«Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 16:55, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.

Содержание

1. ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІ

1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі

1.2 Жалпы өндіріске жұмсалған шығындар

1.3 Өндірістік есеппен шығындарды өндірісте ұйымдастыру

2. «Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі.

2.1 Құрылыс және өнеркәсіптегі бухгалтерлік «Бұлақ» өндірістік кооперативінің реквизиттері.

2.2«Бұлақ» өндірістік кооперативінің синтетикалық шоттар бойынша есеп регистірлерін құру.

2.3. «Бұлақ» өндірістік кооперативінің өткізілген өнім, жұмыстар бойынша (салық есебі ) шығындарды анықтау.

3.1 Өнімді өндіру және сату шығындарын төмендетудің негізгі жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................36

Вложенные файлы: 1 файл

құрылыс өнд шығындары.doc

— 290.50 Кб (Скачать файл)

Өзіндік құнның мәнін  анықтауда, өзіндік құнның дәйектерін білу қажет. Өзіндік құнның  дәйегі бухгалтелік есепте қаражаттардың өзіндік  құнына негізделеді, ол  нарықтық құнға негізделмейді.

Ал, нарықтық құнды қолдану  қиынға соғады, өйткені бухгалтер  әрбір қаражат бірлігінің нарықтық құнының төмендеуі мен жоғарлауын қадағалап отыруы керек болады. Сонымен, шығындар өзіндік құн бойынша бағаланады. Бухгалтерлік есеп жүйесінде өзіндік құнның дәйегі нақты мәліметтерді бере алады. Өндірілген өнімнің, атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің  өзіндік құны нақты құжаттарға негізделеді. Олардың көмегімен өндіріс шығындарының сомасы анықталынады.

Өзіндік құн-тауарларды сатып алу құны немесе бағасы деген  көзқараста бар. Қаржылық бухгалтерия 8-ші бөлімшелеріне енетін  шоттарды жүргізіп, есептің  Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және кәсіпорынның қаржылық есеп беруін жасайды.

Ал, басқару бухгалтериясы  шоттардың 8-бөлімшелеріне  енетін шоттарды  пайдаланылады. Ол өндіріс шығындары  туралы ақпаратты қорытып, өзіндік  құнды  калькуляциялайды, өндіріс  шығындардың нормалары мен  нормативтерін  талдап және олардың орындалуын  бақылайды, өндірістегі жартылай  фабрикаттардың  қозғалысын есепке  алып есептің бүкіл  көлемін  нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады.

Басқару бухгалтериясы  жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын өндірісті басқарудың озық  денгейін  ұйымдастыруды, жаңалықтарды өз бәсекелестері өзінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамассыз етеді. Сондықтан  басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін  ғана  емес, сонымен бірге осы кәсіпорын қызметкерлері үшін де  «жабық» (құпия ) болуы мүмкін.

Өндірістің өзіндік  құны:

- материалдардан;

-өндіріс жұмысшыларының  еңбек ақысынан;

-еңбекақыдан бөлінетін  аударымдардан;

-құжаттық шығындардан  тұрады.

Өндірістің көлеміне қатынасы бойынша өндірістік шығындар келесі топтарға бөлінеді:

-тұрақты-өнімнің шығару  көлемінің өзгеруіне шығындардың  көлемі өзгермейді;

-өзгермелі-өнімді шығару  көлемінің өзгеруіне сәйкес шығындардың  көлемінің жоғарлауы,төмендеуі.

Өндіріс шығындары 

 Өзгермелі шығындар


 
                         4000 ---------------------------


                 3000 ------------------- 

                 2000 -----------                                                  

                1000  ---                                                    Өндіріс көлемі


100 200 300 400

 

1.3    Өндірістік  есеппен шығындарды өндірісте   ұйымдастыру

 

Өндіріс шығындарының талдамалық есебі калькуляция обьектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша  шығын бабтарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық карточкаларда немесе ведомостарда  қаралады.

Өндіріске жұмсалған  шығындарды олардың құжаттары бойынша  қандай  калькуляциялау  обьектісіне  жататындығын белгілеу үшін,  есеп обьектілерін,  шығын  баптарын коттайды  және  құжаттық шығындарын  ажыратады.

Жалпы  кәсіпорында өндіріс шығындарын есепке алу  үшін,  кәсіпорынның  бухгалтерясының  құрамында,  жоғарыда  аталғандай, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болады.

Негізгі өндірісте тұтынатын  өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс қосалқы өндіріс деп аталады.

Қосалқы өндірістің талдамалық есебі әрбір цехта, өнім түрлері, шығын баптары бойынша жүргізіледі. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі  мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық  және  технологиялық  шығыстарды, электр  энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланылатын материалдардан  буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны,  еңбекақыдан  аударатын аударымдарды, үстеме шығындарды  қосады.

   Қосалқы өндірістің  көрсетілген қызметін және атқарған  жұмысын тұтынушлар үшін тарату  үшін «Қосалқы өндірістің қызметін  тарату» деп  аталатын  талдамалы   кестесін  жасайды. Онда әрбір  қосалқы цехтардың  жиынтық  шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі. Қосалқы өндірістің өнім санын шоттарының көрсеткіштері бойынша немесе шамамен анықтайды.

«Қосалқы өндіріс  қызметін таратудың» талдамалық кестесі  үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімінде: өнімнің,  жұмыстардың,  көрсетілген  қызметтердің және қосалқы өндірістер шығындарының, ондағы материалдық  құндылықтардың  іс-жүзіндегі  өзіндік  құны  есепке  шығарылады  және олардың  жоспарлы  өзіндік  құны келтіріледі.  Қабылданған  және көрсетілген  қарама-қарсы  қызметтердің  өзіндік  құны  тең  болуға  тиіс.

 Екінші бөлімінде:  алынған және көрсетілген қызметтердің  саны мен жоспарлы  өзіндік   құны,  негізгі тұтынушыларға   босатылған қызметтердің  саны  мен құны,  материалдық шоттарға  кіріске  алынған  құндылықтардың  құны көрсетіледі,  өнімнің  жұмыстармен  көрсетілген қызметтердің  бір өлшемнің  өзіндік  құны  анықталады.

 Үшінші бөлімінде:  көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы  болып саналмайтын  бөлімшелердің  шығындарын  тартылғанын көрсетеді.

Тұрғын үй құрылысында  жұмыс жасайтын жұмысшылардың еңбек ақысы, яғни құрылыс бригадасына құрылыс материалдарының шығындырының 60 пайызы  910,318 мың тенге жұмсалған.

Құжаттық шығындар тұрғын үй құрылысы үшін 1515395                      кеткен.Сонымен, тұрғын үйдің өзіндік  құнының жалпы шығындардың ішінде                         1954200 сату бағасы алады.          

Өзіндік құн кәсіпорынның негізгі жұмысын сипаттайтын  негізгі көрсеткіші болып отыр. Оның деңгейінен шаруашылық кәсіпорынының  қызметінің қаржылық нәтижелері тәуелді  болып келеді.

Тиімді қысқа мерзімді шешімдерді қабылдау үшін шаруашылық кәсіпорынының табысына сату бағасының ықпалын және қосымша тұрақты шығындарды жабу үшін қанша сату көлемі қажет екенін білу қажет.

Бұл және басқа сұрақтарға кәсіпорынның шығынсыздығы туралы мәліметтерге талдау жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ол үшін өндіріс көлемі мен сатудан түскен жиынтық табыс өзгерістерінің, шығындар және таза кіріс арасындағы тәуелділігін қарастыру қажет. Шығынсыздықты талдау мақсаты,өндіріс көлемі немесе көрсетілетін қызметтің белгілі-бір  деңгейі өзгерсе, қаржы нәтижелері қалай болатынын қарастыру. Шығынсыздықты талдау шығындар мен пайдалардың белгілі- бір кезеңдегі тәуелділігіне негізделеді.

Өзгермелі шығындар және көрсетілетін құрылыс жұмыстары  өндіріс деңгейіне тәуелсіз болып келеді. Бұл ақпараттар әсіресе шаруашылық кәсіпорынының басшысы үшін маңызды болып отыр. Шығынсыздықты талдау белгілі-бір нүктені анықтайды, оған жеткенде кәсіпорын өзінің шығындарын жабады және пайдасы нөлге тең болады. Бұл көрсеткіш шаруашылық кәсіпорынының бәсекелестік жағдайында баға құру мүмкіндігін бағалауға әсер етеді.

Шығынсыздықты талдаудың  нәтижесінде кәсіпорын өзінің шығындары  мен табыстары нөлге тең етіп жабуға жеткен нүктені анықтауға  мүмкіндік береді және сатудан түскен табыс өндіріс шығындарына теңдігін анықтайды.

Сатылған өнімнің, кәсіпорын  үшін алатын болсақ, құрылыс жұмыстары, яғни тұрғын үй құрылысының нақты  санымен өнімді сату көлемінің шығынсыздығы-қауіпсіздік  аумағы, белгілі-бір пайда аумағы.

Пайда аумағы кеңейген сайын, шаруашылық кәсіпорынының қаржылық тұрақтылығы да жоғары болып есептеледі.

Сатудың шығынсыздық  көлемі және шаруашылық кәсіпорынының  қауіпсіздік аумағы - бизнес жоспарларды  талдауда негізгі көрсеткіштердің  бірі болып табылады. Бұл көрсеткішті  шаруашылық шешімдерді негіздеуде, кәсіпорынның қызметін бағалауда, әрбір бухгалтер талдауын жүргізе алуы қажет. Кәсіпкерлік жобаның шығынсыздық нүктесі шартты тұрақты шығындардың көлемінің тауар бағасы мен шартты өзгермелі шығындар соммасының көлемінің айырымының қатынасына тең.

Шартты тұрақты шығындарға құжаттық шығындар, алынған несиелер, оларға есептелген пайыздар, амортизациялық аударымдар жатады. Шартты өзгермелі  шығындарға құрылыс материалдарының  бағалары, шикізаттар, электр энергиясы, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы және т.б. жатады.

Құрылыс кәсіпорынында  өндірістік шығындардың көп үлесін негізінен құрылыс жұмыстары  және құрылыс материалдары алады. Активтердің  азаюын енгізетін шығындар, яғни құрылыс  материалдары жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен окиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алатын болып күт

Материалдар. Шикізаттар мен матариалдар-өнімді  әзірлеу  кезінде пайда болатын немесе осы әзірлеу кезінде қажетті  компоненттер болып табылатын шикізаттар мен материалдарға жұсалған шығындар.

  Лимиттік-алу карталары  және талап-накладнойы жұмсалған  шикізаттар мен материалдарды,  сондай-ақ сатып алынған материалдарды,  өндірістен  есептеп  шығару  үшін  негіз  болып  табылады.Технологиялық   процесстің  сипатына  және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің  біртектілігіне қарай  қосалқы өндіріс  қарапайым  және  күрделі  болып  бөлінеді №1 кестеде көрсетілген.

Құрылыс кәсіпорынында  өндірістік шығындардың көп үлесін негізінен құрылыс жұмыстары  және құрылыс материалдары алады. Активтердің азаюын енгізетін шығындар, яғни құрылыс материалдары жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен окиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алатын болып күтіледі.

Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарының құны қосылмайды.

Өндірістік өзіндік  құнға құрылыс материалдары, құрылыс  жұмысшыларының еңбек ақылары, еңбек  ақыдан бөлінетін аударымдар, құжаттық шығындар, негізгі қорлардың және материалдық емес активтердің амортизациясының тозуы, жалға алу ақылары, өзгелер  кіреді. Жұмыстарды атқарған, қызметтерді көрсеткен кезде өндірістік өзіндік құнға қосылатын шығындар, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құны кіреді.

Көмекші материалдар  тұрақты технологиялық  процестерді  қамтамазсыз ету үшін  негізгі  материалдарды  шығару  кезінде  пайданалған  көмекші материалдардың шығыны. Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген  шығыс  нормасы  бойынша  өнімнің  өзіндік  құнына енеді, ол үшін  өнім  бірлігіне  есептелген сметалық мөлшерлемесі пайданалады.  Шығыс нормасы мен  бағасы  өзгеретін  болса, аталған  мөлшерлеме  қайта қаралуы  мумкін.

  Көмекші  материалдың   нақты шығысы әрбір өнімнің  өзіндік құнына, тауарлы өнімге  және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша  пропорцианалды түрде таратылады.

 Қайтарылған қалдықтар  болып: материалдар,  шикізаттар,  шала  фабрикаттар,  жылуды  сақтайтын  материалдар т.б.  материалдық   ресурстар  саналады,  бірақ   олар өзінің сапасын,  тұтыну  қасиетін  жоғалтуына  байланысты,  тікелей  өз  мақсаттары бойынша пайдаланбауы мүмкін.

Қалдықтар келесі тәртіпте бағаланады:

-қалдықтар  қайта  өңдеуге немесе сыртқа сатуға  кетсе, олардың жинау мен өңдеуге  жұмсалған шығындарын шегере  отырып,  қалдықтарға  белгіленген  бағасы  бойынша;

-егер де қалдықтар  шартқа сәйкес шикізат немесе  толыққанды материалдар ретінде  пайдалану үшін сатылса, онда  шикізаттар немесе  материалдар  бастапқы толық бағасы бойынша  бағаланады.

Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру просецінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын (химиялық немесе физикалық қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және соның салдарынан көтеріңкі шығындармен пайданылатын немесе  негізгі  мақсатқа  мүлдем  пайдаланбайтын  шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар, жылу таратқыштар және басқа да  материалдақ  ресурстар  түрлерінің  қалдықтарын  айтамыз.

Еңбекақы - «Еңбекақы» бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің  сыйлықақыларын   қоса алғанда, кәсіпорынның  негізгі  өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік төлемдері, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамына  мыналар  енгізледі;

-кәсіпорында қабылданған  еңбекақы төлеу  жүйесімен   және  нысанымен, сондай-ақ жеке келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және тарифтік  мөлшерлемесі,  еңбекке  кесімді  ақы төлеу бағасы арқылы   нақты орындалған  жұмысқа  есептелінген  жалақысы;

-ынталандыру сипатындағы  төлемдер: өндірістік нәтижелер  үшін берілетін сыйлықақылар,  кәсіптік  шеберлігі,  еңбектегі жоғары  табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін  төленетін тарифтік  ставкалары мен айлықақыларға қосылтын  үстеме ақылары;

-жұмыс режимімен және  еңбек жағдайларымен байланысты  өтемдік сипаттағы төлемдер, оның ішінде; түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көп ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, мамандықты қосып атқарғандығы,  қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшін заңдарда белгіленген жағдайлар үшін  тарифтік  ставкалар мен айлықақыларға  қосылатын  үстеме ақылар  мен  қосымша  үстеме  ақылар.

Информация о работе «Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі