Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 20:22, диссертация
Диссертациялық жұмыста алынған ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар адам ресурстарын басқару және дамыту мәселелерімен айналысып жүрген аймақтық басқару органдарының жұмыстарында, адам ресурстарын басқарудың негізгі бағыттарын анықтайтын нормативтік және әдістемелік құжаттарды өңдеу кезінде, аймақтағы және жалпы республикадағы адам ресурстарын тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуде және мемлекеттік органдар мен мекемелердің тәжірибелік қызметінде қолданылуы мүмкін.
2 Шығыс Қазақстан облысының адам ресурстарының дамуын басқаруды кешенді талдау және бағалау. Зерттеу барысында жүргізілген талдау Қазақстан Республикасында адам ресурстарының дамуы келесідей факторлармен тығыз байланыста екені анықталды: экономиканың даму жағдайы, демографиялық ахуал, экологиялық жағдай, мәдениет және спорт саласының дамуы, білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласының жағдайы, еңбек нарығының дамуы, еліміздегі қауіпсіздік және ақпараттық-құқықтық негіз. Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) Қазақстан Республикасы (ҚР) бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады. Облыстың экономикалық жағдайында шешуші орынға ие металлургия өнеркәсібі базалық сала болып табылады. Облыста ет, сүт пен балық, өсімдік майы мен сары май шығаратын, ликер-арақ өнімдерін және басқа да өнім түрлерін шығаратын тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары бар. Сондай-ақ, адам ресурстарының дамуына қажетті әлеуметтік сала – білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелер желісі жеткілікті түрде дамыған. 2-суретте ШҚО бойынша тұрмысы төмен халық санының өзгеру үрдісі көрсетілген.
Ескерту – ШҚО Статистика департаментінің мәліметтері бойынша автор құрастырды
2 сурет – ШҚО бойынша жалпы халық саны құрамындағы тұрмысы төмен халықтың үлесі, мың адам
Нәтижесінде облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейі біршама артты, ал тұрмысы төмен отбасылардың саны 2001 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 83%-ға төмендеді. Бұл облыста соңғы 10 жыл бойы әлеуметтік саланың неғұрлым басым бағыттары ретінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар белсенді жүзеге асырылуының көрінісі.
ШҚО бойынша 2005-2009 жж. аралығындағы тұрғындардың өмір сүру деңгейін талдау көрсеткіштері 3-кестеде келтірілген.
3 кесте – ШҚО бойынша тұрғындар табысының өзгеруі
Көрсеткіштер |
Жылдар | ||||
2005ж. |
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. |
2009ж. | |
Азық-түлік себетінің құнына шамалас табысы бар халықтың үлесі , % |
5,7 |
1,6 |
1,2 |
0,5 |
1,3 |
Күнкөріс шамасынан төмен табысқа ие халықтың үлесі, % |
26,6 |
12,5 |
9,8 |
9,9 |
9,7 |
Орташа 1 айға шаққандағы жан басына тұтынуға пайдаланылған табыс мөлшері, % |
90,6 |
95,2 |
96,5 |
96,4 |
95,0 |
Ескерту – shygysstat.kz ресми сайтының мәліметтері негізінде автор есептеген |
Талдау көрсеткіштері көрсеткендей, халық табысы жыл сайын өсуде, 2009 жылы азық-түлік себетінің құнына шамалас табысқа ие халықтың үлесі 4,4%-ға төмендеген, күнкөріс шамасынан төмен табыс алатын тұрғындардың үлесі 26,6 %-дан 9,7 %-ға дейін төмендеген, яғни 4 жылда 16,9 %-ға, ал тұрғындардың жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланылған табыс мөлшері 4 жылда 4,4 %-ға көбейген.
Адам ресурстарының даму жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына адам дамуының үш негізгі компоненті – көп жасау, білімділік және тұрмыс деңгейі негізінде әлемнің барлық елдерінде есептелетін адам дамуының индексін (АДИ) жатқызуға болады. 3-суретте ШҚО және ҚР АДИ көрсеткішінің өзгерісі салыстырмалы түрде келтірілген.
Ескерту – БҰҰБ жасалатын жыл сайынғы «Адам дамуы» есебі негізінде автормен құрастырылды
3 сурет – ҚР және ШҚО АДИ өзгеру серпіні
АДИ көрсеткіші республика бойынша да, облыс бойынша да өсу үрдісін көрсетуде, бұл еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдын жылдан жылға жақсара түсуінің белгісі. Алайда бұл көрсеткіштің құрамындағы индикаторлар ҚР тұрақты дамуға өтудің мақсатты индикаторларынан әлі де төмен. Мәселен, күтілетін өмірдің орташа ұзақтығы ҚР бойынша тұрақты дамуға көшу концепциясына сәйкес 2009 ж. 67,9 болу керек деп болжанса, 2009 ж. нәтижелері бойынша ҚР – 66,3 , ШҚО – 65,8 тең.
Адам ресурстарының саны зерттеудің бірінші бөлімінде келтірілген анықтамаға сәйкес барлық халық санынан жұмысқа қабілетті жастан асқан адамдар санын шегеру арқылы анықталды. Мұндай әдісті адам ресурстарын дамыту тұрғысынан қарастырған жағдайда қолданған жөн деп ұйғардық. ШҚО бойынша адам ресурстары құрамының сандық көрсеткіштері 4-кестеде шоғырландырылған.
4 кесте – 2005-2009 жж. аралығында ШҚО адам ресурстарының және олардың құрылымының өзгеруі (мың адам)
Көрсеткіштер |
Жылдар |
Өсу қарқыны | ||||
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 | ||
Адам ресурстарының саны |
1249 |
1239 |
1233 |
1227 |
1228 |
0,9 |
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық |
752 |
757 |
764 |
765 |
764 |
1,02 |
Жұмыспен қамтылған халық |
698 |
704 |
714 |
717 |
721 |
1,03 |
Жоғары білімі бар жұмыспен қамтылғандар |
131 |
146 |
168 |
158 |
159 |
1,2 |
Арнайы орта білімі бар жұмыспен қамтылғандар |
197 |
195 |
185 |
208 |
215 |
1,1 |
Жалдамалы жұмысшылар |
445 |
457 |
469 |
473 |
476 |
1,07 |
Өз бетімен жұмыспен қамтылғандар |
254 |
246 |
245 |
242 |
243 |
0,96 |
Жұмыссыз халық |
54 |
52 |
51 |
49 |
50 |
0,93 |
Ескерту – stat.kz және shygysstat.kz ресми сайттарының мәліметтері негізінде автор жүйелеген. |
Талдау нәтижелері көрсеткендей, ШҚО бойынша жалпы адам ресурстарының саны төмендеуде, егер 2005 жылы ол 1249 мың адамды болса, 2009 жылы 1228 мың адамға дейін төмендеген. Құрамдық өзгерісіне келсек, жұмыспен қамтылғандардың саны, керісінше 1,03 есе ұлғайған: егер 2005 жылы 698 мың адам есептелсе, 2009 жылы 721 мың адам болды.
Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарындағы адам ресурстарының дамуының облыс экономикасының дамуына сәйкестігіне талдау жүргізілді. Сараптамалық сұхбатқа «ҮМЗ» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Қаз Мырыш» АҚ, «Шығыс Сүт» АҚ, «Востокэнергоремонт» ЖШС, «Бипек Авто» АҚ, «ВК Иртыш» АҚ сынды 55 кәсіпорын басшылары мен жұмысшылары қатысты, барлығы 79,8 мың адам. Сараптама нәтижесінде келесідей қорытындыларға қол жеткізілді: ауыл шаруашылығы саласының 70 %, көлік және байланыс кәсіпорындарының 50%, өнеркәсіп кәсіпорындарының 25%, сауда мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының 35 % негізінен жөндеу жұмыстарын жүргізетін және жаңа технологияларда жұмыс істей алатын білікті маман кадрлардың жеткіліксіздігін атап көрсетті, өнеркәсіп саласындағы жұмысшылар жұмыс істеу шарттарының ауырлығы мен зияндығын атап көрсетті. Адам ресурстарының дамуын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – жұмыс берушілердің адам ресурстарының біліктілігін жоғарылатуға деген талпыныстары мен көзқарастары (5 кесте).
5 кесте – ШҚО экономика салалары бойынша адам ресурстарының біліктілігін арттыру және оқыту көрсеткіштері (адам саны)
2007жыл |
2008жыл |
2009жыл | ||||||||||
Қызмет түрі |
Жұмыс беруші есебінен оқытылғандар |
Оқуға жіберілгендер |
Біліктілігін жоғарылатуға жіберілгендер |
Қайта даярлау және қайта оқытуға жіберілгендер |
Жұмыс беруші есебінен оқытылғандар |
Оқуға жіберілгендер |
Біліктілігін жоғарылатуға жіберілгендер |
Қайта даярлау және қайта оқытуға жіберілгендер |
Жұмыс беруші есебінен оқытылғандар |
Оқуға жіберілгендер |
Біліктілігін жоғарылатуға жіберілгендер |
Қайта даярлау және қайта оқытуға жіберілгендер |
Ауыл және орман шаруашылы-ғы, аңшылық |
54 |
2 |
47 |
5 |
40 |
3 |
37 |
- |
12 |
6 |
6 |
- |
Өнеркәсіп |
18573 |
4456 |
9816 |
4301 |
13999 |
2836 |
6779 |
5040 |
13487 |
2273 |
6159 |
5055 |
Құрылыс |
699 |
57 |
376 |
266 |
1016 |
242 |
454 |
320 |
745 |
169 |
269 |
307 |
Сауда |
95 |
6 |
28 |
61 |
427 |
332 |
56 |
39 |
156 |
32 |
66 |
58 |
Көлік және байланыс |
1909 |
260 |
1297 |
352 |
1530 |
322 |
658 |
550 |
5609 |
820 |
2400 |
2389 |
Қаржылық қызмет |
742 |
148 |
238 |
356 |
805 |
108 |
177 |
520 |
647 |
618 |
29 |
- |
Мемлекеттік қызмет |
820 |
296 |
497 |
27 |
623 |
138 |
483 |
2 |
778 |
180 |
510 |
88 |
Білім беру саласы |
616 |
106 |
467 |
43 |
529 |
20 |
509 |
- |
605 |
33 |
555 |
17 |
Денсаулық сақтау саласы |
1415 |
80 |
1237 |
98 |
1283 |
78 |
1116 |
89 |
1464 |
17 |
1363 |
84 |
Мәдениет, спорт, әлеуметтік қызметтер көрсету салалары |
17 |
13 |
4 |
- |
22 |
13 |
4 |
5 |
9 |
6 |
3 |
- |
Ескерту- Автор shygysstat.kz ресми сайтының мәліметтерін жинақтап, есептеген. |
Кестеде жүйеленген салалардың ішінде адам ресурстарын дамытуға белсенді үлесін қосатын экономиканың нақты сектор салалары, сауда, қызмет көрсету салаларында мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру мәселелеріне әлі де толық көңіл бөлінбейді. Кестеде көбінесе ШҚО мемлекеттік және ірі кәсіпорындары бойынша мәліметтер шоғырландырылған, мұндағы жеке меншік кәсіпорындарының үлесі өте төмен, себебі ол мекемелерде адам ресурстарын дамытуға мүлде көңіл бөлінбейді. Сондықтан әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, заманға сай сұранысқа ие жоғары деңгейлі мамандарды дайындау секторына инвестицияларды арттыруда мемлекет пен бизнес-сектордың әріптестік қатынастарын орнату қажет.
Сонымен жүргізілген талдау барысында ШҚО адам ресурстарының дамуына барлық жағдайлар жасалған, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты десек те, 6-кестеде келтірілген мәселелер әлі де нақты шешімін таппай отыр.
6 кесте – Адам ресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары
Адам ресурстарының тұрақты дамуын тежейтін мәселелер |
Адам ресурстарын тұрақты |
Мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі |
1) АРТД қаржыландырудың кешенді жүйесін қалыптастыру; 2) АРТД қаржыландыруда мақсатты-бағдарламалық (жобалық) әдісті қолдануға көшу. |
Адам ресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін құқықтық негіздің әлсіздігі |
1) нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін кеңірек тарту, салалық ғылыми сараптамаларды қолдану; 2) адам ресурстарының дамуын негіздейтін жүйелік құқықтық база жасау. |
Медициналық қызметтер сапасының төмендігі |
1) денсаулық сақтауды басқарудың
халықаралық стандарттарға сәйк 2) АР бүкіл өмірлік циклі 3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен түрлері туралы халықты БАҚ арқылы уақтылы хабардар ету; 4) ҚР қолданылатын шетелдік дәрі-дәрмектерге үнемі мониторинг жүргізу (созылмалы аурумен науқас адамдар үнемі, тіпті үздіксіз тұтынатын дәрілік заттардың кенеттен еркін саудада болмай қалу жағдайларын тоқтату). |
Жастарды мамандығы бойынша жұмыспен қамтуды жоғарылату |
1) ЖОО мен мүмкін болатын жұмыс
берушілер арасындағы 2) аймақтағы алдағы 5 жылға қажетті
маман-кадрлардың құрамы мен 3) студенттерді аймақ кәсіпорында 4) бүкіл әлемнің «білім |
Жұмыс берушілердің адам ресурстарының даму мәселесіне көңіл берілмеуі |
1) мемлекет деңгейінде экономиканың қызмет көрсету саласында, жеке меншікте жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға жағдай жасауын ескеретін арнайы ережелер қабылдау; 2) кәсіпорындарда АРТД арналған әлеуметтік-экономикалық ынталандырулар жүйесін еңгізу. |
Ескерту – Автор құрастырған. |
3 Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жүйесін жетілдіру және оның басым бағыттарын жүзеге асыру тетіктерін ұсыну. Адам ресурстарының дамуын белсенді қаржыландыру тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге материалдық алғышарттарды қалыптастыруға ықпал етеді, себебі адам ресурстары жалпы ішкі өнімді өндірудің негізгі факторы болып табылады. Жалпы ішкі өнім көлемі өз кезегінде аймақ немесе республика деңгейінде адам ресурстарының тұрақты дамуын сипаттайтын бірегей көрсеткіш болып табылады.
Адам ресурстарын дамытуға жұмсалатын қаржылық ресурстардың тиімділігін, олардың аймақтың экономикалық өсуіне келтіретін әсерін және адам ресурстарының тұрақты дамуы мен экономикалық өсу арасындағы байланысты анықтау үшін математикалық статистика әдістерінің бірі – корреляциялық-регрессиялық талдау әдісін қолданамыз. Аталмыш талдауды жүргізу үшін таңдап алынған факторларды бір өлшем бірлігіне келтіреміз. Талдау негізіне келесідей факторлар таңдап алынды: нәтижелік көрсеткіш ретінде – ШҚО бойынша халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі, адам ресурстарының тұрақты дамуына әсер ететін факторлық көрсеткіш ретінде білім беру жүйесін; денсаулық сақтау жүйесін; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруды; тұрғын үй, коммуналдық қызметті; мәдениет, спорт және ақпарат салаларын; көлік және коммуникация салаларын; ауыл, балық, су, орман шаруашылығын және қоршаған ортаны қорғауды; қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қаржыландыруға жұмсалған қаржылық шығындар алынды. Төмендегі 4-суретте ШҚО жалпы өңірлік өнім көлемінің өзгеру серпіні көрсетілген.
4 сурет – ШҚО-ның ЖӨӨ көлемі, мың теңге
Үлгілеуге алынған факторлардың нәтижелік көрсеткішке әсер ету дәрежесін анықтау үшін коррелляцияның көптік коэффицентін қолданамыз. Нәтижесінде алынған көптік коррелляцияның жиынтық коэффиценті R = 0,92, адам ресурстарын дамытушы факторлармен ШҚО ЖӨӨ көлемінің өзгеруі арасында берік байланыстың бар болғанын көрсетеді. Көптік детерминацияның жиынтық коэффиценті аймақтың жалпы өңірлік өнім көлемінің өзгеруі 85% -ға үлгіге қосылған факторлардан, 15 % үлгілеуге қосылмаған факторлардан тәуелді. Регрессия теңдеуі ретінде көптік регрессияның сызықтық теңдеуі алынды (1 формула):
y = b0 + b1 x1 + b2 x2 + …+ bn xn , (1)
мұндағы y – нәтижелік айнымалы,
b0 ,b1, b2, … bn – регрессияның эмпирикалық коэффициенттері,
Информация о работе Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару