Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 22:58, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде экологияны адам әрекетімен байланысты табиғи ортаны зерттеу объектісі ретінде алатын, ғылымдық дисциплина комплексі түрінде анықтайды. [7]
Қазіргі периодтағы табиғи-ғылыми білімдердің дамуы барлық ғылым- дардың экологизациясымен сипатталады. Экологиялық ғылым тек биологиялық ғылым болып қана қоймай, ол адамның қоршаған табиғи ортаға әсерін және осы антропогенді қысымдарды азайту жолдарын қарасты- ратын ғылымға айналды. [13]
Экологияның геология, химия, медицина, физика, құрылыс ғылымдары сияқты ғылымдармен қиылысқан жерінде жаңа білімдер түрі пайда болды – геоэкология, урбоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашы- лық экологиясы және басқалары. [13]

Содержание

I.Кіріспе. ......................................................................................................
II.Негізгі бөлім.
2.1. Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу........
2.2.Құрылыстық биосфераға әсері.......................................................6-22
2.3.Құрылыстың биотикалық бірлестіктерге әсері .........................23-25
2.4.Қала құрылысы экологиясының негіздері ..................... ..........26-28

Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................
Қосымша материалдар.

Вложенные файлы: 1 файл

курылыс экологиясы.docx

— 48.90 Кб (Скачать файл)

      Құрылыс – монтаж  жұмыстары  – бұл  да  атмосфера  ауасының  ластану  көзі  болып  табылады.

      Ауа  бассейнінің  жағдайы  келесі  процестердің  әсерінен  төмендейді:

- машиналар, механизмдер  және  басқа  да  құрылыс  техникалары  бөлетін  токсикалық  газдар;

- цемент, әктас  және  басқа  да  шашылғыш  ластаушы  заттардың  таралуы;

- қоқыс  және  құрылыс  материалдарының  қалдықтарын  жағу;

- тұрғындардың  қоқыстарды  қоқыс  жинақталатын  бункерлер  мен  жабық  ыдыстарға  тастамай, қабаттардан  жерге  лақтыруы;[17]

      Газ  және  аэрозольдық  ластаушы  заттар  ауаға  құрылыс  алаңдарында- ғы  қатып  қалған  грунттардың  еруінен, суды  жылытудан  және  изоляция- лық  материалдарды  дайындау  кезінде  бөлінеді.[17]

      Рудалы  емес  құрылыс  материалдарын  өндіру  орындарының  жұмысы  кеніш  саймандары  машиналарының  жұмысынан  бөлінетін  газды  шаңдар- мен  атмосфералық  ауаның  ластануымен  қатар  жүреді.[17]

      Әсіресе, органикалық  және  бейорганикалық  шаңдардың  үлкен  көлем-де шығарылып  тасталынулары  ашық  әдісті  таулы  жұмыстарды  жасаған-да  және  минералды  шикізатты  жару  жолымен  алған  кезде  байқалады. Шаң  бұлты  көптеген  километрлерге  таралуы  мүмкін. Топыраққа  тұнған  шаң  оны  ластайды  және  оның  өнімділігін  төмендетеді. Өндірілген  сусымалы  минералды  шикізатты  ашық  вагондар  мен  автокөлік  торап-тарында  тасымалдау  атмосфераның  ластануына  өз  үлесін  қосады. Бұл  жағдайларда  табиғи  құрылыс  материалдарының  ондаған  мың  тоннала- ры  ұшырылып  кетеді.[17]

      К. К. Швецов  көрсеткендей  атмосфераға  шаң  тек  жағымсыз  емес, сонымен  бірге  жағымды  да  әсер  етуі  мүмкін. Шаң  бөлшектерінсіз  бұлттар  да, тұман  да  болмас  еді. Бірақ  шаңның  үлкен  көлемі  соммалық  радиацияны  төмендетеді, яғни  күн  энергиясы  мөлшерінің  азаюына  алып  келеді, ал  бұл  биотикалық  бірлестіктерге  жағымсыз  әсерін  тигізеді. Әри- не, шаңның  көптеген  түрлерінің  токсикалықтығын  ұмытуға  болмайды. Олар  ауру  тудыратын  бактерияларды  тасымалдаушы  болып  табылады.[15]

      Атмосфера  ауасының  құрылыс  кезінде  ластануы, әсіресе, құрылыс  индустриясы  өндіріс  орындарының  ластауы  табиғи  экожүйелердің  жағдайының  нашарлауына  және  адамдарда  әр  түрлі  аурулардың  пайда  болуына  әкеледі. Көптеген  жағдайларда, мысалы, цемент  және  асфальтбе- тон  өндіретін  зауыттар  аймағында  ауа  ортасының  ластануы, экожүйелер- дің  структуралық  компоненттерінің  бұзылуы  соншалық, реттеуіш  процес- тер  оны  алғашқы  қалпына  келтіре  алмайды, нәтижесінде  гомеостаздың  механизмі  қосылмай  қалады.[14]

      Құрылыс  материалдарын  өндіретін  өндірістің  жұмысшыларында сили-коз  ауруы  көп  тараған. Яғни, құрамында  кремнийдің  бос  диоксиді  бар  шаңмен  ұзақ  уақыт  тыныс  алудан  туатын  ауру. Сонымен  қатар  құра- мында  кремнийдің  диоксиді, марганецтің, алюминийдің  және  басқалары- ның  оксиді  бар  шыны  мақтасының  әсерінен  туатын  пневмокониоз  ауруы  да  сирек  емес. Цементтен  және  тастан  бөлінетін  шаңмен  дем  алғанда  өкпе  және  тері  аурулары  дамиды. («цемент»  қышымасы, экзема- лар). Қатты  аспалы  бөлшектердің  ішінде  көлемі  5 мкм-ден  төмен  бөлшек-тер  басқаларға  қарағанда  қауіптірек  болады. Олардың  лимфалық  түйіндерге  өту, өкпенің  алвеолаларында  тұну  және  шырышты  қабықша-ларды  ластау  қабілеті  бар.[13]

      Ауа  басейніін  қорғау, яғни  тұрғындарды  құрылыс  индустриясы  мен  құрылыс  объектілерінен  шығатын  зиянды  газ  шаңдардан  қорғаудың  шараларының  комплексі: техникалық, технологиялық  және  ұйымдасты-рушылық. Олардың  ішінде:

- эффективті  шаң  ұстағыш  құралдар  мен  жүйелерді  қолдану. (инерцион- дық, электрлік,батарейлік);

- шаң  ұстағышты  рационалды  түрде  таңдау  арқылы  көп  сатылы  ауа  тазартқыштарды  қолдану; өндірудің  ылғалды  түрін  енгізу.

- компрессорларды, насостарды, экскаваторларды  және  басқа  машиналар- ды  электр  тоғын  пайдалануға  көшіру;

- архетектуралық  – жобалаушылық  шаралары, яғни  экологиялық  ластау-шыларды  шартты  түрде  және  жердің  бағытын  ескере  отырып  орналас- тыру;

- санитарлы  –қорғау  зоналарының  құрылғылары, яғни  өндіріс  қалдықта- рынан  өндіріс  орны  мен  тұрғындар  қалашығы  және  қоғамдық  орындар- дың  арасындағы  сызық. Санитарлы-қорғау  зоналарының  енін  өндіріс  орнының  шығаратын  өнімінің  түріне, зияндылық  деңгейіне  және  атмосфераға  бөлінген  заттардың  мөлшеріне  байланысты  анықтайды. Ені  50-ден  1000 метрге  дейін  жетуі  мүмкін. Мысалы, жылына  150 мың  тонна  цемент  өндіретін  зауыттардың  санитарлы-қорғау  зонасының  ені – 1000 метр, ал  қамыс  өндіретін  өндіріс  үшін – 50 метр;

- құрылыс  объектілері  және  құрылыс  индустриясы  өнеркәсібі  зонасында  табиғи  экожүйелер  мен  табиғи  комплекстердің  жағдайын  тексеретін  эко-логиялық  мониторинг  ұйымдастыру;[11]

      Бірақ  ауа  басейнін  ластанудан  қорғаудың  біршама  тиімді  шарасы  экологиялық  процестердің  экологизациясы  есептеледі  және  бірінші  кезек-те  атмосфераға  зиянды  заттардың  түсуін  болдырмайтын  жабық  техноло-гиялық  циклдарды, аз  қалдықты  және  қалдықсыз  технологияны  құру.[11]

      Өкінішке  орай, қазіргі  кездегі  технологиялық  процестердің  экологза-циясы, жабық  технологиялық  циклдарды  енгізу  және  тағы  басқа  шара-лардың  даму  деңгейі  атмосфераға  токсикалық  заттардың  түсуін  толық  алдын-алуға  жеткіліксіз. Сондықтан  құрылыс  индустриясы  өндірісінде  шығарылатын  газдарды  тазартудың  әр  түрлі  әдістері  қолданылады, бірақ  болашақтың  көз  қарасынан  шаң-газ  тазартқыш  аппараттарды  қолданудың  болашағы  жоқ. [11]

      Құрылыс  шаруашылығымен  байланысты  антропогенді  әсерлердің  ерекше  тобын  аэродинамикалық  бұзылулар  құрайды: ауалық  өзгерістер, температуралық  инверсиялар  және  ауа  тарамдалулары.[16]

      Ауа  өзгерістері  ауа  массаларының  қозғалыс  жылдамдығы  мен  бағы- тының  өзгеруі  түрінде  көрінеді. Негізінен  территорияның  орографиясы- нан  пайда  болған  табиғи  ауа  өзгерістерінен  басқа, антропогендік  ауа  өзгерістері  бар. Олар  мысалы, көп  қабатты  ғимараттар  және  құрылым- дар  құрылысы  кезінде  пайда  болады.[16]

      Көп  қабатты  ғимараттар  құрылысы  кезінде  территорияның аэродина- микалық  сипаты  күрт  өзгереді. Кей  жағдайда  әйнектелген  құрылыстарды  және  ғимараттың  сыртын  бүлдіре  алатын  үлкен  қуаты  бар  атмосфера- лық  ауа  массалары  түзіледі. Қыс  айларында  ғимаратқа  жақын  террито- рияларда  үлкен  қар  омбыларын  қалыптастырады, ал  бұл  жүргіншілерге  қолайсыз  жағдай  жасайды.

      Тарамдалушылар  зонасы, яғни  аэродинамикалық  көлеңке  зонасы  ғимараттардың  және  құрылғылардың  тегіс  еместігінен  ғимарат  төбесінің  қаптамасының  тіреу  зонасында  пайда  болады. неғұрлым  жер  үсті  құры- лыс  құрылғысы  биік  болса  және  олар  тегіс  емес  болса, соғұрлым  аэрация  режимі  нашар  және  жер  үстінің  ластаушы  заттарының  концен-трациясы  жоғары  болады.[16]

      Температуралық  инверсиялар –  бұл  әр  түрлі  өндірістерден  соның  ішінде  құрылыс  профильді  өндірістерден  интенсивті  жылу  бөлінудің  әсе-рінен  туындайтын  атмосфералық  бұзылулардың  бір  түрі. Қызып  кетуді  бір  аудандарда  төмендетіп  және  екіншілерінде  жоғарылату  арқылы  атмосфера  ауасының  ластануының  деңгейін  төмендетуге  қол  жеткізуге  болады. Бұл  арнайы  археттиктуралық-жобалаулардың  көмегімен  жүзеге  асады.[16]

 

 

 

 

Атмосфералық  бұзылулар  және  құрылыс  әрекеті  әсер  ететін

             зоналардың  атмосфералық  ауасының  ластану  көздері.

 

Типі

     Түрі

             Формасы

Ластанудың  және  бұзылудың 

                     түрлері

                                                 А т м о с ф е р а  л ы қ

                                Л а с т а н у л а  р 

Газ  тәрізді  заттар

Ластанулар(азот оксидтері көмірте- гі,марганец оксидтері және диоксид- тері,күкіртті  және күкірт  ангидрид- тері, кремний  диоксидтері, парафин  булары).

Карьерлерде,құрылыс-өңдеу  жұмыс- тары  барысында, құрылыс  инду- стриясы өнеркәсіптерінен газдардың  бөлінуі;грунттардың  химиялық  және  термиялық  бекітілуі.

Фенолдармен,формальдегидпен, аммиякпен, стиролмен  және  басқа  токсикалық  заттармен  ластануы(улану).

Құрылыс  индустриясы  зауыттарында  ағаш-талшықты  плиталар  мен  басқа  полимерлі  құрылыс  материалдарын  өндіру.

Қатты  заттар

Шаңдану:органикалық және бейор- ганикалық  шаң. (1-10) · 10 мкм;

 Күйе (10-50) · 10 мкм;    

шайырлық  заттар > 50 · 10 мкм.

Құрылыс индустрисы өнеркәсәптері- нің  газдарды бөлуі, соның ішінде карьерлерде және құрылыс-өңдеу жұ-мыстары барысында.

Ауыр металдармен,радионуклеид- термен және басқаларымен ластану.

 Құрылыс индустриясы  өнеркәсіпте-рінің  газдарды  бөлуі.          

                 Түтіндену

Құрылыс алаңдарында қоқыс  қалдықтарын  жағу.

Аэродинамикалық     

         өзгерістер

Жер  бетіндегі  заттар

Ауаныңт тарамдалуы (аэродинами-калық көлеңке зоналары).

Көп қабатты ғимараттар және құрылыидар.

Ауалық өзгерістер (ауа массалары- ның бағыттарының және қозғалыс жылдамдығының өзгеруі).

Көп қабатты және ірі көлемді ғима- раттар мен құрылымдар.

 

    Температуралық  инверсиялар                                   

Интенсивті жылу бөлетін ғимараттар мен құрылымдар(немесе олардың комплексі).


    

                   

 

                Құрылыстың  гидросфераға  әсері.

 Қазіргі  құрылыс  жұмыстары  жер  асты  гидросферасымен  қатар, әсіресе  беттік  гидросфераға  жан-жақты  жағымсыз  әсерін  тигізеді.

 

  Беттік  гидросфера.

      Жер  бетінің  су  қабықшасы  – табиғи  ортаның  қажетті  және  ластану  мен  басқа  да  антропогенді  әсерлердің  түрлеріне  өте  сезімтал  компоненті. Жүйелердің  басқа  түрлері  сияқты  су  экожүйесі  антропогенді  әсерлердің  белгілі  шегіне  ие, ал  егер  бұл  шектен  асып  кетсе, экожүйелер  ішінде  байланыстардың  бұзылуына  және  биосферада  қайтымсыз  құбылыстар- дың  пайда  болуына  әкелуі  мүмкін.[17]

 

      Құрылыстың  су  экожүйесіне  әсерінің  келесідей  негізгі  түрлерін  ажы-ратады:

1. Су  ресурстарының  азуына  дейін  суды  интенсивті  қолдану.

2. Беттік  су  қоймаларының  ағын  суларымен  және  құрылыс  қоқысымен  ластануы  және  лайлануы.

3. Өзендердің  су  режимінің  өзгеруі.

      Құрылыс – ауыз  судың  және  техникалық  судың  ірі  қолданушысы  болып  табылады. Үлкен  көлемдегі  су  бетон, цемент  ерітінділерін  дайын-дау  үшін, двигательдерді,агрегаттарды  және  басқа  да  технологиялық  құ-рылғыларды  салқындату  үшін, құрылыс  машиналары  мен  механизмде- рін  жуу  үшін, жылумен  қамтамасыз  ету  үшін,құрылымдарға  гидравлика- лық  сынақ  жасау  үшін  және  құрылысшылардың  өздерінің  керегі  үшін  жұмсалады.[10]

      Өндірістегі  суды  біршама  көп  қолданатын  өнеркәсіптерге  темірбетон- ды  бұйымдарды  және  құрылымдарды  жасайтын  зауыттар, цемент  зауыт- тары, гипсолиттік  және  керамикалық  бұйымдарды  өндіретін  өнеркәсіп- тер, цементті  ылғалдау  жолымен  өндіретін  өнеркәсіптердің  барлығы  және  тағы  басқалары  жатады. Мысалы, тек  1 м³  бетонды  дайындау  үшін  300 литр  су  қажет, 1 м³  органикалық-талшықты  плиталар  жасау  үшін     7-9 мың  килограмм  бу  керек, ал  1 м³ темірбетонды  және  бетонды  құрыл- ғыларды  бумен  өңдеу  үшін  500-800 килограмм  бу  қажет. [5]

      Құрылыс  жұмыстарын  жасаудың  прогрессивтік  гидромеханизмдік  әді-сін  кеңінен  қолдану  үшін  1 м³ грунтқа  10 м³  су  қажет. Мұндай  жұмыстар-дың  масштабын  ескерсек, бұл  үлкен  көлемдегі  су. Судың  көп  мөлшері  құрылыс  жұмыстары  барысында  грунттардың  бекінуі  мен  тығыздалуына  жұмсалады.[5]

      Судың  біршама  үлкен  мөлшерін  бетон  жасаушы  зауыттар  қолданады.

Келтірілген  мысалдардан  үлкен  көлемді  құрылыс  өндірісі  өз  кезегінде  біршама  үлкен  көлемді  суды  қажет  ететінін  көреміз. Мысалы, Европаның  өзінде  қазіргі  кезде  10 мыңнан  астам  бетон  өндіретін  зауыттар  бар.

      Су  ресурстарын  экологиялық  қауіпті  жағдайда  ойланбай  жұмсау  су  қорының  мүлдем  азаюына  әкелуі  мүмкін. Судың  азаюы  дегеніміз – белгі- лі  бір  территорияда  су  қоры  көлемінің  шекті  мөлшерден  азаюы  немесе  беттік  ағынның  азаюының  минимальды  шекті  мөлшері. Бұл  жағдайлар- дың  екеуінде  де  қолайсыз  экологиялық  жағдай  орнап, адам-биосфера  жүйесіндегі  қалыптасқан   байланысты  бұзады.[7]

      Құрылыс  беттік  гидросфераның  ластануының  негізгі  факторы  болуы  мүмкін. Бірінші  кезекте  бұл  жағдай  құрылыс  индустриясы  өндірістерінің  ағын  суларының  су  қоймаларға  тазартылмаған(сүзілмеген)  түрде  таста- луынан  қалыптасады.[17]

      Құрылыс  материалдарын  және  құрылымдарын  өндіру  кезінде  су  еріт- кіш, сіңіргіш, жылу  ұстағыш, салқындатқыш  ретінде  қолданылады. Ағын  суларының  көлемі  өндірістің  қуатына, өндірістің  технологиялық  ерекше- ліктеріне,бұйымның  және  материалдың  түріне  және  басқа  да  факторлар- ға  тәуелді  болады.[13]

 

 

 

Құрылыс  өндірісінің  әсері  зонасындағы  экологиялық  бұзылулар 

                                және  гидросфераның  ластануы.

Типі

   Түрі

             Формасы

     Ластанулардың  және    

     бұзылулардың  көздері

                                              Г и д р о с ф е р  а л ы қ 

                           Л а с т а н у  т ү  р л е р і

 Химиялық  және   

    органикалық

 Сулардың  органикалық  және  бейорганикалық  токси- калық  қосылыстар  мысалы, ауыр  металдармен, алдегид-термен,фенолдармен,сонымен  қатар  полимерлі  шайырмен  және  лактармен  ластануы.

 Құрылыс  индустриясы  өндірісінің  ағын  сулары; құрылыс  алаңдарының  ластануларының  шайылуы; құрылыс  қоқыстарының  сүзгісі.

           Механикалық

Су қоймаларының құрылыс  қоқыстарымен және құрылыс  қалдықтарымен  ластануы.

Құрылыс  алаңдарының  беттік  ағындары.

Су  қоймаларының  жүзгін  бөлшектермен  лайлануы.

Құрылыс  алаңдарының  беттік  ағындары.

      Су  бассейнінің  экобалансының 

                            бұзылуы

 Су  ресурстарының  азуы.

Карьерлердің, терең құрылыс  шұңқырларының  кебуі.

       

         Беттік  ағындардың    

          режимінің  өзгеруі.

Құрылыс  территориясын  жобалау; шұңқырларды  қазу; уақытша  жолдарды  салу.

    

       Өзендердің  режимінің       

                  өзгеруі.

Плотиналар  жер  астылық  турбо  құбырлардың  құрылысы  және  жер  снярядтарымен  су  арналарын  тереңдету.

Информация о работе Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу