«Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 16:55, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.

Содержание

1. ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІ

1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі

1.2 Жалпы өндіріске жұмсалған шығындар

1.3 Өндірістік есеппен шығындарды өндірісте ұйымдастыру

2. «Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі.

2.1 Құрылыс және өнеркәсіптегі бухгалтерлік «Бұлақ» өндірістік кооперативінің реквизиттері.

2.2«Бұлақ» өндірістік кооперативінің синтетикалық шоттар бойынша есеп регистірлерін құру.

2.3. «Бұлақ» өндірістік кооперативінің өткізілген өнім, жұмыстар бойынша (салық есебі ) шығындарды анықтау.

3.1 Өнімді өндіру және сату шығындарын төмендетудің негізгі жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................36

Вложенные файлы: 1 файл

құрылыс өнд шығындары.doc

— 290.50 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі заманда салалар масштабында шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді.

Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторларға:

  • Тұтынудың өсуі осы себепті өндірістің жекеленуін көздеу;
  • Шығарылымдардың ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруы, алмастырудың қажеттігі;
  • НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама шығындары.

Екіншісі, жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді  көздейтінімен байланысты.

Әрбір рыноктағы кәсіпорын келесідей шешім қабылдауға ынталы болады, яғни жоғары пайданы қамтамасыз ету.  Осы шартты орындауда негізгі көрсеткіштің бірі шығындарды азайту болып табылады.

Шығындар – белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстар көлемінің ақшалай көрінісі. Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар.

Шығынның мақсаты – шығындардың жеке-жеке өлшенуіне байланысты кез-келген қызмет түрі болып табылады.


 

Тікелей шығындар                                       Үстеме шығындар

 

 

Қорларды бағалау  үшін шығындарды жіктеу

Өнім шығындары дайын өнім өндірумен байланысты. Бұл шығындарға негізгі материалдар, негізгі еңбек шығындары және өндірістік жанама шығындар жатады.

Мерзім шығындары сол кезеңде ғана пайда болып, қалдық құнға қосылмайтын шығындарды айтамыз. Бұл шығындарға сату және административтік шығындарды жатқызуға болады.

Өнімнің өндірістік өзіндік  құнына қосылуына байланысты шығындар келесі екі топқа тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей шығындар нақты шығарылған өнімнің түріне байланысты. Ол өнімнің өзіндік құнына тікелей апарылады. Бұл шығындарды өнім өндіруге қаншалықты қажеттігін және оның құрамын алдын-ала толық анықтауға мүмкіндік болады. Тікелей шығындарға жататындар: шикізат шығындары, өндірістік жұмысшылардың жалақысы мен материалдар, яғни бұлар бастапқы шығындар болып табылады.

Жанама шығындар жалпы өнеркәсіптегі бірнеше өнім түрлеріне қатысты шығындар. Бұл шығындарға әдеттегідей өндірістік үстеме шығындар жатады, яғни ол шығындарды бір өнім түріне тікелей апаруға келмейтін, сондықтан бұл шығындардың жалпы қосындысын белгілі бір арнайы қойылымдар арқылы шығарылған өнімнің өзіндік құнына қосады.

Шығындарды жүйелі түрде  төмендету – кәсіпорындардың  жұмыс істеу тиімдлігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі  бағыттарын айтуға болады:

  • ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану ;
  • өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
  • экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл  бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат  және материалдар, оның ішінде отын-энергия  ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру

Шығынның белгілі бір  мөлшерін мейлінше тиімді ету –  шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін  шешуге келгенде басты талап осы  болып отыр. Тек қанша өнім өндіргенін ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұжымдарының  ішкі шаруашылық резервтерін тауып  пйдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға таппыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс қорларды неғұрлім тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелігін жақсартудың есебінен арттыру.

Өндірісті және еңбекті  ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар  барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапонық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.

Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шарттқа айналған обьективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндіріс шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

Өзіндік құнды кемітудің  басты факторлары:

    • өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
    • өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
    • басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
    • технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік  қүнын калькуляциялаудың нормативтік  өдісін негізінен жаппай өндіріспен шүғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнін езіндік қүнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық жәңе нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардын, жалақының жүмсалуы жөне өнім дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталардын негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары бойынша жасалады. Оларды жасау кезіңде қолданыста жүрген өндірістік технологияны, жалақы жөніндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен сатып алынған шала фабрикаттардың жұмсалу нормаларын негізге ала отырып, бастапқы массасы, таза массасы, қалдықтары, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттарға қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген тоқсандық сметасы ескеріледі.

Нормалардың жөне шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ кәсіпорынның мудделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық процесстерін жөне басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы төртібін ретгеу аркылы жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және таразылау-өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудін, материалдарды сақтау және өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері бойынша (егер энергия және баска да шығындар тікелей жолмен өнімге жатқызылса) және тұтастай алғанда судың, будың, газдын, электр энергиясының тұтыньшуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың маңыздылығы зор.

Нормативтік әдістің  кезінде әрекет етіп тұрған норма  мен оның ауытқуы шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер  ендірісті үйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жендеуге, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді.

Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардың үнемделуі  немесе артық жүмсалуы, нормадан ауытқуы  табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпорынның ұйымдық-техникалық жұмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін баяндайды.

Өндірістегі шығындардык  жиынтық есебі шығындардың жиынтық  есебі ведомосында жүргізіледі. Біртектес бұйымдардың жекелеген  түрлері немесе тобы калькуляциялау объектілері болатындығын, біртектес өнімнің бірін немесе бірнеше түрлерін жасауға жұмсалған шығындарды есептеу үщін ведомоста осыған үксас шоттар ашылады.

Машиналар мен жабдықтарды  пайдалану мен күтіп ұстауға  кеткен шығындарды (егер үстеме шығындардың  бұл тобы есепте бөліп көрсетілетін болса) өнім түрлері бойынша таратады, бірақ ол кезде өнімді әзірлеу кезінде қолданған құрал-жабдықтың жұмыс істеген сағатының деңгейі, яғни өндіріске қажет болған машина/сағатының саны ескеріледі. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды тарату кезінде сметалық (нормативтік) ставкасын пайдалану керек, ал олар, өдетте, бұйымды өзірлеу үшін қажет технология бойынша құрал-жабдықтардың жұмыс істеген машина/сағатының саны бойынша, құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша белгіленген, шығын коэффициенті бойынша, және бір машина/сағатының жоспарлы өзіндік құны бойынша есептелінеді.

Өткізілетін өнімнің  толық өзіндік құнын анықтауда  бұл қалдықтар есепті кезеңінен  нақтылы өндірістік өзіндік құн  бойынша олардың нақты (күтулі) мөлшерінде алынады. Жоспарлы кезеңнің аяғында өнім қалдығының құрамында алғашқы екі элемент қана есептеленеді, өйткені сатып алушы уақытында төлемеген жөне сатып алушы жауапкершілігіндегі сақтаудағы тауарлар ЖШС «Гермес» кәсіпорында есепті және келісімшарттық тәртіпті бұзу болып саналады, сондықтан жоспарланбайды. Жоспарлы кезеңнің аяғында өткізілмеген өнім қалдықтарын анықтауда өндірістік өзіндік құн және запас нормасы бойынша біркүндік өнім шығарылымысүт шығады. Жылдық жоспарлауда 4 тоқсан, тоқсандық жоспарлауда сөйкес тоқсан көрсеткіштері қолданылады.

Ұйымда өнімді өткізу бөлімі бар оның ең негізгі бөлігі болып дайын өнімді Алматы қаласындағы  нарықтарға және дүкендерге тиімді өткізу. Компанияда өзінің дистрибьютерлік  жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Аламаты  қаласында ғана емес сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.

Өнімді өткізу үшін, өнімнің  бағасы оның өзіндік құнына, биржа  нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. Баға орнатудың ең негізгі қағидасы ол – беріктілік, өнім сапасының  деңгейі, бәсекеқабілеттілігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  Қорыта келгенде, өндірістің  және оның құрылымының дамуы  үшін ең бастысы оған жұмсалатын  шығындардың негізін, олардың  құрылымын, шығындарды барынша  азайту шараларын қадағалап, экономикалық  максималды пайда табуды іске асыру керек.

Әлемдiк шаруашылықтың жаһандануына байланысты Қазақстан Республикасы алдағы жылдары Бүкiл Әлемдiк Сауда  Ұйымына өтуге дайындалуыда. Ол үшiн  елiмiздiң экономикасының қаржы секторының мығым болуымен қатар,  экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

    Калькуляциялау  кезінде өнімнің өзіндік құнының   калькуляциясын және шығындарды  есептеу объектісін дұрыс белгілеу  өте үлкен рөль атқарады.

   Шығындардың есеп  объектісі болып сол шығындардың  өндірістегі аналитикалық есебі саналады. Калькуляцияның объектісі болып өнім түрлері, жұмыстар қызметтер саналады. Өнеркәсіпте есеп объектісі өте жиі калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді.

    Ұйым шығындары  (негізгі еңбек, негізгі материалдар  және өндірістік үстеме шығындар) өндірістік өнімнің есебі және сатылған өнімнің өзіндік құнының есебі ретінде көрініс табады. Бұл есептер жекелеп немесе өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құны есебі болуы мүмкін. Осы аталған кәсіпорын шығындарын реттеп тиімді ұйымдастыруда кәсіпорынның қаржылық менеджмент қызметінің маңызы зор болып табылады.

Өндірілген өнімнің  өзіндік құны  өндірістік мерзімдегі дайын өнім өндіруге қатысты өндірістік шығындарды есепке алады. Өндірістік шығындардың  өндірілген өнімнің өзіндік құнына енуі мерзім аралығында аяқталмаған өндіріске байланысты ұлғаюы немесе кемуі мүмкін.

Шығындар – бұл  кәсіпорынның өзінің өндірілетін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай  түріндегі шығындары.

Өндіріс процессінде  айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады.

Өндірістік шығындар (негізгі еңбек, негізгі материалдар  және өндірістік үстеме шығындар) өндірістік өнімнің есебі және сатылған өнімнің  өзіндік құнының есебі ретінде көрініс табады. Бұл есептер жекелеп немесе өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құны есебі болуы мүмкін.

Информация о работе «Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі