Банктік ресурстар және олардың құралу көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 23:20, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Содержание

Кіріспе
I Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы.
1.1. Банк ресурстарының ұғымы мен құрылымы.
1.2. Банк ресурстарын құрайтын операциялар.
IІ Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі.
2.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы.
2.2. Банк меншік капиталының көздері мен қызметі, жіктелуі
2.3 Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі.
2.4 Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Банк ресурстары.doc

— 258.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасында  банктің жарғылық капиталын қалыптастыру процессі төмендегі заңдар мен нормативтік актілермен реттеледі: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Акцияларды шығаруды рәсімдеу, заңды күшін жою тәртібі туралы ереже және Қазақстан Республикасында акциялар шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарц 1996 жылғы 29 қарашадағы №141 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында жегелеген банк операцияларын іске асыратын банктер мен ұйымдар шығаратын акциялар мен облигацияларды эмиссия проспектілерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде сараптамадан өту тәртібі туралы» 1995 жылғы 15 мамырдағы №251 уақытша нұсқау, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Акциялардың эмиссиясын жүргізу кезінде банктер Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінде сараптаудан  өтуі тиіс. Ол бағалы қағаздардың шығарылымы бойынша шығарылым көлемі, инвесторлар саны және орналастыру тәсіліне қарамастан және шығарылым мен орналастыру қорытындылары есебі бойынша жузеге асырылады.

Ұлттық банктегі сараптама және қорытынды төмендегідей жағдайларда өткізіледі:

  • Банкті ашқанда және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырғанда;
  • Банкті қайта ұйымдастыру (қосу, бөлу, біріктіру, оқшаулау, қайта құру);
  • Қосымша акция шығару жолымен банктің жарғылық капиталының көлемін көбейткенде немесе акцияның номеналдық құнын көбейткенде;
  • Банк капиталының мөлшерінің өзгермегені кезінде немесе акцияның номеналдық құнынын өзгерген жағдайында;
  • Акцияның номеналдық құнын азайту жолымен немесе акциялардың жалпы санын азайту мақсатында меншікті акциялардың бір бөлігін сатып алу жолымен жарғылық капиталының мөлшерін азайту жағдайында;
  • Облигациялар шығарған кезде;

Бағалы қағаздар шығару проспектілерін сараптаудан  өткізу үшін банк, Ұлттық банкке төмендегі  құжаттарды ұсынады:

  1. Еркін түрде жазылған және банк басшысы қолымен куәландырылған өтініш;
  2. Бұдан бұрыңғы бағалы қағаздарды шығарылуын тіркеу және оның қорытындысы туралы қабылданған есептер құжаттарының көшірмелері;
  3. Банктің жарғысы мен құрылтай шартына өзгерістер еңгізу туралы банктің өтініші және жарғы мен құрылтай шартына енгізілген нотариалды рассталған өзгерістер (егер ондайлар бар болса);
  4. Бағалы қағаздар шығару түрі көрсетілген (құжатты және құжаттсыз), заңдылық талаптарына сәйкес толтырылған, акциялар шығару туралы шешім қабылданған, акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасының көшірмесі, сондай-ақ жарғылық капиталдың қалыптастыру көздері;
  5. Банктер үшін өкілетті орган белгілеген нысан бойынша құрылған эмиссия проспектісі (үш данада);
  6. Банк қызметін аудиторлық тексеруге құқылы лицензиясы бар, соңғы қаржы жылынжағы банктің табысы мен шығындары туралы есеп пен баланстың сенімділігін растайтын аудитор немесе аудиторлық ұйымның есебінің көшірмесі;
  7. Құрылтайшылар мен акционерлердің өкілетті аудиторлық қызмет пен аудитор растаған соңғы қаржы жылындағы баланстың есебі мен табыстар мен шығындар туралы есебі, бірінші басшы, бас бухгалтер қол қойған, ұйымның мөрімен расталған соңғы есептік күндегі табыстар мен шығындар туралы есеп;

Бағалы қағаздарды эмиссия проспектісін сараптамадан өткізу кезінде банкті қайта ұйымдастырған  жағдайда, Ұлттық банкке төмендегі  қосымша құжаттар ұсынылады:

  1. Қосылу, бірігу жағдайында - өткізу-қабылдау актілері көшірмелері, қосылу туралы шарттар, белгіленген заңды тәртіппен толтырылған шоғырлама балансы;
  2. Бөлінген, оқшауланған жағдайда – бөліну балансы;
  3. Қайта құрған жағдайда - өткізу-қабылдау актісі және жаңа құрылған банктің тіркелген күнгі балансы;

Ұлттық банк жағымсыз қорытынды беруі де мүмкін. Оған мыналар негіз бола алады:

  • Ұсынылған құжаттардың заңдылыққа сәйкессіздігі;
  • Эмисся проспектісіне кіргізілген мәліметтердің бағалы қағаз шығарушының нақты қаржылық жағдайына сәйкессіздігі;
  • Ұлттық банктің келісімінен өтпеген банктің басшы қызметкерлерінің бар болғаны: директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы және бас бухгалтер;
  • Салымшылар мен кредиторлардың мүддесін қорғау үшін Қазақстан Республикасының қажылық ұйымдар мен қаржы нарығын қдағалау мен реттеу агенттігімен белгілеген пруденциялдық нормативтерді бұзуына алып келетін, жарғылық капиталын азайту туралы шешімінің қабылдануы;
  • Құрылтайшылар мен акционерлердің қаржылық жағдайы нашар болуы;

Бағалы қағаздардың  эмиссия проспектісі жөнінде  жағымды қорытынды беруден бас  тарту туралы Ұлттық банктің мәліметі банкке жазбаша түрде беріледі.

Шығарушы банктердің әрбір бағалы қағаз шығаруы, орналастыру  тәсілінен тәуелсіз, оларды шығару үшін проспекттер құру мен эмиссия проспектінің сараптамадан өтуіне алып келеді.

Алғашқы шығаруды тіркеу үшін банк құру туралы Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінің рұқсаты  негіз бола алады. Жекелеген банк операцияларын іске асыратын банктер  мен ұйымдар шығаруды тіркеу кезінде өкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде сараптамадан өткен және аудиторлық қорытындысымен бекітілген қосымша шығару проспектісін ұсынады.

Акцияларды  одан әрі (қосымша) шығарғанда:

    • Өтініш;
    • Акцияларды қосымша шығару туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
    • Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
    • Жарғылық капиталының көлемінің өзгергені туралы көрсетілген статистикалық карточканың көшірмесі;
    • Қосымшалар мен өзгерістер енгізілген, нотариалды расталған жарғы көшірмесі немесе жарғыға өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
    • Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер еңгізілген датадан бастап, бір ай мерзімде тіркеуші органның хабарламасын растайтын пошталық түбіртек немесебасқада құжаттар (егер қоғам көрсетілген өзгерістермен қайта тіркеуден өтпеген <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family:

Информация о работе Банктік ресурстар және олардың құралу көздері