айналымы мен энергия
тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде
заттектер айналымының жүоуіне органикалық
маникулалардың сінімділік түрде белгілі
қоры және орагнизмнің үш функцияоналды
әр түрлі экологиялық топтары , продуценттер,
консументтер, ретутенттер болуы керек.
Қазіргі әлемде экологиялық
проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан
алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне
айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де
оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның
шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы,
айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік
сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа
әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан
табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты,
су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге
асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне
әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас
зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс
шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр:
іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық
жағдайларды кез келген аймақтардан көруге
болады. 1992 ж. табиғатты қорғау жөніндегі
облыстық мемлекеттік комитет негізінде
құрылды. Ол комитет 1991-92 ж. “Экология
және табиғатты пайдалану жөніндегі облыстық
комитет” деп аталды. Экология және биоресурстар
жөніндегі облыстық басқарманың негізгі
міндеті-облыста табиғатты қорғау жөнінде,
бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу,
табиғи ресурстарды пайдалану және оларды
қалпына келтіруді реттеп отыру; облыс
ауқымындағы табиғатты қорғау жұмыстарын
үйлестіру, “Қазақстан Республикасындағы
қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі”
заң талаптарының сақталуын ұйымдастыру
және бақылау. Қоршаған ортаның күйіне
және оның өндіріс пен адамдардың тұрмыс-тіршілігіне
әсерін талдау үшін 1993 ж. сәуір айында
облыста экология мәселелеріне арналған
тұңғыш кеңес өтті.
1) ҚР-ң экологиялық
проблемалары
Экологияның күрт нашарлап
кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек
әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл
газдардың концентрациясының артуына
байланысты климат өзгеріп, температураның
жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде
көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде
және машиналардың көбейіп индустриялық
революциясының өркендеуіне байланысты
бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы
атмосфераның температурасы артатын болса,
планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық
болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып,
жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі
мұздар еріп аралдар мен жағалауларды,
мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді.
Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар
мекенін тастап, күн көрістің қамымен
басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі
бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда.
Экологиялық проблема дегенде ең алдымен
Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері
еске түседі.
Арал теңізі — Қазақстанның
інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық
апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі —
1066 км2, тереңдігі
— 30-60 м, тұздылығы — 10-12% болған. Қойнауы
кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы
қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде
жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан
едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап
Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы
аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан
Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда
2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария
мен Сырдария бойындағы халықтың саны
1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты.
Халық санының өсуіне орай суға деген
қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980
жылдар аралығында аралға құйылатын су
мөлшері азайды. Оның негізгі себептері
— антропогендік факторлар еді. Екі өзен
бойындағы суды мол қажет ететін күріш
пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауылшаруашылығының
басқа да салалары барынша дамыды. Өзен
бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану
жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар
арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары
екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал
теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп,
оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды.
Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның
үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда
тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды
қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке
жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге
өсен. Осындай антропогендік факторлар
Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын
айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн.
тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен
тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп
болған факторларға:
- жергілікті жердің
тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын
дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке
алмау;
- суды өте көп қажает
ететін күріш, мақта дақылдарын барныша
көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық
шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;
- табиғат ресурстарын
пайдаланудағы жіберілген қателіктер
мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі
болып табылады.
Осы аталған факторлар
Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік
атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді.
Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген
қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі
болды.
Арал өңірінде туындап
отырған қазіргі экологиялық апаттар
нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда.
Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге
жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам
жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы
тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға
алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік
жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен
көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына
13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен,
тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары
аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын
тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі
шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте
күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге
қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік
факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне,
экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей
әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар
әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа
аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде
адамдардың денсаулығы күрт төмендеп
кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша
туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары
су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы
ауралар республиканың басқа өңірімен
салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп
отыр.
Арал теңізінің болашағы
дүниежүзі халықтарының толғандыруда.
Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия
мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс
елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер
әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік
экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.
Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ
және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі
пікір таластар туғызады. Арал мәселесі
туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды.
Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде.
Олар негізінен Орта Азия республикалар,
Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару
жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен
жобалар бар. Олар:
Сібір өзендерін Қазақстанға
бұру.
Амудария мен Сырдария
өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
Арал теңізін жартылай
сақтап қалу.
Каспий теңізінің суын
жасанды канал арқылы әкелу.
Жер асты суларын пайдалану.
Арал теңізінің өздігінен
табиғи реттелуін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар
болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы
оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі
мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының
білімі мен біліктілігіне байланысты
екені анық.
Қазіргі кезде Аралды
құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде
ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал
тағдыры — адам тағдыры» болғандықтан
оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ
алдындағы борышы.
Балқаш көлі — Қазақстандағы
ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш
— Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі
— 501мың км2, ұзындығы
-605 км, ені — 9-74 км аралығында. Ал ең терең
жері -26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты
болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің
ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін
Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт
және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан,
оның климаты шұғыл континентті болып
келеді. Су айдынының булануы өте жоғары.
Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп
отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі
тұрақты болып келген су айдынының қалыпты
жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің
экологиялық жағдайының нашарлауц себебі
Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының
Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге
жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде
Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері
Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін
сақтап отырған.
Аталған антропогендік
жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп
жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі
нашарлауына Іле өзені бойына салынған
Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы
Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің
суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды.
Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп
отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен
бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды.
Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды.
Каналдың салынуына байланысты Шелек
өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле – Балқаш алабының ауыл
шаруашылығында барынша пайдалануымен
1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын
судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта
ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш,
Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары
пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш
су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан
тепе-теңдік заңын бұзды.Балқаш экожүйесінің
бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі
өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі
бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын,
өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар
мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына
себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп,
тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп,
қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.