Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 18:03, реферат
«Біздің заманымыз — өткен заманның баласы, келер заманның атасы» —
деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, осы екі заманға дәнекер болатын бүгінгі
күн біздің алдымызға ауыр да абыройлы міндет қойып отыр. Өткен заманнан
қалған қоқыс көп. Батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатыны рас
болса, кешегі отаршылдықтан басталып, бүгінгі күнге жалғасқан орыстану
саясатын тоқтатып, жөнсіз өзгертілген жер-су аттарын қалпына келтіру оңай
шаруа емес
– 1953-1954 жылдары ұжымшардың малын баққан кезде осы үйде қыстаған едім. Сонда ауылдың шалдары «бұл үйде бір үлкен аруақты адам туған, сыйлаңдар, жақсы ұстаңдар» деп айтып отыратын. Ол кезде Ахметтің атын анық айта алмайтын кез ғой. Ауылдың жастарына рахмет, тура мен айтқандай етіп жасап шықты, іші де, пеші де, сырты да баяғы үйден аумай қалды, – дейді ауыл ақсақалы Темір Қосаев. – Ұлы адамның аруағы да қолдаған шығар.
Үйге ақкөлдіктер сырмақ төсеп, дөңгелек үстелге дастархан жайып, Ахаң келіндерінің бірі Қалима ауылдың сары қымызын сапырды иісін бұрқыратып. Ақкөліне Ахаңның өзі келіп қалғандай, жұрттың барлығы арқа-жарқа. Үйдің ішіне салған қарлығаштың ұясы ұлы адамның балалығын көз алдыңа келтіргендей, бір жылылық еседі. Ахаңның үйіндегі дастархан басында ауылдастар мен «Ауылым – алтын бесігім» баспасөз турына қатысушылар келелі әңгіме қозғады.
– Ендігі тілегіміз, осы үй мемлекет қарауына алынса екен дейміз. Музей болса, осында тәу етіп келгендер атамыздың өмірі, жалпы қазақ даласының тарихы туралы материалдарға көзі қанығар еді. Мен үйдің айналасына егуге сегіз түп ағаш әкеліп қойдым, ауылдан бес шақырымға қатынап, күн сайын оны суару да бізге жеңіл емес. Ибрагим Ағытай мен Темір Қосаев ақсақалдар осы үйді музей ету туралы Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің өзіне хат жазып жіберген екен. Министрдің тапсырмасымен қазір облыстық мәдениет басқармасы қарап жатқан көрінеді, – деді Қарасу ауылдық округінің әкімі Сүндетбай Оразбаев.
Ақкөл бес жылдан бері тасыған жоқ. Қуаңшылық даланы қуырып тұр. Осындай табиғаты кіді жердің ұлы адамдарды тудыратыны осында келгендердің көкейінде кететін жұмбағы. Ауыл бақша егуден қалған, су жоқ. Ахаңның ауылдастары малдың, Ақкөлдің балығының арқасында отыр. Әр үйде кемінде 5-6 сиыр, 30-40 уақ мал бар. Аздап жылқы да ұстайды. Қуаңшылыққа байланысты Торғайда шөп биыл көп емес, қолға ілінгенін ақкөлдіктер де несібеге қарай жинап алады. Ақкөл екі ауылды балықпен асырап отыр, көлдің арқасында ауыл адамдарына аздап жұмыс та болып тұр. Инфрақұрылымды, әлеуметтік мәселелерді қатырмаған соң жас мамандар бұл аймақтан қашқақтайтыны жасырын емес. Бәрі де қаржыға келіп тіреле береді. Торғайдың, оның ішінде Ақкөлге дейінгі жолдың азабын жұрт айта-айта шаршаған. Қаржы демекші, игерсе Ақкөл мен Қарасу ауылдарының айналасында қара тұз кені, ыстық бұлақ, емдік балшық жатыр. Оларды ауылдастар іске асырғысы-ақ келеді, бірақ тағы сол қаржы жағы қинайды.
– Тұзды да, балшықты да қанша алғанмен азаймайды, дереу қайта қалпына келетін кереметі бар, – дейді ауылдастар.
– Адамнан басқаның бәрі де орнына келеді екен, – дейміз біз.
– Адам да орнына келеді! – деп ұтып кетті ауыл ағасы Байжан Әбілев. – Ақкөлде 600 адам ғана тұрады, өткен жылы ауылда 25 сәби дүниеге келді! Ақкөл ауылындағы А.Қоңқабаев атындағы мектепте 160 бала оқиды, шағын орталықтағы баланың саны 90-ға жуық. Жаңадан салынған Қарасу мектебінде 170-тен аса бала оқиды. Мектептердің іші заңғырап тұр! Бұл Ахаңдай арыстардың өтеуі емес пе?
Ақкөлде рухы мықтылар тұрады дедік. Жаңбырсыз таңдайы кеуіп, шөліркеп жатқан шексіз далаға кімнің болсын келгісі келіп, аңсары ауып тұрады. Олар адамдардың ақ пейілінен, олардың тарихқа құрметпен қарайтын елгезектігінен байып кетеді. Бұл жолы баспасөз турына қатысқандар да сондай тамаша сезімді бастан кешті.
Информация о работе Ақылбек Шаяхмет. Тарихи атаулар қайта оралуы керек