Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 20:22, диссертация

Краткое описание

Диссертациялық жұмыста алынған ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар адам ресурстарын басқару және дамыту мәселелерімен айналысып жүрген аймақтық басқару органдарының жұмыстарында, адам ресурстарын басқарудың негізгі бағыттарын анықтайтын нормативтік және әдістемелік құжаттарды өңдеу кезінде, аймақтағы және жалпы республикадағы адам ресурстарын тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуде және мемлекеттік органдар мен мекемелердің тәжірибелік қызметінде қолданылуы мүмкін.

Вложенные файлы: 1 файл

Suyeubaeva_autoreferat02.09.doc

— 720.50 Кб (Скачать файл)

               x1, x2, … x - факторлық айнымалылар.

 

Нәтижесінде келесі теңдеуді аламыз:

 

У = –276,24+12,31 x1 – 4,81 x2 – 12,16 x3+42,23 x5+100 x7

 

Үлгілеу нәтижесінде  алынған регрессия теңдеуі бойынша келесі қорытынды жасауға болады: жалпы шығындар сомасы шегінде білім беру саласына  кететін шығындар 1%-ға өссе, ЖӨӨ жан басына шаққандағы көлемі 12,31 мың теңгеге өседі; жалпы шығындар сомасы шегінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға кететін шығындар 1%-ға өссе, ЖӨӨ көлемі 12,16 мың теңгеге төмендейді; жалпы шығындар сомасы шегінде ауыл, балық, су, орман шаруашылығына және қоршаған ортаны қорғауға шығындар 1%-ға өссе, ЖӨӨ көлемі 42,23 мың теңгеге өседі, жалпы шығындар сомасы шегінде денсаулық сақтауға шығындар 1%-ға өссе, ЖӨӨ көлемі 4, 81 мың теңгеге төмендейді, жалпы шығындар сомасы шегінде мәдениет, спорт және ақпаратқа кететін шығындар 1%-ға өссе, жалпы аймақтық ЖӨӨ көлемі 100 мың теңгеге өседі.

Регрессия теңдеуінің статистикалық маңыздылығы жөніндегі гипотеза расталған жағдайда, аталмыш үлгінің болжамдауға қолдануға мүмкін болады. Фишер критерийінің талдау нәтижесінде алынған мәні 6,57, яғни бұл нормативтік шекті мәннен (4,95) әлде қайда жоғары, сондықтан берілген үлгі статистикалық тұрғыдан маңызды әрі сенімді болып табылады және болжам жасауға қолданылуы әбден мүмкін деген қорытынды жасауға болады. 7 кестеде ШҚО жалпы аймақтық өнім көлемінің өзгерісін болжау нәтижелері көрсетілген.

 

7 кесте  – Жалпы өңірлік өнімінің жан басына шаққандағы құнының өзгеруін регресиялық талдау негізінде болжау 

 

Жыл-дар

Жан басына шаққан-дағы ЖӨӨ

Білім беруге шығын-дар

Денсау-лық  сақ-тауға шығындар

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздан-дыруға шығындар

Мәдениет, спорт және ақпаратқа шығындар

Ауыл, балық, су, орман шаруашы-лығына және қоршаған ортаны қорғауға шығындар

2010

615,51

32,19

29,25

1,65

4,63

4,60

2011

663

32,35

30,40

0,39

4,72

4,91

2012

710,48

32,51

31,56

0,88

4,80

5,23

Ескерту – Автор есептеген.


 

Болжау нәтижесі бойынша зерттеліп отырған көрсеткіштің оң өзгерісі байқалып тұр. Сонымен, алынған регрессия теңдеу мен экономикалық-математикалық есептеулерді негізге алып, Шығыс Қазақстан өңіріндегі адам ресурстарының тұрақты дамуына әсер ететін маңызды факторлардың қатарына экология және қоршаған ортаны қорғау; мәдениет, спорт және туризм салаларын қаржыландыруды қосу негізделді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінетін қаржының тиімсіз пайдаланылуы байқалды.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасының көптеген аймақтарында адам ресурстарын дамытудың барлық факторларын кешенді сипатта бір орталықтан басқарудың жүйесі қалыптаспаған. Іс жүзінде Еңбек және тұрғындарды әлеметтік қорғау министрлігі, еңбекпен қамту орталығы және басқа да тиісті ведомстволық органдар адам ресурстарын дамытуды әр сала бойынша жасалған бағдарламалар негізінде жүзеге асыруда. Яғни, адам ресурстарының тұрақты дамуын басқаруда кешенділік және нәтижелілік жоқ.

Біздің ойымызша, адам ресурстарының дамуын нәтижелі басқару үшін осы органдардың жұмысында тұжырымдамалы және функционалды теңгерімді табу қажет. Осыған байланысты, қазіргі уақытта бұл іс-әрекетті реттейтін басқарудың барлық буындарының жұмысын үйлестіретін тетік құрастырылмаған деген қорытындыға келуге болады (5 сурет) . Сондықтан аймақ деңгейінде адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жүйесін жетілдіру қажеттілігі айқын көрінеді.

Ескерту – Автор құрастырған.

 

5 сурет  – ШҚО адам ресурстарының тұрақты дамуын басқарудың

бүгінгі таңда қызмет етудегі құрылымы

 

Жоғарыда атап өткеніміздей, адам ресурстарының дамуы өте күрделі, жан-жақты үдеріс болғандықтан, оны  басқару жүйесі республикалық және жергілікті басшылық, департаменттер (еңбек, білім беру, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, жастар мәселелері, денсаулық сақтау бойынша және т.б.), кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара байланысы мен әріптестігі негізінде қалыптасуы тиіс. 6-суретте мезодеңгейде адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жүйесінің автормен жетілдірілген ұйымдастырушылық-функционалдық үлгісі келтірілген.

 


 

 



                                                               С  Ы  Р  Т  Қ  Ы  О  Р Т  А


            АЙМАҚ


                             Адам  ресурстарының  тұрақты  дамуын  басқару




 





 






                                                     









 






 

  



 

 

Ескерту – Автор құрастырған.

 

6 сурет – Аймақтың адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару

жүйесінің ұйымдастырушылық-функционалдық үлгісі

 

Ұсынылып отырған ұйымдастырушылық – функционалды жүйе аймақтағы адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару  үдерісіне қатысатын барлық деңгейлердегі  құрылымдардың кешенін құрайды. Ол өзіне адам ресурстарының тұрақты дамуын басқарудың бір бірімен тығыз байланысты екі деңгейін – стратегиялық және жедел басқаруды біріктіреді.  

Басқарудың стратегиялық деңгейін адам ресурстарының дамуын басқарудың республикалық және жергілікті билік органдары қамтамасыз етеді. Олар келесідей қызметтер атқарады: жүйенің сыртқы ортасымен байланыс орнатады; республикалық және жергілікті деңгейде кадрлық саясатты белгілейді; адам ресурстарын қалыптастыру және дамыту жөнінде стратегиялық шешімдер, ұзақмерзімді және ортамерзімді мақсатты бағдарламалар, жоспарлар мен жобаларды қабылдайды.

Жедел басқару деңгейінде мемлекеттік, республикалық, аймақтық стратегиялық мақсаттар мен бағдарламаларға  сай адам ресурстарын дамыту жөнінде  нақты қызметтер атқарылады. Атқарылатын  барлық жұмыстардың үйлестірушісі және стратегиялық деңгеймен байланыс орнатушы болып Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару департаменті табылады (7 сурет).                  

 

Бұл деңгейдегі негізгі  қызметті адам ресурстарын жалпы және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін барлық ұйымдар мен институттар атқарады. Адам ресурстары дамуының әр бір кезеңі бойынша басқаруды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты жинақтап, талдау жүргізеді. Сонымен қатар адам ресурстарының дамуына әсерін тигізетін факторларды зерттеп, талдау негізінде адам ресурстарының даму жағдайын бағалау және болжаудың әдістемелерін жасайды, кәсіпорындардың мәліметтерін жинақтап, талдау арқылы аймақтағы адам ресурстарының қолданылуы жөнінде қорытындылар шығарады. Бұл жүйенің қызмет етуі аймақтағы адам ресурстарының тұрақты дамуына қажетті ұйымдастырушылық құрылымдарды анықтауға, осы саладағы барлық мекемелер мен институттардың ведомствоаралық интеграциясы мен үйлесімін қамтамасыз етуге, адам ресурстарын тұрақты дамыту үшін қажетті әр түрлі салалардың шараларын біріктіруге, адам ресурстарының қолданылуының тиімділігін арттыруға және оларды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Аталған шаралардың орындалуы өзара байланысты, тұтас, үздіксіз үдеріске айналады.

Ұсынылып отырған жүйе адам ресурстарын дамыту мен қалыптастыру бойынша аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясаттың стратегиялық бағытталуы аймақтағы билік органдары іс-әрекеттерінің көп аспектілі екендігін тура көрсетеді. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысында адам ресурстарын тұрақты дамытуды басқару жүйесінің барлық субъектілерінің өзара әрекеттерін қамтамасыз ететін, үйлестіруші орталық  ретінде танылатын облыс әкімшілігінің құрылымында немесе тікелей оған бағынатын арнайы органның құрылу қажеттілігі негізделеді. Автор ұсынып отырған Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару департаменті (бұдан әрі Департамент) аталмыш жүйенің жүзеге асыру тетігі ғана емес, жүйеге қатысушы субъектілердің құрылымдардың іс-әрекеттерінің мазмұнды және құқықтық үйлесімділігін қамтамасыз ету құралы да болып табылады.

Осы Департамент қызметінің мақсаты, адам ресурстарының даму мәселелерін бағалау, талдау, зерттеу, болжамдау негізінде олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негіз бағдарламалар мен жобалар жасау болады, яғни тәжірибедегі мақсатты-бағдарламалық басқару әдісі. Бұл әдіс мақсат – шаралар – нәтиже қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінде ҚР әлеуметтік-экономикалық даму арнайы қабылданған бағдарламалар аясында қаржыландырылады. Алайда, олар түрлі себептер мен факторлардың әсерінен тиісті нәтижеге жете қоймайды. Басқаруда мақсатты-бағдарламалық әдісті қолданудың құралдарын жетілдірудің маңызды орны бар болғанмен, осы салада бірқатар басқару міндеттерін шешудің деңгейін көтеру өзекті болып табылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Адам ресурстарының  қазіргі экономикадағы рөлін,  дамуын және оларды басқару ерекшеліктерін талдап-зерттеулердің нәтижесінде төмендегідей теориялық тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстарға қол жеткізілді:

1. Бүгінгі таңда адамның әллеуметтік-экономикалық салалардағы, өнеркәсіптегі және экономикадағы рөлін көрсететін көптеген ұғымдар баршылық. Осыған байланысты адам ресурстарын басқару мәселесіне қатысты ұғымдарды жүйелеу қажеттілігі туындап отыр. Адам ресурстарын басқаруға қатысты теориялық еңбектерді талдау нәтижесінде, «адам ресурстары» ұғымы нақтыланды, сондай-ақ айналымға «адам ресурстарын басқару» және «адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару» терминдері енгізілді.

2. Адам ресурстары адами капитал және экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың еңбекке деген ынтасы, біліктілігі, білімі мен дағдылары ретінде қарастырылады. Яғни бұл ұғымның астарында адам дамуына жұмсалатын инвестициялармен сипатталатын  экономикалық аспектілермен қатар адамды тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік жүйенің сипаттамасы, оның қызығушылықтары мен құндылықтары, белсенділігі қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар адам ресурстарының дамуына тікелей әсерін тигізетін факторлар да (өмір сүрү сапасы, еңбек ету шарттары, білім беру жүйесінің жағдайы, экология және қауіпсіздік) ескеріледі және ол үдеріс мемлекет пен қоғамдық институттардың қатысуымен ғана жүзеге асырылады. Адам ресурстарының ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамдық институттардың қатысуымен аймақтың адам ресурстарын дамыту мен қалыптастырудың концептуалды үлгісі ұсынылды.

3. Адам ресурстары ұғымына қатысты көзқарастардың алуан түрлілігі олардың жағдайын бағалау мен талдау жүргізуге арналған әдістемелік негіздердің көптігімен сипатталады. Тәжірибеде қолданылатын әртүрлі әдістемелерді талдау негізінде келесідей мәселелер анықтады: қолданыстағы әдістемелік тәсілдердің біріңғай көрсеткіштер жүйесінің болмауы; бір мезгіл ішінде алынған әртүрлі сападағы көрсеткіштерді есептеудің мүмкінсіздігі;  адам ресурстарын қолданудан болған әрдеңгейлі және жүйеаралық әсерлерді бағалау мүмкінсіздігі; әртүрлі, бір келкі емес көрсеткіштерді қолдануы; жүйелілік қағидасының сақталмауы. Сондықтан адам реурстарының даму деңгейін бағалайтын көрсеткіштер жүйесі статистикалық және нормативтік базаға, әлемдік стандарттарға сай көрсеткіштерді таңдау шарттарын орындауы қажет.  Осыған орай адам ресурстарының даму жағдайын бағалау үшін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық блоктарға шоғырландырылған көрсеткіштер жүйесін ұсынамыз.

4. Адам ресурстарының даму деңгейін кешенді бағалау нәтижесінде Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында адам ресурстарының дамуына қажетті барлық алғышарттардың бар болуы анықталды. Әйтсе де, автор адам ресурстарының дамуына кері әсерін тигізетін бірқатар факторларын анықтап, сәйкесінше олардың алдын алу жолдарын ұсынды.

5. Адам ресурстарының дамуын белсенді қаржыландыру тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуге материалдық алғышарттарды қалыптастыруға ықпал етеді, себебі адам ресурстары жалпы ішкі өнімді өндірудің негізгі факторы болып табылады. Адам ресурстарын дамытуға жұмсалатын қаржылық ресурстардың тиімділігін, олардың аймақтың экономикалық өсуіне келтіретін әсерін және адам ресурстарының тұрақты дамуы мен экономикалық өсу арасындағы байланысты анықтау үшін математикалық статистика әдістерінің бірі – корреляциялық-регрессиялық талдау әдісі қолданылды. Нәтижесінде, Шығыс Қазақстан өңіріндегі адам ресурстарының тұрақты дамуына әсер ететін маңызды факторлардың қатарына экология және қоршаған ортаны қорғау; мәдениет, спорт және туризм салалары жатқызылды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға  бөлінетін қаржының тиімсіз пайдаланылуы байқалды.

6. Адам ресурстарының дамуын қаржыландыруға бөлінетін қаржылық ресурстарды тиімді үйлестіру жіне пайдалану мақсатында, сондай-ақ адам ресурстарын басқаруды өзара тығыз байланысты іс-шаралар кешені негізінде жүзеге асыру үшін мақсатты-бағдарламалық әдісті қолдану ұсынылған. Бүгінгі күнге қабылданған бағдарламалар әр сала бойынша жеке түрде жүзеге асырылады және олардың жоспарында, сол бағдарламаның ойдағыдай жүзеге  асырылуын қамтамасыз етеін адам ресурстары ескерілмеген, ақша-қаражаттары нақты бағдарламалар мен мақсаттарға емес жалпылама сипатта қаралады, сондықтан бұл бағдарламалардың көбісі оң нәтижеге жетпеді. Сондықтан адам ресурстарын дамытудың басым бағыттарын жүзеге асырғанда мақсатты-бағдарламаларды қолданудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі зор.

Информация о работе Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару