Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 21:44, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.
Сондықтан да кәсіпорындар үшін де инвестиция негізгі қажеттілік болып табылады.
Алайда инвестиция қажеттілік ретінде қолайлы стратегия мен тактиканы талап етеді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
1.2Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
1.3 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
II БӨЛІМ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ТҮСІНІГІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1Инновациялық түрде даму – қазіргі экономикадағы
бәсекеқабілеттіліктің негізі ретінде
2.2Инновациялық процесті ұйымдастыру ерекшеліктері
2.3 Индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыру механизмдері
ҚОРЫТЫН
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.
II бөлім ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ТҮСІНІГІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1Инновациялық
түрде даму – қазіргі
Бұл индустриялды дәуірдің электрондық-технологиялық дәуірге ауысуын инновациялық экономиканың мазмұнын негізінен базалық түсініктемеден бастағанымыз дұрыс.
Тура мағынасында инновация (ағылшынның - іnnоvаtіоn) қазақ тілінде жаңаны енгізу, жаңа нәрсені пайдалану үрдісі немесе ойлап табу мағынасын береді. Жаңа идея немесе инновация (ағылшынның – іnnоvаtі) жаппай қолдануға қабылданған сәттен бастап жаңа сапаға ие болады. Бұндай өзгеріс инновациялық үрдіс деп аталады, ал инновацияны нарыққа енгізу -коммерциялау деп аталады. Жаңа идея тек ғылыми-техникалық жаңалығы болған кезде, өндірістік сатылым және экономикалық тиімді болған кезде ғана технология түріне немесе жаңа өнім түріне көше алады.
Инновация XIX ғасырда пайда болды деп саналады. Бастапқы кезеңінде ол кейбір элементтердің бір жүйеден екінші жүйеге енуі түрінде болды. Инновация заңдылықтарын үйрену тек XX ғасырдың басында ғана қолға алынды.
1911 жылы австрия, кейін американ ғалымы ғалымы болған Йозеф Шумпетер «Экономика теориясының дамуы» еңбегінде инновация туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізді. Ол инновация үрдістері туралы былай дейді: жаңа технологияны қолдану кезінде пайда болатын жаңа өнімдер өндіріске жіберіледі, жаңа сатылым нарықтары, жаңа шикізат пайда болады және жаңа комбинациялық үрдістер ғылыми айналымға енеді.
Й.Шумпетер инновация дамуының бес белгісін көрсетеді:
Й.Шумпетер өзінің кәсіпкерлік туралы түсінігінде ең алдымен бұл саланың экономикалық прогрестерге маңыз беруі инновация рөлін жоғары бағалаудан басталады дейді: «өндіріске өзгерістер енгізудегі кәсіпкердің қызметі жаңа тауар шығару, ескі тауарды жаңа әдіспен өңдеу, жаңа шикізат көздерін ашқанда, материалдарды пайдаланғанда немесе жаңа нарық, саланы қайта құруда, т.б. өндірістік жағдайларда жаңа техникалық шешімдерді пайдалану».
Бүкіл дүниежүзі соғысы
алдындағы темір жол
Жаңа нәрсені ойлап табу, жасау әрқашанда қиын және жаңа затты сату ісі өзіндік ерекшелігі бар экономикалық қызметті көрсетеді, сондықтан да, барлық жаңа зат күнделікті үйреншікті құбыластардан айрықша болуы себепті ол кез келген ортада өз бағасын, өзіне лайықты орнын алуы қажет [6, 183 бет].
Берілген Й.Шумпетер сілтемесінде инновациялық (инновация) теориясының шеңбері анық көрсетілген: инновациялық қызмет кәсіпкердің басты міндеті; инновация-өнімдер мен инновация үрдістердің айырмашылығы, радикалдық (базистік) және жақсартушы, технологиялық, экономикалық инновациялар;
Циклды экономикалық тербелістердің инновациялық орны: ортаның қарсылығы және оған төтеп беру қажеттілігі.
Кейбір жағдайларда
Й.Шумпетер өз теориясын жасауда
ресей экономисі Н.
Н.Кондратьев 50-60 жылдар аралығындағы кезеңдіктің трендін жасады. Ол оған әлемдік экономикалық тербелістің келесі кезеңдерін анықтауға мүмкіндік берді: XVIII ғ. 80-ші жылдар аяғы - XIX ғ. 40-ы жылдары. XIX ғ. 40-шы жыл ортасы - XIX ғасырдың аяғы XIX ғ. - 1920 жыл (асып кететін фаза).
И.Шумпетер Н.Кондратьевтің әдісін қабылдап, инновация табиғатының ұзақ кезеңдігін қабылдауды ұсынады.
Бүгінде И.Шумпетер теориясының бірқатар элементтерін қолдануға негіз бар. Ол Н.Кондратьев гипотезасын дамытты, кесілген таралымдағы сәйкес кластерлердегі жаңатанымдардың өзара байланысындағы экономикалық дамудың серпінді қарқыны болатынын түсінді. Бұл үрдіске өзін-өзі реттеуші және толқын формасындағы сипаттама тән.
Питирим Сорокин инновация теориясын кең ауқымда түсініп, оған өнер, мәдениет, әлеуметтік және саяси қатынастарды кіргізумен қатар, ғылыми жетістіктер мен зерделімдерді, мемлекетаралық және азаматтық соғыстарды да жатқызды. Ол техникалық зерделімдердің динамикасын бес мың жылдық қоғам тарихында зерттеді. өте ірі жаңа танымдарға талдау жасап, олардың рухани өмірдегі мәнін қарастырады.
Питирим Сорокиннің Н.Кондратьевтан ерекшелігі, оның тарихтың жалпы – даму тренін жоққа шығаруында. Ол тербелістерді (флуктуация) мәнсіз, мағынасыз деп санаған және инновация толқындарының рухани саладағы сандылық бағасын береді.
Сонымен XX ғасырдың үш онжылдығында әсіресе, технологиялық және әлеуметтік-мәдени салаларда инновация теориясының іргетасы қаланды.
Кондратьевтің
пікір бойынша инновация
Инновация жаңаны енгізуші
ғылым ретінде жаңа әдістердің теориялық
маңызды негізін қалайтын маңыздылығы
Дж. Бернал еңбектерінде былайша айтылады:
«ғылым кезеңдері негізінен
Қазіргі заманның өндіріс күштерінің даму үрдісіне заман өзгеруі келіп қосылды: индустриаландыру процесі аяқталуға жақын, ал оның орнына электрлі технология келе жатыр.
Бұл жерде сөз жоққа шығарудың (Гегель бойынша) диалектілік түрі жайында қозғалып отыр, яғни ауысу кезеңінде өзгеріске түскен форма ескіден қалған жақсылықтардың бәрін жаңа формада сақтайды.
XX ғасырдың 70-ші жылдарында бесінші технологиялық укладттың меңгерілуі және таралуына қарай жаңа теориялық ұмтылыс пайда болды. Дәуірлік және қондырғылық инновациялардың өндіріс құралдарының жаңаруына тигізген ықпалын, ғылыми еңбектердің, ақпараттың, сандық технологияның макроэкономика өлшемдерінің маңыздылығын арттырудағы әсерін бағалауға ұмтылыс жасалды. Жоғары технология - бұл әр мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында кез келген күрделі мәселелерді шешетін сала. Жоғары технологияның құлдырауынан шығып құрылымдық қайта құрулармен бәсекелестікке қабілетті тауар шығару және қызмет көрсетудің құралы. Инновациялы үрдіс, инновациялық қызмет, жаңалық енгізу, инновация, инновациялық белсенділік бұл контексте, бүгінгі экономиканы жетілдіруде негізгі шарт, сонымен бірге кең ауқымда қайта өндіруде ғылыми білімдердің материалдануындағы басты жағдай болып табылады [7, 155 бет].
Инновацияның өмірлік
кезеңі өзара байланысты процестердің
және жаңалықтарды енгізу сатысының
жиынтығын көрсетеді. Инновацияның
өмірлік кезеңі уақыт аралығы
ретінде идеяның дүниеге
Инновациялық қызметті тиімді басқару үшін инновацияны толықтай меңгеру қажет. Ол үшін біріншіден, инновациядан технологиялық процестердегі өнімдердің түрлі өзгеруілерін айыра білу керек: (мысалға, эстетикалық өзгерістер - түсі, формасы және де сондай сияқты); өнімдердің сыртқы немесе мәнсіз технологиялық, яғни параметрлеріне, құрамына, өнім құнына, оған енетін материалдар мен компоненттер құрамына аса ықпал етпейтін, өз қызметін өзгеріссіз күйде атқаратынын; берілген кәсіпорында бұрын шығарылмаған өндірісті меңгеру есебінен номенклатураның кеңеюінен; өнімдер нарықтарында әйгілі, ағымды сұранысты қанағаттандыру мен кәсіпорынның пайдасын көтерілу мақсатында.
Инновацияның жаңашажылдығы
технологиялық параметрлер
Технологиялық параметрлері бойынша инновацияның екі тұрапаты ажыратылады:
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация - бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісі ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Нарық үшін жаңашылдықтың
типі бойынша инновация
Жүйедегі (кәсіпорындағы, фирмадағы) орыны бойынша келесідейлерді айрықша атауға болады:
Инновацияларға түбегейлі өзгерістер енгізілген кезде келесідей болып айрықшаланады:
Жүйелі зерттеулік ғылыми-зерттеу институтында (ЖЗҒЗИ - РНИИСИ) кәсіпорын қызметі аясына байланысты инновациялардың кеңейтілген жіктелуі (классификациясы) іске асырылған. Соған байланысты инновацияларды келесідей түрде айыруға болады:
Инновациялардың жетерліктей толықтай жіктелуін орыс ғалымы А.И.Пригожин ұсынды:
а) таралуы бойынша:
ә) өндірілген циклдың орыны бойынша:
б) қабылдаушылығы бойынша:
в) нарық үлесінде күтілетін қабыл алу бойынша:
г) Жаңашылдық дәрежесі және ииновациялық әлеуеті (потенциалы) бойынша:
Жіктелудің төртінші мен бесінші бағытында инновацияның жаңашылдығымен масштабын, инновациялық өзгерістің интенсивтілігін ескерген кезде, көбінесе, инновацияның сандық және сапалық сипаттамасы көрініп, ол экономикалық бағалау мен оның басқарушылық шешімдерін негіздеу мен нәтижелеуге зор ықпалын тигізеді.
Инновациялық процестер басқадай түрлі жүйелер сияқты мақсаттылық, құрылымдық және динамикалық сипатта болады. Бұл динамика жаңашылдық енгізудің «өмірлік цикл» көрініс береді. Осы облыстағы зерттеулердің көбі екі мүлдем әртүрлі қызметтің типін көрсетеді: алғашқыда, шынайы шығармашылық сипаттағы қағидалық жаңаны құру және екіншіде инновацияның диффузиясымен байланысты, яғни инновация мен имитация арасында айырмашылықтар жүргізіледі [40]. Бірақ осы кезеңде жаңашылдықты қолданудың пайдалы облыстары анықталады және пайдалы тиімділіктер жүзеге асырылады.