Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 06:43, курсовая работа
Зерттеулердің өзектілігі. Ғылыми жұмыстың тақырыбы актуалды. Қазақстанның тәуелсіздің алуы республикамызыдың мемлекттілігінің құрылуына жаңа сапалы кезеңді ашты, мемлекеттік биліктің тиімді орналасуына белсенді бастау болды.
Нақты контекстіде жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелерін ғылыми түсіну мен практикалық шешу қажеттілігі пайда болды. Оның саяси және заң ғылымдарымен белсенді зерттелуі Қазақстанды 90-шы жылдардан бері болып жатқан процестерге тікелей байланысты.
Орталық және жергілікті органдар арасындағы құзыретті бөлмейінше және мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамытпайынша Қазақстан Республикасындағы саяси жүйе бәсекелестәкке қаілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын жүзеге асыруға дайын болмайды.
.
Маршаковтың еңбегінде мемлекеттік басқарудың тиіміділігін бағалаудың екі әдісі көрсетілген – саясат пен программаларды бағалау (policy/program evaluation) және нәтижелікті бағалау (performance measurement) [12 ].
Жалпы жергілікті басқару органдарының тиіміділігі мен оларға деген сенімділікі бағалуды негізгі 4 кезеңге бөлуге болады:
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қоғамдық сенімділік деңгейін анықтау методикасы.
Теориялық түсініктерге эмпирикалық мазмұн беру әрдайым қиын міндет, әсіресе сенімді бағалауда.
Сенімділік әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде қарастырылуыны қажетті назар аударылмайтынын ескеру керек. Мемлекеттік билік органдарына деген сенім баса назарға ие болу керек. Әрине, саяси сфераға сенімділік спецификасыныы функционалдануын зерттейтңн жұмыстар қазіргі таңда өте аз.бідің елде болып жатқан саяси жүйенің реформаларын, қоғамның демократияландырылуын ескере отырып тұр,ыгардың мемлекеттік билік органдарына деген еснімдігін анализдеу қазіргі билікке, әсіресе жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға сенімділігнін көтеружолдарын іздестіруге өте қажет.
17
Сенімділіктің көпқырлығын ескере отыра оны тек біржақты, тек бір ғана көрсеткішті қолдана отырып қарастыруға болмайды. Өйткені сенімділік бұл әлеуметтік-экономикалық сферада, саясатта, идеологияда жүріп жататын түрлі процестерді билік органдарының жүктелген функцияларды орындауымен қанағаттану нәтижесімен бағалау жиынтығы. Жоғарыда айтылғандардан нәтиже шығара отырып, сенімділікті бағалаудың келесі индикаторларын ұсынуға болады: электоральды қаьысу, тұрғындардың ЖӨӨБ органдарына баруы, әлеуметтік сұраулар, жаппай акциялар.
Жергілікті өзін-өзі басқару огандарының тиміділігін бағалау методикасы.
Тиімділікті зерттей отыра ең алдымен тиімділік басқарудың интегралды және құрылымдық сипаттамасы екенін ескеру керек, ал бұл басқарудың тиіміділігінің универсалды критерийлерінің жоқ екендігін көрсетеді. Яғни, тиімңділкті анықтағанда зерттеу обьектілерінің компетенциясындағы нақты салалардың сандық көрсеткіштерін де және сапалық көрсеткіштерін де ескеру қажет. Шын мәнінде, тиімділік дегеніміз аз шығын жұсай отырып белгілі бір уақыт аралығында қажетті мақсатқа жету.
Тиімділікті бағалауда келесідей «міндетті жұмыстар» алынған-ды: қалалық маңызы бар қала жолдарын жөндеу жұмыстары, әлеуметтік сфералы обьектілердің салынуы, демографиялық көрсеткіштер, миграция, тұрғын-үй құрылысы, жұмыссыздық деңгейі, жемқорлық деңгейі, қылмыстық жағдай, ЖӨӨБ органдырынң жұмысымен тұрғындардың қанағаттануы.
1-кесте. Ақтөбе облысының статистикалық агенттігінің ақпараттарына сүйене отырып, жалпы келесідей сандарды көрсетуге болады:
Индикаторлар | Ақтөбе |
Демографиялық көрсеткіштер, тұрғындар саны | 784,1 мың |
Миграция | Келгендер
– 17 386
Кеткендер -14 667 |
Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен | 4,8 |
Қылмыстық деңгей, 10 000 тұрғфнға шаққанда | 85 |
18
ІІ БӨЛІМ. Қазақстанның жергілікті басқару органдар жүйесін модернизациялаудың стратегиялық приориттері мен саяси механизмдері
2.1 Мәслихаттар мен әкімияттардың саяси-құқықтық статусы, биліктің орталықсыздандырылуы
2000 жылы жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу туралы ұзақ пікірталастан соң, жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы екі заң жобасы талқылауға шығарылған болатын. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы көптеген қайшылықтар әсерінен елдің Парлментінен алып тасталынды, ал «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заң жобасы 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған болатын.
Осы заңға сәйкес жергілікті басқару жүйесіне атқарушы органдар – әкімияттар және өкілетті органдар – мәслихаттар енген болатын.
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына сай мәслихаттар тиісті әкімшілік-территориялық бірліктердің тұрғындарының еріктерін білдіреді және жалпы, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде халықпен жасырын сайлау арқылы тағайындалады.әкімияттар республиканың жалпы атқарушы органдар жүйесіне енеді, атқарушылық биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуін қамтамасыз етеді [1 ].
Жергілікті мемлекеттік басқару органдырының негізгі қызметі қатарына мыналар жатады: тиісті территорияның құрылып жатқан жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар негізінде дамуын қамтамасыз ету [ 1].
Аталған заңды қабылдаумен аса өзгерістер бола қойған жоқ, сонымен қатар қабылданған қаңнамада келесідей маңызды сұрақтар өз жауабын таппады:
19
Бүгінде мәслихаттар дегеніміз не және олардың рөлі мен мүмкін даму преспективалары не болмаса реформалары қандай?
Мәслихаттар мен әкімияттардың саяси-құқықтық статусын анықтап, сонымен қатар жергілікті мемлекеттік басқару мәселеліріне толығынрақ тоқталайық.
Мәслихаттар мен әкімияттардың заңнамалық негізде ортақ «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» атауына біріктірілген соң оларбірдей сұрақтармен айналысады екен деп ойлау қате. Құқықтық және ұйымдастырушылық қатынаста олар бір-бірінен бөлек. Және айта кететін жайт, мәслихаттар «Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң қабылданғанға дейін үкіметтік орган болғанына қарамастан өкілетті орган болды, дегенмен, мемлекеттік орган ретінде анықталған. Соынмен, бұдан мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары қатарына жатпайтыны айтылған-ды.
Жоғарыда аталған заңды талдай отыра жергілікті өкілетті органдардың - мәслихаттардың құрылу процесі мен олардың қызмет аясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерін атайық.
Таңдамалық – бірінші көрсеткіш.
Екінші көрсеткіш – мәслихаттардың тиісті әкімшілік-территориалды бірліктегі тұрғындардың еріктерін білдіруінде.
Үшінші – мәслихаттарды әкімшілік-территориалды бірліктегі тұрғындармен тікелей, жасырын дауыс беру арқылы сайлауы.
Төртінші көрсеткіш – жергілікті өкілетті органдар өз қызметін заңнамалрға сай жүргізуі және халықтың еркін жүзеге асыру шараларын анықтауы тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясының 86 бабының 1 бөлімінде «жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, оларың жүзеге асырылуын бақылайды» делінген [2 ]. Сонымен жалпымемлекеттік мүдделер бірінші деңгейге шығады жіне олардың қаншалықты халық еркіне адекватты екенін ешкім анықтамайды.
Аса мәсеселелі болып мәслихаттардың құзыреттері табылады. Заңнамалалы түрде облыстық, қалалық және аудындық мәслихаттардың компетенциялары бір-бірінен аса ерекшеленбейді, және де осы құзыреті біршама жалпыланып жазылған.
20
Сонымен бірге, егер атқарушы органдар нақты белгіленген вертикальға ие болса, ал мәслихаттар бір-бірімен еш байланыссыз. Бір жағынан, мәслихаттар тәуелсіз және иерархиялық бағынуға жоқ, бірақ екінші жағынан – методикалық және практикалық көмекке иесіз. Мәслихаттардың тағ бір ерекшелігі олар Конституция және заңдар негізінде қызмет атақарады. Ал әкмияттар бұдан басқа Президенттің, Үкіметтің және жоғары тұрған атқарушы органдардың актілерін орныдайды. Мәслихаттар мен әкімияттар өздеріне компетенция белгіей алмайды, оны тек заңнамалық актңлер белгілейді.
2009 жылдың 9 ақпанында жарық көрген «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңы да принципиалды өзгерістер әкелген жоқ. Мәслихаттар компетенциясы осы заңның 6 бабымен анықталған және жоспарларды бекіту, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, жергілікті бюджеттен бастап қаланың, ауылдардың құрылыс жоспарларын бекітуге дейін кең құзырет шегін қамтиды [ 1].
Қазақстанның ауылдары, аудандарындағы күнделікті жергілікті мәселерді шешу заңда азаматтардың жасанды ьһт.рде белгілі бір ұйымдарға бірігуіне рұқсат беруіне емес, ал ең біріншіден жергілікті мемлекеттік басқару органдарына тұрғындардың әсер етуіне мүмкіндік беруге тәуелді.
Осыған байланысты, қазіргі кезде жергілікті мемлекеттік басқарудың реконструкицясы және жергілікті өзін-өзі басқару институттары қажет.
ЖӨӨБ
институтттары құру көбіне биліктің
орталықсыздандырылуын қажет
Орталықсыздандырудың белгілі бір субьектісі жоқ. Жауапкершілікті беру республикалық деңгейден төменгі мемлекеттік және өзге де мемлекеттік билік құрылымдарына, жергілікті және одан төмен деңгейге өткізіледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын құруға әдетте келесідей аргументтер ұсынылады:
Біріншіден, бұл тиімділік. Өзін-өзі басқару органдары жоғарыдан құрылатын мемлекеттік билік құрылымдарынан гөрі жергілікті мәселелерді тиімдірек шешеді.
21
Тиімділік сонымен қатар, жергілікті спецификаны жақсы тануымен, таңдалатын басшылармен және жоғары органдарға өатал бағынышытылығының жоқтығымен шартталады.
Екіншіден, жергілікті қауымдастықтардың халық алдынғы жауапкершілігі, сонымен тіисіті территориядағы тұрғындардың мұқтаждықтары бірінші ретті мәселелер қатарына жатады.
Үшіншіден, қоғамдық бірлестіктрдің мүдделеріне қызығушылығы, туатын міселелрді ортақтасып шешу. Соымен бірге жергілікті өзін-өзі басқару жедел өздігінен даму тенциясына ие.
ЖӨӨБ-дың негізгі міндеттері:
Сонымен, бүгінгі күні жергілікті мемлекеттік
басқару жүйесін модернизациялау және
жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың
құқықтық-саяси статусын қатйа қарау мәселелері
актуалды болып табылады.
22
2.2 Бюджеттік әкімшіліктендіру облысындағы жергілікті өкілетті органдардың мәселелері мен құзыреттері
Тиімді өзін-өзі басқару қаржылық тәуелсіздіксіз және олармен қамтамасыз етілуге тиіс әлемуметтік қызметтердің белгілі бір деңгейлеріне тікелей әсер етуінсіз мүмкін емес. Қазақстанда жергілікті органдардың тәуелсіздігін енгізу ең алдмен жергілікті бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті тиісті ресурстарды берумен қамтамасыз етілуі тиіс. Нақ осы тәуелсіздік жергілікті басқару органдарына экономикалық даму үшін, жергілікті салық слау базасының кеңеюі үшін стимул береді. Мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқару орагндарын дамыту жөніндегі жүргізілетін саясат жергілікті бюджеттердің өз бетінше құрылуы мен орындалуына, жергілікті салықтар мен алымдардың құрылуына жағдай жасауы тиіс. Дегенмен , қазіргі таңда жергілікті өзінөзі басқару органдарының дамуына бірқатар қайшылықтар мен кедергілер бар.
Аталған кедергілер бюджеттік табыстарды алуға және бюджеттік шығындарды жүзеге асыруға құзырет жөнінде туады.
Жергілікті бюджеттерді құру кезінде шешім қабылдау жоғарыдан төменге қарай жүргізіледі. Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі жергілікті бюджеттерді табыстары мен шығыстарын анықтайды, контролды сандарды есептеп және осылардың негізінде аймақтар үшін субвенциялар мен алымдарды белгілеп отырады.