Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 05:33, реферат

Краткое описание

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.

Содержание

Кіріспе
ҚР-ң экологиялық проблемалары
Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық
Пайдаланылған әдебиттер

Вложенные файлы: 1 файл

Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық.docx

— 40.04 Кб (Скачать файл)
  • қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы және т.б.) ластау;
  • табиғи объектілерді бұлдіру, бұзу, жою (жерді бұлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту және т.б.);
  • табиғи қорлардың азып-тозуы;
  • табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану және т.б.).

Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы шарт. Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құқық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, коршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бұлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өңдеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазакстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі органдары және т.б. қарастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мулкін тәркілейді Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық қылмыстардың барлық түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бұлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар.

Экоцид — өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру, атмосфера, жер және су ресурстарын уландыру, сонымен қатар экологиялық апаттарды тудыратын немесе себепші болатын әрекеттерді жасау.

Азаматтық-құқықтық жауаптылық азаматтарға экологиялық зиянның орнын толтыру үшін ақшалай немесе мүліктік айыппұл салуды көздейді. Ол кінәліні қылмыстық, әкімшілік немесе басқа да жауаптылыққа тартуға қарамастан бастала береді. Тәртіптік жауаптылыққа— кәсіпорындарда табиғатты қорғау шараларын өткізуге жауапты және өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын лауазымды қызметкерлер тартылады. Материалдың жауаптылық деп кәсіпорын қызметкері өзіне жүктелген еңбек міндеттерін дұрыс орындамағаны нәтижесінде оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген мүліктік зиянды ендіруді айтамыз. Сонымен, экологиялық мәселелерді бірігіп шешу кажет. Табиғаттың ластануы, бұлінуі аясындағы өзекті мәселелерді тек мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бірлесе отырып қана шеше алады. Жылдан жылға экологиялық қылмыстар мен өзге де құкық бұзушылықтар саны өсуде. Олардың қоғамдық қауіпсіздік жағдайына ықпалы да жоғарылап бара жатыр. Экология саласындағы қылмыстар елдің экономикасына ғана зиян келтіріп қоймай, сондай-ақ адам тіршілігінің биологиялық негізін жояды. Әрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық-құқыктық жауаптылыққа әкеліп соктырып отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық жауаптылықтар.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

Нестеров П.М. «Экономика природопользования.», М., 2009 ж.

Ревозов М.А. «Экономика природопользования.». М., 2008 ж.

Демина Т.А. «Экология, природопользование, охрана окружающей среды.», М.. 2003 ж.

Бобылев СИ. «Экология экономического развития», М., 2009 ж.

Сагымбаев Г. «Основы экологии», А., 2007

Кенжебяев С, Махмутов С. «Табигат коргау.». А., 2009

Ю.Глухов В.В. и др. «Экономические основы экологии», С-П., 2005 ж.

Аманжолов  Дж.’Т  «Методические  указания  для  проведения   практических занятий по курсу «Нормативно-экономическая оценка природных ресурсов.» А.,КазГАУ, 2007 ж.

Сборник кейсов но «Экономике природопользования», Гарвардский институт по Международному развитию, А., КазГАУ, 2007жг.

10. «Закон о государственной  экологической экспертизе.», А., 2007 ж. 2.«Положение о Министерстве экологии и природных ресурсов»

11. КР Конституциясы (непзп зац)

12. Экономика Казахстана  на пороге 21 века/ Под ред. К.Б Мамырова- А: Экономика, 2008

 


Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық