Жұмыссыздық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 19:19, реферат

Краткое описание

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Содержание

1. Кіріспе
2. Жұмыссыздық түсінігі
3. Өтпелі экономиканың негізгі көріністері
4. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары
5. Жұмыс нарығы
6. Жұмыссыздықпен күрес
7. Қорытынды
8. Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

жұмыссыздық.docx

— 47.48 Кб (Скачать файл)

 

Жұмыссыздық салдары


Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті: • Адам еңбегі дегеніміз капитал сияқты жинап қоюға, қордалауға келмейтін айрықша ресурс. Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін емес, сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған және көрсетілмеген тауар мен қызметтің орыны өтелмейді.

• Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс көзін іздейді.Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз моынына алады. Алайда жқмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.

• Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі екендігін ілгеріде көрдік. Тауаоға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының қысқарып, жалақының кемуіне әкелетін жолдың басы.Сөйтіп қоғам өзі құрған тұзаққа өзі түседі.

• Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге, шеруге, төңкеріске қатысуға даяр тұрады.

• Жұмыссыздық қылмыс, әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалықәдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.[1]

Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.[2][3]

 

Жұмыссыздық — бұл жұмыс істегісі келетін енбекке жарамды халықтың ӛндірісте

жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігінің артпауы сонымен

бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның

құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары

болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді.

Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің ӛндіргіш күштерді

орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.

Жұмыссыздыктың түрлері:

1. Жасырын жұмыссыздық - ӛндірісте  және мемлекеттік аппаратта артық 

жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен

атқаруға болады.

2. Фрикциондық жұмыссыздық  — адамдар бір жұмыстан басқа  жұмысқа, бір жерден 

басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.

3. Маусымдык жұмыссыздык  — жұмыс күшінің тек маусымдық  кезенде жұмыс 

жасауы; бұл кейбір ауыл шаурашылығы ӛндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта ӛндеу

ӛнеркәсібінде т.б.

4. Құрылымдық жұмыссыздық  — ӛндірістік қуаттың жетіспеуінің  нәтижесінде 

болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу

мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

5. Технологиялық жұмыссыздық  — адамдарды машинамен ауыстырудың  нәтижесі,

білікгілікгі ӛзгертуді немесе басқа мамандықгы игеруді талап етеді

6. Циклдық жұмыссыздық  — ӛндірістің құлдырауынан туындайды, яғни 

экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.

Ӛнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел

авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады.

Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының жүргізген

зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының ӛзінің ерекше

«себептері» бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа

жіктеп қарайды.

Жұмыссыздықтың бірінші тобына — «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен»

туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз.

Жұмыссыздықтын екінші тобына — «жиынтық сұраныс ӛзгерісімен байланысты

емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз.

Кез келген жұмыссыздықтың болуы — қоғам үшін ең ауыр экономикалық және

әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп

есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, ӛзінің абыройын да жоғалтады.

Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын

туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.

ҚР "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" (1991 ж.) бiрiншi заңына сәйкес

жұмыссыздардың бұрынғы жұмыc стажына, асыраудағы жандарына, жұмыстағы

үзiлiстердiң ұзақтығы мен ӛзге факторларға қарай жұмыссыздарға сараланған http://www.enu.kz

жәрдемақылар белгiлендi [1]. Әлеуметтiк қолдау кӛрсетудiң анағұрлым жоғары деңгейi

штаттың қыcқapyынa немесе кәсiпорындарды тapaтқaн жағдайға байланысты жұмыстан

босатылған қызметкерлерге кепiлдендi. Сондай-ақ мамандыққа oқыту мерзімінде

жұмыссыздарға стипендиялар тӛлеу қарастырылды.

1999 жылы 1- қаңтардан бастап  Қазақстан Республикасының "Халықтың  жұмыспен 

қамтылуы туралы" жаңа заңы күшiне ендi, ол жұмыспен қaмту саласында белсендi саясат

жүргiзуге, азаматтарды жұмыc iздеуге уәждеуге, халықтың ең осал caнaттaрынa

әлеуметтiк қоpғay кӛрсетуге бағдарланды. Осы заңға сәйкес жұмыссыздық бойынша

жәрдемақы едәуiр азайтылды және ол айлық есептiк кӛрсеткiштiң 3,5 еселiк мӛлшерiнде

есептеле бастады. Бұрын жұмыc iстемегендерге тӛленетiн жәрдемақы жойылды.

Жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау (қайта даярлау) кезiнде тӛленетiн стипендиялар айлық

есептiк кӛрсеткiштiң 3 еселiк шамасында сақталды. Қазақстанда жұмыспен қамтудың

белсендi саясаты мен еңбек нарығының жаңа парадигмасына кӛшудiң амалсыздан және

қаржылық пайымдардың мәжбүр eтyiнeн болғанын атап кеткен жӛн. Бюджет жaғдайының

одан әpi нашарлауы небәрi 3 ай ӛтпей жатып-ақ жаңа заңға түзетулер енгiзудi талап eттi

[2].

ҚP 1999 жылғы 5 сәуiрдегi "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан

Республикасының 3аңына ӛзгертулер енгiзу туралы" 3аңына сәйкес белгiленген тәртiпте

жұмыссыздар болып танылыған азаматтарға жұмысыздардың бойынша жәрдемақы

тӛленбейтiн болды. Оның орнына жергiлiктi бюджеттiң қаражаттары есебiнен атаулы

кӛмек кӛрсету қарастырылды, оны аудандың (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және

әлеуметтiк кӛмек кӛрсету (халыққа әлеуметтiк кӛмек кӛрсету орталықтары) бӛлiмдерi

жүзеге асырады.

Әлемдiк тәжiрибе мынаны айғақтайды, ел неғұрлым кедейлене түссе (халық та),

соғұрлым оның медицина жағынан мүмкiндiктерi азаяды, соған сәйкес денсаулық

сақтаyға жұмсалатын шығындардың жиынтық кӛлемiндегi жеке шығындардың үлесi

жoғарылайды. Жүргiзiлген халықаралық салыстырулар елдiң экономикалық даму деңгейi

мен халыққа тeгiн медициналық қызмет кӛрсетуге қатысты мемлекеттiк мiндеттемелер

шарасы арасында ӛзара тығыз байланыстың бар екендiгi туралы айтады.

Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23

қаңтардағы № 149-П Заңы (2006.05.06. берілген ӛзгерістер мен толықтырулармен) болған.

Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық экономикалық және ұйымдық

қатынастарды реттейді [3].

Осы Заңда мынадай кейбір негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жұмыссыздық - экономикалық  тұрғыдан белсенді халықтың бір  бӛлігінің еңбек 

нарығында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылыс;

2) жұмыссыздар - ӛздеріне  байланысты емес себептер бойынша  табыс әкелетін еңбек 

қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды

жастағы адамдар;

3) ұзаққа созылған жұмыссыздық - он екі және одан да кӛп  айға созылған 

жұмыссыздык;

4) жұмыспен қамтылу - азаматтардың  Қазақстан Республикасының 

Конституциясына, заңдары мен ӛзге де нормативтік құқықтық актілеріне қайшы

келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс

әкелетін қызмет;

5) еңбек нарығы - экономикалық  тұрғыдан белсенді халыққа сұраныс 

пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

6) жұмыссыздықтан әлеуметтік  қорғау - осы Заңда және ӛзге  де нормативтік 

құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешені;

7) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы  жұмыссыздарды 

жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын,

жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы тӛлеу шығындары ішінара ӛтелетін жұмыс орны;http://www.enu.kz

8) жұмыска орналастыру - халықтың  еңбекпен қамтылуын қамтамасыз  етуге 

жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-

шаралар кешені және т.б.

Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңдары Қазақстан

Республиқасының Конституциясына [4] негізделеді, осы заңнан және ӛзге де нормативтік

құқықтық актілерден тұрады.

Жұмыспен қамту туралы заңдар Қазақстаң Республикасының азаматтарына,

шетелдіктерге және азаматгығы :жоқ адамдарға қолданылады.

Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым

болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін

реттерді қоспағанда, тікелей қолданылады.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері

және бағыттары. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы

қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан

Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кызмет пен кәсіп түрлерін еркін

таңдауға бірдей мүмкіндіктерді, әділ де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан

әлеуметтік корғауды қамтамасыз етуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге,

жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға; азаматтардың заңдарға сәйкес

жүзеге асыратын еңбек және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, олардың ӛнімді және

шығармашылық еңбекке қабілетін дамытуға жәрдемдесугі; бар жұмыс орындарын

сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде нысаналы топтарға арналған жұмыс

орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыруға;

2.Біздің экономика әкімшілдік-әміршілдік  жүйесінен нарықтык тәсілге кӛшуі  жұмыс 

күшін босату процесін жеделдеттірді. Нарық жағдайында нақты жұмыс орны енді ешкімге

де кепілденбейді және еңбекті жалдаудың осы түрінің күшіне енуі шын мәнге ие болып,

кӛптеген адамдардың мүдделеріне кәдімгідей әсер етеді. Қазақстан Республикасында

1991-ші жылы алғашқы рет  жұмыссыздар тіркеліп, олар 4 мыңнан  астам адамды құрады,

оның ішінде 75 %-әйелдер болды. Ал, 2003-шы жылы жұмыссыздардың арнайы тіркелген

саны 499,0 мың адам болды.

Жұмыссыздық бойынша ақы АКШ-да жалақының 50%-ын құрайды, Жапонияда

жұмыссыздардың жас ерекшілігі мен басқада кӛрсеткішіне байланысты 3-12 айдың

жалақысының — 60-80% құрайды, Францияда — 1—2.5 жылдағы жалақының 42%-ын

құрап, косымша күніне 40 франк тӛленеді, ал 3 жыл бойы ерекше ақы тӛленеді.

Ұлыбританияда 52 апта бойы 28,5 фунт стерлинг тӛлейді. Жұмыс істейтіндердің

жалақысынан шегеріліп, сол жиналған сомалардан арнайы қорлар құрылады.

Нарықтық экономикасы дамыған кӛптеген елдерде еңбек нарығындағы әртүрлі

категориядағы адамдарға, әсіресе жастарға дифференциалды түрде қарау кӛзделген. Осы

мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу үшін арнайы бағдарлама жасалып,

ол қолданысқа ендірілді. Бұл бағдарламада кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін

жұмыс орынын құру шараларына ерекше орын берілген, кәсіпкер жалақыны тӛлеу

шығындарын қаржыландырмаса, мемлекет кәсіби дайындыққа жұмсалатын шығындарды

ӛз мойнына алады.

Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды енбек биржалары (тұрғындарды

жұмыспен камту орталығы) алады. Еңбек биржасы — бұл тұрақты негізде қызмет

жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жалдау кезінде жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы

делдалдық іс-әрекет жүзеге асады. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1930-шы

жылы жабылып, жұмыссыздықтың кӛзі жойылғандығы айтылды.

Бүгінгі қалыптасқан ӛмір шындығы, барлық енбек нарығы элементтерінің қайтадан

пайда болу қажеттілігін алға тартуда. Қазақстанда тұрғындарды жаппай жұмыспен қамту

орталығы 1991-ші жылы шілденін 1-нен бастап жұмыс істей бастады. Қоғамдық

қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда гуманитарлық институт ретінде http://www.enu.kz

пайда болып, оның мақсаты жұмыссыздарға кемек кӛрсету еді. Уақыт ӛте келе бұл елдегі

еңбек қатынастарының дамуына сай олардың міндеттері мен қызметтері ӛзгерді. Соңғы

Информация о работе Жұмыссыздық түсінігі